Моя гармоничная доска Padlet by Tuba Umarbayeva

Бәріне сәлем, мен Tуба!
Менің атым Туба, мен 18 жастамын. Мен Кимэп университетінің екінші курсында оқимын. Мен финанс факультетінде оқимын. Mен бұл мамандықты таңдадым, өйткені мектепте маған математика сабағы әрқашан қатты ұнайтын. Мен бос уақытымда спортпен айналысқанды, тамақ дайындағанды және достарыммен қыдырғанды ұнатамын. Мен өте бауырмалмын және жаңа достар табуды жақсы көремін. Сонымен қатар, мен жануарларды өте жақсы көремін, сондықтан үйде 2 мысығым бар. Бұл мен туралы қысқаша ақпарат болды, баршаңызға сәтті күндер болсын!

Жаужүрек мың бала фильмi
Мен осы фильмді таңдадым, өйткені мен бұл қазақ кинематографиясының керемет туындысын бала кезімде де, саналы жасымда да көрдім. Бұл фильм менде өте аралас сезімдерді тудырады. Осы фильмді көргенде мен кейіпкерлерге шын жүректен жанашырлықпен қарап, олармен бірге қуанып, олармен бірге қайғырдым.
-Kейіпкерлер:
Талдауымды кейіпкерлерді сипаттаудан бастағым келеді. Бұл фильмде бізде үш басты кейіпкер бар, ал біріншісі - Сартай. Сартай - жүрегі үлкен жас, қорықпас жауынгер және сенімді дос. Oл туған жері үшін қайтыс болғанға дейін күрестi.
Корлан - менің сүйікті кейіпкерім, өйткені мен мұндай батыл әйелдерді ешқашан көрген емеспін. Қазақ даласының өте қатал болып көрінген қызы, шынында өте осал әрі нәзік болды. Мұны мен ол құрбысын құтқару үшін атын сыйға тартқанда түсіндім. Ол өлетінін білді, бірақ ол соңына дейін шайқасты
Шынымды айтсам, мен Таймасты ешқашан ұнатпайтынмын, оның бойында Сартайға деген қызғаныш әрқашан болатын. Ол сөзсіз жақсы жауынгер және oтан қорғаушы, бірақ оның мінезі жаман болды.
-Тәжiрибе:
Oсы фильм бізге қазақ халқы мен жоңғарлар арасындағы соғыс туралы баяндайды. Бұл өте қиын уақыт болды, адамдар қайтыс болды, балалар ата-анасыз қалды, адамдар ашт болды. Бірақ бұған қарамастан, бұл 3 дос әрқашан өздері үшін қызықты іс-шаралар табатын.
Уақыт:
Oсы фильм XVIII ғасырдың бірінші жартысын қамтиды.