Жарық іздеушілер by
Қуанышқызы Динара.
1курс магистранты. Мамандығы: әлеуметтанушы
Философия истории науки
(Мартин Шаттлворт)
https://explorable.com/history-of-the-philosophy-of-science
Ғылым философиясының тарихы ежелгі дәуірден бастау алады. Оның алғашқы негіздері Ежелгі Грекия ойшылдарының еңбектерінде қалыптасты. Мәселен, Аристотель табиғат құбылыстарын жүйелеуге, білімді тәжірибе мен пайымдауға сүйеніп түсіндіруге тырысты. Бұл кезеңде ғылымның логикалық негіздері қаланып, таным әдістері айқындала бастады.
Орта ғасырларда ғылым дінмен тығыз байланыста дамып, оның өрісін шіркеу қағидалары шектеді. Дегенмен Фома Аквинский сияқты ойшылдар сенім мен ақыл-ойды үйлестіруге ұмтылып, ғылымға философиялық сипат берді. Осы кезеңде ғылым діни догмаларға тәуелді болғанымен, рационалды ойлау дәстүрі жойылып кеткен жоқ.
Қайта өрлеу дәуірінде ғылымның жаңа бетбұрысы басталды. Бұл кезеңде Коперник, Галилей және Кеплер сынды ғалымдар астрономия мен физиканың дамуына зор үлес қосты. Ғылымда бақылау, эксперимент және математикалық талдау негізгі зерттеу әдістері ретінде орнықты. Осы дәуір ғылыми ойдың теологиялық шектеулерден босанып, дербестене түсуімен ерекшеленді.
Жаңа дәуірде, XVII–XVIII ғасырларда, ғылым философиясының әдіснамалық негіздері айқындала түсті. Фрэнсис Бэкон эмпиризмді дамыта отырып, тәжірибенің маңызын дәлелдеді. Ал Рене Декарт рационализмді ұсынды, яғни ақыл-ой мен логикаға сүйенуді бірінші орынға қойды. Бұл екі бағыт ғылым философиясының дамуында шешуші рөл атқарып, ғылыми әдістің қалыптасуына ықпал етті.
XIX ғасырда ғылым қарқынды дамып, әр салада мамандану үрдісі күшейді. Огюст Конт позитивизм философиясын дамытып, ғылым тек бақылау мен фактілерге сүйенуі керек деген қағидатты ұсынды. Осы кезеңде ғылым қоғамды дамытудың басты тетігі ретінде қарастырыла бастады.
XX ғасырда ғылым философиясында жаңа ағымдар пайда болды. Логикалық позитивизм өкілдері (Карнап, Нейрат және т.б.) ғылымды математикалық және логикалық тіл арқылы ғана түсіндіру қажет деп есептеді. Карл Поппер ғылымның дамуын «жалғанданушылық» қағидасымен түсіндірді: теориялар дәлелденбейді, тек теріске шығарылуы мүмкін. Томас Кун ғылым эволюциясын «парадигмалардың ауысуы» арқылы сипаттады, яғни ғылым біртіндеп емес, түбегейлі төңкерістер арқылы дамиды деп көрсетті. Ал Имре Лакатос пен Пол Фейерабенд ғылыми әдіснаманың әртүрлілігіне назар аударып, ғылым дамуының көпқырлы сипатын дәлелдеді.
Қорыта айтқанда, ғылым философиясының тарихы — адамзаттың білімді түсіну мен таным әдістерін жетілдіру жолындағы үздіксіз ізденісінің нәтижесі. Ежелгі грек ойшылдарынан бастап қазіргі заманғы философтар мен ғалымдарға дейінгі даму барысында бұл сала ғылымның әдіснамасын, қоғамдағы орнын және әлеуметтік ықпалын түсіндіруге бағытталды. Бүгінде ғылым философиясы ғылымды бағалаудың маңызды құралы болып, жаңа технологиялардың әлеуметтік салдарын зерделеуге де мүмкіндік береді.
Философия истории науки
(Мартин Шаттлворт)
https://explorable.com/history-of-the-philosophy-of-science
Ғылым философиясының тарихы ежелгі дәуірден бастау алады. Оның алғашқы негіздері Ежелгі Грекия ойшылдарының еңбектерінде қалыптасты. Мәселен, Аристотель табиғат құбылыстарын жүйелеуге, білімді тәжірибе мен пайымдауға сүйеніп түсіндіруге тырысты. Бұл кезеңде ғылымның логикалық негіздері қаланып, таным әдістері айқындала бастады.
Орта ғасырларда ғылым дінмен тығыз байланыста дамып, оның өрісін шіркеу қағидалары шектеді. Дегенмен Фома Аквинский сияқты ойшылдар сенім мен ақыл-ойды үйлестіруге ұмтылып, ғылымға философиялық сипат берді. Осы кезеңде ғылым діни догмаларға тәуелді болғанымен, рационалды ойлау дәстүрі жойылып кеткен жоқ.
Қайта өрлеу дәуірінде ғылымның жаңа бетбұрысы басталды. Бұл кезеңде Коперник, Галилей және Кеплер сынды ғалымдар астрономия мен физиканың дамуына зор үлес қосты. Ғылымда бақылау, эксперимент және математикалық талдау негізгі зерттеу әдістері ретінде орнықты. Осы дәуір ғылыми ойдың теологиялық шектеулерден босанып, дербестене түсуімен ерекшеленді.
Жаңа дәуірде, XVII–XVIII ғасырларда, ғылым философиясының әдіснамалық негіздері айқындала түсті. Фрэнсис Бэкон эмпиризмді дамыта отырып, тәжірибенің маңызын дәлелдеді. Ал Рене Декарт рационализмді ұсынды, яғни ақыл-ой мен логикаға сүйенуді бірінші орынға қойды. Бұл екі бағыт ғылым философиясының дамуында шешуші рөл атқарып, ғылыми әдістің қалыптасуына ықпал етті.
XIX ғасырда ғылым қарқынды дамып, әр салада мамандану үрдісі күшейді. Огюст Конт позитивизм философиясын дамытып, ғылым тек бақылау мен фактілерге сүйенуі керек деген қағидатты ұсынды. Осы кезеңде ғылым қоғамды дамытудың басты тетігі ретінде қарастырыла бастады.
XX ғасырда ғылым философиясында жаңа ағымдар пайда болды. Логикалық позитивизм өкілдері (Карнап, Нейрат және т.б.) ғылымды математикалық және логикалық тіл арқылы ғана түсіндіру қажет деп есептеді. Карл Поппер ғылымның дамуын «жалғанданушылық» қағидасымен түсіндірді: теориялар дәлелденбейді, тек теріске шығарылуы мүмкін. Томас Кун ғылым эволюциясын «парадигмалардың ауысуы» арқылы сипаттады, яғни ғылым біртіндеп емес, түбегейлі төңкерістер арқылы дамиды деп көрсетті. Ал Имре Лакатос пен Пол Фейерабенд ғылыми әдіснаманың әртүрлілігіне назар аударып, ғылым дамуының көпқырлы сипатын дәлелдеді.
Қорыта айтқанда, ғылым философиясының тарихы — адамзаттың білімді түсіну мен таным әдістерін жетілдіру жолындағы үздіксіз ізденісінің нәтижесі. Ежелгі грек ойшылдарынан бастап қазіргі заманғы философтар мен ғалымдарға дейінгі даму барысында бұл сала ғылымның әдіснамасын, қоғамдағы орнын және әлеуметтік ықпалын түсіндіруге бағытталды. Бүгінде ғылым философиясы ғылымды бағалаудың маңызды құралы болып, жаңа технологиялардың әлеуметтік салдарын зерделеуге де мүмкіндік береді.
Интернализм мен экстернализм: ғылым дамуының екі қыры.
Сілтемедегі  берілген мәліметтерден түсінгенім. http://geum.ru/kurs/internalizm_eksternalizm.php
Ғылым дамуы туралы ой қозғағанда, екі негізгі ұстанымға жиі тоқталамыз. Олар — интернализм мен экстернализм. Бұл екеуі ғылымның қай күштің ықпалымен дамитынын әртүрлі түсіндіреді.
Интернализм ғылым өз ішінде дамиды дейді. Яғни жаңа идеялар бұрынғы теориялардың орнына келіп, ғылым алға жылжиды. Мысалы, Ньютон механикасы ұзақ уақыт ғылымға негіз болды, бірақ ХХ ғасырда Эйнштейннің салыстырмалылық теориясы оны жаңа деңгейге көтерді. Бұл ғылымның ішкі логикасының күші. Дегенмен, интернализм ғылымға қоғамның әсерін төмен бағалайды.
Экстернализм керісінше, ғылымды қоғамнан бөліп қарамайды. Ғылым адамдардың күнделікті сұраныстары мен өмірлік қажеттіліктеріне тәуелді. Мысалы, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жаңа қару жасауға сұраныс туып, ғалымдар осы бағытта еңбек етті. ХХ ғасырдың соңында адамдарға тез байланыс қажет болып, интернет пайда болды. Бұл ғылымның қоғамнан ажырамайтынын көрсетеді. Бірақ тек сыртқы факторға сүйену ғылымның ішкі логикасын назардан тыс қалдыруы мүмкін.
Шын мәнінде, ғылым дамуы екі бағыттың да әсерімен жүреді. Бір жағынан, ғалымдар өз ойынан жаңа теория жасайды, екінші жағынан, ол қоғам үшін маңызды болмаса, қолдау таппайды. Мысалы, жаңа дәрі ойлап табылуы мүмкін, бірақ ол ауруға қарсы қоғамға қажет болмаса, оны ешкім қолданбайды. Ал егер қоғам дәл сондай дәріге мұқтаж болса, ол ғылыми жаңалық үлкен жетістікке айналады.
Менің ойымша, ғылымды бір жақты түсіндіру дұрыс емес. Ол әрі ішкі заңдылықтарға, әрі сыртқы жағдайларға сүйеніп дамиды. Ғылымды ағашқа ұқсатуға болады: оның тұқымында өсу мүмкіндігі бар, бірақ ол жақсы топырақ пен қолайлы климатсыз өспейді. Сол сияқты ғылым да идеялар мен қоғамның сұраныстары үйлескенде ғана шынымен дамиды.
2 апта. Ғылым дүниетану процесінің нәтижесі
С.И. Бажов «Философия, наука, мировоззрение» мақаласының қысқаша мазмұны
Бұл мақалада автор дүниетаным, философия және ғылым ұғымдарының өзара байланысын талдайды.
·         Дүниетаным – адамның әлемді және ондағы өзінің орнын түсіну тәсілі. Ол өмірлік көзқарастардың, құндылықтар мен сенімдердің жиынтығы ретінде қарастырылады.
·         Философия – дүниетанымның теориялық деңгейдегі жүйелі формасы. Философия жалпы заңдылықтарды ашып, адам мен әлемнің өзара қатынасын түсіндіреді.
·         Ғылым – дүниені нақты, дәлелді түрде зерттейтін жүйе. Ол объективті білім беріп, адамның таным көкжиегін кеңейтеді.
Автордың ойынша, ғылым – тек қана тәжірибе мен деректер жиынтығы емес, ол адам дүниетанымының маңызды бөлігі. Ғылым философиялық ойлармен сабақтасқанда ғана өзінің терең мәнін ашады.
Негізгі идея: ғылым – дүниетанудың нәтижесі және ол философиямен байланыста болғанда адамзат өркениетінің дамуына толық ықпал етеді.
Бертран Рассел және ислам
Бертран Рассел өз мақаласында Құдайға және діни догмаларға сенбейтінін, ал өмірдің мәнін махаббаттан, ақиқаттан және азапты азайтудан табатынын айтады. Мұсылман ретінде мен оның әділеттілікке, мейірімділікке және ақиқатты іздеуге деген ұмтылысын құптай аламын – себебі исламда да адамның ең басты мақсаты – ізгілік жасау, өзгелерге көмектесу және білімге ұмтылу болып саналады.
Алайда айырмашылық мынада: исламда бұл құндылықтар Аллаға иманмен тығыз байланысты. Махаббат, мейірімділік пен әділеттілік өздігінен өмір сүрмейді, олар Жаратушының белгілеген тәртібінің көрінісі. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Араларыңда ең жақсысы – адамдарға ең көп пайдасы тигені» деген. Осы тұрғыдан алғанда, ислам мен Расселдің ойлары тоғысады, бірақ ислам бұл құндылықтарға рухани өлшем қосады – Алла алдындағы жауапкершілік пен ақыретке деген үміт.
Рассел ғылым мен ақыл-ойдың дамуына үміт артады, ал ислам да білімді қолдайды, бірақ әрқашан ғылымды Алланың жаратылысын тереңірек түсінуге апаратын жол деп қарастырады. Имансыз ғылым адамға күш береді, бірақ әрқашан даналық бере бермейді.
Сондықтан исламдық көзқарас бойынша, Рассел айтқан құндылықтар – махаббат, ақиқат, қайырымдылық, өзгелерге көмек – расында да маңызды. Бірақ олар Аллаға сеніммен, құлшылықпен және Ахиретке ұмтылумен байланыстырылғанда ғана толық әрі терең мағынаға ие болады.
Аманкулова Балжан.
2 курс магистранты. Мамандығы: Әлеуметтік жұмыс
"Мен философияны қалай түсінемін?" Мераба Мамардашвили
Мамардашвилидің «Мен философияны қалай түсінемін» атты еңбегін оқи отырып, философияны тек академиялық пән немесе абстрактілі теория емес, адамның өмірлік тәжірибесінің, рухани ізденісінің өзегі ретінде түсінуге болатынын ұқтым. Автор философияны «шекаралық ойлау» ретінде сипаттайды: ол тек дайын ақиқаттарды бермейді, қайта адамның санасын үнемі қайта құрып, еркіндікті сақтауға бағыттайды.
Мәтінде ерекше назар аудартқан тұс – «антропологиялық апат» ұғымы. Мамардашвили үшін нағыз апат – ядролық соғыс немесе экологиялық дағдарыс емес, адамның өзінің ойлау қабілетін жоғалтуы, сананың күйреуі. Бұл ой қазіргі қоғам үшін аса өзекті. Ақпарат тасқынында адам көбіне белгілер мен сыртқы көріністерге алданып, терең ойлаудан алыстайды. Мұндайда философия – адамды «айналық әлемге» түсіп кетуден сақтайтын жалғыз рухани күш.
Сонымен қатар, автордың «Үш К қағидасы» (Декарт, Кант, Кафка) философияның адам болмысына ықпалын айқын көрсетеді.
1) Декарт арқылы біз адамның өзін жауапты субъект ретінде танимыз; 2)Канттың қағидасы – адам тәжірибесін мағыналы ететін моральдық және танымдық өлшемдердің қажеттігін көрсетеді; 3) ал Кафка болса, бұл өлшемдер жойылған жағдайда адамдық болмыстың абсурдқа, мағынасыздыққа айналатынын суреттейді. Осы үш қағидадан түйгенім: философия – адамның еркіндігі мен жауапкершілігін қолдайтын ішкі негіз.
Мәтінді оқи отырып, философияның мәнін қайта пайымдадым. Философия – тек «ақиқат іздеу» емес, ол адамның өзін-өзі жоғалтып алмауы үшін күнделікті ойлау жаттығуы. Сондықтан да философияны оқу мен түсіну – өзін адам ретінде сақтау әрекеті.
Қорытындылай келе, Мамардашвили еңбегі маған философияны өмірлік тәжірибемнің маңызды құрамдасы ретінде қабылдауға ықпал етті.
Жетпісәлі Гүлсая Ізбасарқызы
2 курс магистранты. Мамандығы: Әлеуметтік жұмыс
М. Мамардашвилидің "Мен философияны қалай түсінемін?"
Мераб Мамардашвилидің «Мен философияны қалай түсінемін?» еңбегінде философия – адамның өзін және әлемді тануға бағытталған ерекше ойлау түрі ретінде сипатталады. Ол философияны тек білім емес, адамның саналы түрде өмір сүруге ұмтылысы деп түсіндіреді.
Автор ХХ ғасырдағы ең үлкен қауіптердің бірі – антропологиялық апат екенін айтады. Бұл апат табиғи немесе экологиялық апат емес, адамның санасының күйреуі мен рухани дағдарысы. Егер адам өз ойына, сезіміне, әрекетіне мән бермесе, ол өз болмысынан алыстап, бос өмір сүре бастайды.
Мамардашвили философияны түсіну үшін үш маңызды қағиданы ұсынады:
Декарт қағидасы – «Мен ойлаймын, демек, өмір сүремін». Бұл қағида адамның өзіндік санасын, жеке ойлау қабілетін көрсетеді.
Кант қағидасы – адамның моральдық әрекеттері ақылға, әділдікке, ішкі заңдарға сүйенуі керек.
Кафка қағидасы – егер адам ойланбай, мағынасыз өмір сүрсе, ол бос кеңістікке түсіп, адамдық қасиетін жоғалтады.
Философтың айтуынша, өркениет – өте нәзік құрылым. Ол тек адамның саналы ойлауымен, мәдениет пен моральға деген құрметімен сақталады. Егер адам өз ойлау қабілетін жоғалтса, өркениет те құлайды.
Мамардашвили үшін философия – дайын жауаптар емес, керісінше, сұрақ қою, ойлану, өз өміріңе жауапкершілік алу. Әр адам өз ішкі әлемін түсініп, өмірінің мәнін іздеуі керек.
Х.Л. Борхестің «Вавилон кітапханасы» шығармасы
Мен Хорхе Луис Борхестің «Вавилон кітапханасы» шығармасын оқығанда, ең алдымен, жазушының бүкіл әлемді шексіз кітапхана бейнесінде суреттегеніне назар аудардым. Бұл кітапхана алты қырлы бөлмелерден тұрады, әр қабырғасында сөрелерге толы кітаптар қойылған. Барлық кітаптар бірдей көлемде, бірақ олардың мазмұны әртүрлі: кейбірі мағыналы, ал көбі тек әріптердің ретсіз тізбегінен құралған. Соған қарамастан, Борхес бұл кітапхананың ішінде барлық мүмкін мәтін бар деп айтады: шынайы тарих та, жалған нұсқалар да, діни кітаптар да, ғылым мен адамның жеке өмірбаяндары да.
Шығарманың философиялық мәні – адамзаттың ақиқатқа ұмтылысы. Бастапқыда адамдар кітапханадан барлық сұрақтың жауабын табуға болады деп сеніп, қуанышқа бөленеді. Бірақ кейін олар хаос арасынан нағыз шындықты табу мүмкін еместігін түсінеді. Осыдан үмітсіздік туады. Бұл идея мен үшін қазіргі ақпарат заманымен үндес: бізде білім мен дерек шексіз көп, бірақ ең маңыздысы мен ақиқатын табу өте қиын.
Әңгімеде айтылатын «Кітап Адамы» немесе «құпия кітап» бейнесі – адамзаттың абсолютті ақиқатқа деген аңсарының көрінісі. Дегенмен Борхес мұндай ақиқатқа жету мүмкін еместігін меңзейді. Бұл ой маған ғылым мен философияда дайын, соңғы ақиқат жоқ екенін еске салды. Ақиқат үнемі ізденістің ішінде ғана бар.
Менің түсінуімше, «Вавилон кітапханасы» шығармасы – білім мен хаос арасындағы нәзік байланысты бейнелейтін метафора. Ол бізге ақиқатты табудан гөрі, оны үздіксіз іздеудің маңызын көрсетеді. Борхес әңгімесі маған философияның міндеті дайын жауап беру емес, адамды ойлануға, сұрақ қоюға үйрету екенін тағы да дәлелдеді.
Ғылым дамуының логикасы мен заңдылығы, атқаратын қызметі
JE Brenner “Philosophy in Reality: Scientific Discovery and Logical Structure” (MDPI, 2018)
Ғылым дамуы – тек логикалық дәлелдерге сүйенетін процесс емес, ол өмірдің өз логикасымен тығыз байланысты. Ғылым шынайы өмірдегі мәселелер мен қайшылықтардан туындайды және сол қайшылықтар арқылы дамиды. Әрбір жаңа теория бұрынғы білімді жоққа шығармай, қайта жаңғыртады, толықтырады.
Автор JE Brenner ғылымның дамуын түсіндіруде диалектикалық логиканың рөлін ерекше атап өтеді. Ол ғылымды үздіксіз қозғалыс пен өзгеріс ретінде қарастырады. Бұл процесте философия маңызды рөл атқарады, өйткені ол ғылымның бағыт-бағдарын анықтайды. Сондықтан философия – ғылымның компасы.
Осы мақаланы оқи отырып, мен үшін қызық болған бірнеше ойларды және менің пікірлерім:
“Ғылым тек логикалық дәлел емес, өмірдің өз логикасы.”
Пікір: Бұл ой ғылымды тек теориялық сала емес, өмірдің шынайы тәжірибесімен байланысты үдеріс ретінде көруге шақырады. Ғылыми ашулар адамдардың қажеттіліктері мен өмірлік сұрақтарына жауап іздеуінен туындайды
“Әрбір жаңа теория – ескі теорияның өлімі емес, оның қайта тууы.”
Пікір: Бұл ой ғылымның үздіксіздігін көрсетеді. Жаңа білім ескісін жоққа шығармай, оны кеңейтеді. Мысалы, Ньютон физикасы Эйнштейн теориясымен толықтырылды, бірақ жойылған жоқ.
“Философия – ғылымның компасы.”
Пікір: Философия ғылымның бағытын анықтап, оның мәнін түсіндіреді. Ғалым тек деректермен жұмыс істемей, не үшін және неге ізденіп жатқанын білуі керек. Бұл – философиялық ойлаудың рөлі деп ойлаймын.
“Қайшылық – дамудың анасы.”
Пікір: Қайшылықтар – жаңа идеялардың тууына себеп. Егер ғылымда сұрақтар мен түсіндірілмеген құбылыстар болмаса, даму да болмайды. Дағдарыс пен күмән – дамуға жол ашады.
"Адам болу дегеніміз не?" Хосе Ортега-и-Гассет шығармасы негізінде менің пайымдауым
Адам болу – дайын нәрсе емес. Бұл өмір бойы жалғасатын ізденіс, өзін тану және жақсы адам болуға ұмтылу жолы. Испан философы Хосе Ортега-и-Гассет осы туралы терең ой айтады. Оның ойынша, адам мен жануардың айырмашылығы – адамның ойлай алуы және өз ішкі әлеміне үңіле білуінде. Жануар тек қорқып, инстинктпен өмір сүрсе, адам не істеп жүргенін түсініп, өз өміріне мән бере алады.
Ортега-и-Гассет адам дайын түрде дана болып тумайды дейді. Адам бәрін өз еңбегімен, тәжірибесімен, ойымен қалыптастырады. Яғни ойлау – бізге табиғаттан берілген дайын қабілет емес, ол өмірдің өзінен үйренілетін қасиеті. Егер адам ойланбаса, өзін дамытпаса, ол рухани тұрғыдан «жануар күйінде» қалады. Сол себепті адам болу – бұл ең алдымен өзіңе жауапкершілік алу және үнемі алға ұмтылу.
Философ адамның өмірін үш кезеңмен түсіндіреді: біріншісі – өзін жоғалту, яғни сыртқы дүниенің жетегінде кету; екіншісі – өзін табу, яғни өз ойың мен сезіміңе үңілу; үшіншісі – сол ойды іске асыру. Осы үш саты әр адамның өмірінде қайталанып отырады. Мысалы, кейде адам көпшілікке еліктейді, кейде өзін іздейді, ал кейін өз ойын өмірде қолдануға тырысады.
Ортега-и-Гассет: «Адам ойлау үшін өмір сүрмейді, өмір сүру үшін ойлайды» дейді. Бұл сөздің мағынасы – адам бос ойлану үшін емес, өз өмірін жақсарту үшін ойланады дегенді білдіреді. Ойлау – өмірдің құралы іспеттес. Адам өз өмірінің авторы болуы керек, өйткені ешкім оған дайын мән бермейді, ол мағынаны өзі табады.
Осы философиялық ойды Хорхе Луис Борхестің «Вавилон кітапханасы» шығармасымен де байланыстыруға болады. Борхестің әңгімесінде адамдар шексіз кітапханадан ақиқатты іздейді, бірақ оны таба алмай, адасып жүреді. Бұл – адамның шексіз таным мен білімге ұмтылуының белгісі. Дәл сол сияқты, Ортега-и-Гассет те адам өмір бойы өзін іздеп, толық адам болуға ұмтылатынын айтады. Екеуінде де басты ой – адам дайын күйде болмайды, ол өзін іздейді, қалыптастырады.
Қорытындылай айтқанда, адам болу дегеніміз – өз өміріңді түсініп, оған мән беру. Адам үнемі ізденісте болуы керек, себебі адам болу – тоқтаусыз ойлау, өсу және әрекет ету. Хосе Ортега-и-Гассет айтқандай, адам әр сәт сайын өзін жоғалтып алу мен қайта табу арасында өмір сүреді. Ал Борхесше айтқанда, бұл – шексіз кітапхана ішінен өз жолыңды іздеу. Ең бастысы – сол ізденісті тоқтатпау.
Хосе Ортега-и-Гассет "Адам болу дегеніміз не?"
Хосе Ортега-и-Гассет бұл еңбегінде «адам болу» — дайын берілген нәрсе емес, керісінше өмір бойы еңбектеніп, ойлану арқылы қалыптасатын рухани процесс екенін айтады. Адамның басты ерекшелігі — оның өз-өзіне үңіле алуы, ойлануы және өз өмірін саналы түрде басқаруы.
Жануарлар тек инстинктке бағынса, адам өз өмірінің мәнін өзі құрады, сондықтан ол әрдайым таңдаудың, ізденістің және жауапкершіліктің алдында тұрады.
Фукуяма «Тарихтың соңы және соңғы адам» (1992) атты кітабында, адам табиғаты өзгермейді, бірақ адам қоғамының формалары мен рухани дамуы үнемі қозғалыста болады дейді. Ол адамның басты қозғаушы күші – «танылуға деген ұмтылыс» (thymos) деп түсіндіреді.
Яғни адам тек материалдық қажеттіліктермен өмір сүрмейді, оған өзін адам ретінде мойындату, ішкі құндылығын дәлелдеу маңызды.
Менің ойымша, бұл идея бүгінгі өмірде өте маңызды. Қазір көптеген адамдар өмірдің мәнін сыртқы нәрселерден — байлықтан, беделден, материалдық игіліктерден іздейді. Ал шын мәнінде адам болу — өзіңмен жұмыс істеу, өз ойыңды дамыту, өзіңді және басқаларды түсінуге тырысу. Адам болу — бұл тұрақты қозғалыс, өзін жетілдіру, өмірдің әр сәтін мәнмен өткізу.
Қорытындыласақ адам болу — бұл дайын күй емес, күн сайын жасалатын таңдау. Біз өз әрекетімізбен, ойымызбен және ниетімізбен адамдықты қалыптастырамыз. Адам болу — өзіңе және әлемге жауапкершілікпен қарау.
Адам – сезім мен ақылдың арасындағы тепе-теңдікті іздеуші жан. Ол инстинкт пен сана, эмоция мен логика шегінде өмір сүреді, ал олардың арасындағы үйлесімділік оны нағыз адам етеді
Адам – нәтиже емес, жол. Оның мәні – мағынаны іздеуінде, тепе-теңдікті сақтауға ұмтылуында және шектен шығудың тұңғиығына түспей өмір сүруінде.
Адам болу — жауапкершілік алу.
Адам бұл дүниеге келгенде дайын қалыпта болмайды. Біз өз өмірімізді өзіміз жасаймыз, өзіміз таңдаймыз, және сол таңдаулар үшін жауап береміз. Яғни, “адам болу” — өз өміріңе бейжай қарамай, саналы түрде әрекет ету деген сөз.
Адам өз өмірін қалай өткізетінін өзі шешеді. Біреу ғылыммен айналысуды таңдайды, біреу отбасына арнайды, енді біреу қоғамға қызмет етуді мақсат етеді.
Осы таңдаулардың бәрі — адам болмысының бөлігі. Бірақ философ Хосе Ортега-и-Гассет айтқандай, ең бастысы — жауапкершілікті сезіну. Себебі нағыз адам — өз өмірінің авторы.
Адамды жануардан ерек ететін нәрсе — мәдениет пен рухани өмір. Адам тек өмір сүру үшін емес, мәнді өмір сүру үшін жаралған.
Ол өнер жасап, білім іздеп, әділет пен сұлулықты түсінуге тырысады. Осы арқылы адам өз өмірін жай тіршілік емес, жобаға, шығармашылық іске айналдырады.
Қарапайым тілмен айтқанда, адам болу — өз өміріңді мәнді ету.
Адам дайын күйінде болмайды — ол өмір бойы өзін қалыптастырады. Өз ортасын, қоғамын, заманын ескере отырып, соның ішінде өз жолын табады.
Жоба тақырыбы
Мифос пен логос арасындағы шекара: әлеуметтік желілер дәуіріндегі жалған білім феномені
Орта ғасырлар – адамзат тарихындағы ең қызық әрі қайшылыққа толы кезеңдердің бірі. Бұл дәуірде ғылым мен дін қатар өмір сүрді: бір жағынан сенім үстем болса, екінші жағынан білімге, ақиқатқа ұмтылыс тоқтаған жоқ. Сол кезде өмір сүрген ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби ғылымның нағыз мәнін түсіндіріп берген тұлға болды. Ол тек философ қана емес, математик, музыка зерттеушісі, астроном, тілші, логик сияқты көптеген ғылым салаларын меңгерген. Мысалы, ол музыканың математикалық негізін зерттеп, дыбыстың тербеліс заңдылығын алғаш түсіндіргендердің бірі.
Фарабидің ойынша, адам шынайы бақытқа тек ақыл мен білім арқылы жете алады. Ғылым адамды жақсылыққа, әділетке, ізгілікке тәрбиелейді. Ол қоғамның дамуы үшін әр адам өз ісін жақсы көруі, еңбегіне адал болуы қажет дейді. Мысалы, ғалымның «Қайырымды қала тұрғындары» трактатында адам мен қоғамның үйлесімді өмір сүру жолы айтылады – бұл идея қазіргі заманда да өзекті.
Фарабидің рационалды ойлары кейін Еуропадағы Қайта өрлеу дәуіріне ықпал етті. Галилей, Коперник, Декарт сияқты ғалымдар да табиғатты түсінудің кілті – адамның ақыл-ойында екенін дәлелдеді.
Сондықтан әл-Фараби – Орта ғасыр мен Қайта өрлеу арасындағы рухани көпір. Ол ғылымды тек дерек емес, адамды жетілдіретін күш деп білді. Бүгін де оның ойлары – ақиқатқа ұмтылған әрбір адамның жолсерігі.
ДАРВИН — ОРГАНИКАЛЫҚ ӘЛЕМНІҢ ДАМУЫ ТУРАЛЫ МАТЕРИАЛИСТІК ІЛІМНІҢ НЕГІЗІН САЛУШЫ
💡Эволюция идеясы ғылым тарихында адам мен табиғаттың өзара байланысын түсіндіруде жаңа бетбұрыс жасаған бағыттардың бірі болды. Дарвин іліміне дейін тіршілік әлемі туралы көзқарастар көбінесе діни түсініктерге сүйенді: тірі организмдерді құдай жаратты, олардың түрлері өзгермейді деген ұғым үстем болды. Алайда XVIII–XIX ғасырларда Ламарк, Бюффон, Радищев, Рулье сынды ғалымдар тірі табиғаттың біртіндеп даму заңдылығын атап көрсетті. Бұл идеялар кейін Дарвин ілімінің ғылыми негізін қалады.
Дарвиннің эволюциялық теориясының басты мәні — тірі организмдердің дамуында кездейсоқтық емес, табиғи заңдылық бар екендігін дәлелдеу. Ол табиғаттағы барлық тіршілік иелерінің өмір сүру үшін күрес жағдайында болатынын, сол күресте бейімделе алған түрлердің сақталып, бейімделе алмағандарының жойылатынын көрсетті. Бұл үрдіс табиғи сұрыпталу заңы деп аталды.
Дарвин ілімінде тіршілік иелерінің орта жағдайларына бейімделуі мен тұқым қуалаушылық қасиеттері ерекше рөл атқарады. Ол эволюцияның негізгі қозғаушы күші — тіршілік үшін күрес және соның нәтижесіндегі табиғи сұрыпталу екенін дәлелдеді. Мұндай процестердің нәтижесінде табиғаттағы түрлер біртіндеп күрделеніп, жаңа қасиеттерге ие болады.
Дарвиннің теориясы діни-идеалистік көзқарастарға қарсы шыққандықтан, өз дәуірінде үлкен пікірталастар туғызды. Алайда оның идеялары ғылымның дамуына орасан әсер етіп, биологияның материалистік негізін қалыптастырды. Маркс пен Энгельс Дарвин еңбегін жоғары бағалап, оны органикалық әлем дамуының заңын ашқан данышпан деп атады.
Дарвиннің табиғи сұрыпталу теориясы қазіргі заманғы биология мен әлеуметтік ғылымдар үшін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Оның ілімі табиғаттағы өзгеріс пен бейімделудің үздіксіз жүріп отыратынын, даму мен жетілу — барлық тіршіліктің басты заңы екенін дәлелдеді.
Қорытынды
Дарвиннің эволюциялық ілімі – дүниетанымдық тұрғыда терең мағынаға ие ғылыми төңкеріс. Ол табиғатты түсінудің діни емес, ғылыми-материалистік бағытын ұсынды. Менің ойымша, бұл ілім тек биология үшін емес, жалпы адамзаттың ойлау жүйесін өзгерткен іргелі жаңалық болды. Дарвиннің идеясы қазіргі ғылымда да өз мәнін жоғалтқан жоқ, өйткені ол даму мен бейімделудің табиғи механизмін дәл көрсетті.
О воспитании и обществе
«Цель воспитания — сделать человека добродетельным и разумным членом общества»
«Совершенное общество — это то, где люди помогают друг другу в достижении счастья»
«Город добродетельный подобен телу: все его части служат общему благу»
О счастье
«Счастье — это высшее благо, к которому стремится человек посредством познания и добродетели»
«Кто ищет счастья только во внешнем, теряет внутренний покой»
«Истинное счастье — в гармонии души и разума»
О человеке и его природе
«Человек — существо общественное по природе, и вне общества он не может достичь совершенства»
«Разум — свет, который делает душу живой и видящей истину.»
«Совершенство человека — в знании истины и в стремлении к добру»
О мудрости
«Мудрость — это знание причин вещей»
«Мудрый человек говорит, когда слова могут быть полезны; когда нет — он хранит молчание»
«Мудрость требует не только знания, но и умения применять его на благо»
Ч. Дарвин "табиғи сұрыпталу"
Зерттеу өзектілігі
XXI ғасырдың ақпараттық қоғамында адам санасы жаңа парадоксқа тап болды: ақпараттың көлемі артқан сайын ақиқат пен жалғанның арасындағы шекара көмескіленіп барады. Әлеуметтік желілердің кең таралуы білімге қолжетімділікті арттырғанымен, сонымен бірге жалған ақпарат, псевдоғылым және мифтік ойлаудың жаңа формаларының өрістеуіне жағдай жасады. Бұл құбылыс адамзат тарихындағы ежелгі мифос пен логос арасындағы қайшылықты жаңа деңгейде қайта тірілтті.
Антикалық дәуірде «мифос» әлемді символдар мен бейнелер арқылы түсіндіру тәсілін білдірсе, «логос» рационалды, логикалық ойлаудың бастауы ретінде философия мен ғылымның негізін қалады. Мифтік ойлау адамзат мәдениетінің алғашқы когнитивтік формасы болса, логос — танымның жүйелі, сындарлы, дәлелге сүйенген формасы. Алайда қазіргі заманда бұл екі тәсілдің арасындағы шекара қайта бұлыңғырлана бастады: ғылыми дәлел мен мифологиялық сенімнің арасына әлеуметтік медианың алгоритмдері мен эмоциялық дискурс араласты.
Соңғы жылдары әлемдік зерттеулерде «ақпараттық артықшылық» пен «пост-шындық» (post-truth) дәуірінің феномені жиі айтылады. Бұл кезеңде адамның ойлау жүйесі рационалды дәлелге емес, сенім, әсер және эмоцияға көбірек тәуелді. TikTok, Instagram, YouTube сияқты платформаларда тарайтын «жалған білім», «астрология», «энергия терапиясы» немесе «космикалық вибрациялар» секілді идеялар — ежелгі мифтің заманауи цифрлық нұсқалары іспеттес. Осылайша, әлеуметтік желілер логос кеңістігінен мифос кеңістігіне кері қозғалыс тудырып отыр.
Бұл мәселенің философиялық өзектілігі — адамның ақиқатқа қатынасы, рационалдылық пен сенімнің шекарасын түсінуде жатыр. Егер мифтік ойлау – дүниені бейсаналық, символдық деңгейде қабылдаудың тәсілі болса, логос – саналы, дәлелді түсіндірудің әдісі. Демек, бүгінгі қоғамдағы жалған білім феноменін зерттеу – ақиқат пен иллюзия, рационалдық пен сенім арасындағы антропологиялық және аксиологиялық тепе-теңдікті түсінудің кілті.
Философиялық тұрғыдан алғанда, бұл зерттеу білімнің онтологиясы мен эпистемологиясын, яғни «ақиқат не?» және «білудің негізі неде?» деген мәңгілік сұрақтарды қайта қарауға итермелейді. Әлеуметтік желілерде қалыптасқан «жалған білім» құбылысы ақиқат ұғымының өзі релятивтеніп, субъективті интерпретацияға айналғанын көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда, бұл зерттеу тек әлеуметтік құбылысты емес, заманауи адамның дүниетанымдық дағдарысын талдайды.
Зерттеудің маңыздылығы — философиялық логос ұғымын әлеуметтік шындық контекстінде қайта пайымдауда. Қазіргі заман адамын ақпарат қоқысынан ажыратып, сыни және логикалық ойлау мәдениетіне бейімдеу — гуманитарлық және философиялық білімнің басты миссиясына айналды. Сондықтан бұл тақырып ғылымның шекараларын, ақиқаттың табиғатын және қоғамдағы рационалдықтың құндылығын түсінуге бағытталған өзекті ізденіс болып табылады.
Зерттеу сұрағы: Әлеуметтік желілерде тарайтын жалған ақпарат пен сенімдер адамдардың ойлауына және ақиқатты түсінуіне қалай әсер етеді?
Қосымша зерттеу сұрақтары:
Неліктен әлеуметтік желілерде жалған ақпарат тез тарайды?
Мифтік және сенімге негізделген ойлау неліктен қайта күшейді?
Адамдар неге дәлелденбеген ақпаратқа көбірек сенеді?
Зерттеу әдісі:
Анкеталық сауалнама (эмпирикалық әдіс) қолданылады.
– Сауалнама студенттер мен магистранттар арасында онлайн түрде жүргізіледі (Google Forms).
– Негізгі сұрақтар ақпаратты қабылдау, сенім мен дәлел арасындағы айырмашылық, фейк жаңалықтарды ажырату қабілеті, әлеуметтік желіде білімге сенім деңгейі сияқты бағыттарды қамтиды.
– Нәтижелер философиялық тұрғыда интерпретацияланып, «ақпараттық рационалдық», «таным мәдениеті» және «пост-ақиқат қоғам» ұғымдары арқылы талданады.
Мифос пен логос арасындағы шекара: әлеуметтік желілер дәуіріндегі жалған білім феномені
Зерттеу мақсаты мен міндеттері
Мақсаты: әлеуметтік желілерде тарайтын жалған білім құбылысын философиялық тұрғыдан талдау арқылы мифос пен логос арасындағы танымдық шекараны айқындап, қазіргі ақпараттық қоғамдағы рационалдық дағдарыстың мәні мен себептерін анықтау.
Міндеттері:
«Мифос» пен «логос» ұғымдарының мағынасын ашу;
Ақпараттық қоғам мен «постшындық» дәуірінің ерекшеліктерін көрсету;
Әлеуметтік желілердегі жалған білім түрлерін мысалмен сипаттау;
Сенім мен логикалық ойлаудың айырмашылығын анықтау;
Жалған ақпаратпен күресудің жолдарын ұсыну.
Қуанышқызы Динара
Жаңа еуропалық ғылым XVII–XVIII ғасырларда пайда болып, адамзат ойының бағытын түбегейлі өзгертті. Бұрын адам дүниені сенім мен діни түсінік арқылы таныса, енді ақыл мен тәжірибеге сүйене бастады. Декарт, Бэкон, Ньютон сияқты ойшылдар табиғатты өлшеуге, бақылауға, дәлелдеуге болатын жүйе деп қарастырды. Осылайша ғылымның классикалық кезеңі қалыптасты. Бірақ бұл кезеңде адам мен рух арасындағы байланыс әлсіреді, себебі ғылым ақиқаттың тек материалдық жағын ғана мойындап, рухани мәнді елемей қойды. Уақыт өте келе адам рухани дағдарысқа тап болды – білім мен техника дамығанымен, адамзаттың ішкі әлемі әлсіреді.
Осындай жағдайда Шәкәрім Құдайбердіұлының «Үш анық» еңбегі жаңа еуропалық ғылымның ақылға табынған бағытына рухани жауап болды. Ол шындықтың тек тәжірибемен емес, жүрек пен сенім арқылы да танылатынын көрсетті. Ғарифолла Есімнің пікірінше, Шәкәрімнің «анық» ұғымы Батыстағы позитивистік философиядағы «дәлелденген шындық» түсінігіне ұқсас болғанымен, одан әлдеқайда терең.  Егер Огюст Конттың позитивизмі «көріп, ұстап, тексерген ғана шын» десе, Шәкәрім анық шындықты адамның рухани тәжірибесімен де байланыстырады.
Шәкәрімнің бірінші анығы – Жаратушы білімі. Ол дүниенің бастауы бар, оны бір Түп Ие жаратқан дейді. Бұл ой бүгінгі заманда да өзекті. Қазіргі ғылым мен технология адам мүмкіндігін кеңейтіп, жасанды интеллект, ғарыш және генетика сияқты салаларды дамытты. Бірақ адам сол жетістіктердің мәнін ұмытып барады: техника адамға қызмет етуі керек, бірақ қазір адам техниканың қызметшісіне айналуда. Шәкәрімше айтқанда, бар нәрсенің түп себебі бар, ал сол себепті ұмытқан ғылым шынайы анық бола алмайды. Сондықтан ол Жаратушы заңдылығын мойындамайтын ғылымның жолы – толық ақиқат емес деп есептейді.
Екінші анық – жанның мәңгілігі. Шәкәрім адам жанын өлмейді, бір күйден екіншіге өтеді дейді. Бұл ой қазіргі қоғамда ерекше маңызға ие. Бүгінде адамдардың көбі өмірді тек материалдық тұрғыдан түсінеді: байлық, мансап, сұлулық – бәрі уақытша. Ал рухани тыныштық пен жан тазалығы назардан тыс қалып отыр. Осыдан депрессия, жалғыздық, күйзеліс сияқты заманауи дерттер пайда болуда. Егер адам өз жанының мәңгі екенін түсініп, ішкі әлемін тәрбиелесе, ол өмірге тереңірек мән берер еді. Шәкәрім айтқандай, адам өз жанының мәңгілігін сезінсе, өмірге басқа көзбен қарайды, өткінші дүниелерге байланбайды.
Үшінші анық – ұждан немесе ар білімі. Бұл адамды адам ететін ең басты қасиет. Ұждан үш негізден тұрады: әділет, мейірім және нысап. Осы үш қасиет болмаса, адамда рухани бағыт болмайды. Қазіргі заманда бұл мәселе өте өзекті. Әлеуметтік желілерде бірін-бірі сынап, кибербуллингке бару, қоғамдағы әділетсіздік пен мейірімнің азаюы – ұжданның әлсіреуінен. Ал ғылым мен техника ұжданнан ажырағанда, адам баласы өз күшін жоюға пайдаланады. Мысалы, экологиялық апаттар, соғыстар, ақпараттық манипуляциялар – бәрі ұждансыз дамудың салдары. Сондықтан Шәкәрімнің ойынша, нағыз адамгершілік ғылым мен ардың, ақыл мен сенімнің, білім мен рухтың бірлігінде ғана жүзеге асады.
Менің ойымша, «Үш анық» – тек өткеннің емес, қазіргі заманның да өмірлік жол картасы. Шәкәрім ғылымды жоққа шығармайды, бірақ оны рухани шектеумен толықтырады: ғылым табиғатты түсіндіреді, ал ұждан – адамды түсіндіреді. Ғылымсыз даму болмайды, бірақ ұждансыз ғылым – соқыр күш. Егер әр адам Шәкәрім айтқан үш анықты – Жаратушыға сенуді, жанның мәңгілігін және ұжданды – жүрегімен қабылдаса, қоғам әділетті, ғылым ізгілікті, ал өмір мағыналы болар еді. Ақиқат тек зертханада емес, адамның жүрегінде де өмір сүреді. Шәкәрімнің ілімі – осыны еске салатын мәңгілік бағдар.
Гипотеза:
Мифтік ойлау әлеуметтік желілерде жаңа формада қайта жанданып, логосқа негізделген сыншыл пайымдауды ығыстырады; бұл жағдай адам санасында ақиқат пен иллюзияның ара жігін ажыратуды қиындатады.
Зерттеу объектісі
Қазіргі ақпараттық қоғамдағы әлеуметтік желілер кеңістігі мен ондағы білім мен ақпарат алмасу процестері. Яғни зерттеу қазіргі қоғамдағы әлеуметтік желілердің адам санасына, ойлау формаларына және ақиқатқа қатынасына әсерін қарастырады.
Зерттеу пәні
Әлеуметтік желілер дәуірінде мифтік (мифос) және рационалды (логос) ойлау тәсілдерінің өзара ықпалы мен осы өзара әрекеттесу нәтижесінде пайда болатын жалған білім феномені.
Зерттеу сұрағы: Әлеуметтік желілер дәуірінде мифтік (мифос) және рационалды (логос) ойлау түрлерінің өзара байланысы жалған білім феноменінің қалыптасуына қалай әсер етеді?
Қосымша зерттеу сұрақтары:
1.      Қазіргі әлеуметтік желілерде мифологиялық ойлау қандай жаңа формаларда көрініс табады?
2.      Логосқа (рационалды танымға) негізделген сыншыл ойлау неге әлеуметтік желілерде әлсіз қабылданады?
3.      Жалған білімнің таралуы адамдардың дүниетанымына, қоғамдық пікірге және құндылық жүйесіне қалай ықпал етеді?
4.      Цифрлық мифтерді тану және сын тұрғысынан ажырату үшін қандай мәдени және философиялық құралдар қажет?
Зерттеу әдістері
Философиялық-герменевтикалық талдау
·         Мифос пен логос ұғымдарының тарихи-философиялық дамуын, олардың мәндік айырмашылығын түсіндіру үшін қолданылады
Социологиялық талдау элементтері
·         Адамдардың ақпаратқа сену деңгейі мен ақпаратты қабылдау ерекшеліктерін сипаттау мақсатында (сауалнама, пікірталдау материалдары, деректер талдауы негізінде).
Мишель Фуко - ХХ ғасырдағы ең ерекше ойшылдардың бірі. Ол адамдардың өздері туралы түсінігіне, яғни «адам деген не?» деген сұраққа өзгеше қырынан қарады. Фуконың ең танымал еңбегі — «Слова и вещи». Бұл кітапта ол күтпеген ой айтады: «Адам — бұл мәңгі ұғым емес, ол бір кезде пайда болған және бір күні жоғалып кетуі мүмкін» дейді.
Бір қарағанда, бұл сөз оғаш естіледі. Бірақ Фуконың айтпағы басқа. Ол адам табиғаттан бөлініп, ерекше жаратылыс емес, керісінше, белгілі бір дәуірдің ойлау тәсілі мен мәдениетінің жемісі дейді. Мысалы, бұрын адамдар әлемді Құдай арқылы түсінді, кейін ғылым мен ақыл-ойдың күші арқылы таныды. Ал осы кезеңде адам өзін зерттеудің нысанына айналды: біз «адам деген кім?» деп өзімізді ғылым тұрғысынан талдай бастадық.
Фуконың ойынша, адам туралы білім — мәңгі ақиқат емес. Ол қоғам, тіл, мәдениет және уақытқа байланысты өзгереді. Егер бұл түсінік өзгерсе, «адам» ұғымының өзі де басқа мағынаға ие болады. Сондықтан ол «адам бір күні жоғалып кетеді» дегенде, физикалық тұрғыда емес, біздің оны түсіну тәсіліміз өзгеруі мүмкін дегенді айтады.
Бұл ой мені ойландырады. Расында да, әр дәуір адамды әртүрлі түсінеді. Бұрын адамды тек діни тұрғыда қараса, қазір ғылым мен технология оны басқа қырынан сипаттайды. Мүмкін, болашақта біз өзімізді мүлде басқа көзқараспен танитын шығармыз.
Фуконың ойы бізге кішіпейіл болуды үйретеді. Біз бәрін білеміз деп ойлаймыз, бірақ шын мәнінде біліміміз шектеулі. Әлем мен адам туралы түсінік уақыт өте өзгереді. Демек, бастысы — өзіңді және қоғамды үнемі қайта түсінуге, сұрақ қоюға үйрену.
соңғы вариант
Ғылым туралы ойлағанда көп адам оны үздіксіз алға жылжитын, әр күн сайын жаңа мәлімет қосылып отыратын сала деп түсінеді. Бірақ Томас Кун бұл көзқарасқа күмәнмен қарайды. Ол ғылым жай ғана білім жинау емес, керісінше ескі түсініктерді бұзып, жаңа бағыт тудыратын революцияларға толы үдеріс дейді.
Кунның ойынша, әр дәуірдің ғалымдары әлемді белгілі бір парадигма, яғни ортақ түсінік пен қағида арқылы зерттейді. Бұл – бәрінің ойы бір арнаға тоғысқан кезең. Бірақ уақыт өте келе бұл парадигма жаңа фактілерге сай келмей қалады. Сонда ғылым дағдарысқа түсіп, жаңа түсінік пайда болады. Бұл – ғылыми төңкеріс, яғни Кун айтқан «революция». Мұндай жағдай тарихта көп болған. Мысалы, адамдар мыңдаған жылдар бойы Жер ғаламның ортасында, Күн мен жұлдыздар оны айналып жүреді деп сенген. Бұл – Птолемейдің парадигмасы еді. Кейін Коперник келіп, бәрі керісінше: Жер Күнді айналады деді. Алғашында жұрт оны «қате» деп санады, бірақ кейін дәлелдер көбейіп, жаңа көзқарас қалыптасты. Бұл – нағыз ғылыми революцияның мысалы.
Қазіргі заманда да осындай өзгерістер болып жатыр. Мысалы, бұрын адам денсаулығы тек дәрі-дәрмек пен емханаға байланысты деп ойласақ, бүгін ғалымдар психологиялық күй мен өмір салты денсаулыққа тікелей әсер ететінін дәлелдеп отыр. «Барлық ауру жүйкеден» деген сөз енді жай мақал емес, ғылыми шындыққа айналды. Бұл да ескі көзқарастың жаңаруы – бір парадигманың екіншісіне ауысуы.
Тағы бір мысал – білім беру саласынан. Бұрын «жақсы оқу – көп жаттау» деп ойлайтынбыз. Ал қазір әлемде оқытудың жаңа парадигмасы қалыптасты: бастысы – ақпаратты есте сақтау емес, сын тұрғысынан ойлау мен шығармашылық қабілетті дамыту. Бұл да Кун айтқандай, бұрынғы жүйені бұзып, жаңасын қалыптастырған ғылыми бағыттың көрінісі.
Кунның ойы бізге ғылымның тірі, дамып тұратын құбылыс екенін түсіндіреді. Ғылым қателеспейді деп емес, ол өз қателіктерін мойындай білетіндіктен дамиды. Әрбір жаңа буын алдыңғы буынның көзқарасын қайта қарап, қажет болса, өзгертеді.
Бұдан шығатын қорытынды – ғылымның күші оның дәлелінде емес, өзін қайта ойлап таба алу қабілетінде. Ғалым болу – бәрін білу емес, керісінше, күмәндана білу. Өйткені жаңа идеялар көбіне күмәннан, сұрақ қоюдан туады.
Жаңа еуропалық ғылым - адамзаттың табиғатты танудағы рационалды және тәжірибелік жолға бет бұрған кезеңі. Бұл дәуір қазіргі ғылыми парадигманың іргетасын қалаған, сондықтан философия мен ғылым тарихын түсіну үшін аса маңызды. Бұл дәуірдің ең ірі өкілдерінің бірі - Исаак Ньютон. Ол өз заманының ғылыми көзқарасын түбегейлі өзгертіп, әлемді түсінудің жаңа негізін қалады. Ньютонның басты жетістігі - табиғат құбылыстарын біртұтас заңдылықтарға бағындырып түсіндіруі болды. Оның “Табиғи философияның математикалық бастамалары” атты еңбегі бүкіл ғылымның бағытын анықтап берді. Ол алғаш рет аспан денелерінің қозғалысын да, жердегі денелердің қозғалысын да бір заңға - әмбебап тартылыс заңына біріктірді. Бұл идея адамзаттың дүниетанымында үлкен төңкеріс жасады.
Ньютон ғылымды тек бақылау мен тәжірибеге емес, сонымен қатар математикалық дәлдікке сүйенген жүйе ретінде қалыптастырды. Ол ғылымның мақсаты - табиғаттағы құбылыстардың себептерін іздеу емес, олардың заңдылықтарын анықтау деп санады. Осы көзқарас ғылымды философиялық пікірталастан бөліп, нақты эмпирикалық бағытқа бұрды.
Ньютонның ойынша, табиғат - Құдай жаратқан, бірақ өз заңдарымен жұмыс істейтін реттелген жүйе. Бұл түсінік ортағасырлық діни догмалардан алшақтап, ғылыми рационализмнің өркендеуіне жол ашты. Ньютоннан кейін ғылым тек білім саласы емес, әдіс пен таным мәдениетінің үлгісі ретінде қарастырыла бастады.
Осылайша, Ньютонның еңбегі жаңа еуропалық ғылымның мәнін айқын көрсетеді: адамзат табиғатты тануда ақыл мен тәжірибені біріктіріп, қазіргі заманғы ғылыми парадигманың негізін қалады.
Дарвин ілімі және қазіргі заманғы биологияның дамуы
Чарльз Дарвиннің эволюциялық идеялары адамзаттың дүниетанымында үлкен төңкеріс жасады. Оның “Түрлердің шығуы” еңбегі тіршіліктің дамуы мен өзгерісін түсіндіруде жаңа ғылыми бағыттың негізін қалады.
В. И. Фурсовтың “Дарвин — органикалық әлемнің дамуы туралы материалистік ілімнің негізін салушы” атты мақаласында Дарвиннің теориясы тарихи және философиялық тұрғыда қарастырылып, оның дінге қарсы ғылыми көзқарасы айқындалады. Автор Дарвинді табиғатты тарихи даму процесі ретінде түсіндіріп, ғылымды діни догмалардан азат еткен ғалым ретінде сипаттайды.
Ал Massaget.kz сайтындағы “Дарвин ілімі және қазіргі заманғы биологияның дамуы” мақаласында Дарвин идеяларының қазіргі генетика, экология және молекулалық биологиямен байланысы көрсетіледі. Онда табиғи сұрыпталу ұғымы бүгінгі ғылыми деректермен, мысалы ДНҚ мутациясы мен тұқым қуалаушылықпен ұштастырылады.
Екі еңбектің де мақсаты — Дарвин ілімінің мәнін ашу. Фурсов еңбегі тарихи-философиялық бағытта жазылса, Massaget.kz материалы қазіргі ғылыммен байланысын айқындайды.
Қорытындылай айтқанда, Дарвиннің эволюциялық теориясы ғылымды діни түсініктерден босатып, қазіргі заманғы биология мен экологияның негізін қалаған іргелі ілім болып қала береді.
(Фурсовтың мақаласы мен Massaget.kz редакциясы. (2022). Дарвин ілімі және қазіргі заманғы биологияның дамуы)
Х.Л.Борхес..Вавилон кітапханасы
Хорхе Луис Борхестің «Вавилон кітапханасы» әңгімесі - шексіздік, хаос, таным және мағына мәселелерін зерттейтін метафизикалық туынды. Шығармада әлем кітапхана бейнесі арқылы сипатталады. Бұл кітапхана - шексіз кеңістік, онда барлық мүмкін кітаптар бар, бірақ сол кітаптардың мағынасын ұғу мүмкін емес.
Философиялық тұрғыдан алғанда, Борхес адамзаттың ақиқат пен білімге ұмтылысын, сонымен қатар білімнің шексіздігі мен шектеулілігі арасындағы парадоксты көрсетеді. Кітапхана -  Ғаламның, логос пен хаостың, яғни тәртіп пен бей-берекеттің символы.
Шығармадағы басты идеялардың бірі - онтологиялық және эпистемологиялық күмән. Егер барлық мүмкін мәтін бар болса, онда шындық деген ұғымның мәні қандай? Бұл сұрақ Борхестің скептицизмін және постструктуралистік ойлауға жақындығын көрсетеді.
«Вавилон кітапханасы» сондай-ақ адамның мәнін іздеу, құдайлық идея, тілдің шегі мәселелерін қозғайды. Кітапханашылардың «мағынасы бар кітапты» іздеуі - философиялық тұрғыдан ақиқатқа жету жолындағы адамзаттың мәңгі ізденісін бейнелейді.
Борхестің пайымдауынша, шексіздік - тек кеңістік не сан ұғымы емес, ол адам санасының, тілдің және болмыстың шексіз күрделілігі.
М..Мамардашвили. Мен философияны қалай түсінемін
Мераб Мамардашвилидің «Мен философияны қалай түсінемін» атты еңбегінде ол философияны тек ғылым немесе теория ретінде емес, адамның ойлану мен өмір сүру тәсілі деп түсіндіреді. Оның айтуынша, философия дегеніміз - дайын білімді жаттап алу емес, керісінше, адамның өз санасымен жұмыс істеуі, өзін және өмірді түсінуге деген ұмтылысы.
Мамардашвили философияны ояну күйімен салыстырады. Көп адамдар өмірде автоматты түрде, ойланбастан өмір сүреді. Ал философия адамды сол күйден оятып, өзіне және әлемге басқа көзбен қарауға үйретеді. Ол «философ болу» дегенді - ойды бастан кешіру, яғни шын мәнінде ойлануға батыл болу деп түсіндіреді.
Философия - бұл әр адамның ішкі тәжірибесі мен жауапкершілігі. Адам өз санасын өзі қалыптастырып, өз ойының иесі болуы керек. Бұл ойлары арқылы Мамардашвили адам еркіндігі мен өмірдің мәні туралы экзистенциалистік көзқарасқа жақындайды. Ол үшін философия - өмірдің мәнін сырттан іздеу емес, оны өз ішіңнен табу процесі.
Тағы бір маңызды ойы - тіл мен ойдың байланысы. Мамардашвилидің пікірінше, адам неғұрлым терең ойланса, соғұрлым тілді де тереңірек қолданады. Тіл - ойлаудың құралы ғана емес, сол ойдың шегі де. Философия арқылы біз өз тілімізді де, өз ойымызды да кеңейтеміз. Ол философияны аяқталмайтын іс деп сипаттайды. Әр адам үшін философия әрқашан қайта басталады, себебі ойлау – тірі процесс. Философия дайын жауап бермейді, тек адамды сұрақ қоюға, ойлануға және өз өмірінің мәнін түсінуге жетелейді.
Шәкәрім Құдайбердіұлы "Үш анық"
Шәкәрімнің "Үш анық" еңбегі – қазақ философиясындағы Түп Жаратушы (Онтология), Жан (Феноменология) және Ұждан (Этика) ұғымдарын жүйелейтін іргелі дүниетанымдық еңбек.
I. 🌟 Түп Жаратушы және Болмыстың Негізі (Онтология)
Шәкәрім бүкіл болмыстың түп негізі – Түп Жаратушы (Абсолют) екенін дәлелдейді.
• Абсолюттік Принцип: Жаратушы – білім, құдірет және шеберлік сипатына ие, себепсіз бар себеп принципін ұстанатын бастапқы күш.
• Жаралыс Механизмі: Ол дүниені тікелей жаратпаған, керісінше, барлық нәрсеге қажетті қуат пен қасиетті берген бастапқы ие (машина жасаушы мысалы).
• Ғылым мен Дін: Автор жаратушылық идеясын діни сеніммен қатар ғылыми ізденіспен үйлестіру қажеттігін меңзейді.
II. 💫 Жан Феномені және Үздіксіз Даму (Феноменология)
Жан – материямен қатар тұратын, бірақ одан жоғары дамитын бастау.
• Жанның Субстанциясы: Жан – дененің негізіндегі "қуатты дене" (сила вещества) ретінде сипатталады. Ол жойылмайды, тек түрленіп, өседі және өршиді.
• Дене мен Жан: Жан денеден денеге өсіп-өршиді. Жанның даму деңгейі дененің сапасына байланысты.
• Жанның Дифференциациясы: Жанның қасиеттері әр түрлі болып жіктеледі: сезімді жан (инстинкт), аңғарлық жан (сознание), ойлайтын жан (мысль), ақылды жан (ум).
• Эволюцияға Көзқарас: Шәкәрім Дарвиннің ұқсас түрлердің бірінен бірі тууын толық қабылдамайды. Оныңша, түрлер жаралыс себептерінің өлшеуіне қарай ұқсас/ұқсамаған болып тікелей жаралады. Дегенмен, жалпы түрлену жолын мойындайды.
• Өлгеннен Кейінгі Болмыс: Жан бұзылмайтын, үнемі жоғарылайтын субстанция болғандықтан, өлгеннен кейін жойылмай, түрленіп, келесі айналыста одан да жоғары қасиетке ие болады.
III. ✨ Ұждан (Совесть) және Этикалық Құндылық (Этика)
Ұждан – автордың этикалық жүйесінің өзегі, ол жанның мәңгілік әрі жоғарылауға ұмтылуына себепші.
• Ұжданның Құрамы: Ұждан – нысап, әділет, мейірім үшеуінің жиынтығы.
• Психологиялық Аспект: Ол – жанның тілегі, жоғарылауға ұмтылудың қажеттілігі.
• Экзистенциалдық Маңыздылығы: Ұждан бұл дүниелік пайда үшін емес, ең алдымен, соңғы өмір (өлгеннен кейінгі өмір) үшін қажет. Жанның мәңгілік сипатына сену – ұжданның қозғаушы күші.
• Атеистік Сын: Артқы өмірдің жоқтығын мойындау ұжданды тек көрініс үшін қажет етеді, бұл жағдайда жақсылық пен қиянаттың айырмасы азаяды.
Қорытынды
Шәкәрімнің "Үш анық" еңбегі – Жаратушы идеясы, жанның үздіксіз дамуы және осы екеуімен байланысты ұжданның этикалық маңыздылығы туралы синтетикалық философиялық жүйе ұсынады. Бұл жүйе адамды екі өмірде де жақсылықпен өмір сүруге бағыттайтын "мұсылман жолының" этикалық және онтологиялық негізі болып табылады.
Liubov Drotianko және әріптестерінің мақаласын оқып, мен мынадай ой түйдім: XX ғасырда ғылым тек объективті деректерді жинау мен теория құрудан асып, жаңа сипатқа ие болды. Олар бұл кезеңді «классикалық емес ғылым» немесе post‑non‑classical science деп атайды.
Мақалада негізгі тенденциялар былайша көрсетілген:
Ғылым мен технологияның бірігуі – бұрын бөлек зерттелетін салалар қазір кешенді жобаларда біріктіріледі.
Зерттеу бағдарламаларының күрделенуі – ғылым енді тек табиғатты зерттеу емес, қоғам мен мәдениет мәселелерін де қамтиды.
Цифрлық құралдардың рөлі – компьютерлік технологиялар, алгоритмдер және үлкен деректер ғылымның негізгі әдіснамасына кірді.
Ғылымның әлеуметтік мәні – зерттеулер тек теориялық емес, практикалық, әлеуметтік және мәдени құндылықтарды да қамтиды.
Мен үшін ең қызықты тұсы – ғылымның өз-өзіне де рефлексия жасауы: яғни зерттеу тек табиғатты бақылау емес, ғылымның өзі қалай дамып жатқанын түсіну маңызды болып отыр. Бұл классикалық ғылымға қарағанда әлдеқайда күрделі және динамикалық жүйе екен.
Қорытындылай келе, мақаладан түсінгенім: классикалық емес ғылым қоғамның, технологияның және адамның қатысуымен жаңа сипатқа ие болды, яғни ғылым тек рационалды білім көзі емес, әлеуметтік және практикалық процестердің бөлігі болып табылады. Бұл идеялар менің философиялық тақырыптағы түсінігімді кеңейтті, әсіресе релятивизм мен сыни рационализммен байланысты ойлағанда.
1-2 апталар
https://www.mindmeister.com/app/map/3854555880 1 апта
https://www.mindmeister.com/app/map/3854601359?m=focus 2 апта
Ғылым дамуының логикасы мен заңдылықтары, ғылым функциялары
Ғылым – адамзат мәдениетінің ең жоғары рухани және интеллектуалды жетістігі. Ол табиғаттың, қоғам мен ойлаудың заңдылықтарын ашуға бағытталған жүйелі таным формасы болып табылады. Қазіргі кезеңде ғылым тек білім көзі ғана емес, сонымен қатар қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қозғаушы күші ретінде маңызды рөл атқарады. Ғылымның дамуы адамзат өркениетінің прогресін қамтамасыз етеді және адам өмірінің барлық саласына әсер етеді.
Ғылым дамуы – үздіксіз әрі күрделі процесс. Ол тарихи тұрғыдан екі бағытта жүреді: интеграция және дифференциация. Дифференциация – ғылымның жеке салаларға бөлінуі, яғни білімнің тереңдей түсуі. Интеграция – керісінше, ғылымдардың өзара бірігіп, пәнаралық байланыстар арқылы жаңа бағыттардың пайда болуы. Мысалы, биология мен химияның тоғысуынан биохимия, ал физика мен астрономияның бірігуінен астрофизика сияқты жаңа ғылымдар туындайды.
Ғылым дамуының логикасын зерттеуде американдық философ және тарихшы Томас Кунның ғылыми революциялар теориясы ерекше орын алады. Ол өзінің «Ғылыми революциялардың құрылымы» атты еңбегінде ғылым біртіндеп жиналатын білім емес, керісінше, парадигмалардың ауысуы арқылы дамитын жүйе деп тұжырымдады.
Кунның пікірінше, ғылым дамуы үш негізгі кезеңнен өтеді:
біріншісі – қалыпты ғылым кезеңі, мұнда ғалымдар белгілі бір парадигма аясында жұмыс істейді;
екіншісі – дағдарыс кезеңі, яғни бұрынғы теориялар жаңа фактілерді түсіндіре алмайтын сәт;
үшіншісі – ғылыми революция кезеңі, бұл кезде жаңа парадигма пайда болып, ескі көзқарасты алмастырады.
Осылайша, ғылымның дамуы үздіксіз эволюция түрінде емес, революциялық секірістер арқылы жүзеге асады.
Ғылым дамуының маңызды заңдылықтарының бірі – танымның тереңдеуі және әдістердің жетілуі. Ғылыми зерттеулер әдетте екі деңгейде жүзеге асады:
біріншісі – эмпирикалық деңгей, яғни бақылау, тәжірибе, өлшеу сияқты нақты деректер жинауға бағытталған;
екіншісі – теориялық деңгей, мұнда жиналған деректер талданып, жалпыланып, заңдар мен теориялар жасалады.
Сонымен қатар, ғылымда верификация (тексеру) және фальсификация (жалғандығын дәлелдеу) әдістері қолданылады. Бұл тәсілдер ғылыми тұжырымдардың объективтілігін қамтамасыз етеді және жалған теорияларды жоққа шығаруға мүмкіндік береді.
Ғылым дамуының тағы бір маңызды ерекшелігі – оның жүйелілігі мен өзара байланысы. Әрбір жаңа ғылыми жаңалық бұрынғы білімдерге сүйенеді, бірақ оларды толықтырып, кейде түбегейлі өзгертеді. Осы тұрғыдан алғанда, ғылым дамуының логикасы үздіксіз байланыс пен сабақтастық қағидасына негізделген.
Ғылымның қоғамдағы орны мен мәнін оның атқаратын функциялары арқылы анықтауға болады. Негізгі функцияларының бірі – танымдық функция, яғни табиғат пен қоғамның заңдылықтарын зерттеу арқылы жаңа білім алу. Екіншісі – практикалық функция, бұл ғылыми білімнің техникалық, медициналық, экономикалық және әлеуметтік салаларда қолданылуы. Үшіншісі – болжамдық функция, ол болашақтағы құбылыстарды, процестерді ғылыми тұрғыда болжауға мүмкіндік береді. Төртіншісі – мәдени-ағартушылық функция, ғылым адамның дүниетанымын кеңейтіп, рухани мәдениетін байытады. Ал бесінші – әлеуметтік функция, ол қоғамдағы инновациялық даму мен прогрестің негізгі факторына айналады. Осы функциялардың барлығы бірге ғылымды адамзат өркениетінің қозғаушы күші етеді.
Ғылымның даму тарихына көз жүгіртсек, оны төрт негізгі кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең – ежелгі ғылым, бұл дәуірде адамдар табиғатты бақылау арқылы тәжірибелік білім жинақтады (мысалы, Египет пен Грекиядағы алғашқы математика мен астрономия).
Екінші кезең – классикалық ғылым, XVII–XVIII ғасырларда Ньютонның механикасы мен Декарттың рационализміне негізделді.
Үшінші кезең – классикалық емес ғылым, XX ғасырдың басында салыстырмалылық пен кванттық теориялар пайда болып, дүниенің физикалық бейнесі түбегейлі өзгерді.
Төртінші кезең – постклассикалық ғылым, бұл қазіргі замандағы жүйелік, синергетикалық және ақпараттық көзқарастардың қалыптасуымен сипатталады.
Ғылымның дамуы – адамзаттың интеллектуалды эволюциясының айқын көрінісі. Ол тек білім жинақтаумен шектелмей, қоғамды өзгертетін күшке айналды. Ғылымның логикасы мен заңдылықтарын түсіну арқылы біз адамзат өркениетінің даму бағытын айқындай аламыз.
Қорытындылай келе, ғылым – адамзаттың өзін және әлемді тануға бағытталған ең ұлы интеллектуалды әрекет. Ол адам өмірін жеңілдетіп қана қоймай, ойлау мәдениетін қалыптастырады, адамзаттың рухани және материалдық дамуын қамтамасыз етеді. Ғылым – бұл адамзат өркениетінің болашағы мен дамуының кепілі.
Ғылыми танымның құрылымы мен деңгейлері
Бұл мақала ғылыми теориялардың құрылымын үш философиялық көзқарас арқылы қарастырады: синтаксистік, семантикалық және прагматикалық. Теориялар әлемді түсінуімізде маңызды рөл атқарады, себебі олар құбылыстарды түсіндіреді, болжауға мүмкіндік береді және практикалық қолдануға жарамды.
Синтаксистік көзқарас:
Бұл көзқарас бойынша теория – логикалық түрде ұйымдастырылған сөйлемдер мен ережелер жүйесі.
Ғылыми білімді формальды тұрғыда көрсетуге және оны логикалық заңдылықтар арқылы түсіндіруге мүмкіндік береді.
Негізгі назар құрылым мен тәртіпке, сөйлемдердің бір-бірімен байланысына аударылады.
Семантикалық көзқарас:
Теорияларды тек сөйлемдер емес, модельдер жиынтығы ретінде қарастырады.
Мұнда бастысы – теорияның шындыққа сәйкестігі, яғни құбылыстарды қалай сипаттайтыны мен көрсететіні.
Бұл тәсіл зерттеушілерге теорияны нақты әлемде қалай қолдануға болатынын түсінуге көмектеседі.
Прагматикалық көзқарас:
Теорияларды тек формальды құрылым ретінде емес, практикалық контекстте қарастырады.
Ғылыми тәжірибелер, болжамдар, модельдеу әдістері және зерттеушілердің практикалық әрекеттері де маңызды.
Осы көзқарас теорияның реалды ғылымдағы қолданылуын, ғылыми әрекеттер мен мақсаттарға сәйкес дамуын көрсетеді.
Қорытынды :
Бұл мақаланы оқып, мен ғылыми теориялардың көпқабатты құрылымын түсіндім. Синтаксистік және семантикалық көзқарастар теорияның формальді аспектілеріне көңіл бөлсе, прагматикалық көзқарас теорияның нақты әлемде қолданылатынын еске салады. Ғылыми білімнің құрылымы күрделі және қабат-қабат болып келеді, оны түсіну үшін тек формулалар мен модельдерге ғана назар аудармай, тәжірибелік қолдануын да қарастыру қажет.
5-6 апта Динара
көрінбей қалуы мүмкін сол себепті астына ссылка қойып кетемін. ПДФ форматында көшіре алмадым себебі платформа ақылы болды.
5 апта тұжырымдама картасы https://www.mindmeister.com/app/map/3859412596
6 апта тұжырымдама картасы https://www.mindmeister.com/app/map/3859670225?m=focus
МӨЖ 1 топтық жұмыс ПДФ форматы
Томас Кунның «Қалыпты ғылымның табиғаты»
Томас Кунның «Қалыпты ғылымның табиғаты» еңбегін оқығанда мен ғылымға деген көзқарасымның өзгергенін байқадым. Бұған дейін ғылым дегеніміз — тек жаңа нәрсені ашу, фактілер табу деп ойласам, Кун оны басқаша түсіндіреді. Ол «қалыпты ғылым» деген ұғымды енгізіп, ғалымдардың көпшілігі жаңа теория ойлап табумен емес, бар теорияның аясында жұмыс істейтінін айтады. Яғни, ғылым көбінесепарадигмамен жұмыс істейді.
Қазіргі заманда да дәл осындай жағдай байқалады. Көптеген ғалымдар, мұғалімдер немесе сарапшылар өз саласында бұрыннан қалыптасқан әдістермен жұмыс істейді. Бірақ уақыт өзгеріп жатыр — жаңа технологиялар, жасанды интеллект, экология, адам мен қоғам арасындағы қатынас бәрі де жаңа көзқарасты талап етеді. Сол себепті біз кейде ескі тәсілдермен жаңа мәселелерді шеше алмаймыз. Кунның айтуынша, дәл осындай сәттерде ғылым «дағдарысқа» түседі және жаңа ойлау жүйесі — жаңа парадигма қажет болады.
Меніңше, қазіргі қоғамда ең үлкен мәселе — білім мен ғылымның өмірмен байланысының әлсіреуі. Көп адам ақпаратты жай жаттап алады, бірақ оны шынайы өмірде қолдана алмайды. Ал Кунның еңбегі бізге ғылыми ойлаудың не екенін түсінуге көмектеседі: ғылым — дайын жауап емес, ойлану мен сұрақ қоя білу қабілеті.
Сонымен қатар, мен Кунмен кейбір жерлерде толық келіспеймін. Ол қалыпты ғылымды тек «парадигмаға бағынған», жаңалық тумайтын кезең ретінде көрсетеді. Бірақ менің ойымша, ғылымда жаңа идеялар тіпті осы қалыпты жағдайда да пайда болуы мүмкін. Мысалы, бүгінде көптеген жаңалықтар — жасанды интеллект, биология мен физика арасындағы жаңа зерттеулер — бұрынғы теорияның өзінен туындап отыр. Демек, қалыпты ғылымның өз ішінде де шығармашылық бар.
Тағы бір келіспейтін тұсым — Кун ғылымды көбінесе парадигмалар мен құрылым тұрғысынан сипаттайды, ал ғалымның адам ретіндегі рөлі, оның еркін ойы мен интуициясы аз айтылады. Ал шын мәнінде, кез келген ғылымның дамуы — жеке тұлғалардың батылдығы мен шығармашылығына байланысты.
Бұл шығарманың мен үшін маңызы — ол ғылымға тек ережелер мен фактілер жиынтығы ретінде емес, тірі, дамитын, өзгеретін процесс ретінде қарауға үйретті. Кун айтқандай, ғылым тек логикалық дәлел емес, ол адамдардың дүниені көру тәсілінің өзгеруі. Ал мен үшін магистрант ретінде ең басты сабақ — сол өзгерістерді байқап, өзім де жаңа көзқарас қалыптастыру.
Қазіргі заманның ғылымы мен қоғамы да дәл осындай кезеңде тұр: ескі парадигмалар әлі күшінде, бірақ жаңа ойлау қажет. Сондықтан бұл шығарма маған тек теориялық емес, өмірлік ой салған еңбек болды — ғылымға, өз ісіме және әлемге жаңаша қарауға итермелейді
Карл Поппер: «Біз бір ғана әлемде өмір сүрмейміз. Біз үш түрлі, бірақ өзара байланысты әлемнің бөлігі боламыз».
Адамзат дамуының мәнін түсіндіруде Карл Поппердің «Үш әлем» теориясы ерекше орын алады. Бұл теория арқылы философ білімнің, сананың және мәдениеттің өзара байланысын терең ашып көрсетеді. Физикалық әлем – біздің өмір сүретін ортамыз болса, субъективті әлем – сол ортаны түсініп, бағалайтын адамның ішкі дүниесі. Ал үшінші әлем – адам ақыл-ойының жемісі, яғни мәдениет, ғылым мен өнер әлемі.
Менің ойымша, Поппердің бұл идеясы адамның ерекше табиғатын айқындайды: адам – табиғаттың бір бөлігі ғана емес, сонымен бірге оны танып, өзгерте алатын рухани күш иесі. Адамның жасаған идеясы мен еңбегі өзінен кейін де өмір сүріп, қоғамның дамуына ықпал етеді. Демек, Поппер айтқандай, адамның мәні – оның ойында, ал ой – мәңгілікке айнала алатын күш.
МӨЖ 7-8 апта
https://www.mindmeister.com/app/map/3860367270
https://mm.tt/map/3860189946?t=jxqqPajSFc
Қуанышқызы Динара топтық жұмыс бойынша проектінің өзектілігі мен әдеби шолу негізінде Мифос пен логос философиясындағы Канттің идеяларына тоқталды.
Ғылым және құндылық: Макс Вебер көзқарасы және бейнеролик байланысы
The Fact/Value Distinction
Қазіргі заман философиясында ғылым мен оның қоғамдағы рөлі туралы мәселе өте өзекті. YouTubeтағы “The Fact/Value Distinction” атты қысқа бейнеролик осы сұраққа нақты жауап іздейді. Онда ғылым тек фактілермен айналысатыны, ал өмірдің мәні мен адамгершілік сияқты құндылықтар – ғылымның құзырынан тыс екені айтылады. Бұл ой тікелей неміс философы Макс Вебердің «Ғылым — кәсіп және мамандық ретінде»  еңбегінде айтылған идеялармен үндес.
Вебердің пайымдауынша, ғылым – адамзаттың ақыл-ой дамуының шыңы, бірақ ол өмірдің мәнін түсіндіре алмайды. Ғылым бізге «қалай?» істеуді үйретеді, бірақ «не үшін?» істеу керегін айта алмайды. Бұл бейнероликте де нақты көрсетіледі: факт пен құндылық бір әлемнің екі бөлігі, бірақ олардың табиғаты бөлек.
Факт – объективті, яғни бәріне ортақ шындық, ал құндылық – субъективті, әр адамның ішкі ұстанымына байланысты. Демек, ғылым адамгершілік немесе рухани шешімдерді бере алмайды, тек сол шешімдерді саналы қабылдауға мүмкіндік жасайды.
Осы тұрғыда Вебер ғылымның мақсатын ақиқат іздеу емес, интеллектуалдық айқындық пен жауапкершілікдеп түсіндіреді. Ғалым өз пікірін дәлелдегенде құндылықтарды насихаттамай, оларды түсінуге, талдауға тырысуы керек. Бұл бейнероликтің негізгі ойымен толық сәйкес келеді: ғылым – құрал, ал құндылық – бағыт беретін шам. Ғылым адамға ақпарат береді, бірақ қай жолды таңдау керегін адам өзі шешеді.
Бүгінгі қоғамда бұл айырмашылық жиі ұмытылып барады. Технология мен жасанды интеллекттің дамуы ғылымды «құндылықсыз күшке» айналдырып, адамды рухани бағдарынан айыруда. Фактіні бәрінен жоғары қою – құндылықтың әлсіреуіне әкеледі. Мысалы, жасанды интеллектті пайдалану немесе биоинженериядағы тәжірибелерде моральдық шектеулердің болмауы – Вебердің өткен ғасырда ескерткен мәселелерінің бүгінгі көрінісі. Сондықтан ғалым тек мәлімет жинап қана қоймай, сол мәліметтің адамзатқа әсерін түсінуі керек.
Бейнеролик пен Вебер идеяларының түйісер жері – екеуі де ғылымның шекарасын көрсетеді. Бірақ Вебер бұл шекті шектеу емес, адамның еркін таңдау мүмкіндігі деп түсіндіреді. Ғылым адамның орнына шешім қабылдамайды, бірақ ол адамды саналы, жауапты таңдау жасауға жетелейді. Бұл – ғылымның ең маңызды адамгершілік қызметі.
Қорытындылай келе, “The Fact/Value Distinction” бейнеролигі Вебердің ойларын қарапайым түрде жеткізіп, қазіргі қоғам үшін маңызды сұрақ қояды: ғылым бізге бәрін үйретсе де, өмірдің мәнін бере ала ма? Вебердің жауабы айқын – шынайы ғалым тек фактілерді білетін емес, рухани жауапкершілікті сезінетін тұлға болуы тиіс. Сондықтан бүгінгі ғылымның басты міндеті – ақпарат өндіру емес, адамға өз болмысын және өмірінің мәнін ұғынуға көмектесу.
Макс Вебер өзінің эссесінде ғылыми қызметтің мәні мен заманауи қоғамдағы ғалымның рөлін қарастырады. Ол ғылыми жолдың екіжақтылығын атап көрсетеді: бір жағынан, бұл — шындықты зерттеуге деген ішкі құштарлық; екінші жағынан, бұл — кәсіп, яғни тәртіп, дәл әдістемелік жұмыс пен жеке уақыт пен жайлылықтан бас тартуды талап ететін іс.
Вебер «кәсіп ретінде шақыру» идеясын қоғамның рационализациясы контекстінде түсіндіреді: ғылыми жұмыс шындыққа адалдықты, объективтілікті және субъективті қалаулардан бас тартуды талап етеді.
Философиялық тұрғыдан Вебер ғылымды ақыл мен ерік этикалық тәртібі деп сипаттайды, мұнда адамның құндылығы сыртқы марапаттарда емес, шындыққа адалдығында анықталады. Ғылым, Вебердің пікірінше, тек кәсіп емес — бұл адамнан ішкі тұтастықты, өзіне және шындыққа адалдықты талап ететін өмір сүру формасы.
Уоррен Шмаус және Макс Вебер
Вебердің «Ғылым кәсіп және мамандық ретінде» еңбегі мен Уоррен Шмаустың «Құндылықтан ада болу: Вебердің “Ғылым – мамандық ретінде” еңбегіндегі негізгі тезис». Уоррен Шмаус құндылықтық бейтараптық қағидасының – мәнін жаңаша қырынан талдайды. Вебер ғылымның негізгі міндеті фактілерді түсіндіру екенін, ал ғалым өз пікіріне жеке саяси немесе моральдық бағасын араластырмай, шынайы объективтілікке ұмтылуы тиіс екенін айтқан.
Schmaus осы идеяны қазіргі ғылым жағдайында өзекті деп көрсетеді. Бүгінде ғалымдар жиі қоғамға әсер ететін пікірталастарға қатысады, сондықтан зерттеу нәтижелері субъективті көзқараспен бұрмаланбауы үшін Вебер айтқан әдіснамалық адалдық бұрынғыдан да маңызды.
Осылайша, Schmaus Вебердің ғылымды «таза ақиқатқа бағытталған қызмет» ретінде түсінген көзқарасының әлі де маңызын сақтап отырғанын көрсетеді. Ғалымның құндылықтан тысқары болуы – ғылымның сенімділігі мен беделінің басты шарты.
Шмаус Вебер идеясын жаңаша интерпретациялай отырып, бірнеше маңызды тұжырым жасайды:
Құндылықтық бейтараптық идеалы толық жетілмегенімен, оны ұстану – ғылыми адалдықтың кепілі.
Ғылым құндылықтан толық бос емес, себебі зерттеу тақырыбының өзі қоғамдағы құндылықтарға тәуелді.
Бірақ ғылыми дәлелдемелер әрқашан объективті болуы тиіс – бұл Вебердің негізгі талабы.
Осылайша, Шмаус Веберді сынға алмайды, керісінше оның концепциясын қазіргі ғылымның этикалық және методологиялық мәселелерімен байланыстырады.
Аманкулова Балжан. Әдебиеттік шолу
1.1  Мифос және логос ұғымдарының антикалық бастаулары
2.3 Логос пен сыншыл ойлаудың әлсіреуі
Наука как призвание и профессия. Макс Вебер
Макс Вебер ғылымды тек жұмыс қана емес, өмір салты ретінде қарастырады. Ғалым тек сол бағытқа беріліп, нақты мамандану арқылы нәтижеге жетеді. Құмарлық пен шабыт маңызды, бірақ табысты нәтиже тек жүйелі еңбекпен келеді.
Вебер жастар арасында танымал «тұлға» мен «тәжірибе» идеяларын сынайды: ғылымда тек өзін көрсетуге тырысқан адам табысты болмайды. Ғылымда әр жаңа зерттеу бұрынғыны толықтырып, жаңа сұрақтар тудырады. Өнерде керісінше, шедевр ешқашан ескірмейді.
Ғылым өмірлік сұрақтарға жауап бермейді, бірақ дүниені түсінуге, фактілерді талдауға көмектеседі. Ұстаз студентке жеке саяси көзқарасын таңуға болмайды; ғылым құндылықтар арасындағы күресті шешпейді, тек таңдауды түсінуге және салдарын бағалауға мүмкіндік береді.
Қорытындылай келе ғылым – жүйелі, тәртіппен жүргізілетін кәсіп, адалдық пен табандылықты қажет етеді, бірақ өмірлік мағына немесе құтқару сыйламайды.
Жетпісәлі Гүлсая. Жоба бойынша топтық жұмыс.
Әдеби шолу
2.1 Мифос пен логосқа қатысты мақалаларға әдеби шолу
Толық топтық жұмыс
Жобаның басты тезисі:
Мифтік ойлау әлеуметтік желілерде жаңа цифрлық формада қайта жанданып, эмоция мен визуалды символдарға негізделген қабылдау рационалды танымды әлсіретеді; осының салдарынан жалған білім екпін алып, ақпараттық ортада ақиқат пен иллюзияның шекарасы бұлыңғырлана түседі. Мұндай жағдайда қоғам шынайы білім мен жалған ақпаратты ажыратып, рационалды ойлауды қалай сақтап қала алады?
9 апта топтық жұмыс
Менің бүгінгі түсіндіргім келетін нәрсе — “дүниеге көзқарас” деген ұғым. Шын айтсам, бастапқыда бұл сөз күрделі сияқты көрінді, бірақ тақырыпты оқып шыққаннан кейін, бұл — адамның әлемге қалай қарайтыны, жалпы өмірді қалай түсінетінін көрсететін қарапайым нәрсе екеніне көзім жетті.
Мен дүниеге көзқарасты үш қырдан тұратын карта деп елестетемін.
Бірінші қыры — онтологиялық көзқарас. Бұл – жай ғана “әлем қандай?” деген сұрақ. Мысалы:  біз заттың неге жерге құлайтынын ойлаймыз, күн неге шығады, неге түн болады, табиғатта бәрі қандай заңмен жұмыс істейді. Тағы да бір мысал, кішкентай бала “неге аспан көк?” деп сұрайды ғой – сол сұрақтың өзі онтологияға жатады. Яғни бұл жерде біз әлемнің құрылымын түсінуге тырысамыз.
Екінші қыры — гносеологиялық көзқарас. Бұны мен “әлемді қалай білеміз?” деген сұрақпен түсінемін. Бір нәрсені көзбен көреміз, екінші нәрсені естиміз, ал кейбір нәрселерді мүлде сезе алмаймыз, себебі оны тек эксперимент арқылы ғана білеміз. Мысалы:  ауаның бар екенін көрмейміз, бірақ оның қысымын өлшей аламыз. Немесе атомды ешкім көрмейді, бірақ біз оның бар екенін білеміз. Яғни бұл — білімге қалай жететініміз туралы бөлік.
Үшінші қыры — аксилологиялық көзқарас, яғни “мен үшін не маңызды?” деген сұрақ. Шынымды айтсам, бұл бөлігі мені қатты ойландырды. Себебі адамдардың құндылықтары әртүрлі болғандықтан, олар әлемді де әртүрлі көреді. Біреу ақшаға мән береді, біреу ғылымға, біреу еркіндікке, біреу отбасыға. Мысалы ретінде, бір адам жұмыссыз қалса, оны трагедия деп қабылдауы мүмкін, ал екінші адам оны жаңа мүмкіндіктің бастамасы деп көреді. Неге? Себебі құндылықтары басқа.
Мен осы үш бөлікті түсінгенде, дүниеге көзқарас деген — адамның ішкі фильтрі сияқты екеніне көзім жетті. Әр нәрсені біз осы үш қыр арқылы қабылдаймыз, түсіндіреміз және бағалаймыз.
Осыдан кейін ғылыми дүниенің бейнесіне келетін болсақ, мен мұны “әлемді дәлел арқылы түсіндіру” деп түсіндім. Бұрын адамдар көп нәрсені мифпен түсіндірген. Мысалы, найзағайды құдайдың ашуы деп ойлаған. Ал қазір біз оның не екенін нақты айта аламыз. Неге? Себебі ғылым бақылауға, дәлелге және тексеруге сүйенеді. Маған ең қызығы — ғылыми дүниенің бейнесі ешқашан тоқтап қалмайды. Мысалы: Ньютонның заңдарын бәріміз оқыдық, олар әлі де дұрыс. Бірақ кейін Эйнштейн келіп, “уақыт өзгеруі мүмкін” деді. Бұл бұрынғы көзқарасты өзгертті. Яғни ғылым үнемі дамып, толығып отырады.
Қорытындылайтын болсам, дүниеге көзқарас — бұл әр адамның өмірге қандай көзқараспен қарайтынын көрсететін ішкі жүйе. Ал ғылыми дүниенің бейнесі — осы көзқарастың ең дәлелденген, ең сенімді деңгейі.
Жобаның тезисі
Мифтік ойлау әлеуметтік желілерде эмоция мен визуалға сүйеніп күшейген сайын, рационалды таным әлсіреп, ақиқат пен жалғанның арасы көмескіленеді. Осындай ортада қоғам шынайы білім мен фейкті ажыратып, рационалды ойлауды қалай сақтай алады?
Эйнштейннің құпиясы немесе көрінбейтін адам аңыз емес
Презентациядағы берілген ақпараттардан түйгенім
Осы аптадағы тақырып мен үшін ғылымның қалай дамитынын ғана емес, оның неге бұлай өзгеретінін түсінуге үлкен мүмкіндік берді. Презентациядағы материалдардан байқағаным – ғылым ешқашан тұрақты күйде тұрмайды. Әр кезеңде жаңа сұрақтар туындайды, сол сұрақтарға жауап іздеу барысында бұрынғы түсініктер қайта қаралып, жаңа бағыттар қалыптасады.
Маған әсіресе ғылыми революциялардың логикасы туралы айтылған тұжырым қатты әсер етті. Жаңа теория бұрынғы білімді «жойып тастамайды». Керісінше, бұрынғы көзқарастың дұрыс жақтарын сақтап, оны кеңейтіп, жаңаша мән береді. Қазіргі зерттеу тәжірибемде біз де үнемі «ескі парадигма → жаңа парадигма» қатынасымен жұмыс істейміз. Ғылым бір сәтте секіріп дамымайды, ол жылдар бойы жинақталған білімнің ішінен жаңа мағына жасап шығарады — бұл ойды презентация жақсы көрсеткен.
Сонымен қатар ғылым дамуының қарқынының үдемелі екендігі ерекше назар аудартты. Бұрын теориялық өзгерістердің арасындағы уақыт өте ұзақ болса, қазіргі заманда жаңа көзқарастар да, жаңа технологиялар да әлдеқайда жылдам пайда болады. Бұл құбылыс бүгінгі қоғамның динамикасымен толық сәйкеседі. Әлеуметтану саласында да теориялардың жиі жаңарып, тез сыналып, қайта қаралып отыратыны осы жалпы ғылыми үрдістің бір бөлігі деп ойлаймын.
Менің негізгі түйгенім – ғылымның дамуы үздіксіздік пен үзілістік үйлесімінен тұрады. Бір жағынан, жаңа идеялар революциялық түрде пайда болуы мүмкін; екінші жағынан, олар өткен еңбектердің үстіне құрылып, белгілі бір сабақтастықты сақтайды. Әлеуметтанушы ретінде бұл маған бұрынғы теорияларды жоққа шығару емес, оларды заман контекстінде қайта түсіндірудің маңызды екенін көрсетті. Ғылыми дамудың дәл осы диалектикалық табиғаты маған ғылымды тірі, өзгермелі, ізденістен тұратын процесс ретінде қабылдауға көмектесті.
Ғылымның философиялық негіздері және әлемнің ғылыми көрінісі
«The Being of Science in Al-Fārābī’s Philosophy» атты еңбекті оқығанда, автор ғылымды Фараби дүниетанымы арқылы түсіндіреді. Мақалада ғылым — тек білім жинақтау емес, адамның әлемді танудағы ішкі тәртібі мен логикалық құрылымға сүйенген рухани-интеллектуалды әрекеті екені көрсетілген.
Фараби ғылымның негізінде дұрыс ойлау, дәлел, жүйелілік жатқанын айтады. Ғылыми таным адамның әлемді түсінуі үшін арнайы әдістерді қолданатынын, шындыққа тек ақыл мен дәлел арқылы жақындайтынын көрсетеді.
Жалпы, мақала ғылымның философиялық мәнін тереңірек ашып береді: ғылым — болмыстың реттелуін ұғынудың ерекше жолы, ал ғылыми дүниетаным осы реттелудің ішкі заңдылықтарын анықтауға бағытталған.
Ғылымның дамуы және ғылыми революциялар
Ғылым шамамен 2,5 мың жыл бойы дамып келеді. Ол адамның дүниетану процесінің және білмегенді үйренуге бағытталған практикалық әрекетінің нәтижесі. Ғылымның дамуы үшін материалдық өндіріс деңгейінің өсуі, қоғамдық қатынастардың өзгеруі және ғылыми еңбекпен айналысатын адамдар тобы қажет болды. Ғылыми революция — ғылымның фактілер, заңдылықтар, теориялар мен дүниенің ғылыми көрінісіндегі түбегейлі өзгеріс.
Негізгі ғылыми революциялар үш кезеңге бөлінеді. Бірінші революция (б.з.д. VI–IV ғ.) натурфилософияның пайда болуымен сипатталады. Екінші революция (XVI–XVIII ғ., классикалық жаратылыстану) геоцентрлік түсініктен гелиоцентрлікке өтуімен ерекшеленді, ғылым математика тілімен "сөйлей" бастады, экспериментальды әдіс күшейді және антикалық космос түсініктері жоққа шығарылды. Үшінші революция (XIX–XX ғ.) физикадағы атом құрылысы мен радиоактивтік құбылыстардың ашылуымен Ньютонның механикалық көрінісіне қатты әсер етті.
Ғылыми революциялар арасындағы уақыт қысқара отырып, ғылым дамуының жылдамдағанын көрсетеді: алғашқы екі революция арасы – 2000 жыл, кейінгісі – 200 жыл, одан кейін 100 жылға жетпейді. Жаңа теориялар ескі теорияның дұрыс жақтарын пайдалана отырып дамиды, ал ескі мен жаңаның, революция мен эволюцияның бірлігі ғылымдағы үздіксіздік пен үзілістікті көрсетеді.
Қалдыбаева Жаннұр
1 курс магистранты. Мамандық: әлеуметтану
Томас Кунның «Ғылыми революциялардың құрылымы» еңбегі ғылымның дамуын түсіндіруде түбегейлі жаңа бағыт ұсынған теориялық трактат болып саналады. Кун ғылым тарихын үздіксіз, сызықтық, жинақталмалы прогресс ретінде қарастыратын дәстүрлі позитивистік түсінікті сынға алып, оның орнына ғылым дамуын циклдік, секірмелі, әлеуметтік шартталған процесс ретінде қарастырады. Кітаптағы ең негізгі ұғым - «парадигма». Кун парадигманы тек теория ретінде емес, ғылыми қауымдастықтың қабылдаған құндылықтары, зерттеу әдістері, стандарттары, модельдері, тілдік құрылымдары және «әлемді көру» тәсілдерінің жиынтығы деп сипаттайды. Демек, парадигма - ғылымдағы «әлеуметтік келісім» тәрізді, ол белгілі бір кезеңде ғалымдардың зерттеуін бағыттайтын интеллектуалдық және мәдени рамка. Кун ғылым дамуын үш негізгі кезең арқылы түсіндіреді: «ғылымға дейінгі» (pre-paradigm), «нормальды ғылым» және «ғылыми революция». Ғылымға дейінгі кезеңде бір ортақ парадигма жоқ, түрлі мектептер бәсекелеседі және ортақ әдіснама қалыптаспайды. Нормальды ғылым кезеңінде ғылыми қауымдастық бір парадигмаға бірігеді. Нормальды ғылымның мәні - жаңа теориялар ойлап табу емес, осы парадигма аясында «пазл шешу»: яғни, зерттеу нақты ережелер мен үлгілерге бағынады, сұрақтар да, жауаптардың формасы да алдын ала анықталған. Ғалымдар парадигманы тереңдету үшін эксперименттер жасайды, оның аясында туындайтын кіші мәселелерді шешуге тырысады. Бірақ уақыт өте келе «аномалиялар» пайда болады - яғни парадигма түсіндіре алмайтын құбылыстар. Егер аномалиялар шамадан тыс жиналса, ғылымда «дағдарыс» туындайды. Осы дағдарыс жаңа теорияның, жаңа концептуалды көкжиектің пайда болуына жағдай жасайды. Жаңа парадигма ескісін толығымен алмастыруы мүмкін және бұл процесс «ғылыми революция» деп аталады. Кунның айтуынша, парадигмалар арасындағы қатынас рационалды пікірталас арқылы шешілмейді, себебі олар бір-бірімен «өлшемдес емес» - incommensurable. Бұл ұғым бойынша әр парадигма әлемді өз тілінде, өз түсіндіру жүйесінде көреді. Бір парадигма аясындағы дәлелдер екінші парадигмаға өтпейді, өйткені олардың базалық ұғымдары, зерттеу объектісін анықтау тәсілдері, құндылықтары әртүрлі. Бұл жерде Кун ғылыми білімнің объективті, бейтарап логикалық дамуы туралы позитивистік түсінікті теріске шығарады. Ғылыми революция жаңа парадигманың кең қабылдануы арқылы аяқталады. Айталық, Коперниктің гелиоцентрлік моделі, Ньютон механикасы, Дарвин эволюция теориясы, Эйнштейннің салыстырмалылық теориясы - әрқайсысы өз дәуіріндегі парадигмалық өзгерістердің көрінісі. Бұрынғы парадигма жойылмайды, бірақ оның ғылыми мәртебесі түсіп, жаңа көзқарас басымдық алады. Кун ғылым тарихын тек фактілер жинағы емес, әлеуметтік-психологиялық динамикасы бар процесс ретінде қарайды. Ғалымдардың парадигманы өзгертуі көбіне жас ұрпақ арқылы жүзеге асады, өйткені ескі парадигманың өкілдері жаңа түсінікті қабылдауға көбіне дайын болмайды. Бұл жерден Кун ғылыми дамудың мәдени және әлеуметтік шарттылығын көрсетіп, ғылымды таза рационалды «шындыққа жақындау» ретінде сипаттайтын көзқарасқа күмән келтіреді. Оның ойынша, ғылым прогресі объективті шындыққа жетудің сызықтық жолы емес; ол одан гөрі, табиғатты түсіндірудің тәсілдерінің ауысуы, яғни әлемді концептуалды қайта құру процесі. Кунның еңбегін жиі сынға алады: кей сыншылар оны релятивизмге тым жақын деп есептейді, себебі оның теориясында шындық критерийі парадигмаға тәуелді болып көрінеді. Дегенмен Кун ғылыми революцияның механизмін түсіндіруде бұрын болмаған тереңдікке ие болды, ғылым тарихындағы парадигмалық өзгерістерді түсіндіру үшін жаңа аналитикалық аппарат берді және ғылымды әлеуметтік процесс ретінде қарастыруға жол ашты. Бұл еңбек ғылым философиясы ғана емес, әлеуметтану, антропология, менеджмент, инновация теориясы сияқты салаларда да кең қолданылатын әмбебап түсіндіру моделі ретінде орнықты.
Дүниенің ғылыми бейнесі - қазіргі ғылым философиясы мен когнитивтік лингвистика тоғысында кеңінен қарастырылатын күрделі ұғым. Ғылыми білімнің құрылымы, оның тілдегі көрінісі және адам санасында қалыптасу ерекшеліктері бұл түсініктің мазмұнын жан-жақты анықтайды. Осы тұрғыдан алғанда Ғ. Қ. Хасанов пен Г. Кайреденованың дүниенің ғылыми бейнесінің табиғатын, оның когнитивтік моделдер арқылы тілде көрініс табуын талдаған мақаласы ғылыми бейне феноменін қазақ тілінде жүйелі сипатта ашып көрсететін құнды зерттеулердің бірі болып табылады. Авторлар дүниенің бейнесін көпқабатты құбылыс деп қарастырады: ең алдымен адамның күнделікті өмірлік интуитивтік бейнесі, одан кейін мәдени-ұлттық бейне, әрі қарай когнитивтік бейне және ең жоғары деңгей ретінде ғылыми бейне орналасады. Бұл жіктеу ғылыми білімнің адам санасына бірден емес, әртүрлі деңгейлер арқылы сіңетінін, ал осы деңгейлердің әрқайсысы өзіндік тілдік және мағыналық механизмдерге сүйенетінін көрсетеді.
Мақаладағы негізгі ой - ғылыми бейненің толық объективті немесе тілден тыс таза теориялар жиынтығы емес, керісінше тілдік-когнитивтік тәсілдер арқылы ұғынылатын семиотикалық құрылым екендігі. Ғылыми ұғымдар мен теориялар адамның таным жүйесімен, когнитивтік схемаларымен және тілдік репрезентацияларымен үнемі тоғысып жатады. Сондықтан ғылыми бейне де белгілі бір дәрежеде мәдени-танымдық тәжірибеге тәуелді, бірақ сонымен бірге объективтілікке ұмтылатын рационалды жүйе ретінде ерекшеленеді. Авторлар ғылыми бейненің тілдік көріністерін сипаттай отырып, оның когнитивтік метафоралар арқылы қалыптасатынын көрсетеді. Мысалы, ғылымдағы «толқын», «өріс», «ағын», «қабат» сияқты ұғымдар нақты физикалық құбылыстарға сілтеме жасайды, бірақ сонымен қатар абстрактілі теорияларды түсіндіру үшін қолданылатын метафоралық-танымдық құралға айналады. Бұл ғылыми тілдің тек терминологиялық сипатқа ие құрал емес, сонымен қатар ғылыми бейнені санада құрастыратын когнитивтік тетік екенін дәлелдейді.
Зерттеуде дүниенің ғылыми бейнесі күнделікті өмірлік бейнемен салыстырыла отырып талданады. Күнделікті бейне -адамның тәжірибесі мен интуитивтік түсініктеріне сүйенетін қарапайым модельдер жүйесі. Бұл модельдер көбіне эмпирикалық қабылдауларға негізделеді және ғылыми теориялардың күрделі абстракцияларын толық қамти бермейді. Авторлардың пікірінше, ғылыми бейне осы интуитивтік модельдермен өзара әрекеттесе отырып дамиды: бір жағынан оларды теріске шығарады, қайта құрады немесе толықтырады, екінші жағынан күнделікті тілдік және когнитивтік құрылымдар ғылыми білімнің интерпретациясын жеңілдетеді. Бұл ұстаным Wilfrid Sellars-тың «manifest image» мен «scientific image» арасындағы айырмашылық туралы идеясымен үндес: күнделікті бейне - адамзаттың ғасырлар бойғы эволюциялық тәжірибесіне негізделген табиғи модельдер жиынтығы болса, ғылыми бейне - теориялық аппаратпен қаруланған рационалды қайта құрудың нәтижесі. Хасанов пен Кайреденова осы байланыстарды тілдік материал арқылы көрсету арқылы ғылыми бейненің когнитивтік табиғатын толықтыра түседі.
Жалпы алғанда, Хасанов пен Кайреденованың мақаласы дүниенің ғылыми бейнесі тақырыбын қазақ тілінде кешенді талдаудың сапалы үлгісі болып саналады. Ол ғылыми бейненің когнитивтік, мәдени және тілдік аспектілерін ұштастыра отырып түсіндіреді, ұғымдардың семантикалық және метафоралық табиғатын ашады және ғылым тілінің ерекшеліктерін ұлттық ғылыми ортаға бейімдей отырып талдайды. Зерттеу ғылымның қоғамдағы орны, ғылыми білімді түсіндіру және ғылыми коммуникацияны жетілдіру мәселелеріне қатысты маңызды теориялық қорытындылар ұсынады. Мәтіннің тұтастығы, ұғымдық аппаратының анықтығы және тақырыптың өзектілігі оны ғылым философиясы, когнитивтік лингвистика және ғылыми коммуникация салаларында пайдалануға лайықты етеді. Сонымен қатар, бұл зерттеу дүниенің ғылыми бейнесін одан әрі пәнаралық тұрғыдан қарастыруға, ғылым мен қоғам арасындағы байланыстарды тереңірек түсіндіруге және ғылыми білімді көпшілікке тиімді жеткізудің когнитивтік тетіктерін анықтауға ықпал ететін маңызды талдамалық негіз ұсынады.
Рецензия. Жарық іздеушілер тобы 4 ойшыл тобына жазған рецензия.
Классикалық емес ғылымның әдіснамалық парадигмасы
Бұл мақалада авторлар ғылым дамуының классикалық емес кезеңінің негізгі ерекшеліктерін талдап, қазіргі ғылыми танымның дәстүрлі классикалық ғылымнан түбегейлі айырмашылықтарын көрсетеді. Мақаланың негізгі идеясы — ғылым ХХ ғасырдың ортасынан бастап объектіге “сырттан бақылаушы” ретінде емес, зерттеуші мен объект арасындағы өзара байланыс жүйесі ретінде қарауға көше бастағаны.
Классикалық ғылымда (Ньютон, Лаплас дәуірі) бақылаушы зерттеу процесіне әсер етпейді, ал әлемнің заңдары — абсолютті, тұрақты, әмбебап деп есептелді.
Ал бейклассикалық ғылымда авторлар “операционалдық салыстырмалылық” принципін алға тартады:
өлшеу құралы, зерттеу шарты, бақылаушы ұстанымы — объектігің сипаттамаларына әсер етеді.
Мұндай идея кванттық физикада (бөлшектің күйі бақылауға тәуелді) және әлеуметтік ғылымдарда айқын көрінеді.
Мақалада бейклассикалық ғылымның негізгі белгісі ретінде ықтималдық, белгісіздік, көпмәнділік алға шығады.
Егер классикалық ғылымда “егер бастапқы шарттарды білсек — болашақты дәл болжаймыз” делінсе, бейклассикалық көзқараста жүйелердің көпшілігі күрделі, ашық, динамикалық және толық бақылауға көнбейді деп түсіндіріледі.
Мақалада бейклассикалық ғылымның маңызды белгісі ретінде ғылымдар арасындағы дәстүрлі шекаралардың жойылуы көрсетіледі.
Физика–биология–әлеуметтану–кибернетика сияқты салалардың әдістері өзара бірігіп, жаңа таным формаларын қалыптастыруда.
Бұл жаңа әдіс "бүтіндік" (holism) қағидасына сүйенеді:
құбылысты түсіну үшін оны тек бөліктерге бөлу жеткіліксіз — тұтас жүйе ретінде қарау қажет.
Мақала ғылымның классикалық → бейклассикалық кезеңге өтуін үш негізгі өзгеріс арқылы түсіндіреді:
Бақылаушының рөлі мойындалды: таным енді тек объекттен емес, зерттеу шарттарынан да тәуелді.
Күрделі, динамикалық, индетерминистік жүйелер зерттеудің негізгі объектісіне айналды.
Ғылымдар интеграцияға ұласуда: синергетика, кибернетика, жүйелік теория сияқты жаңа бағыттар пайда болды.
Осылайша, авторлар бейклассикалық ғылымды – дүниені тұрақты жүйе ретінде емес, үнемі дамып, өзгеріп, өздігінен ұйымдасатын күрделі үдерістер жиынтығы ретінде түсіндіретін қазіргі методологияның жаңа кезеңі деп сипаттайды.
Ғылыми білімді ұйымдастыру деңгейлері
Бұл еңбекте автор ғылыми танымның ішкі құрылымын, оның деңгейлерін және әр деңгейдің ғылымдағы функциясын түсіндіреді. Мақала ғылыми білімнің тек деректер мен теориялардан ғана тұрмайтынын, оның көпқабатты жүйе екенін көрсетеді. Ғылыми танымның құрылымын түсіну ғылымның қалай жүретінін, оның қалай дамитынын және білімнің қалай ұйымдастырылатынын анықтауға мүмкіндік береді.
Автор ғылыми танымды бірнеше өзара байланысты деңгейлерден тұратын жүйе ретінде сипаттайды. Ең төменгі деңгей — сезімдік немесе перцептивтік деңгей. Бұл – адамның тікелей сезім мүшелері арқылы қабылдайтын ақпараттары: көру, есту, бақылау арқылы алынған алғашқы әсерлер. Бұл деңгейде адам құбылысты әлі теориялық тұрғыда түсінбейді, тек оны «қандай күйде болса, сол күйінде» қабылдайды. Ғылыми зерттеудің басталуы дәл осы бастапқы қабылдаудан басталады, сондықтан бұл деңгей ғылыми танымның фундаменті болып есептеледі.
Одан кейін танымның келесі кезеңі — эмпирикалық деңгей. Бұл деңгейде ғылыми бақылаулар жүйеленіп, нақты фактілер, өлшеулер, тәжірибелер арқылы шынайы деректер жиналады. Эмпирикалық білім нәрселердің қасиеттерін сипаттайды, бірақ оларды толық түсіндіре алмайды. Мақалада айтылғандай, эмпирикалық деңгей ғылыми танымның «материалы» іспетті — ол фактілерді жинақтайды, құбылыстардың қалай өтетінін баяндайды, бірақ неге солай өтетінін түсіндіру үшін жеткіліксіз. Сондықтан ол келесі, теориялық деңгейге жол ашады.
Ғылыми танымның ең маңызды қабаты — теориялық деңгей. Мұнда эмпирикалық деректерді біріктіріп, жалпылама түсініктер, заңдар, теориялар құрастырылады. Автордың айтуынша, теориялық деңгей ғылыми білімнің логикалық және түсіндіруші бөлігін құрайды. Бұл деңгейде ұғымдар, модельдер, заңдылықтар қалыптасады және ғылымның мәні айқындалады. Теориялық деңгей эмпирикалық деректерді жүйеге келтіріп қана қоймайды, сонымен бірге жаңа болжамдар айтуға, жаңа құбылыстарды болжауға мүмкіндік береді. Осылайша теория ғылыми танымның шығармашылық, түсіндіруші орталығы болып табылады.
Ғылыми танымның ең жоғары қабаты — метатеориялық деңгей. Бұл деңгей ғылыми ойлаудың өз заңдылықтарын, ғылымның әдіснамалық негіздерін, танымның принциптерін зерттейді. Басқаша айтқанда, метатеория — ғылым туралы ғылым. Бұл деңгейде ғылыми әдіс, ғылыми ақиқат, ғылыми рационалдылық, ғылыми прогресс сияқты мәселелер талданады. Автордың пікірінше, метатеориялық деңгейдің пайда болуы ғылымды тек практикалық құбылыстарды түсіндіретін құрал емес, өзіндік құрылымы бар мәдени-танымдық институт ретінде көрсетеді. Бұл деңгей ғылымның методологиясын, логикасын, философиялық негіздерін анықтайды және ғылыми зерттеулердің бағытын реттейді.
Осылайша, мақаланың негізгі идеясы — ғылымның біртұтас жүйе екендігі. Оның әрбір деңгейі өз функциясын атқарады: сезімдік деңгей — бастапқы қабылдауды, эмпирикалық деңгей — деректерді жинауды, теориялық деңгей — түсіндіру мен жүйелеуді, ал метатеориялық деңгей — ғылымның әдіснамалық, философиялық принциптерін қалыптастырады. Бұл деңгейлер бір-бірінен тәуелсіз емес, керісінше бірін-бірі толықтырып, ғылымның тұтас құрылымын жасайды. Ғылыми таным осылайша көпқабатты, динамикалық және өзара байланысты жүйе ретінде көрінеді. Мақала ғылымның дамуы осы деңгейлердің өзара әрекетінің нәтижесі екенін айқын көрсетеді.
9-10 апта тұжырымдама картасы
11-12 апта тұжырымдама карта
https://mm.tt/map/3891472271?t=GtgFCraAV1 11 апта
https://mm.tt/map/3891549474?t=Z44Hlgr7oV 12 апта
15 апта
15 апта: Қазіргі жаһандық өркениеттің философиялық мәселелері
Бүгінгі әлем өте жылдам өзгеріп жатыр. Технологиялар дамып, жаңа мүмкіндіктер ашылған сайын, біз бұрын ойланбаған сұрақтарға тап болудамыз.
Қазіргі өркениеттің негізгі мәселелері -тек ғылым мен саясаттың ғана емес, ең алдымен адамның өзі туралы, оның болашағы туралы философиялық ойларды талап ететін мәселелер.
Біріншіден, технологиялардың күшеюі адам өмірінің барлық саласына әсер етуде. Жасанды интеллект, биотехнология, виртуалды шынайылық -бәрі бізге көмектесу үшін жасалып жатқанымен, бір сұрақ туындайды: “Адам деген кім? Оның орны қандай?” Егер машиналар ойланса, адам мен техника арасындағы айырмашылық қайда қалады? Бұл -қазіргі заманның маңызды философиялық дилеммасы.
Екіншіден, технология дамуымен бірге этикалық мәселелер де күрделене түсті. Жеке өмірге бақылау күшейді, генетикалық өзгерістер мүмкін болды, ақпараттық қауіптер артты. Мұнда философия бізге бір нәрсені еске салады: еркіндік пен жауапкершілік -адамның басты құндылығы, оларды сақтау -өркениет үшін маңызды шарт.
Үшіншіден, экологиялық дағдарыс -тек табиғатқа қатысты мәселе емес, адамның өзіне қойған сұрағы:
“Біз табиғатты бағындыру үшін жаратылдық па, әлде оның бір бөлшегіміз бе?”
Климаттың өзгеруі мен ресурстардың азаюы адамның табиғатпен қарым-қатынасын қайта ойлануды талап етеді. Табиғатқа зиян келтіру -өз болашағымызға зиян келтірумен бірдей.
Глобалдану мәдениеттерді жақындастырғанымен, олардың өзіндік ерекшелігін жоғалту қаупін тудырады. Әлем “бір үлкен ауылға” айналуда, бірақ әр халықтың рухы мен тарихы сақталуы тиіс. Философия бұл жерде:
“Әртүрлілік - әлсіздік емес, күш”
деген ойды алға тартады.
Әлеуметтік теңсіздік те күрделі мәселе болып отыр. Бай мен кедей арасындағы алшақтық өсуі -тек экономикалық проблема емес, әділеттілік туралы терең этикалық сұрақ. Адамдардың мүмкіндіктері тым әртүрлі болғанда, қоғамда сенім мен тұрақтылық та әлсірейді.
Сонымен қатар, адамдардың ішкі әлеміне қатысты мәселелер -өмірдің мағынасы, жалғыздық, рухани дағдарыс -қазіргі заманда бұрынғыдан да өзекті. Ғылым өркендеген сайын, адамның рухани сұрақтары жоғалмайды, керісінше күшейе түседі. Себебі технология қуаты артқан сайын, философиялық тұрғыдан ең басты сұрақ өзгермейді:
“Біз не үшін өмір сүреміз? Не нәрсе бізді адам етеді?”
Қауіпсіздік саласындағы жаңа қатерлер -ядролық қару, кибершабуыл, автономды соғыс машиналары тағы бір маңызды ойды алға тартады:
“Өркениет тек күшпен емес, ақылмен және жауапкершілікпен сақталады.”
Осы барлық мәселелерді жинақтай келе, философия болашаққа бірнеше ықтимал жолды ұсынады: технология мен адам бір-біріне қарсы емес, керісінше, бірін-бірі толықтыратын үйлесімді өркениет құру; адам ақыл-ойын Жердің игілігіне бағыттайтын ноосфера идеясы; әрі ең маңыздысы -адамды негізгі құндылық ретінде сақтау.
Жаратылыстану ғылымдарының жіктелуі және синергетиканың маңызы: ғылымдағы интеграция мәселесі
Ғылым адамзаттың шынайы болмысты танудағы ең пәрменді құралдарының бірі ретінде тарихи даму барысында күрделене түсіп, құрылымдық жүйеге ие болды. Жаратылыстану ғылымдары табиғаттағы үдерістер мен заңдылықтарды зерттеуге бағытталса, гуманитарлық ғылымдар адам болмысының әлеуметтік, мәдени және рухани қырларын талдауға мән береді. Алайда қазіргі ғылыми ойлау жүйесі бұл екі ауқымды саланы өзара жақындату қажеттігін алдыңғы қатарға шығарып отыр. Ғылыми білімнің интеграциясы мен синтезі жаңа ғылыми бағыттардың қалыптасуына және олардың өзара байланысын нығайтуға ықпал етуде. Осы тұрғыда синергетика айрықша орын алады, себебі ол күрделі жүйелердің өзін-өзі ұйымдастыру тетіктерін зерттеп, түрлі ғылым салаларын біріктіруге арналған әмбебап әдіснамалық негіз ұсынады.
Жаратылыстану ғылымдары табиғи құбылыстарды және олардың заңдылықтарын зерделеуге бағытталған. Бұл ғылымдардың жіктелуі үш негізгі деңгей бойынша жүзеге асады:
Физикалық ғылымдар – физика, химия, астрономия, геология. Олар табиғаттың іргелі құрылымдары мен жалпы заңдарын зерттейді.
Биологиялық ғылымдар – биология, экология, генетика, медицина. Бұл бағыт тірі ағзалар мен тіршілік жүйелерін талдауға арналған.
Когнитивтік ғылымдар – психология, нейроғылым. Олар адам миының қызметін және сананың қалыптасу механизмдерін зерттейді.
Аталған классификация ғылым салаларының өзара тәуелділігі мен байланысын ескере отырып қалыптасты. Уақыт өте келе физика, химия және биология сияқты ғылымдар арасындағы шекаралар біртіндеп көмескіленіп, оларды кешенді түрде біріктіру қажеттілігі айқындала түсті.
Ғылым дамуының эволюциялық үдерісінде жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың өзара ықпалы барған сайын күшейді. Жаратылыстану ғылымдары табиғи заңдылықтарды объективті тұрғыда зерттесе, гуманитарлық ғылымдар адамның субъективті тәжірибесін, оның қоғам мен мәдениеттегі орнын түсіндіруге ұмтылады. Бұл екі бағыттың тоғысуы бірқатар күрделі мәселелерге жауап іздеуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда:
– ғылыми-техникалық ілгерілеудің адамзаттың болашағына ықпалы қандай;
– табиғи ресурстарды пайдаланудағы моральдық жауапкершілік қалай жүзеге асуы тиіс;
– ғылыми жетістіктердің мәдени құндылықтарға әсері қандай.
Жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдардың үйлесуі ғылымның қолданбалы әлеуетін арттырып, адамның табиғи ортамен үйлесімді өмір сүруіне жағдай жасайды.
Синергетика – күрделі жүйелердің өзіндік ұйымдасу процестерін зерттейтін ғылыми бағыт. Ол ғылымдар арасындағы интеграцияны қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Синергетикалық тәсіл жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдарға ортақ қолданыс табады, себебі ол:
Жүйелік көзқарасты ұсына отырып, барлық элементтердің өзара әрекеттесуін қарастырады;
Өзін-өзі ұйымдасу қағидасы арқылы табиғи және әлеуметтік жүйелердің ұқсастығын көрсетеді;
Эволюциялық даму үдерістерін түсіндіруге мүмкіндік береді, бұл екі ғылым саласына да тән құбылыс.
Мәселен, климаттық өзгерістер, урбанизация, әлеуметтік құрылымдардың трансформациясы сияқты күрделі процестер синергетикалық әдістер арқылы терең әрі кешенді түрде зерттелуде. Осылайша, синергетика ғылымдар арасындағы синтездің әдіснамалық тірегіне айналып отыр.
Қазіргі ғылымда синтез инновациялық шешімдер қабылдаудың маңызды алғышарты болып табылады. Мысалы, биоэтика, экологиялық құқық, киберфилософия секілді пәнаралық салалар жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдардың өзара ықпалының нәтижесінде қалыптасты. Бұл синтездің нәтижесінде:
– ғылыми-техникалық дамудың этикалық шекаралары айқындалады;
– ғылым мен мәдениет арасындағы байланыс нығаяды;
– өркениеттің болашақ даму бағыттары анықталады.
Қорытынды
Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың өзара синтезі, әсіресе синергетикалық тәсіл арқылы жүзеге асқанда, адамзат алдында тұрған жаһандық мәселелерді шешудің тиімді құралына айналады. Ғылым салаларының интеграциясы тек жаңа білім мен технологияларды ғана емес, сонымен қатар олардың мәдени және этикалық салдарын терең түсінуге мүмкіндік береді. Қазақстан сияқты бай тарихи-мәдени мұраға ие мемлекеттер үшін бұл синтездің маңызы ерекше, өйткені ол ұлттық құндылықтарды жаһандық кеңістікте сақтауға әрі дамытуға жағдай жасайды. Синергетиканың әдіснамалық мүмкіндіктері адамзаттың тұрақты даму жолындағы әлеуетін кеңейтіп, ғылымды болашақ өркениеттің негізгі қозғаушы күшіне айналдырады.
Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар туралы менің ойым
Бұл тақырыпты оқыған кезде мен әлеуметтік гуманитарлық ғылымдарды жай ғана теория немесе тарих емес, адамды түсінуге көмектесетін ғылымдар ретінде қабылдадым. Бұл ғылымдар адам қалай ойлайды, қалай өмір сүреді, қоғамда өзін қалай сезінеді деген сұрақтарға жауап іздейді.
Жаратылыстану ғылымдары көбіне табиғатты, заңдылықтарды, нақты нәрселерді зерттейді. Ал гуманитарлық ғылымдар адамның ішкі әлеміне, оның тәжірибесіне, мәдениетіне, құндылықтарына назар аударады. Менің ойымша, адамды тек сандармен немесе заңдармен түсіндіру мүмкін емес, сондықтан бұл ғылымдар өте қажет.
Маған ерекше түсінікті болғаны гуманитарлық ғылымдарда бір ғана дұрыс жауап болмайтыны. Мысалы, бір тарихи оқиғаны әр адам әртүрлі түсінуі мүмкін. Бұл қате емес, керісінше қоғамды тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Әр көзқарас жаңа ой қосады.
Тағы бір маңызды нәрсе түсіну диалог арқылы пайда болады. Біз өткенді, қоғамды немесе басқа адамды түсіну үшін онымен ойша сөйлесеміз. Қазіргі жастарды зерттеу үшін тек статистикаға қарау жеткіліксіз, олардың тілін, ойлауын, күнделікті өмірін де түсіну керек.
Мен үшін гуманитарлық ғылымдардың басты құндылығы олар адамды тыңдауға үйретеді. Әлеуметтік мәселелердің көпшілігі адамдар бірбірін түсінбегендіктен пайда болады. Ал өзара түсінік болса, ортақ шешім табуға мүмкіндік туады.
Сонымен қатар мәдениет пен қоғамда ортақ бейнелер мен түсініктер бар екенін байқадым. Әртүрлі халықтарда ұқсас ойлар мен символдар кездеседі. Бұл адамдардың бірбіріне ұқсас екенін көрсетеді.
Қорытындылай келе, әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар бізге қоғамды ғана емес, өзімізді де түсінуге көмектеседі. Бұл ғылымдарсыз біз өмірді тек сыртқы жағынан ғана көрер едік. Ал гуманитарлық білім адамға саналы түрде өмір сүруге, өзгелерді түсінуге және жауапкершілікпен ойлауға көмектеседі.
Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар туралы менің ойым
Бұл тақырыпты оқыған кезде мен әлеуметтік гуманитарлық ғылымдарды жай ғана теория немесе тарих емес, адамды түсінуге көмектесетін ғылымдар ретінде қабылдадым. Бұл ғылымдар адам қалай ойлайды, қалай өмір сүреді, қоғамда өзін қалай сезінеді деген сұрақтарға жауап іздейді.
Жаратылыстану ғылымдары көбіне табиғатты, заңдылықтарды, нақты нәрселерді зерттейді. Ал гуманитарлық ғылымдар адамның ішкі әлеміне, оның тәжірибесіне, мәдениетіне, құндылықтарына назар аударады. Менің ойымша, адамды тек сандармен немесе заңдармен түсіндіру мүмкін емес, сондықтан бұл ғылымдар өте қажет.
Маған ерекше түсінікті болғаны гуманитарлық ғылымдарда бір ғана дұрыс жауап болмайтыны. Мысалы, бір тарихи оқиғаны әр адам әртүрлі түсінуі мүмкін. Бұл қате емес, керісінше қоғамды тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Әр көзқарас жаңа ой қосады.
Тағы бір маңызды нәрсе түсіну диалог арқылы пайда болады. Біз өткенді, қоғамды немесе басқа адамды түсіну үшін онымен ойша сөйлесеміз. Қазіргі жастарды зерттеу үшін тек статистикаға қарау жеткіліксіз, олардың тілін, ойлауын, күнделікті өмірін де түсіну керек.
Мен үшін гуманитарлық ғылымдардың басты құндылығы олар адамды тыңдауға үйретеді. Әлеуметтік мәселелердің көпшілігі адамдар бірбірін түсінбегендіктен пайда болады. Ал өзара түсінік болса, ортақ шешім табуға мүмкіндік туады.
Сонымен қатар мәдениет пен қоғамда ортақ бейнелер мен түсініктер бар екенін байқадым. Әртүрлі халықтарда ұқсас ойлар мен символдар кездеседі. Бұл адамдардың бірбіріне ұқсас екенін көрсетеді.
Қорытындылай келе, әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар бізге қоғамды ғана емес, өзімізді де түсінуге көмектеседі. Бұл ғылымдарсыз біз өмірді тек сыртқы жағынан ғана көрер едік. Ал гуманитарлық білім адамға саналы түрде өмір сүруге, өзгелерді түсінуге және жауапкершілікпен ойлауға көмектеседі.
Динара тұжырымдама картасы
Э. Тоффлер мен С. Хантингтонның тарихи дамудың болашағы туралы көзқарастары және Қазақстандық өркениеттік жол
Г. Маклюэннің ақпараттық өркениет тұжырымдамасы
Д.Беллдің постиндустриалды қоғам теориясы және Г. Маклюэннің ақпараттық өркениет тұжырымдамасы
Жаратылыстану ғылымдарының жіктелуі және синергетиканың маңызы: ғылымдағы интеграция мәселесі
жаратылыстану ғылымдарының жіктелуі ғылым дамуының бастапқы және қажетті кезеңі болды. Ғылым салаларының физика, химия, биология сияқты жеке бағыттарға бөлінуі табиғат құбылыстарын терең әрі нақты зерттеуге мүмкіндік берді. Алайда қазіргі заманда табиғи және әлеуметтік үдерістердің күрделене түсуі ғылымды тек дифференциация шеңберінде дамыту жеткіліксіз екенін көрсетті.
Қазіргі ғылымның басты ерекшелігі – интеграция. Табиғаттағы құбылыстар бір-бірінен оқшау емес, өзара тығыз байланыста болғандықтан, оларды кешенді түрде зерттеу қажеттілігі туындады. Осы тұрғыда пәнаралық зерттеулер мен ғылымдардың тоғысуы ғылыми танымның жаңа деңгейін қалыптастырады. Менің ойымша, ғылымдағы бұл үрдіс табиғаттың тұтастығын тануға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Синергетика дәл осы интеграциялық үдерістердің теориялық негізі ретінде ерекше мәнге ие. Ол күрделі, ашық және тепе-тең емес жүйелердің өзін-өзі ұйымдастыруын, тұрақсыздық пен даму мүмкіндіктерін түсіндіреді. Синергетикалық көзқарас әлемді қатаң тәртіпке бағынған жүйе ретінде емес, ықтималдыққа, кездейсоқтыққа және балама даму жолдарына негізделген динамикалық жүйе ретінде қарастырады. Бұл мен үшін ғылымды түсінудің жаңа, неғұрлым заманауи үлгісі болып көрінеді.
Сонымен қатар, синергетика жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар арасындағы алшақтықты азайтуға ықпал етеді деп есептеймін. Себебі ол адамды тек биологиялық не әлеуметтік объект ретінде емес, күрделі жүйенің белсенді элементі ретінде қарастырады. Осы арқылы ғылым адам, қоғам және табиғат арасындағы өзара тәуелділікті тереңірек түсіндіруге мүмкіндік алады.
Қорытындылай келе, мен синергетикалық көзқарасты қазіргі ғылымдағы интеграцияның маңызды философиялық негізі деп санаймын. Ол ғылыми танымды біржақты емес, көпөлшемді, жүйелік тұрғыдан қарастыруға жол ашады және болашақта ғылым мен адамзат дамуының үйлесімді бағытын қалыптастыруға ықпал етеді.
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың тарихы мен философиясы
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар қоғамды, мәдениетті, тарихты және адам болмысын түсіндіруге бағытталған таным саласы ретінде өзіндік философиялық-әдіснамалық ерекшеліктерімен сипатталады. Бұл ғылымдардың басты айырмашылығы – олардың зерттеу нысаны адам әрекетімен, мағынамен, тілмен және мәдени тәжірибемен тікелей байланысты болуында. Жаратылыстану ғылымдарында зерттеуші нақты, өлшенетін объектімен жұмыс істесе, гуманитарлық ғылымдарда зерттеу мәтіндер, символдар және әлеуметтік тәжірибелерді интерпретациялау арқылы жүзеге асады. Осы тұрғыда гуманитарлық танымда бір ғана әмбебап түсіндіру болмайды, керісінше бір құбылысқа қатысты әртүрлі теориялық көзқарастар мен интерпретациялар қатар өмір сүреді. Маңызды ерекшелік – гуманитарлық білімнің диалогтік сипаты, яғни білім пікірлердің, көзқарастардың өзара сұхбаты арқылы қалыптасады.
Герменевтикалық тәсілде (Г. Гадамер) түсіну тіл арқылы жүзеге асатын үдеріс ретінде қарастырылады және «алдын ала түсіну» танымның ажырамас бөлігі болып табылады. Түсіну – басқа субъектінің көзқарасын қабылдау, оның мағыналық әлеміне ену қабілеті ретінде сипатталады. Бұл идея М.М. Бахтиннің диалогтік таным тұжырымдамасында тереңдетіліп, гуманитарлық ғылымдарда зерттеуші мен зерттелуші тең дәрежедегі субъектілер ретінде қарастырылады. Ал Ю. Хабермас қоғамды түсіндірудің негізін коммуникативті рационалдықпен байланыстырып, әлеуметтік шындық қарым-қатынас үдерісінде қалыптасатынын көрсетеді. Сонымен қатар, К. Юнгтің ұжымдық бейсаналық теориясы мәдениет пен психиканың өзара байланысын ашып, архетиптер арқылы адамзатқа ортақ мағыналық құрылымдардың бар екенін негіздейді. Жалпы алғанда, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар адамды пассивті объект емес, мағына тудырушы және әлеуметтік шындықты қалыптастыруға белсенді қатысушы субъект ретінде қарастырады.
Ғылым философиясындағы ақиқат пен парасаттылық мәселесі
Ғылым философиясында ақиқат ұғымы біржақты, дайын күйдегі нәтиже емес, керісінше күрделі, көпқабатты және үнемі дамып отыратын танымдық процесс ретінде қарастырылады. Ақиқат білім мен объективті шындықтың механикалық сәйкестігі ғана емес, ол субъект пен объект арасындағы үздіксіз өзара байланыс нәтижесінде қалыптасады. Осы тұрғыда ақиқаттың мазмұны объективті болғанымен, оған жету формалары әрқашан субъективті таным арқылы жүзеге асады.
Философия тарихында ақиқаттың объективті, абсолютті және салыстырмалы түрлері ажыратылады. Абсолютті ақиқат танымның идеалы ретінде қабылданады, алайда ол нақты тарихи жағдайда толық іске аспайды. Ғылыми таным көбіне салыстырмалы ақиқаттар арқылы дамып, оларды біртіндеп нақтылап, тереңдету арқылы абсолютті ақиқатқа жақындайды. Бұл ғылыми білімнің уақытша, ашық және үнемі түзетілуге бейім сипатта болатынын көрсетеді.
Қазіргі философияда ақиқаттың үш негізгі концепциясы қалыптасқан: сәйкестік, когеренттік және прагматикалық. Сәйкестік концепциясы ақиқатты білімнің объективті реалдылыққа сәйкестігі ретінде түсіндірсе, когеренттік концепция білімнің ішкі логикалық бірізділігі мен жүйелілігіне мән береді, ал прагматикалық концепция ақиқаттың практикадағы тиімділігі мен пайдалы болуына назар аударады. Нақты ғылыми танымда бұл концепциялар бірін-бірі толықтырып, білімнің ақиқатқа жақындығын кешенді түрде бағалауға мүмкіндік береді.
Ақиқат тек ғылыми таным шеңберімен шектелмейді, ол мораль, өнер, дін және философия сияқты рухани салаларда да өзіндік формада көрініс табады. Бұл ақиқаттың тек эмпирикалық немесе эксперименттік дәлелдерге ғана емес, адамның өмірлік тәжірибесіне, құндылықтық бағдарларына және рухани таңдауларына да байланысты екенін айқындайды.
Қорытындылай келе, ақиқат дайын және өзгермейтін нәтиже емес, ойлау, күмәндану, тексеру және жауапкершілікпен таңдау арқылы жүзеге асатын үдеріс ретінде түсіндіріледі. Ғылым мен философиядағы ақиқат адам арқылы қалыптасып, адамның танымдық және рухани дамуына қызмет ететін күрделі құбылыс болып табылады.
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар – адамның, қоғамның, мәдениеттің және тарихтың күрделі табиғатын зерттейтін ерекше сала. Бұл ғылымдардың басты ерекшелігі – зерттеу объектісінің көпқырлылығы мен мағыналық сипаты. Яғни, гуманитарлық таным тек фактілермен немесе сандық көрсеткіштермен шектелмейді, керісінше адам әрекетін, мәдени құндылықтарды, символдар мен түсініктерді интерпретациялау арқылы мағына іздейді. Бұл салада зерттеуші тек сырттай бақылаушы емес, сонымен қатар ол таным процесіне белсенді түрде қатысып, түсіндіру контексінде идеалды объектіні де өзі қалыптастырады. Басқаша айтқанда, гуманитарлық ғылымда түсіндіру мен мағынаны құру үнемі қатар жүретін үдеріс.
Ханс-Георг Гадамер бұл процесті герменевтикалық тұрғыдан қарастырып, гуманитарлық танымның негізгі шарты ретінде "алдын ала түсінуді" атап көрсетеді. Яғни, біз кез келген мәтін немесе құбылысты белгілі бір мәдени, тарихи және тілдік контексте түсінеміз. Түсіну – бұл дайын білім емес, үздіксіз диалог. Гадамердің пайымдауынша, біз басқа адамның немесе дәуірдің ойына ену арқылы, шын мәнінде, өзімізді де тереңірек тани аламыз. Бұл тұрғыдан тіл – түсініктің жүзеге асатын кеңістігі, ал диалог – бұл таным процесінің өзегі.
Макс Вебер гуманитарлық ғылымдағы танымды «идеалды типтер» арқылы жүзеге асыру керек деп санады. Оның ойынша, қоғамдағы нақты әлеуметтік құбылыстарды толық түсіну үшін зерттеуші оларды белгілі бір ұғымдық үлгілермен (идеалды типтермен) сипаттауы қажет. Бұл үлгілер – шындықтың өзі емес, бірақ зерттеушінің құбылысты түсінуі мен талдауына бағыт беретін құрал. Вебер үшін әрекеттің уәждері мен мақсаттары маңызды, себебі әлеуметтік шындық тек сыртқы әрекет арқылы емес, сол әрекеттің ішкі мағынасы арқылы түсіндіріледі.
Михаил Бахтин бұл идеяларды одан әрі дамытып, гуманитарлық танымды диалогтық сипатта көрсетеді. Оның айтуынша, зерттеуші мен зерттелуші объект (мысалы, тарихи тұлға, мәдени мәтін) арасында әрқашан диалог жүреді. Бұл диалог монологқа айналмауы керек – яғни зерттеуші өз көзқарасын таңбай, "бөтеннің бөтендігін" сақтай отырып, соған жақындауға тырысуы қажет. Бахтин үшін гуманитарлық таным – бұл тек білу емес, сонымен қатар түсіну, тыңдау, жауап беру. Таным – бұл қарым-қатынас.
Ал Юрген Хабермас танымды тек түсіну мен интерпретация емес, сонымен бірге өзара түсіністікке жетудің формасы ретінде қарастырады. Ол "коммуникативтік әрекет" теориясында адамдар арасындағы қарым-қатынастың сәтті болуы үшін диалогтың ашық, шынайы және өзара құрметке негізделуі қажет екенін алға тартады. Бұл жерде танымның өзі – келісім мен түсіністікке ұмтылудың жолы.
Гуманитарлық ғылымды тереңірек түсіну үшін Карл Юнгтің «ұжымдық бейсаналық» теориясына назар аударған жөн. Юнг адам санасының терең қабаттарында бүкіл адамзат тарихынан қалған архетиптер сақталған деп есептейді. Бұл архетиптер – батыр, ана, көлеңке, т.б. – адамзаттың ортақ символдық жадында өмір сүреді. Мифтер, аңыздар, көркем шығармалар, түс көру тәжірибелері – осы бейсаналық мазмұнның көрінісі. Юнгтің ойынша, адам тұлғалық дамуға осы бейсаналықпен байланыс орнату арқылы ғана қол жеткізе алады. Ұжымдық бейсаналық мәдениет пен руханияттың терең тамырларын ашып көрсетеді.
Осы идеялар негізінде гуманитарлық ғылымның басты мақсаты – адам болмысының мағыналық құрылымдарын ұғыну, тарихи жадыны, мәдени кодты, символдар мен ұжымдық бейсананы интерпретациялау. Бұл ғылымдардың табиғаты – көпқырлы, субъективті, диалогқа ашық. Ол әрқашан адамды тек биологиялық немесе экономикалық тіршілік иесі ретінде емес, мән-мағына жасайтын субъект ретінде зерттейді.
Қорыта айтқанда, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар адамзаттың рухани, мәдени, тарихи тәжірибесін түсінуге бағытталған, әдіснамалық жағынан бай әрі философиялық тереңдігі бар сала. Мұндағы таным – тек зерттеу емес, өзгені түсіну арқылы өзіңді де тереңірек танып-білу.
Ғылым философиясындағы ақиқат пен парасаттылық мәселесі
Ақиқат мәселесі – философия мен ғылымдағы ең күрделі әрі маңызды тақырыптардың бірі. Бұл ұғым адамзаттың шындықты тануға деген ұмтылысымен тікелей байланысты. Ақиқат дегеніміз – білімнің шынайы болмысқа, яғни объективті реалдылыққа сәйкестігі. Осы сәйкестік арқылы адамның әлемді тануы, түсінуі және әрекет етуі негізделеді. Ғылым философиясы бұл мәселені тек теориялық қана емес, әдіснамалық тұрғыдан да қарастырады: біз ақиқатқа қалай жетеміз, оны қалай дәлелдейміз, оның өлшемі қандай, оның шекарасы қайда?
Ақиқат ұғымына қатысты түрлі философиялық көзқарастар қалыптасқан. Ең негізгі үш концепция – корреспонденциялық, когеренттік және прагматикалық бағыттар. Корреспонденциялық концепция бойынша, ақиқат – бұл білімнің шынайы болмысқа сәйкестігі. Бұл ұстанымды Ежелгі Греция философтары, әсіресе Аристотель жақтады. Бұл көзқарас ғылымдағы классикалық әдістерге негіз болды. Мысалы, біз бір заттың түсін, салмағын, температурасын дәл сипаттасақ, бұл білім шынайы деп танылады.
Когеренттік концепцияда ақиқат логикалық тұтастық пен ішкі келісімділік арқылы анықталады. Яғни, бір пікір немесе теория басқалармен үйлесіп, қайшылықсыз болса – ол ақиқатқа жақын деп есептеледі. Бұл тұжырымды Лейбниц, Спиноза, Гегель сияқты рационалист философтар қолдаған. Олар ақиқатты нақты болмыспен емес, идеялар жүйесіндегі қисынмен байланыстырды.
Үшінші бағыт – прагматикалық түсінік, мұнда ақиқат – пайдалы, тиімді, іс жүзінде нәтижелі болған білім. Яғни, егер бір идея тәжірибеде сәтті қолданылса, ол ақиқат ретінде мойындалады. Бұл бағыттың негізін қалағандар – Уильям Джеймс, Джон Дьюи және Чарльз Пирс. Олар ақиқатты абсолютті емес, адам әрекетінің нәтижесіне, өмірлік тәжірибесіне қатысты салыстырмалы құбылыс ретінде қарастырды.
Ақиқаттың бұл үш концепциясы – бір-біріне қарама-қайшы емес, қайта олар түрлі қырынан ақиқатты толықтай түсіндіруге көмектеседі. Шынайы таным процесінде зерттеушілер көбіне осы үш өлшемді ұштастыра отырып қолданады: шындыққа сәйкестік (корреспонденция), логикалық бірізділік (когеренттік) және тәжірибеде дәлелденуі (прагматикалық өлшем).
Материалда ақиқаттың түрлері де кең қарастырылады. Олар объектіні меңгеру деңгейіне қарай (абсолютті және салыстырмалы), мазмұны мен формасына қарай (ғылыми, қарапайым, философиялық, рухани, діндік, көркемдік, экзистенциалдық) болып бөлінеді. Мысалы, ғылыми ақиқат – дәлелденген, тексерілген, тәжірибеде сынақтан өткен, теориялық тұрғыда негізделген білім. Ал қарапайым ақиқат – күнделікті тәжірибеде қалыптасқан, интуитивті және көбінесе дәлелсіз қабылданатын білім. Бұл екі түрдің айырмашылығы – ғылыми ақиқат жүйелі әрі универсалды, ал қарапайым ақиқат шектеулі және контекстіге тәуелді.
Философиялық ақиқат та ерекше сипатқа ие. Ол – жалпылыққа ұмтылған, адамның болмысын, өмірдің мәнін, адамгершілік пен руханиятты тануға бағытталған терең пайым. Философиялық ақиқат тек логикалық құрылым емес, сонымен бірге экзистенциалды мазмұн да қамтиды. Мысалы, адамның өмір мәнін іздеуі, ар-намысы мен сенімі арқылы тапқан шындығы – бұл философиялық ақиқаттың көрінісі. Мұндай ақиқат көбінесе рационалды дәлелдеуді емес, түсінуді, толғануды, ішкі рухани тәжірибені талап етеді.
Ақиқат сонымен қатар құндылықтық өлшемге де ие. Яғни, адамдар үшін шындық тек таным объектісі ғана емес, сонымен бірге адамгершілік, рухани, эстетикалық бағдар. Бұл жерде экзистенциалды ақиқат, когнитивтік (сенімге негізделген), операционалды (таным тәсілдерін дұрыс түсіну) ақиқаттар ерекше маңызға ие болады.
Бүгінгі таңда ғылым мен философияның өзара тоғысуы арқылы ақиқаттың біржақты түсінігінен гөрі кешенді (комплексті) көзқарасқа көшу қажеттілігі туындады. Ақиқат – тек нақты өлшенетін факт емес, ол – адамның болмысқа қатынасы, өз орнын түсінуі, өмірлік бағдарын анықтауы.
Қорытындылай келе, ақиқат пен парасаттылық мәселесі – тек теориялық ұғым емес, ол адамның әлеммен өзара байланысының барлық деңгейлерінде маңызды рөл атқарады. Ғылымда ақиқат – тексерілетін және дәлелденетін білім болса, философияда ол – адам болмысының мәні мен өмірлік таңдаулардың өзегі. Ақиқатқа ұмтылу – бұл парасатты болмыстың шарты, ал парасаттылық – шындықты тануға және оны адамгершілікпен пайдалануға деген жауапкершілік.
Д. Беллдің постиндустриалды қоғам теориясы және Қазақстандық өркениеттік жол
Ғылым философиясындағы ақиқат пен парасаттылық проблемасы
Ғылым философиясында ақиқат пен парасаттылық ұғымдары ең өзекті әрі көпқырлы мәселелердің бірі ретінде қарастырылады. Бұл мәселелерді талдау ғылыми танымның табиғатын, ақиқатқа жету мүмкіндіктерін және рационалдылықтың ғылымдағы орны мен қызметін терең түсінуге жол ашады. Ғылыми білімде ақиқат әдетте зерттелетін құбылыстың объективті болмысына сәйкес келетін таным ретінде анықталады, алайда философиялық дәстүрде бұл ұғым бірмәнді емес. Классикалық көзқарас ақиқатты ой мен шындықтың сәйкестігі ретінде түсіндірсе, прагматизм оны практикалық тиімділікпен байланыстырады, ал релятивистік бағыт ақиқатты тарихи, мәдени және дүниетанымдық контекстерге тәуелді құбылыс ретінде сипаттайды.
Парасаттылық немесе рационалдылық ғылымдағы негізгі танымдық қағидаттардың бірі болып табылады және ол логикалық жүйелілікке, дәлелді ойлауға және сыншыл талдауға сүйенеді. Классикалық рационализм ақыл-ойды сенімді білімнің басты көзі деп есептесе, критикалық рационализм ғылыми дамуды теорияларды үздіксіз тексеру және теріске шығару арқылы жүзеге асатын процесс ретінде қарастырады. Сонымен қатар, эмпиризм ғылыми танымда тәжірибе мен эксперименттің маңызын айқындаса, сыни теория рационалдылықты әлеуметтік жауапкершілік пен коммуникативтік өзара әрекет тұрғысынан түсіндіреді.
Қорытындылай келе, ақиқат пен парасаттылық мәселелері ғылым философиясының іргелі әрі маңызын жоймаған тақырыптары болып қала береді. Бұл ұғымдар ғылымның даму логикасын түсіндіруде, ғылыми білімнің сенімділігі мен объективтілігін бағалауда маңызды теориялық негіз қалыптастырады.
Қазіргі жаһандық өркениеттің дамуының философиялық мәселелері (Қазақстан контекстінде)
Қазіргі жаһандық өркениет адамзат өмірінің барлық саласына әсер етіп отырған күрделі әрі көпқырлы үдеріс болып табылады.
Ғаламдық деңгейде ғылым мен технологияның дамуы, экономикалық байланыстардың күшеюі және ақпараттық кеңістіктің кеңеюі әлемді біртұтас жүйеге айналдырды. Қазақстан да осы жаһандану үдерісінің ажырамас бөлігі ретінде өркениеттік дамудың жаңа кезеңін бастан өткеріп отырғандығы т ағы бар.  Осы жағдайда жаһандық өзгерістердің философиялық мәнін түсіну еліміздің болашағы үшін ерекше маңызды.
Жаһандану Қазақстан үшін бір жағынан үлкен мүмкіндіктер ашты. Елдің әлемдік экономикаға енуі, халықаралық мәдени және білім беру кеңістігіне қосылуы қоғамның ашықтығын арттырды. Алайда бұл үдеріс бірқатар философиялық мәселелерді де алға шығарды. Солардың бірі – ұлттық мәдени бірегейлікті сақтау мәселесі. Жаһандық мәдени ықпалдар күшейген сайын қазақ қоғамында «біз кімбіз?» және «қай бағытта дамуымыз керек?» деген сұрақтар өзектене түсті. Философиялық тұрғыдан алғанда, бұл – дәстүр мен жаңашылдықтың арасындағы тепе-теңдікті табу мәселесі.
Қазақстан контекстіндегі тағы бір маңызды мәселе – адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас. Елдің экономикалық дамуы көбінесе табиғи ресурстарды игеруге негізделген. Бұл жағдай экологиялық проблемалардың ушығуына әкеліп отыр. Арал теңізінің тартылуы, өнеркәсіптік аймақтардағы экологиялық ахуал, климаттың өзгеруі – қазіргі өркениеттің техногендік сипатының салдары. Мұндай жағдайда философия табиғатқа тұтынушылық көзқарастан бас тартып, жауапкершілік пен үйлесімге негізделген дүниетанымды қалыптастыру қажеттігін көрсетеді.
Сонымен қатар, жаһандық өркениет жағдайында әлеуметтік және рухани мәселелер де өзекті бола түсуде. Қазақстан қоғамында урбанизация, цифрландыру және ақпараттық технологиялардың дамуы адамдардың өмір салтын өзгертті. Бұл бір жағынан жаңа мүмкіндіктер берсе, екінші жағынан рухани құндылықтардың әлсіреуі, әлеуметтік алшақтықтың артуы сияқты мәселелерді туындатады. Осы тұрғыда философиялық ойлау қоғам дамуын тек экономикалық көрсеткіштермен емес, адамгершілік және мәдени өлшемдер арқылы бағалауға шақырады.
Қорытындылай келе, қазіргі жаһандық өркениеттің дамуы Қазақстан үшін тек сыртқы ықпал емес, ішкі өзін-өзі тану үдерісімен тығыз байланысты. Ұлттық мәдени бірегейлікті сақтай отырып, жаһандық әлеммен үйлесімді даму, табиғатқа жауапкершілікпен қарау және рухани құндылықтарды нығайту – қазіргі қазақстандық қоғамның басты философиялық міндеттерінің бірі. Осы міндеттерді терең түсіну ғана еліміздің өркениеттік дамуына мән мен бағыт бере алады.
Қазіргі жаһандық өркениеттің дамуының философиялық мәселелері (Қазақстан контекстінде)
Қазіргі жаһандық өркениеттің дамуы адамзаттың тек әлеуметтік-экономикалық құрылымдарын ғана емес, сонымен қатар болмыстық, құндылықтық және дүниетанымдық бағдарларын қайта пайымдауға итермелейтін күрделі философиялық үдеріс болып табылады. Жаһандану саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық кеңістіктердің тұтастануын қамтамасыз ете отырып, ғылыми-техникалық прогресті жеделдетті, алайда сонымен қатар экологиялық дағдарыс, әлеуметтік стратификация, демографиялық теңсіздік және рухани құндылықтардың әлсіреуі сияқты ғаламдық проблемаларды ушықтырды.
Бұл жағдай «адам – қоғам – табиғат» жүйесіндегі қатынастардың онтологиялық және аксиологиялық негіздерін қайта қарастыру қажеттігін көрсетеді. Мәдени жаһандану ұлттық мәдениеттердің гомогенизациялану қаупін арттырғанымен, мәдени диалог, плюрализм және интеркультурализм мүмкіндіктерін де ашады. Қазақстан контекстінде жаһандану ұлттық өркениеттік бірегейлікті сақтау мәселесін өзекті етеді. Қазақ халқының көшпенді дүниетанымына тән табиғатпен үйлесім, қауымдық жауапкершілік, төзімділік пен қонақжайлылық сияқты рухани құндылықтар қазіргі жаһандық өзгерістер жағдайында мәдени және өркениеттік тұрақтылықтың философиялық негізі ретінде айқындалады. Осы тұрғыда Қазақстанның даму траекториясы жаһандық үдерістерге интеграциялану мен ұлттық рухани-мәдени болмысты сақтаудың диалектикалық тепе-теңдігін табумен сипатталады.
Қазіргі жаһандық өркениеттің дамуының философиялық мәселелері
XXI ғасыр – адамзат өркениетінің жаңа кезеңі. Бұл кезеңде ғылым мен технология қарқынды дамып, бүкіл әлем өзара байланысқан біртұтас кеңістікке айналды. Алайда бұл даму барысында философиялық тұрғыдан терең ойлануды қажет ететін күрделі мәселелер де туындап отыр. Жаһандану, цифрландыру, рухани дағдарыс, экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы – қазіргі өркениеттің басты философиялық түйткілдері.
Жаһандану – әртүрлі халықтар мен мемлекеттердің саяси, экономикалық, мәдени, ақпараттық жағынан тығыз байланысқа түсуі. Бұл үрдіс бір жағынан адамдар арасындағы алшақтықты азайтып, ортақ кеңістік қалыптастырса, екінші жағынан, жергілікті ұлттық ерекшеліктерге, дәстүрлі құндылықтарға қауіп төндіруде. Философия тұрғысынан алғанда, бұл – ұлттық бірегейлік пен жаһандық ықпалдастық арасындағы тепе-теңдікті табу мәселесі.
Қазіргі өркениеттегі басты философиялық мәселенің бірі – адам мен техника арасындағы қатынас. Жасанды интеллекттің дамуы, роботтандыру, биотехнология салаларындағы жетістіктер адам табиғатын қайта қарауға мәжбүрлейді. «Адам кім?», «Адамның болашағы қандай?», «Техниканың адамға қызмет ету шегі қайда?» деген сұрақтар күн тәртібінен түспей келеді.
Сонымен қатар, бүгінгі өркениет экологиялық мәселелермен де бетпе-бет келіп отыр. Табиғатты шамадан тыс пайдалану, климаттың өзгеруі, биоәртүрліліктің жойылуы – философтарды табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынас туралы терең ойлануға итермелеуде. Қазіргі философиялық көзқараста бұл мәселе антропоцентрлік (адамды орталыққа қойған) және экосцентрлік (табиғатпен үйлесімдікті көздейтін) тұжырымдар арқылы талданады.
Тағы бір маңызды мәселе – рухани дағдарыс. Қазіргі тұтынушылық қоғамда материалдық құндылықтар алдыңғы орынға шығып, адамгершілік, ар-ождан, руханият секілді маңызды категориялар екінші қатарға ысырылып барады. Бұл — адамның ішкі әлеміндегі үйлесімділіктің бұзылуына, жалғыздық пен күйзеліске алып келетін құбылыс. Философия бұл тұрғыда рухани жаңғыру мен адамның өзін-өзі тану мәселесіне басымдық береді.
Бүгінгі жаһандық өркениет жағдайында қазақ философиясының да өз орны бар. Қазақ халқының дүниетанымы – табиғатпен үйлесімді өмір сүру, адамгершілік пен кісілік қасиеттерді жоғары бағалау, рухани тазалыққа ұмтылу секілді құндылықтарға негізделген. Абайдың «толық адам» ілімі, Шәкәрімнің ар-ождан философиясы, әл-Фарабидің кемел адам тұжырымдамасы бүгінгі таңда да өзектілігін жоғалтқан жоқ.
Қорыта айтқанда, қазіргі жаһандық өркениеттің дамуы бірқатар философиялық мәселелерді туындатып отыр. Бұл мәселелерді шешуде адамзат баласына терең ойлау, рухани кемелдену, табиғатпен үйлесімділікке ұмтылу қажет. Әрбір ұлт өз тамырынан нәр алып, жаһандану толқынында өзін жоғалтпай, адамзат өркениетінің толыққанды мүшесі болуға тиіс. Философия осы жолда бағыт-бағдар беретін маңызды ілім ретінде өз маңызын ешқашан жоғалтпайды.
проект бойынша видеоматериал соңғы нұсқа