Журнал путешествий by Dana Nurmuhan

Стамбул, Турция
Менің армандар картамда "Саяхаттау" бөлімінде тұрған ең бірінші ел, қала бұл Стамбул. Бұл қала туралы қызық ақпарат болсын, тарихтан болсын оқып, біліп жүруге тырысамын. Өзім білетін мәліметтермен бөліссем. Жалпы, Мәрмәр теңiзiнiң жағалауында, Босфор бұғазын жағалай орналасқан қалада үнемi теңiзден самал есiп, жан жүрегiңдi жадыратып тұрады екен. Ежелгi гректер мекен еткен Константинополь мәдениетiнiң қалдықтары мұнда әлi де кездеседi. Ая София храмын айтпаған күннiң өзiнде Мәрмәр теңiзiнiң жағасында салынған ұзыннан-ұзақ созылған қорғанның қалдықтары да Византия дәуiрiнен сыр шертедi екен. Географиялық орналасуы геосаяси тұрғыдан аса тиiмдi, Еуропадан бiрден Азияға жол салған кәрi Стамбул арқылы Қаратеңiзден Мәрмәр теңiзiне, одан Жерорта теңiзiне сапар шегуiңiзге мүмкiндiк бар. Бұнда әйгiлi Суэц каналы Африка құрлығына бастайды. Мәрмәр теңiзi мен Қара теңiздi жалғап жатқан әйгiлi Босфор бұғазы Стамбулға туристердiң келуiне мұрындық болуда. Азия мен Еуропа құрлығын жалғастырған аспалы көпiрдi тек көруге ғана келетiндерде сан жоқ. Екi бiрдей алып империяның – Византия және Осман империясының жүрегi болған шер көкiрек кәрi қаланың геосаяси тиiмдiлiгi де осында.

Казахстан
Менің туып-өскен жерім – Қазақстан. Қазақстан – Еуразия құрлығындағы ең үлкен мемлекеттердің бірі. Қазақстан Республикасы - өз аумағында тұратын барлық азаматтардың ортақ Отаны. Отаншылдық өз үйіңнен басталады. Кімде-кім ата-анасын ардақтаса, бірге тұрған бауырларымен тату болса, өзінің өскен ауыл, қаласын, туған ұлтын сыйлап, қадірлесе, сол адам отаншыл болады.
Қазақстанның кең даласын, биік тауларын, ормандары мен көлдерін көрген адам оны еш уақытта ұмыта алмайды. Біз жер шарының осындай сұлу, бай өлкесінде тұрамыз. Ол – біздің Отанымыз.
Қазақстанның территориясы батысында Волганың төменгі ағысынан, шығысында Алтайға дейін 3000 км созылып жатыр. Ал солтүстікте Батыс Сібір жазығынан оңтүстікте Тянь-Шаньға дейін 2000 км-ге жуық қашықтыққа созылады. Қазақстанның оңтүстік-шығысында биіктігі 7000 м жететін Хан-Тәңірі тау массиві бар. Қазақстан Республикасы Евразия материгінің ортасында орналасқан.
Қазақстанның жер беті әр алуан. Онда басын мұз басқан биік таулар да, биіктігі орташа таулы қыраттар да, кең-байтақ жазықтар мен ойпаттар да бар.

Париж, Франция
Мен Париж қаласын – армандар мен пәк сезімдер мекені деп білемін. Мен болашақта саяхаттау барысында қатты көргім келетін, саяхаттағым келетін мекен. Париждың көз тартар керемет көрікті жерлері баршылық. Париж десе көз алдымызға Эйфель мұнарасы елестейді. Меніңде көргім келетін осы, сосын Монмантр диірмені, Лувр мұражайы т.б саяхаттаймын көрікті жерлер бар. Жалпы өз басым саяхаттауды былай түсінемін, саяхаттау адамға өте пайдалы , саяхаттаудың арқасында адам көп біледі және бостандық табылады.

Эйфель мұнарасы келеді.

Таиланд
Тайланд – әлемнің түкпір-түкпірінен келетін миллиондаған туристердің әйгілі демалыс орны, мыңдаған ғибадатханалардың шаһары. Тайланд жағалауларында көптеген шипажайлар орналасқан. Оның ішінде Банкок, Паттайя, Пхукет және Самет аралдары туристер үшін Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең тартымды шипажайлар болып табылады.

Мұндағы тіл үйірер дәмді тағамдарға бай тайлық асхана және жергілікті салт-дәстүр, барлығы да қонақтарды қызықтырып, өзіне еріксіз тартады. Менің арманымдағы Саяхаттың ішінде анам мен әпкелеріммен бірге барып демалғым келетін бірден бір ел осы...