Серікбол Қондыбай: Жер су атаулары by Анель Абилова

Бозащыдағы Мәстек құдығының солтүстік-батысында 10 км жердегі сор. Оңтүстік-шығыс беткейі жарқабақты. Сор табанында түбі тайыз, суы тұщы 3 құдық бар. Біреуінің басына тасақыр қойылған. Суы аздығы себепті қолданыстан шығып қалған. Сордың солтүстігін Қоңырорпа құмды шағылы алып жатыр.
МӘСТЕКСОР (Мастексор) – сор, Маңғыстау ауданы, Бозащы түбегінде. Атау мәстек (зат есім) және сор (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «ұзындығы қысқа сор»

Мәстек - қазақ тілінде үнемі бойы тапал, кішкене жылқыға айтылады. «Әнеугүні ауылыңызға келіп еді ғой. Астында құла қасқа мәстегі бар» (С. Шарипов, Бекболат.).Сөздің шыққан тегі — қалмақ тілі. Оларда маштг — төмен, аласа, тапал мағыналарында қолданылады . Қалмақ тілінде «маштг» сөзі тек жылқыға ғана емес, кез келген аласа, тапал заттар мен жан иелеріне бірдей айтыла береді.

ШАТ (Шат) –қоныс, Маңғыстау ауданы. Шат – М.Қашқари сөздігінде, құдық (оғызша) деген сөз деп берілген (М.Қашқари, 205). З.Б. Мухамедова да «Исследования по истории туркменского языка XI-XIV» атты еңбегінде: «көнетүркілік чат – «құдық» деп көрсеткен. Шат – Ақтау-Қаражанбас жолының 70-ші км-нің тұсында, Таушық ауылынан оңтүстік-оңтүстік-батыста 17-18 км жерде.
пікірді растай түседі.

Шат – Ақтау-Қаражанбас жолының 70-ші км-нің тұсында, Таушық ауылынан оңтүстік-оңтүстік-батыста 17-18 км жерде. «Ащыбас-Шат» деп те, «Көпдөрел-Жабағы-Шат» деп те атала береді. Өскенбай Қалмағанбетұлының (1860-1925) шығармасында кездеседі:

Оның былай қасында:

Тұщықұйы, Шат пенен

Көкала тас бауыр бар.

Бұл Шат деген жерiнде

Көшпейтұғын белгiлi

Көрпе дейтiн ауыл бар…

Бірінші дерек: Ортағасырлық ноғайлардың құрамында «шат» (орысша мәтіндерде – «чат», «четское») деген ру атауы болған. Маңғыстаудың жерін жайлаған жұрттардың бірі – ноғайлар. Бірақ ноғайлар түбек пен Үстірт жерлерін ұзақ мекендей алмаған, тек 1585-90 жылдардан бастап 1610-15 жылдарға дейінгі аз уақытқа (шамамен 20-30 жылға) ғана  тұрақтай алған. Шат атауы да осы ноғайлар руынан қалған деп есептеуімізге болады.  Шат құдығы Айғыр зиратынан солтүстік-батыста 2 км жерде.

Екінші дерек – Шарафуддин Язди деген автордың («Зафар-наме» деген еңбегіндегі) Ақсақ Темірдің тұсындағы «қазақтардың» ішінен «Олейт Чатур Қазақ» деген елдің атауы. «...Дешті-Қыпшақ жерін әскери түрде күзетіп отырған елді Шарафуддин Язди «Өлейет Чатур Қазақ» дейді. Сақып Қыранның алдынан Орданың тағын қорғап тұратын «Чатур Қазақ өлейеті» шықты. Олар Сақып Қыранның күшіне шыдап тұра алмады. Чатур Қазақ елін тегісімен қиратып, мал-мүлкін талап алды».

Осы «Чатур Қазақ» уәлаяты қай жерде болған? Келтірілген үзіндіге қарағанда, бұл 1391 жылғы Ақсақ Темірдің Дешті-Қыпшаққа аттанған кезіндегі Әмет пен Сәметтерді өлтіретін тұсына сәйкес келетін сияқты. Яғни, бұл жалпы алғанда, шығысы – Арал маңы мен Қарақұмы болатын, осы маңнан батысқа қарайғы қазақ жерлерінің біт тұсы болуы тиіс.

«Чатур Қазақ» сөз тіркесіндегі «чатур» сөзін «шатыр» деген нәрсенің (яғни үй, палатка) атынан шығарғаннан гөрі «Шат» деген топониммен байланыстырған жөн секілді. Біз бұл жердегі «Шат қазақтары» жөнінде болып тұрғанын айтуымызға болады.

«Шат» атауын Ақтөбе облысынан да кезіктіруге болады.

Тұрақтап Жемге қоныпты,

Алдында Шат болса да,

Асан Қайғы қонған соң,

Оны аты Жем болыпты...

Мұндағы «Шат» атауы бастапқыда Ақтөбе өңіріндегі Темір өзенінің Жемге құяр тұсындағы жергілікті атаулардың бірі болған, 14 ғасырдың ортасында осы жерден Үстіртке, Маңғыстауға жылжыған қазақылық етушілер   осы атауды Маңғыстаудағы өздері қоныстанған жаңа қонысқа берді, сөйтіп Маңғыстау жерінде де «Шат» атауы пайда болды.

ШЕБІР (Шебир) – ауыл, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданындағы ауыл. Шебір ауылдық округі орталығы, Аудан орталығы Шетпе ауылынан солтүстікке қарай 73 км-дей жерде, Қызылқұм құмды алқабының шығысында, сайлы-жыралы келген шөлді белдемде орналасқан
Бұл атаудың шығуы туралы да түрлі көзқарастар қалыптасқан. Өлкетанушы С.Қондыбай атауды савир тайпасымен байланыстыра қарастырады. Көптеген топонимистер (Э.Мурзаев, Е.Койшыбаев, Караев) шабар//шибер//сибер//шидер – «балшық жер» – дейді».

«Савир» «савар, дұрысы – «савыр», түркі тілдерінің кейбір диалектілерінде осы атау «шавир» немесе «шавыр») – ерте орта ғасырларда тарихи құжаттарда тіркелген көне түркі тайпаларының бірінің атауы. Ең алғаш рет мысырлық құлама Птоломейдің деректерінде кездеседі. Бұл кезде  савирлер Каспий теңізінің Еділ жағында және Азов теңізі мен Каспий теңізі аралығындағы солтүстік-кавказдық далаларда тұрған. 490-510 жылдары савирлер осы жерлерде қуатты күш болған, бірақ оларды аварлар ойсыра жеңеді. Олардың кейбір халықтары Солтүстік Дағыстанда тұрып, Хазар қағандығының құрамында болады. 960-990 жылдары Хазар қағандағы орыстардың ықпалымен ойран болады. Олардың бір бөлігі жан-жаққа босып кетеді. Содан орта ғасырларда савырлар немесе севірлер (шавырлар немесе шевірлер) ойран болған хазарлардың Маңғыстауға қоныс аударған қалдықтардың ішінде болған сыңайлы.

Міне, Шебір ауылының атауы сол әуелі жеке халық болған, одан кейін ретімен бұлғар,хазар, оғыз-түрікпен халықтарына сіңген савирлердің Маңғыстауда тұрған кезінен қалған ескерткіш сияқты. Бүл атау – бүігінгі қазаққа да жат емес, сондықтан ауыл атының сырын өлкеміздің тарихынан хабар беретін, «тарихи кешенін көтеруге» қажетті бір «кірпіш» деп қабылдаған жөн.

ШАҒАН (Шаган) – төбе, абс. биіктігі 102 м. Бейнеу ауданы. Е.Қойшыбаев: «Шаған (чаған, саған, сақан, цақан) тұлғасы – түркі және моңғол тілдерінде құмдақ жерлерге тән өсімдік аты, түйе малының азығы» деп көрсеткен.
Атау өсімдікке байланысты қойылса, оның молдылығын көрсететін –лы,-лі жұрнағы жалғануы керек еді. Ал Г.Қоңқашпаев «Шаған – Қазақстанда ең көп тараған моңғолдық атау. Шаған сөзі – моңғолдық цаган – «ақ» дейді. Э.Мурзаев азербайжан диалектілеріндегі, чаган сөзінің «шұңқыр, кішкене ойыс, құдық» деген мағыналарын

көрсетеді. Сонымен қатар түркі тілінде шағанның: «тік жарлы, құламалы» деген мағынасы кездеседі. Біздің ойымызша, Шаған атауы «тік жарлы, құламалы, құзды төбе» деген мағынаны береді.

ШӘУДІР (Шаудир) – құдық.Бозащы түбегінде, Тұщықұдық шаруашылық жерінде, Қызылқұм массивінің солтүстік шетінде. Тереңдігі – 6,5-7 м. Этногидроним. Шәудір – ортағасырлық түрікмен тайпасы. Этноним түрлі дереккөздерде әртүрлі варианттарда кездеседі: Махмуд Қашқарида – Джувалдар, Әбулғазы және Салар Бабада – Джаулдур, Чавулдур, Языджы – оглы - Чавындыр. Барлық дереккөздерде ол антропоэтноним, яғни Көкханның үшінші ұлы, Оғызханның немересінің есімі екендігі айтылады.

Мәдримаш мола - Бозашы түбегiнде, Шебiр мен Қызан ауылдарының аралығындағы жалғыз там.
Мәдримаш әулиенiкi деп те аталады, дегенмен осы кiсiге байланысты аңыз бар. Мәдримаш – адайдың Бектемiс руының кiсiсi. Тегi кавказдық, кiрме болса керек. Ауылдың қыз-келiншектерiн зорлап қоймаған соң, оны ұйықтап жатқан жерiнде атанға байлап, тартып өлтiрген. Бектемістер оны өздерінің рулық қорымдығынан бөлек, айдалаға жерлепті. Тек сол бектемістер осы Мәдримаштың моласын «Мәдримаш әулиенің моласы» деп атайды екен. Сонда оны өздері қыздарды зорлаған айыппен өлтіріп, оны кейін әулие санағаны ма? Бұл жерде Мәдримаш 19 ғасырдың емес, 14 ғасырда өмір сүрген адам емес пе екен деген ой келеді. «Орақ-Мамай» жырының Нұртуған жырау нұсқасындағы кейбір оқиғалар мен адам аттары бар. «Нұртуған жырау нұсқасында Орақ пен Мамайдың елі көшіп кетіп, өздері жұтап, малсыз қалған кезде, олардың бұрыңғы құлы байып, Ораққа астам сөздер айтып, сәлем жолдайды. Нұртуған нұсқасында құлдың аты  - Матрөшке. Олай болса, осы Мәдримаш әулиені Матрөшкімен салыстырып көруге болады. Мәдримаш пен Матрөшке. «Мәдр» және «Матр» бөліктері ұқсас болып тұр.  Мәдримаш есімі үлкендерді қадірлегенде қосып айтатын «еке» сөзін қосып айтқанда Мәдримаш-еке болып айтылады да, ал оның Мәдримашеке-Мәтрмәшке-Матрөшке болып шығуы мүмкін жағдай.

ШАҒЫЛОРПА (Шагылорпа) – құдық, Маңғыстау ауданы. Атау шағыл (зат есім) және орпа (зат есім) сөздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы: «өсімдігі жоқ, жалаңаш құмнан қазылған тайыз құдық».
Ол туралы мынандай дерек бар: «Басқасын айтпағанда, Баянды маңы ата-бабаларымыздың, берісі Ералиев атындағы колхоздың (төрағасы – Нұрбаев Өмірзақ) шаруасын дөңгелеткен шұрайлы қоныстары: Ұйқылы-Боржақты, Өмірзақ-Қайық, Көпдөрел-Жабағы-Шат, Шағыл-жұрт, Иілінің құмы  - қысы-жазы» (Бесінбай Бегеніш, «Үш қиян» газеті.) Соған қарағанда  Шағылжұрт, Шағылорпа Өмірзақ басқарған ауылдың атаулары.

МАНАШЫ (Манашы) – құдық, жылға. Бейнеу ауданы, Солт. Үстіртте. «Оның басталар жерінде Манашы атты мола тұр. Ел аузындағы аңызда «Қырымның қырық батыры» жырындағы Манашы батыр моласы осы делінеді (Маңғыстау энциклопедиясы, 2008, 414). Атау «ман» (зат есім) және «ащы» (сын есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Ман – «үндіеуропалық «өзен, су», «тау» деген сөз, ал ащы – көне түркі тіліндегі ащы құдық. Сонда атаудың мағынасы: «ащы сулы жылға, құдық».
Сонымен қатар, Манашы есімімен аталатын Бейнеу кентінен оңтүстік-оңтүстік-батыста 35-40 км жерде Манашы соры бар, осы сордан басталатын сай (тұзды сулы ащағар) солтүстік-батыс-батысқа қарай 20-30 км-ге ағып, Үстірт ернегі арқылы Өліқолтық сорына (шығанағына) шығады.

Манашы [Борқұдық] -  қорым; Үстіртте, Бейнеуден оңтүстік-шығыста 32 км, Ескі Бейнеуден оңтүстікте 15 км.

Манашы деген кім?  С.Ақынжановтың қыпшақтар туралы еңбегінен ортағасырлық қимақ тайпаларына қатысты кейбір пайымдары мен келтірілген деректеріне сүйене отырып,  эпостан Бейнеу маңындағы Ащағар-Манащы деген жерде өтеді, мұндағы Манащы – түрікпен топонимикалық дәстүрінде әлдебір Манның атымен аталған «ащы су», «ащы су ағатын сай» дегенді білдіреді.

«Қырымның қырық батырының» Маңғыстау картасына «ілінгені» «Ащағар сайы», «Манашұлы Тұяқбай» жырында қалмақтар осы сайдың бойында ноғайдың атақты биі Ормамбетті өлтіріп, Манашы батырды кепілдікке алып қалады. Алайда он бір бидің опасыздығынан, қорқақтығынан ол да қаза табады. Манашының Күйкен деген шешесі биік төрткүлден құлап өледі, сөйтіп, қайғылы оқиғалардың куәсі болған сай Манашы бұрын Аралтөбе деп аталған төрткүл Күйкенұшқан болып аталынып кеткен.

...Он сан байтақ болсын жер.
Орманбет бидің өлген жер
Күйкен сырты Манашы
Манашы соның баласы...

Үстірттің терістік-батыс ернегінде, Бейнеуге жақын маңда Ащағар (Манашы) және Сыңғырлау аңғарлары қатарласып барып, Қайдақ сорына шығып жатыр. Ал төменде, сор шетінде жеке Күйкенұшқан тауы мұнартып көрініп тұрады.

МАҚТЫМБАБА (Мактымбаба) – (қорым, Түпқараған ауданы. Этнонекроним.) – Қараған түбектегі Қаңғы баба алқабындағы әулиелі қорым.
«Қаңға баба» қорымының оңтүстік-батыс шетіндегі қыпшақ-оғыз заманының керуен сарайының ғимараты кейінгі ғасырларда ауық-ауық мектеп-медресе ретінде пайдаланылып тұрғандығы туралы әңгімелер бар. Сол мешіт кезінде «Мықтым мешіті» деп аталыпты. Осы «Мықтым» мен «Мықтым бабаның» бір нысан болуы әбден мүмкін. Мықтым – түрікпеннің «әулие» (овляд) саналатын бес руының біреуінің атауы.

Ертедегі жаугершілік алмағайып заманда Қаракөз бұлақ басында үлкен мешіт, оның Мақтым есімді молдасы, бірнеше шәкірттері болыпты. Тұтқиылдан келген жау молданы да, шәкірттерін де қырады. Алдымен мәйіт болған молданың басы үлкен алқапты көмкерген ернекті бойлап домалай беріпті. Сонда қан тамған жерге кейіннен мәуелеп тұт ағаштары қаулап өсіп, тоғайға айналып кетіпті. Ал жазықсыз жандар бауыздалған Қаракөз бұлақ басына зәулім бір ағаш шығып, оның бір тамырынан жас, бір тамырынан қан тамшылаумен болған. Аққан су толассыз шырылдаған дауыс шығарады. Ол-шәйіт кеткен жас шәкірттердің шырылдап жылаған даусы. Ал қан-төгілген қан ол етектегі төбеге жоса болып, сіңе берген. Аңыздың заттай дерегі-мешіт орны, бұлақ, тұт ағаштары, әлі тұр… жұрт Мықтым әулиені қасиет тұтып, басына зиярат етуге барады екен.

МЕРЕДСАЙ (Мередсай) – сай, мола, Түпқараған ауданы. Атау Меред (зат есім) және сай (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Антропоороним. Мағынасы: «Мередтің сайы».
Meрeдсай – Түпқараған ауданындағы сай, моланың атауы. Бұл жер атауы туралы Ә.Кекілбаевтың мына дерегі бар: «Мередтің жалғыз қызы болған екен, қарауында көп жалшылары да болыпты. Жарлы бір қазақ жігіті де соның жалшысы екен. Малы көп, суаратын су тапшы. Әлгі қазақ жігіт сегіз қырлы, бір сырлы өнерлі де, көрікті жігіт болған. Жігіт тауды жарып, көк тастан жол салыпты. Таудың тасын қашап жол салу қандай қиын. Қой тау басынан төмен түсуге қорқып, аяқ баспайтын көрінеді. Қой бастайтын серкені, екі-үш ешкіні енсіз таудан қашап салынған әлгі төмен түсетін жолға лақтырса, қой артынан шұбырып ереді екен. Бірақ екі қатар болып жүре алмайды, бір қой сиятындай ғана тар жол еді. Жігіт сол төмендегі сайдың етегінен 40 құлаш құдық қазған. Кемпірдің жалғыз қызына сол жігіт ғашық болып, құдықты бітіргесін, екеуі қашып кетеді. Ол күнде қазақ пен түрікменнің қыз алыспаған кезі екен. Меред Қызының артынан қуғыншы жібереді. Қуғыншылар жеткен жерінде атып өлтіріп, екеуін екі жерге бөлек жерлепті. Мередтің өтініші бар екен, өлгенде де қосылмасын деген. Екеуінің тамдарының арасы – 40 қадам».

ОҒЫЛАНДЫ (Огланды) – киелі орын, Қарақия ауданы, Үстірттің оңт. көлемінде. Оғландыда Бекет ата мешіті мен бейіті орналасқан. «Оғлан көне түркі тілінде – сәби, бала, ұл; оғул + ан кішірейту мәніндегі жұрнақ» (Э. Севортян, 1974, 412). Атау оғылан (зат есім) + ды (бір нәрсенің бар екенін білдіретін жұрнақ) туынды сын есім жасайтын жұрнағының қосылуы арқылы жасалған. Аңыз бойынша, ол – бала әулие делінеді.
. С.Қондыбай Оғыланды атауы туралы: «С.Поляков «оғлан сөзінің осы аймақта жиі кездесетініне мән бере отырып, осы атты иеленген тарихи соңғы адам Тоқтамыс ханның әкесі, XIV ғасырдың 50-60 жж. Маңғыстаудың билеушісі – Түйеқожа-оғлан екендігін атап өтеді.Ал Әбіш Кекілбаев Оғыландының әлгі Түйеқожа-оғланмен байланысты болу ықтималдығын ескерткен болатын» – дейді (С.Қондыбаев, 2000, 39). Өйткені орта ғасырларда әскер басыларын , хандарды оғлан деп атау дәстүрі болған. Осы мәліметтерге сүйенсек, атау: «Түйеқожа-оғлан жерленген, яғни хан жерленген қорым» болуы мүмкін.

Екінші нұсқада: «Нәрік-Шора» жырларындағы сексендегі Нәрікке әйел болған Ақмеңді мен шежірелік аңызда сексенге келген Құдайкеге (Қосайға) әйел болған Оғылмеңлі сұлу аттарының ұқсастығы мен қатар, олардың оқиғалық сюжеті де ортақ бастаудан шыққан. Ол – оғыз-қыпшақ тіл симбиозы немесе есен-қазақ дәуіріндегі беймәлім ман, маңлы (меңлі) руларының болғандығын ескертеді. С.П.Поляковтың зерттеулеріне сүйенсек, 11 ғасырдың аяғы мен 12-ғасырдың басындағы уақытқа қатысты тарихи құжаттарда Оқ-Балқанда «агар», «коклы», «сұлтанлы» сияқты рулармен қатар «оғлы» (оқлы) руының да есімі аталған. Сонымен қатар көне түрікпен моласындағы жазудан табылған имир халқынан тарайтын «без-оглы» руының есімі ( племя без-оглы, которое является подразделением народа имир») келтірілгені айтылады.  Міне осыдан «оқлы» мен «меңлі» руларының бірлігі Оғылмеңді есімінде сақталып отыр. Сол сияқты Маңғыстаудағы Оғланды, Балқандағы Оғланлы топонимдерінің түп тамыры болуы мүмкін деген жорамал келтіреміз.

ОЛЖАБАЙ (Олжабай) – мола, Қарақия ауданы. Темір баба әулиеден Бегдашыға қарай жүрген жолдың 95-100 км-лік тұсында делінеді. Антропонекроним.
«Аңыз дерегіне қарағанда, Олжабай – түрікмен батыры, оны осы жерде жекпе-жекте жеңген қазақ батыры тірілей көміп кетіпті. Көр астынан өліп бара жатып әлгі түрікмен «сен қазақтың осы дөңнен өтетін тұқымыңды аман жібермеспін» деп қарғыс айтыпты. Содан бері қазақ аңыздарында осы жерден өткен кездегі көрген жын-перілер туралы аңыз-әңгімелер сақталып келеді. Олжабайдың жыны таба нан ешкі, түйе т.б. болып көрініп тұрады екен. Олжабай моласының жын-перісі Маңғыстаудан Түрікмен еліне қарай бағытта жүргенде көрінеді екен де, түрікмен елінен кері қарай, қазақ жеріне жүргенде көрінбейді екен.

Ал оның «Жылаған әулие» деп аталуы Ожабайдың өлер алдында «өзім кінәлі болсам да, осы жерден өтетін адамдарға... зарымды айтып жатырмын» дегеніне байланысты екен.

Өлкедегі Шерқала деген ұшпа тауды жергілікті халық Оразұшқан дейді.
Мұңалдың жары тайпасынан Ораз Оңғалбайұлы деген орысша, арабша сауатты, көзі ашық би болған. Кетіктегі ояз оны өзіне тілмаш етіп алады. Ресейден келген экспедиция да қасынан тастамайды. Ораз ислам дінін айтып, үнемі уағыздап жүреді. Бірде орыстар: «Ал енді сенің құдайың  бар ғой, мына Шерқаланың ұшпасынан секірші» дейді. Ораз дәретін алып, намазын оқып, боз түсті тайлақтың жүнінен тоқылған ағима шекпенді делдитіп киеді. Әуелі құдай, сосын Бекет атаға сиынып, ұшқан екен. Ораз жерге аман-есен түседі. Ораз қозы еті, сорпасы, жылқы қазы-қартасы, шұбат пен қымыз ішіп тыңайып кеткен екен. Бірақ өзі қан түкірдім, қан кіші дәреттен көрінді. Сыр бермедім, ислам жолының әділ екенін дәлелдегім келді деген екен.

ОНДЫ (Онды) – ауыл, Маңғыстау ауданының орталығы Шетпе аулынан оңтүстік-шығысқа қарай 34 шақырым жерде, түбектің қақ ортасында, Шығыс Қаратау жотасының баурайында орналасқан. Қазақ тіліндегі “ондыға” ұқсас «оңды» сөзі жақсы, игілікті, әйбат т.б. жақсы сипатты ұғымдарға ие екені белгілі.
Ал Серікбол Қондыбайдың «Маңғыстаудың жер-су атаулары» кітабында мынадай мәлімет келтірілген: «Онды – елді мекен; Шығыс Қаратау жотасының күнгей беткейінде, Шетпеден шығыс-оңтүстік-шығыста 23 км жерде. Ағашты-Онды деп те аталады. Оның аты 1642-жылы қалмақтың бір тайпасын басып алған Даян Омбы, оның туысы Маңғыстауды басып алған Дундук Омбының есімдерімен байланыстырылады.

Оның былай қасында:

Ағашты, Шонжы, Онды бар.

Шоң деген судың басында,

Құрманалы хазiрет,

Мешiт салған Қоңды бар.

Одан әрi жүрсеңiз,

Өңеже мен Шилi бар.

Бұрынғы өткен қарттарда

Нендей дана, милы бар…»

Жоғарыдағы мәліметтерге қарағанда  «Ондының» қалмақтан қалған атау екендігіне Маңғыстау өңірінен шыққан белгілі зерттеушілер бірауызды екендігін көреміз.

Осыған қатысты «оңды» немесе «омбы» сөздерінің мағынасы және жоғарыда аталған Даян Омбо,  Дондук Омбо атты адамдар, олардың елі қалмақтар туралы мәліметтерді қарастыралық.

Біріншіден, «ондоо» сөзінің моңғол (қалмақ) тілінде «мықты», «ерекше, басқаша, өзгеше, бірдей емес, ұқсас емес, жеке» т.б.сапалық мағына беретіндігі рас. Бірақ моңғол тілді аумақта Ондоо сөзі арқылы жасалған ономастикалық бірлік жоқ. Себебі, бұл сөз морфологиялық сипаты жағынан зат есімді анықтауы керек немесе етістікті анықтап үстеу болуы қажет.

Ал «омбо» – тибет тілінде «қорғаушы» деген мағына беретін сөз екен. Яғни Омбо – адамның есіміне қосымша сипат беретін қосалқы айқындауыш сөз. Сондықтан да ХҮ-ХҮІ ғасырларда тибеттік буддизмді қабылдаған қалмақтар мен өзге моңғол тілді халықтарда Даян Омбо, Дондог Омбо, Бадма Омбо, Омбо Эрдэнэ, Дархан Омбо деген есімдер кездеседі.

Қалмақ тарихында жиі аталатын есімнің бірі - Даян Омбо. Ендеше Даян Омбо деген кім болды? Торғауыттың тайшысы Хо Өрлікке ерген өз жұртынан өзге, ХҮІІ ғасырдың жүзінде Еділге қарай бет түзеп көушілер көп болды. Бірбеткей қолбасшы Хо Өрліктің өзіне сөзін өткізіп жүрген, онымен ниеттес болған қалмақтың ірі билеушілерінің бірі – дөрбеттің Далай батыр тайшысы болды. Ол да Есен тайшының ұлы Борнагалдан тараған белгілі әулеттен еді. Далай тайшы туралы орыс деректерінде жиі айтылады. Даян Омбо - осы Далай тайшының ұлы. Орыс тарихшысы И.Я.Златкиннің дерегінше, 1663 жылы қошауыттың 3 мың түтінін Көнделен Убашы тайшы, дөрбеттің 1 мың түтінін Даян Омбо тайшы бастап Каспий теңізінің солтүстік-шығысына келген. Даян Омбоның Каспий теңізі аймағында қанша тұрғаны белгісіз. Біраз жылдар бойы мекендегені анық. Онды атауына негіз болған деп болжанатын Даян Омбо - осы дөрбеттің тайшысы.

ОТАР (Отар) – құдық, Бейнеу ауданы. Бұл сөздің этимологиясын Э.В.Севортян: «от «шөп»+ а – шөпті ота + р етістіктен зат есім тудыратын жұрнақ, сөздің мағынасын: «жайылым, өріс, ауылдан жырақтағы мал жайылатын жер», – деп көрсетеді.