9-сынып мақал-мәтелдер жобасы by

«Менің өмірлік ұстанымым»  ( Мінез тақырыбы )

9 "A" Махамбетали Нұрай   Менің өмірлік ұстанымымдағы мақал-мәтелдің бірі-" Жақсымен жанассаң,Атаққа ілінерсің.Жаманмен жанассаң,Шатаққа ілігерсің".Бұл мақал тікелей мінез тақырыбында болып тұр.Мен бұл мақалды күнделікті өмірде қолданамын,себебі:бәрімізге мәлім "жақсы адам" деген сөзден-ақ ол адамның бойында адамгершілік қасиеттер бар екені,ол айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы жақсы екендігі,тәрбиелі,мейірімді екені белгілі болып тұрады.Кең жүректі,өзгелерге зияны жоқ адамдармен әрдайым танысып,араласқың келіп тұрады.Ол адам саған жылы шырай танытып,сенің жақсы көңіл-күйде болып,қуанышты болуыңа әсер етеді.Ал жаман адамдар-өзгелерге қас-қабағын көрсетіп,адамгершілік қасиеттерін көрсетпей,дұрыс емес жолды таңдаған адамдар деп айтуға болады.Көңілінде кірі бар адаммен,айналасындағы жандарға құрметін,сыйластығын көрсетпесе,ондай адаммен араласудан өзгелер қашқақтайды.Адам баласымен араласып,оның қасында жүргеннен кейін ортақ мінездер,өмірге деген ортақ көзқарастар қалыптасуы мүмкін бе?Менің ойымша,иә,жақсымен жанассаң жақсыға,жетістікке,дамуға ұмтыласың.Ал жаманмен аралассаң қате жолға түсіп,тұңғиыққа батасың,өз ортаңдағы ұсқынсыз адамдардың қатарына қосыласың.Сол себептен де,мен осы мақалды өз өмірлік ұстанымымда сақтаймын.

9 а Сейдрахим Аружан
Менің өмірлік ұстанымдағы мақал мәтелдің бірі-
" Жаксы кісі текшіл
Жаман кісі кекшіл"
Бұл мақал-мәтелдің астарында құнды ой жатыр. Яғни, мағынасы мінезбен тікелей байланысты. Мен бұл мақалды өмірде жиі қолданамын. Себебі, бәріміз білетіндей қоғамда түрлі мінез-құлыққа ие жандар кездеседі. Олардың қайсысы болмасын бір-бірінен жасаған іс-әрекеті, мінезімен, ой-санасымен ерекшеленіп тқрады. Міне сол секілді менің өмірімде де түрлі адамдар кездеседі. Мысалы, мінезіне, сөйлеу мәнеріне қарап адамды жақсы немесе жаман деп айтамыз. Жақсы адам дегенне-ақ оның бойында адамгершілік қасиеттер бар екенін білесің. Ол адам үнемі айналасына пайдасын тигізіп, жылы шұраймен адамдарға жылу сыйлайды. Өзінің арғы атасының тегіне нұқсан келтірмейді. Көпшіліккі қол ұшын созатын адаммен әрине, араласқың келіп тұрады. Міне, осындай адамдар қоғамымызға сән беріп тұрады. Алайда, өмірдің қуанышы мен қайғысы қатар жүретіні секілді арамызда адамгершілік қасиеті аз жандардың кездесетіні өкінішті. Ондай жандар, айналасындағы бақытты көре алмайды. Соның кесірінен тек қана жаман ойларды ойлап, бақытты жандарды көре алмайды. Менің ойымша,егер сен өзгемен бірге бақытты бөліссең өзің де, өзге бақытты болады. Сондықтан үнемі тегімізге нұқсан келтірмей, айналамызға қолымызды созып жүруіміз керек.

9А, Полат Аружан
Менің өмірімде жиі еститін әрі қолданатын мақал-мәтелдерімнің бірі «Өзі жақсы кісіге бір кісілік орын бар». Бұл мақалдың мағынасын түсіндірсем, мұнда жақсы адам әрдайым барлық жерден орын табады, қай жер болмасын көңілі сиысады дегенді білдіреді. Жақсы адамды өзінің жанына ерітіп, бірге жүретіндер көп. Оған әрдайым айналасы құрмет пен сый көрсетіп жүреді. Қандай адам болса да жақсы серігі болғанын қалайтыны айқын. Сондықтан, жақсы адамдар қадірлі, құрметті болады. Бұл мақал жақсы мінезді болуға баулиды. Достарымыздың, туысқандарымыздың немесе басқа да ортада жақсы адам бола білсек сыйлы адам боламыз. Сондықтан, жақсы мінезді адам болуға тырысу керекпіз. Міне, осындай мағынасы үшін мен осы мақалды ұстанымым ретінде қарастырамын.

9А Андағұл Меруерт
"Адамның құлқы түзелмей,
Өмірдің қалпы түзелмейді." - деген мақал адамның өміріндегі мінез-құлықтың рөлін толығымен сипаттап тұр. Әр адамның мінез-құлқы оның тұлға ретінде қалыптасуына, маңызды шешімдер мен қадамдар жасауға әсер етеді. Яғни, адамның мінезі оның өміріне тікелей әсер етеді. Расында да, менің өзім де жағымсыз мінезді адамдардан алшақ болуға тырысып, айналамда шыншыл, адал адамдардың болғанын қалаймын. Сондықтан да, белгілі бір мақсатқа, арманға жету үшін, айналаңдағы адамдардың құрметі мен сеніміне ие болу үшін - өзгерістерді өзіңнен бастаған жөн. Оған қоса, өміріңді жақсы жаққа қарай бұру үшін де өз мінезіңді түзеуің керек. Сол кезде ғана істеген жұмысың жемісін беріп, сәтті бола бастайды. Менің ойымша, көптеген адамдар осы мақалды тыңдап, өмірлік ұстанымына айналдырса, өмірлері өзгеріп, қуанышты сәттердің көбейгені нақты байқалатын еді.

9А, Сарсембекова Акбота
Кішкентайымнан мені анам "Ауру кетеді, мінез кетпейді" деген мақалмен тәрбиелеген. Шынында да, егер адам жақсы әдеттерге үйреніп, бала шағынан өзін дұрыс жолға салмаса, есейгенде өз мінезден арылу қиын болады. "Жақсы нәрсеге әдеттен" дегенді бірнеше рет естіген болармыз, бірақ көбісі ол ақылға сүйене бермейді.
Мен, өз орнымда, анамның ақылын тындап, кішкентайымнан жаманнан жиреніп, жақсыға жақындап жүрмін. Әр түрлі алдыма сынақ түскенде, анамнын айтқан мақалын есіме түсіріп, барынша дұрыс шешім қабылдауға тырысамын. Сіздерге де соны тілеймін!

9 А Темірхан Адильхан
Менің өмірлік жолымда ең жиі кездесетін ,  әрі қолданатын мақалдардың  бірі -
"Төсектің тарлығы — тарлық,
Көңілдің тарлығы — қорлық."
Бұл мақал  көне заманнан бері өзектілігін жоғалтпай келеді.
Осы мақал кез-келген адамды ойландыра алатынына күмәнім жоқ. Оның  астарында өте маңызды және құнды мағына   жатыр. Адам құндылықтарының маңызды бір  бөліктері  адамгершілік пенен бір-біріне деген сыйластық . Ешқашан  адамның  көңілі тарылмауы қажет . Себебі әр адамнан үлгілі , бақытты тұлға түзілуі үшін  таза пейіл мен дұрыс ойы болуы тиіс .
Шынында ,  жаман мінез  пендені іштей  бұзады.  Ондай адамдар ешқашан бақытты бола алмайды. Себебі оның ойын көреалмаушылық , ашкөздік пен ашу  өзіне  бағындырады.
"Ертегілерде тек бір зат өзгермейді. Залымдар ешқашан бақытты бола алмайды."  демекші , көңілі тар кісілерде бақытты өмірден қолын үзеді.
Бұл мақал мені дұрыс әрекеттерге итермелеп жақсы қасиеттерді ұмытпауға орасан зор көмектеседі. Осындай астарлы ойлар үшін бұл мақал менің өмірлік ұстанымымда үлкен орын алады.  Әлбетте әр жанның өз таңдауы болады , алайда ешқашан кең пейілді жоғалтпауға кеңес беремін!

9А Бахытбай Нұрмұхаммед
Мақал-мәтелдер - қазақ халқының ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлы даналығы. Әрбір мақал-мәтел - өзіндік мән-мағынасы мен негізгі түйіні бар қысқа ғана сөздер жиынтығы болып келеді. Осылайша, қазақтың мақал-мәтелдері ежелден бері жастарды тәрбиелеуде, олардың мінез құлқын дұрыс қалыптастыруда бүгінгі таңға дейін аса маңызды рөл ойнап келуде.
Менің өмірімде жиі қолданылатын мақал:
"Жақсы мінез – сүйінтер,
Жаман мінез – күйінтер"
Бұл мақалды маған кіші кезімнен бері ата-әжем айтып келуде. Және де шын мәнінде, бұл мақалдың түпкі түйіні өте терең әрі дана ойға батыра алады. Мен өзім, бұл мақалды былайша қабылдаймын: егер адамның мінезі жақсы болса, дәл сол жақсы мінез сол адамды өзгелерге сүйінтеді, яғни басқалардың сол адам жайлы жақсы көзқараста болуына, сол адаммен жақсы қарым қатынас орнатуына өз септігін міндетті түрде тигізеді. Ал жаман мінезді адам өзгелерді өзінің нашар мінезінің кесірінен шаршатады, алыстатады, тіпті сол адам жайлы жағымсыз көзқарастың қалыптасуының басты себебі де бола алады. Бір сөзбен айтқанда, жаман мінез - адамды сүйікті етеді, ал жаман мінез - керісінше, өзгелердің алдында күйік етеді. Шынында да, ақкөңіл, сыпайы, сабырлы әрі кішіпейіл, шырайлы мінезді адамдармен жақын қарым-қатынас орнату әрдайым оңай болады. Жақсы мінезді адамдар әрқашанда қоғамда ерекшелініп,      көптеген адамдармен тіл табысып кете алатын тұлғалар болып келеді.
Ал ашуланшақ, дөрекі әрі сабырсыз, яғни нашар мінезді адамдар көп жағдайда өздерінің жағымсыз мінезінің кесірінен басқалардың өмірін нашарлатып қана қоймай, өзінің де өмірін қор қылады. Жаман мінезді адамдармен ешкім танысқысы да, сөйлескісі де, қарым - қатынаста болғысы да келмейді.
Әрине, мінез-құлықтың қалыптасуына ата-ана тәрбиесі, қоршаған орта және басқа да факторлар әсер етуі мүмкін. Алайда бұл факторлардың ешқайсысы адамның өзін-өзі тәрбиелеуімен бір деңгейде, тең бола алмайды. Мінез-құлықты дұрыстау немесе керісінше нашарлату - барлығы да тек қана адамның өзінің қолында.
Қорытындылай келе, жақсы мінезді болып, өзгелердің де, өзіміздің де өмірімізді жақсарта берейік!