Жоғары мектеп педагогикасының жетекші әдіснамалық тұғырлары by МҰРАТ МАДИНА

Әдіснамалық тұғырлар
Әдіснамалық тұғырлар дегеніміз – қайсыбір педагогикалық мәселені зерттеудегі қолданылатын ұстанымдар, әдістер, тәсілдер жиынтығы .

Мәдениет танымдық
Ғылыми еңбектердегі талдауларда мәдениеттанымдық тұғыр – тұлға қалыптастырудағы таным мен педагогикалық іс-әрекеттерді қайта құруға немесе өзгерістер енгізуге бағыт-бағдар беруде мәдени құндылық іліміне сүйенеді. Аталмыш тұғыр арқылы студенттердің отбасы-адамгершілік құндылықтарын құрылымдауда мәдениетпен объективтік байланысы арқылы студенттің мінезқұлқындағы құндылықтар жүйесін зерттейді. Өйткені адам мәдениет арқылы дамығандықтан сол мәдениетке жаңа элементтер енгізуге үлес қосады. Сонда бұл тұстағы жаңа элемент мәдениетпен байланыстағы болашақ отбасын құруға құндылықты негіздегі даярлығы және отбасы-адамгершілік құндылықтарын игеруі болып табылады.

жүйелілік-құрылымдық тұғыр
Біртұтас бүтіндікті құрайтын өзара байланысты бөлшектердің ретке келтірілген жиынтығы мен олардың арасындағы қатынасы жүйелілік-құрылымдық тұғыр болады. Жүйелілік-құрылымдық тұғыр жалпы ғылыми-әдіснамалық зерттеудің бір құралы ретінде қарастырылады. Себебі оқу-тәрбие процесін және бір-бірімен байланысты құбылыстарды жүйелі зерттеуге қажет сапалы ғылыми тұғыр ретінде танылған. Жүйелілік-құрылымдық тұғыр педагогикалық зерттеулер үшін В.В. Краевский, Г.П. Щедровицкийлердің, пихологиялық зерттеулерде А.А. Бодалев, В.А. Ганзин, Е.А. Климов, А.Н. Леонтьев, Б.Ф. Ломов, К.К. Платоновтардың тұжырымдамаларында нақтылаулармен қарастырылады.

аксиологиялықтұғыр
Аксиологиялық тұғыр – бұл отбасының микро, мезо және макрофакторлармен өзара әрекеттестігінің аксиологиялық әлеуетін ашып көрсетеді. Бұл ретте студенттердің отбасы-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудағы үдеріс ретінде сипатталатын әлемге, адамға, өз-өзіне қатысымды жалпы адамзаттық құндылық үлкен рөл атқарады. Сондай-ақ, әлеуметпен, мәдениетпен болып жатқан қарым-қатынасындағы отбасы-адамгершілік мәндерді ұғынуда білім алушы өз білімінің, өмірінің мәніне ие болуы да аксиологияны қамтамасыз ете алады. Білім беру үдерісінде жеке адамды тәрбиелеу жолында академиялық пәндер, отбасы педагогикасы, отбасы психологиясы, отбасы тәрбиесіндегі академиялық адалдықты және т.б. қолдау мен дамуы іске асырылады, сонымен қатар, тұлғаның негізгі құндылықтары – кәсібилік, өзіне сенімділік, жауапкершілік т.б. сапалары негізге алынады

іс-әрекеттік тұғыр,
іс-әрекеттік тұғыр тарихи, психологиялық, педагогикалық зерттеулерде нақты ғылыми-әдіснамалық ұстаным болып саналады. Бүгінде отбасында еңбек педагогикасының аясы тарылды деуге болады. Бірақ педагогикалық үдерісті қайта құру немесе өзгерістер енгізудің алғашқы формасы еңбек екені анық. Өмір сүру тәртібінде адамның материалдық және рухани байлықтарды жасаудағы іс-әрекеттері еңбек барысында атқарылып, айналасын қоршаған дүниені шығармашылықпен өзгеріске түсіріп отырады. Студенттерді өмірге және жан-жақты іс-әрекеттерге дайындауда олардың мүмкіндіктерін ескеріп, өмір тіршіліктеріне қажетті істерге тартып, олардың өмірін әлеуметтік және адамгершілік тұрғыдан ұйымдастыру қажеттігі туындайды

әлеуметтік-гуманистік тұғыр
Әлеуметтік-гуманистік тұғырда білімнің тұлғаға бағытталуы, білім мазмұнының ашық салтанатта жариялануы, сонымен бірге заман талабына сай білім қорымен қаматамасыз ету және ұлттық білім беру жүйесінің гуманистік оқыту болатындығы белгілі. Бұл тұғырдың негізгі бағдарын сипаттауда біз, гуманитарлық парадигма, гуманистік тәрбие деп аталатын ғылыми түсініктерге сипаттаулар беріп өтуді жөн санаймыз. Қазірде гуманитарлық парадигма түсінігі ғылыми зерттеулерге «адами өлшем» деген категорияны алып келді.