Инф/Хим-19-1 by Adilbek

Жалпы білім беру ұйымдарындағы инклюзивті үрдістің құқықтық негіздері
ҚР инклюзивті білім беру үрдісінің құқықтық негіздеріне баға беріңіз. Сіздің ойыңызша, қандай өзгертулерді қажет етеді? (+-150-200 сөз)

Білім беруге әлеуметтік-психологиялық көзқарас
Өз пәніңізге қатысты оқушылардың метанымдық дағдыларын дамытатын әдіс-тапсырмалар ұсыныңыз. (+- 150 сөз)

Білім беруге әлеуметтік-психологиялық көзқарас
Өз пәніңізге қатысты оқушының өзіндік «мен» тұжырымдамасын жоғарылататын әдіс-тапсырмалар ұсыныңыз. (+-150 сөз

Дифференциалды оқыту әдісі
Дифференциалды оқыту әдісін өз сабағыңызда қалай қолданар едіңіз? Нақты мысалдар келтіре отырып, ой тарқатыңыз. (+- 150 сөз)

Койчибаева Махабат
Дифференциалды оқыту әдісі
Оқытуда, оқушылардың барлық ерекшіліктерін ескеруді жүзеге асыратын құрал-  дифференциалды оқыту болып табылады.Ал болашақта мен пән  мұғалімі ретінде сабақтарымда дифференциалды оқыту әдісін қолданамын. Сабақ барысында міндетті үш деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаймын. Тапсырмаларға төмендегідей талаптар қойылады:

1.Оқушылық деңгей

1)Жаттап алуға лайықталған болуы керек;

2)Алдыңғы сабақта жаңадан берілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтап алу

3)Тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек

2.Алгоритмдік деңгей

1)Өтіп кеткен материал бойынша білімді реттеуге, жүйелеуге берілген тапсырмалар. Оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет болады.

2) оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар: логикалық тапсырмалар, ребустар мен сөзжұмбақ және компютерге байланысты әр түрлі ойындар.

Дифференциалды оқыту әдісін қолдану барысында үш мақсаттылықты алға қоя отырып және оны шешу үшін тақырыпты терең, әрі жан-жақты қарастырамын. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескеремін. Оларға берілген тапсырмалар әр деңгейлі болуы керек, сонда ғана сабаққа ынта-ықласпен араласып, сабақ жоғары деңгейде өтеді. Деңгейлік тапсырмалар жүйелі дамыта оқыту идеясымен жүзеге асырылады.Тапсырмалардың оңайынан күрделіге қарай дифференциалдау негізгі талаптарының бірі.

Оқушының өз білімін өзі бағалау және бақылау дағдысын қалыптастыруға да көңіл бөлемін.Тақырып бойынша сұрақтар, деңгейлік тапсырмалар: есеп, шығармашылық тапсырмалар ойластырамын. Өздік жұмысы, бақылау жұмысы 3 деңгейде беріледі. Мысалы информатика пәнінен 9 сыныпта питон бағдарламасына шығарылатын есептер.Ал келесі жылы 10 сыныпта бұл оқушылар Java бағдарламасында есеп шығарады.
Сыныпты топқа бөлгенде болса 3,4 топқа бөлемін әр топта 4,5 оқушыдан болады.Топқа бөлінгенде олар тақырыпты жақсы меңгереді тақырыпта түсінбеген жерлерін түсінеді.
Ал кері байланыс жасаған кезде сыныпқа: Бұрын мен білмеуші едім. Енді мен  білемін деген сияқты ой-пікірлерін  білдіру боп табылады. Мысалы: «Плюс, Минус, Қызықты». «Плюс»-оң  әсер еткен фактілерді, алған білімдері жайлы жазады. «Минус»-қолымнан келмей жатыр  немесе түсініксіз болып тұр деген ойларын жазады.Менің ойымша дифференциалды оқыту бул оқушылардың сабақты жақсы меңгеруіне мүмкіндік береді.

Асылжанова Нұргүл Хим 19-1
Химия пәніне қатысты оқушының өзіндік «мен» тұжырымдамасын жоғарылататын әдіс-тапсырмаларды ұсынар едім:

1. Сабақтың басында психологиялық көңіл -күйдің әр түрін қолдану және топтарға бөлуді қолданар едім(«Күлімсіреу»,«Тәтті тілектер»,«Смайликтер», «Мультфильм кейіпкерлері» әдісі); Бір-біріне жылы сөздер,тілектер айту арқылы бір бірлерінің самооценкасын көтеруге жағдай жасайды.

2. Сабақ барысында ең алдымен оқушыларға оңай деңгейдегі тапсырмаларды беру арқылы оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырамын.Оқушылар сол оңай тапсырманы орындау арқылы өздеріне іштей«Мен бұл тапсырманы орындай алады екенмін,Менің қолымнан келеді» деген ойлар келеді.Одан кейін біртіндеп тапсырмалардың деңгейін көтеремін.Сол арқылы оқушының өзіне деген сенімділігі артады.

3. Сабақтың басында«Табыс баспалдағы» рефлексиясы қолданар едім.1-3 баспалдақ- өзін-өзі бағалаудың төмендігі. 4 - 7 баспалдақ - бұл өзін -өзі бағалаудың лайықты көрсеткіші. 8-10 баспалдық-өзін жоғары бағалау.Осы рефлексияны қолдану арқылы мен алдымен оқушылардың самооценкасы туралы ақпарат білім аламын. Одан кейін апта соңында ол көрсеткіштен прогресс және регресстің болуы анықталады.Бұл әдістеме осы сабақта жаңа материалды меңгеру барысында балалардың өзін-өзі бағалауын қалыптастырудағы оң динамиканы анықтауға мүмкіндік береді.

4. Сабақтың соңында мен өзін-өзі бағалауды қалыптастырудың, нәтижелердің қалыптасу деңгейін анықтаудағы, не үйренгенін түсінудің ең сәтті«Сөйлемді аяқта»әдісін қолданар едім.Оқушылардың әрқайсысы келесі сұрақтарға жазбаша түрде жауап береді:Сіз қандай жаңа білім алдыңыз?Жауапты мына сөздерден бастаңыз:

1. Мен білдім…

2. Мен білемін...

3. Маған қызық болды...

4. Мен көбірек білгім келеді....

(Алдоңғарова Назира)Кез- келген жаратылған адам жеке тұлға. Сондықтан, әр адамның ерекшелігі мен кемшілігіне қарамастан жеке "мен" тұжырымдамасын дұрыс қалыптастыру керек. Ең алдымен "мен" тұжырымдамасы оқушыларда неліктен дұрыс қалыптаспауы мүмкін ?1) Сенімсіздік. Яғни, оқушының өзіне деген сенімсіздігінен(менің қолымнан келмейді,мен айта алмаймын, мен мына есепті шығара алмаймын және т.б)2) Ата-анасың қолдауы болмағандықтан. Осы кезде айта кететін жағдай көп ата-аналар өз баласын өзгенің баласымен салыстырады менің ойымша бұл дұрыс емес.3) Өзінің қабілеттерін мен жетістіктерін жете білмеуі.Осы айтылған мәселелер туындаған жағдайда өз пәніме қатысты мынадай әдіс-тәсілдер қолданар едім.1)Оқушыны мақтау, мадақтау.Бұл оқушының менін қалыптастыру үшін қолдануға болатын бірден бір әдіс. Сол үшін оқушының сабаққа қатысты жасаған әрбір дұрыс әрекетін мақтау керек деп ойлаймын. 2)Сабақты қызықты етіп өткізіп әрбір оқушының ой қабілеттеріне ерекшеліктеріне сай деңгейлік тапсырма беру. Яғни, өзіне деген сенімділік арттыру мақсатында. 3) Оқушыларды топқа бөлу арқылы көптеген қызықты ойындар мен тренингтерді ұйымдастыру. Ешбір оқушыны назардан тыс қалдырмау керек. Сондықтан ойындар мен тренингтер арқылы сабақ қызықты болары сөзсіз.Сөзімді қорытындылай келе, оқушылардың "мен" тұжырымдамасын дұрыс қалыптастыру ата-ана мен мұғалімге тығыз байланысты. Әрбір оқушының бойында мен тұжырымдамасының дұрыс қалыптасуы оның болашағына деген үлкен ықпалын тигізеді. Сондықтан, әрбір баланың өміріне немқұрайлылықпен қарамай балаға дер кезінде дұрыс бағыт бағдар беру керек деп ойлаймын.

Назарханқызы Әсел
Химия пәні бойынша дифференциалды оқыту әдісін мен бірнеше түрде қолданатын едім. Химия пәні негізінен көзбен көріп, қолмен істегенде есте жақсы қалатын пәндердің бірі. Сондықтан мен “Двойной слой” әдісін қолданып сабақ өткізетін едім. Ол дегеніміз сабақта теориялық бөліммен практикалық тапсырманы қатар орындау. Ол тақырыптың жақсы меңгерілуіне сонымен қатар, қызықты өтуіне ықпал етеді. Мектепте әрбір тақырыптың практикалық яғни лабораториялық жұмыстарын өткізуге мүмкіндік бола бермейді. Мысалға прибор, реактивтердің жетіспеушілігі немесе улы заттардың болуы. Сондықтан  қолдан жасауға келмейтін эксперименттерді ютуб каналындағы видеолар немесе виртуалды лаборатория арқылы өткіземін.

Ал есеп, формула жағына келетін болсақ, онда оқушылардың деңгейіне байланысты үш топқа бөлемін. Бірінші деңгей мұғалімнің сабақты қайталап түсіндіруін және оңай есептер мен тапсырмаларды қажет етеді. Екінші деңгейдегі оқушыларға күрделілеу есептер және іздену түріндегі тапсырмалар беріледі. Ал үшінші деңгей мұғалімнің бағыт-бағдарын ғана қажет етеді. Бұл топтағы оқушыларға қосымша жұмыстануға болады. Яғни мұғалім оларды олимпиада, ғылыми жұмыстарға дайындай алады.

Сабақты қорытындылау немесе қайта еске түсіру үшін “урок за минуту” форматын қолданатын едім.( бірақ 1 минут емес қосымша уақыт беремін) Бұл жерде оқушы есте сақтағанын қорытындылап, сабақ соңында параққа жазады. Келесі сабақта өткен тақырып бойынша есте қалғандарын немесе қосымша біліп келген ақпараттарын жазады. Содан кейін екі парақты салыстыра отырып, олар алдыңғы сабақтан ұмытқандарын еске түсіріп, тақырыпты толық қамтып шығады.  Тақырыпты қорытындылауға Kahoot, Quizizz, Викторина сияқты ойын түрлерін де қолданамын.

Және де әр тараудың соңында 1 сабақ сұрақ-жауап форматында болады. Яғни оқушылар түсінбеген, білмеген немесе ұмытып қалған жерлерін оқытушыдан сұрап, білімдерін толықтырады.

Наурзбаева Диана Химия
Қазіргі білім беру жүйесінің негізгі мақсаты-өзіндік “мен” деген тұжырымы бар,ойын толықтай жеткізе алатын ұрпақ тәрбиелеп шығу.Мектеп-ол оқушыны үйрететін орта болып табылады,ал мұғалім оқушыға білім нәрін сусындататын құнды тұлға.

Ендігі сұрақ “оқушының өзіндік “мен” тұжырымдамасын қалай дамытамыз?”.Көптеген мектептерде ол тұжырым дұрыс дамымаған.Біраз зерттеу мен сауалнамаларға қарайтын болсақ,оқушы ес біліп есейген сайын оның оқуға деген мотивациясы төмендейді екен.Бұл ненің кесірінен?Әдетте мұғалімдер,ата аналар баланың ойымен санаспайды,онымен тілдесуге көп бармайды.Сол себептен баланың өзіндік “мені” әлсірей бастайды,ол өзінің бағасын білмей тек өз ортасындағы адамдардың ойымен қалыптаса береді.Бұл үлкен кедергі деп білемін.

Грузияның педагог психологі Амонашвилидің «баланы өз тәрбиемізге алсақ оған қанат бітіріп, оны білім нәрімен сусындатып, қанаттандыруымыз керек» деген кеңесімен келісе отыра болашақта химия пәнінен өзім сабақ беретін кезде оқушыларға білімді түрлі тәсілдер мен тренингтерді,ойындарды немесе зертханалық жұмыстарға ерекше деген тәжірибелерді  өткізіп қызықтыру мақсатында олардың дәрежесін,өзіне деген сенімдерін арттырып,оларды естіп және тыңдай алып,мотивация беруге тырысамын.

Оңғарбаева Әсем Хим19/1
Мұғалім ол оқу процесі үшін қандай да бір маңызды ортақ қасиеттердің болуын ескере отырып  оқушылар тобымен жұмыс істейтін оқу процесін ұйымдастыру нысанын дифференциалды оқыту айтамыз.

Бұл оқушылардың әртүрлі топтары үшін оқу процесінің мамандануын қамтамасыз ететін жалпы дидактикалық жүйенің бөлігі.

Мен болашақ мұғалім ретінде сыныбымда оқытудағы бұл тәсілді- әр түрлі мектептер, сыныптар, топтар үшін олардың контингентінің ерекшеліктерін ескеру мақсатында оқытудың әртүрлі жағдайларын жасау мақсатында қолданамын.

Оқушыға химиядан білім беруді ұйымдастыруда оқу жүйесіне  төмендегіде әдістерді қолданамыз, яғни диагностика  нәтижесінде топтар құрылады:

1. Танымдық белсенділігі жоғары оқушылар. Олар шығармашылық стандартты емес ойлаумен, тұрақты назар аударумен, жақсы өнімділікпен сипатталады. Бұл оқушылар ақпаратты өз бетінше талдау және жалпылау дағдыларына ие.

2. Орта оқу қабілеті бар оқушылар. Аналитикалық ойлаудың төмен деңгейіне байланысты олар шығармашылық жалпылауға қабілетті емес, олар үшін бірнеше қайталау маңызды. Материалды мұғалімнің көмегімен тірек сызбаларына сәйкес игеріңіз.

3. Оқу белсенділігі төмен оқушылар. Олар баяу, шаршау, мотивацияның болмауымен ерекшеленеді. Мұғалімнің жеке көзқарасын талап етеді. Бұл студенттерге қосымша тапсырмалар, тапсырмаларды орындау алгоритмі, егжей-тегжейлі нұсқаулар қажет.

Оқуды саралау қазіргі уақытта мектепті жаңартудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Оқу іс-әрекетін сараланған ұйымдастырудың негізгі міндеті-даралықты ашу, оның дамуына, тұруына, көрінуіне, селективтілікке және әлеуметтік әсерлерге төзімділікке қол жеткізу. Оқу процесінің әртүрлі кезеңдерінде оқушыларға сараланған тәсілді қолдану, барлық оқушылардың белгілі бір бағдарламалық білім дағдыларын игеруіне бағытталған.

Серікбол Дәмегүл Хим 19-1
Білім беруге әлеуметтік-психологиялық көзқарас

Білім саласында әлеуметтік-психологиялық саланың маңызы аса зор. Неге? Себебі, әр білім алушының психологиясымен жұмыс жасау оңай нәрсе емес. Оның ынтасын ашу, білімге ұмтылдыру әр педагогтың ісі.

Мен бұл жағдайды ұтымды пайдаланар едім. Нақтырақ айтсам, әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданысқа енгізу арқылы оны өрбіткім келеді.

Ол үшін:

1. Мектептегі оқушыларға психологиялық зерттеу жүргізбей, тікелей олардың ата-аналарымен жұмыс жасар едім. Әлеуметтік-психологиялық көзқарастарын зерттеп, сауалнама жүргізсек нұр үстіне нұр болмақшы.

2. Әр шәкірттің қабілетін ашу үшін түрлі психологиялық ойындар ойнатқым келеді. Тренинг секілді өткізу арқылы ойындармен шәкірттің қабілетін анықтау оңай – деп ойлаймын. Power Point арқылы презентация жасап, үлкен тақтамен түрлі видео көрсетілімдерін жасап, қызықты өткізер едім. Астарына үңілетін болсам, мұның барлығы еліміздің болашағымен де тікелей пара-пар.

Еліміздің болашағы жарқын болсын десек, осындай кішкентай қадамдармен алға жылжуымыз қажет. Балалардың әлеуметтік-психологиялық көзқарасын жақсы жаққа өзгертуге де болады. Әрине, оңай нәрсе деп айтпаймын. Бірақ, әрекет-түбі берекет қой. Елімізде білімді һәм елінің қамын жейтін жастарымыз көп болсын!

Гурбанова Гурбансолтан инф19_1. Дифференциациялап оқыту -білім алушылардың мүдделерін,бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау процесі,яғни білім беру процесін ұйымдастыру. Дифференциациялап оқыту жалпы оқыту процесінің құрылымын, мазмұны мен ұйымдастырылуын өзгерту арқылы оқушылардың қызығушылығын неғұрлым толық ескеруге, олардың қабілетін дамытуға, жоғары сынып оқушыларына өздерінің кәсіби қызығушылығы мен оқуын жалғастыруға қатысты ұстанған бағыт-бағдарына сәйкес білім беру үшін жағдай туғызуға мүмкіндік береді[2].Дифференциация латын сөзінен аударғанда- айырымдау, бөлшектеу, жіктелу, саралау деген мағынаны білдіреді. Даралаудың ерекшелігімен байланысты студенттің жеке тұлға бейнесін ашудағы студентке өзіндік оқу жолына түсуге мүмкіндік беруге, оның өзіндік қабілеттілік деңгейіне және оқу материалының көлеміне қатысты. Білім беру жүйесіндегі ішкі факторлар ең алдымен әр студенттің мүмкіндік қажеттіліктерінің әртүрлі болуы кәсіптік оқытудың пайда болуына себепкер болды. Дифференциациялау және даралап оқыту жүйесінде туындаған мәселелер уақыт өте жалпылама оқыту жүйесінде туындайды.Иа,бұл оқыту жекелеп,педагогтардың оқыту жүйесін студенттің қызығушылығына оның ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескеру арқылы жасалған.Білім беруді дифференциалдау – студенттің өзіндік білім бағдарламасын құруымен ғана шектелмей, өзіндік жұмысты оқытушымен бірге отырып жүзеге асыратын ерекше процесс. Ал бұл оқыту технологиясы талаптарымен де толық үндеседі, өйткені бұл технологияның мәні - студенттің өзіндік шешімдеріне тәуелді болып келеді[4].Бұл оқыту технологиясының қарастыратын міндеттері келесілер:жалпы білім беруді білім алушылардың еңбек нарығына ену процесіне назарын күшейте отырып, әлеуметтік-экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету;оқушылардың таңдаған бейініне қарай жалпы орта білім көлеміндегі математиканы тереңдетіп оқу мүмкіндігін қамтамасыз ету;білім беру процесінің вариативтілігі мен тұлғаға бағдарлануын қамтамассыз ету,оқушының білім алу әрекетіне деген қызығушылығын арттыру;білім беру мазмұнын жаңғырту және оның компонентін күшейту негізінде білім алу процесінің практикалық бағдарлануын іске асыру [3].Дифференциалдық оқытуда топтарға түрлі ерекшеліктерге қарай бөледі:1.Психологиялық ерекшеліктеріне қарай2. Оқу үлгерімі бойынша бөлу3. бағдарына қарай бөлу.Менің дифференциациямда бағдар бойынша бөлінген, бірақ оқушыларды топтастырғанда оқу үлгеріміне көбірек мән бердім.Дифференциалды оқыту негізінде мен мемлкеттік стандартқа сәйкес үш топқа бөлді:базалықкеңейтілгентереңдетілгенСабақтың құрылымында білім оқушыларға дайын күйінде берілмей, проблеманы шешу түрінде беріледі, соның ішінде өздігінен шешуге. Сонда, Білім оқытудың мақсаты емес, проблеманы шешу құралы болу керек. Яғни алатын білімнің проблеманы шешу үшін қажет екендігін оқушы түсіну керек, сонда ғана оның қызығушылығы және белсенділігі артады. Оқушылар топқа бөлініп, проблеманы шешу үшін қажетті ақпаратпен жұмыс жасау керек.

Дифферианциялап оқыту
(Инф 19-1 Жахан Әміре)

Оқытудың бұл түріне қатысты пікірлер мен көзқарастарды зерттеуге бағытталған алыс жəне жақын шетелдік, сондай-ақ отандық ғылыми əдебиеттерге сараптамалық шолу жасалды. Бірқатар зерттеулерге салыстырмалы талдау жасай отырып, мұғалімдердің дифференциалды оқыту мəселесіндегі ұстанымдарына, тұжырымдамаларына сараптамалар жасалды. Дифференциалды оқытуды жүзеге асыру үшін жүйелі түрде білім алушыларға күрделілігі əртүрлі жұмыстарды жүргізуге, мұғалімдермен пікір алысып, білім алушының өзімен сырласуы, ата-ананы одақтас етіп, ынтымақтастықты арттыру істің нəтижелі болуына мүмкіндік жасайтындығы баяндалды. Сонымен бірге талап-тілектеріне сай қосымша уақыт бөліп, бірлесе сынақ-тəжірибелер жасау, бірлесе жасалатын жұмыстар даярлауда көмекке шақыру, көрнекі көрсетілетін тəжірибелерді жасауда жəрдемдесу, біріге еңбек ету – бұл дифференциалды оқытудың маңызды міндеті болып табылатыны туралы айтылды.