Моя эпическая доска Padlet by Бактигул Тасболатовна
Ө
Эссе өсімдіктер физиологиясы
Өсімдіктердегі су алмасу физилогиясы. Өсімдіктер тіршілігіндегі судың рөлі. Өсімдіктердің физико-химиялық құрылымы.
1) Өсімдіктердегі су алмасу физиологиясына тоқталсақ- жалпы олар тіршілік әрекеттерінің негізі болып табылады. Суды негізі суды тамыр арқылы топырақтан сіңіреді. Бұл су сіңіру процессі осмостық қысымға және тамыр түктерінің белсенді қызметіне байланысты жүзеге асырылады. Сіңірілген су ксилема арқылы өсімдіктің барлық мүшесіне таралады. Су алмасудың маңызды процессі - транспирация. Транспирация кезінде су буланып, өсімдікдің салқындауын қамтамасыз етеді және қоректік заттардың тасымалдануын жеңілдетеді. Сонымен қатар,судың қозғалысына тамыр қысымы, капиллярлық күштер мен булану нәтижесінде пайда болатын сорғыш күш әсер етеді. Су алмасудың тиімділігі өсімдіктің өсуі мен өнімділігіне тікелей ықпал етеді.
2)Өсімдіктер  тіршілігіндегі судың рөлі: Су өсімдіктердің тіршілігіндегі ең маңызды заттарының бірі. Ол жасуша цитоплазмасының негізі бөлігін құрайды және зат алмасу процестерінің жүруіне қатысады. Су фотосинтез процессінде сутегі көзі ретінде пайдаланылады, нәтижесінде органикалық заттар түзіледі. Сонмен қатар, су қоректік заттардың еріткіш қызметін атқарады және оларды тамырдан жапыраққа дейін тасымалдайды. Өсімдік жасушаларының тургорлық қысымы да су мөлшеріне байланысты. Егер өсімдік жеткілікті су ала алмаса, оның жасушалары солып, физиологиялық процесстері баяулайды. Су өсімдіктің гүлденуі және қажетті жеміс беру үшін қажетті жағдайларды жасайды.
3) Өсімдіктердің физико-химиялық өасиеті және құрылымы- су алмасу процесстерімен тығыз байланысты болып келеді. Өсімдік жасушаларының осмостық қысымы су мөлшеріне тәуелді, ол судың сіңірілуі мен қозғалысына әсер етеді. Жасуша қабықшасы жартылай өткізгіштік қасиетке ие, бұл судың осмостық қысым арқылы жасушаға өтуіне мүмкіндігін береді. Тургорлық қысым өсімдік жасушаларының серпімділігін сақтайды, ал су потенциалы судың қозғалыс бағытын анықтайды.
Қорытындылай келе өсімдіктердегі су алмасу процессі- олардың тіршілігінің негізін қалаушы процесс. Су фотосинтезден бастап қоректік заттардың тасымалдануы мен жасуша құрылымының сақталуына дейінгі барлық физиологиялық процестерде маңызды рөл атқарады. Өсімдіктің физико-химиялық қасиеттері судың сіңірілуі мен таралуын қамтамасыз етеді. Сондықтан өсімдіктердің су алмасу механизмдерін зерттеу олардың қоршаған ортага бейімделуі мен өнімділігін арттыруда үлкен маңызға ие.
Студент: Реимбаева Ақбілек Джамбулқызы
Судың физико-химиялық касиеті жәнекұрылымы
Өсімдіктерде су алмасу - олардың тіршілігін қамтамасыз ететін маңызды физиологиялық процесс. Су тамыр арқылы топырақтан минералды заттарды сіңіріп,сабақ пен жапыраққа тасымалдайды, содан кейін транспирация яғни булану арқылы сыртқа шығарылады. Су алмасу кезінде өсімдік ұлпаларындағы судың осмостық қысымы, судың потенциалы мен оняң копилярлық қозғалысы негізгі, маңызды рөлді атқарады. Өсімдіктердегі судың қозғалысы, тамыр қысымы, жапырақтардағы булану әсерінен жүзеге асады.
Өсімдіктер тіршілігіндегі судың рөліне тоқталатын болсақ, су- өсімдіктердің тіршілігіндегі процесіне қатысатын басты зат. Ол фотосинтез , тыныс алу, зат алмасуға жауап береді. Су жеткіліксіз болса, өсімдіктердің өсуі баяулайды, ал артық болса тамырлары шіриді.
Судың физикалық-химиялық қасиеттері. Су малекуласы оттегі мен екі сутегі  атомынан тұрады және полярлы қасиетке ие. Осы полярлығының арқасында ол көптеген заттарды ереткіш ретінде қызмет атқарады. Су малекулалары арасындағы сутектік байланыстар оның жоғары жылу сиымдылығы мен беттік керілуін қамтамасыз етеді. Бұл қасиеттерді судың өсімдік бойымен жоғары көтерілуіне және жасушаларда тепе теңдікті сақтауға мүмкіндік береді. Осылайша, су өсімдіктер тіршілігінің негізгі элементі болып табылады және олардың қоршаған ортаға бейімделуінде үлкен әрі маңызды рөл атқарады.
Альдахан Асылзат
Өсімдіктердегі су алмасу физиологиясы
Су-өсімдіктердің тіршілігін қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі.Ол жасушалардың құрылымын сақтап,биохимиялық процестердің жүруіне қатысады.Су алмасу-өсімдіктің тамыр арқылы суды сіңіріп,сабақ бойымен тасымалдап,жапырақтары арқылы буландыруы.Бұл үдеріс өсімдіктің өсуі мен дамуы үшін маңызды.
Өсімдік суды топырақтан тамыр түктері арқылы сіңіреді.Бұл процесс осмос арқылы жүзеге асады:су концентрациясы жоғары ортадан концентрациясы төмен ортаға өтеді.Сіңірілген су ксилема арқылы жапырақтарға дейін тасымалданады.
Транспирация-өсімдіктің жапырақтары арқылы судың булануы.Бұл процесс өсімдікті қызып кетуден қорғайды,сондай-ақ топырақтан судың үздіксіз сіңірілуін қамтамасыз етеді.Сонымен қатар,су минералды заттардың өсімдік бойымен тасымалдануына көмектеседі.Су өсімдік жасушаларының серпімділігін сақтайды.Егер өсімдік жеткілікті мөлшерде су ала алмаса ,оның жапырақтары солып ,метаболизм процесі баяулайды.Су фотосинтез үшін де қажет,өйткені ол көмірқышқыл газымен әрекеттесіп ,органикалық заттардың түзілуіне ықпал етеді.
Қорытындылай келе,су өсімдіктердің тіршілігі үшін маңызды ресурс.Ол жасушалардың тіршілігін сақтап ,зат алмасу мен қоректік заттарды тасымалдау  процестеріне қатысады.Су балансының бұзылуы өсімдіктің әлсіреуіне және өлуіне әкелуі мүмкін.Сондықтан өсімдіктердегі су алмасуды зерттеу ауыл шаруашылығы мен экология саласында маңызды рөл атқарады.
Эссе
«Тамыры терең ағаш дауылдан қорықпайды»бұл мақал өсімліктердіңфизиологиялық ерекшеліктерімен тығыз байланысты.Өсімдік физиологиясы дегеніміз табиғаттың тылсым заңдылықтарын зерттейтін ғылым,ал осы заңдылықтарды түсіну арқылы біз қоршаған ортаны сақтап,оның байлығын тиімді пайдалана аламыз.
Өсімдік физиологиясы - өсімдіктердің тіршілік әрекеттерін , олардың қоршаған ортамен өзара байланысын зерттейтін ғылым саласы.Ол өсімдіктердің сыртқы орта факторларына қалай бейімделетінін және қоршаған ортамен өзара байланысын қарастырады.
Өсімдіктер физиологиясының маңызды процесстерінің бірі-фотосинтез.Бұл процесс барысында өсімдіктер күн сәулесінің энергиясын пайдаланып,көмірқышқыл газы мен судан органикалық заттар түзеді.Фотосинтездің нәтидесінде атмосфераға оттегі бөлініп,жер бетіндегі тіршілік үшін қажетті энергия қоры жинақталады.
Тыныс алу- өсімдіктердің тағы бір маңызды физиологиялық процесі.Бұл кезде органикалық заттар ыдырап,энергия бөлінеді.Бұл энергия өсімдіктердің өсуі,дамуы және басқа да тіршілік әрекеттері үшін қолданылады.
Су алмасу өсімдіктепдің өміріндеерееше орын алады.Су өсімдіктің жасушаларының тургорын қамтамасыз етеді,қоректік заттарды тасымалдайды және фотосинтез процесіне қатысады.Су тапшылығы өсімдіктің кері әсерін тигізеді,сондықтан олар құрғақшылыққа бейімделу механизмдерін дамытқан.
Минералды қоректену өсімдіктердің топырақтан қажетті элементтерді сіңірін қамтиды.Бұл элементтер ферменттердің қызметі, ақуыздар мен нуклеин қышқылдарынын синтезі үшін қажет.Минералды элементтердің жетіспеушілігі өсімдіктің өсуі мен дамуын тежейді.
Өсімдіктердің өсуі мен өнуі фитогормондар арқылы реттеледі.Ауксиндер,цитокининдер,гиббереллиндер сияқты гормондар жасушалардың бөлінуі мен ұлғаюын,мүшелердің қалыптасуын және өсімдіктің жалпы морфогенезін бақылайды.
Өсімдік физиологиясының зерттеулері ауыл шаруашылығы,орман шаруашылығы және экология салаларында кеңінен қолданылады.Бұл ғылым өсімдіктердің өнімділігін арттыру, стресстік жағдайларға төзімділігін жоғарылату және қоршаған ортаның қорғау мәселелрін шешуге ықпал етеді.
Ахмет Еңлік 204 топ Бионаука
Даулетқан Бірғаным 204Өсімдіктер физиологиясы
Өсімдіктер физиологиясы – өсімдіктердің өмірлік процестерін зерттейтін ғылым саласы. Ол өсімдіктердің өсуі, дамуы, қоректенуі, фотосинтезі, тыныс алуы және сыртқы ортаға бейімделу ерекшеліктерін қарастырады. Бұл ғылым өсімдіктердің тіршілігін тереңірек түсінуге және олардың өнімділігін арттыруға көмектеседі.
Фотосинтез – өсімдіктердің күн сәулесін пайдаланып, көмірқышқыл газынан органикалық заттар түзу процесі. Бұл құбылыс өсімдіктерге ғана емес, бүкіл экожүйеге маңызды, себебі ол оттегіні бөліп шығарады. Сонымен қатар, өсімдіктер тыныс алу кезінде органикалық заттарды ыдыратып, энергия бөледі.
Өсімдіктердің су және минералды заттар алмасуы да маңызды физиологиялық процесс. Тамыр арқылы топырақтан сіңірілген су мен қоректік заттар сабақ және жапырақ арқылы өсімдіктің барлық бөліктеріне тарайды. Өсу гормондары өсімдіктің дамуын реттеп, оның сыртқы ортаға бейімделуіне әсер етеді.
Өсімдіктер физиологиясын зерттеу ауыл шаруашылығында, экологияда және медицинада маңызды рөл атқарады. Бұл білім ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруға, құрғақшылық пен зиянкестерге төзімді сорттарды шығаруға мүмкіндік береді. Сондықтан өсімдіктер физиологиясы – табиғат пен адамзат өмірінің маңызды салаларының бірі.
Өсімдіктердің өсуі мен дамуын гормондар реттейді. Ауксиндер, цитокининдер және гиббереллиндер өсімдіктің жасушалық бөлінуін, сабақтың ұзаруын және жеміс түзуін бақылайды. Сонымен қатар, өсімдіктер әртүрлі стресстік жағдайларға (құрғақшылық, тұздану, зиянкестер) физиологиялық бейімделу механизмдері арқылы жауап береді.
Өсімдіктер физиологиясын зерттеу арқылы ауыл шаруашылығында өнімділікті арттыруға, экологиялық мәселелерді шешуге және жаңа өсімдіктер түрлерін шығаруға мүмкіндік туады. Бұл ғылым табиғатты қорғау мен тұрақты даму үшін өте маңызды.
Лептесіктердің ашылып-жабылуы – өсімдіктер физиологиясындағы маңызды процесс
Лептесіктер – өсімдік жапырақтарындағы кішкентай саңылаулар, олар өсімдіктің газ алмасуы мен судың булануын (транспирация) реттейді. Лептесіктердің ашылып-жабылуы өсімдіктің қоршаған орта жағдайларына бейімделуіне көмектеседі және фотосинтез, тыныс алу, су балансы сияқты маңызды физиологиялық процестермен тығыз байланысты.
Лептесіктердің ашылу-жабылуын негізінен екі фактор анықтайды: сыртқы орта жағдайлары (жарық, температура, ылғалдылық, көмірқышқыл газы концентрациясы) және өсімдіктің ішкі механизмі. Күндіз, жарық жеткілікті болған кезде, лептесіктер ашылып, көмірқышқыл газының жапыраққа енуін қамтамасыз етеді, бұл фотосинтез процесіне қажет. Түнде немесе құрғақшылық жағдайында судың жоғалуын азайту үшін лептесіктер жабылады.
Лептесіктердің жұмысы жанындағы екі сағаұялы жасушаның тургор қысымына байланысты. Егер осы жасушалар суды көп сіңірсе, олар ісініп, лептесіктер ашылады. Ал судың мөлшері азайса, жасушалар босаңсып, лептесіктер жабылады. Бұл процесті реттеуде калий иондары (K⁺) маңызды рөл атқарады: олар сағаұялы жасушаларға жиналғанда, осмостық қысым артып, су кіреді, нәтижесінде лептесік ашылады.
Лептесіктердің ашылып-жабылуын реттеу өсімдіктердің суды үнемді пайдалануына, қоршаған орта өзгерістеріне бейімделуіне және тіршілік етуіне көмектеседі. Сондықтан бұл процесс өсімдіктер физиологиясында маңызды орын алады.
Эссе: Өсімдіктер физиологиясы.Бейсембекоаа Ақниет
Жалпы өсімдіктердің тіршілік әрекеттері экожүйедердің тұрақтылығын сақтауда маңызды рөл атқарады.
Олар атмасферадағы газ алмасуды реттеп,топырақтағы эрозиядан ccқорғайды және басқа тіршілік иелеріне қажетті қорек көзі болып табылады. Сондықтын өсімдіктер физиологиясын зерттеу ауыл шаруашылығы экология және биотехнология салаларында үлкен маңызға ие.
Жалпы өсімдіктер физиологиясы деп отырғанымыз -өсімдіктердің тіршілік әрекетін, олардың қоршаған ортамен байланысын, өсу және даму процестерін зерттейтін ғылым. Бұл сала өсімдіктердің фотосинтез, тыныс алу, су алмасу, минералды қоректену, өсу және даму механизмдерін қарастырады.
Өсімдіктердің негізгі ерекшеліктерінің бірі – олардың автотрофты қоректенуі. Яғни, олар күн сәулесінің энергиясын пайдаланып, көмірқышқыл газын және суды органикалық заттарға айналдырады.
БейБұл үдеріс фотосинтез деп аталады және оның нәтижесінде атмосфераға оттегі бөлініп шығады. Фотосинтез өсімдіктерге ғана емес, бүкіл тіршілік иелеріне қажетті энергия мен оттегіні қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, өсімдіктер су мен минералды заттарды топырақтан сіңіріп, олардың көмегімен физиологиялық процестерді жүзеге асырады. Тамыр жүйесі арқылы сіңірілген су сабақ пен жапыраққа тасымалданып, транспирация (булану) арқылы қоршаған ортаға бөлінеді. Бұл процесс өсімдіктердің су балансын реттеуге және қоршаған ортаның ылғалдылығына әсер етеді.
Өсімдіктер физиологиясы сонымен қатар өсудің гормондық реттелуін зерттейді. Өсімдіктердің өсуіне ауксин, гиббереллин, цитокинин сияқты фитогормондар әсер етеді. Бұл гормондар жасушалардың бөлінуі мен ұзаруын реттеп, өсімдіктің қоршаған орта жағдайларына бейімделуін қамтамасыз етеді.
Өсімдіктер физиологиясы
Өсімдіктер физиология - өсімдіктердің тіршілік әрекеттерін, олардың қоршаған ортамен байланысын зерттейтін ғылым. Бұл сала өсімдіктердің өсуі, дамуы, фотосинтез, тыныс алу, су және минералдық заттардың сіңірілуі сияқты негізгі физиологиялық үдерістерді қарастырады.
Өсімдіктердің тіршілігі үшін ең маңызды үдерістердің бірі фотосинтез. Бұл үдеріс кезінде өсімдік жасыл жапырақтардағы хлорофилл пигменті күн сәулесін сіңіріп, көмірқышқыл газы мен судан органикалық заттарды түзеді. Нәтижесінде атмосфераға оттегі бөлінеді, бұл тіршілік үшін маңызды. Сонымен қатар, өсімдіктердің қоректік заттарды тамырлары арқылы сіңіріп, оларды сабақ бойымен таратады.
Өсімдіктердің физиологиялық ерекшеліктері сыртқы орта факторларына тәуелді. Су, жарық, температура, топырақтағы минералды заттар өсімдіктердің өсуіне үокен әсер етеді. Мысалы, ылғалдың жетіспеушілігі өсімдіктің солуына, ал артық ылғал тамырдың шіруіне әкелуі мүмкін.
Өсімдіктердің өсуін реттейтін фитогормондар да маңызды рөл атқарады. Ауксиндер, гибберллиндер және цитокининдер жасушалардың бөлінуін, сабақтың ұзарып өсуін және жемістердің пісуін реттейді. Сонымен қатар, өсімдіктер зиянкестер мен қолайсыз орта жағдайларына төзімділігін арттыру үшін арнайы қорғаныс механизмдерін қалыптастырады.
Қорытындылай келе, өсімдіктер физиологиясы зерттеу ауыл шаруашылығы мен экология үшін өте маңызды. Бұл ғылымның көмегімен өсімдіктердің өнімділігін арттыру, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жолдары анықталады.
Амантай Нұрай . Өсімдіктердегі су алмасу физиологиясы. Өсімдіктердегі судың ролі .Судың физико- химиялық қасиеті және құрылымы.Эссе
Өсімдіктердін  тіршілігі үшін су маңызды элемент болып табылады. Су сонымен қатар заттардың ыдырауы мен синтезделу процесіне қажет.Ол тек тіршілік көзінің бір бөлігі ғана емес,сонымен  қатар өсімдіктердің құрылымын, метабализмін және тіршілігін қамтамасыз ететін маңызды фактор болып табылады. Су өсімдіктер үшін тек қоректік заттарды тасымалдаушы ғана емес,с онымен қатар жасушадағы химиялық реакцияларды  іске асыратын еріткіш ретінде қызмет етеді.
Су алмасу физиологиясы
Өсімдіктердің су алмасу процесі өсімдіктің барлық тіршілік әрекетін өнімділігін қамтамасыз етеді.Су алмасу-бұл өсімдіктің түрлі бөлімдеріарқылы су қозғалысын білдіреді.
Су алмасудың реттелуі.
Өсімдіктерде судың алмасуын реттейтін механизмдер бар.Сонымен қатар, өсімдік судың тапшылығы кезінде қабықша мен тоз жасушаларының ашылуы немесе жабылуы арқылы  су жоғалуды шектеуге тырысады.
Қоректік заттарды тасымалдау. Су өсімдіктердің барлық бөліктеріне  минералды заттарды тасымалдайды.
Судың физико- химиялық қасиеттері және құрылымы су алмасу мен тіршілігіне тікелей әсер етеді.Судың құрылымы суға деген қажеттіліктерін түсінуге мүмкіндік береді.
Қорытынды: Өсімдіктердегі су алмасу физиологиясы мен судың өсімдіктердегі рөлі олардың тіршілігін қамтамасыз ететін маңызды механизм болып табылады.Су өсімдіктердің метаболизмінде, қоректік заттар тасымалына, фотосинтезде және температураны реттеуде маңызды қызмет атқарады.
Масент Динара
ЭССЕ:ӨСІМДІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ
Өсімдіктер физиологиясы-биолгия ғылымының бір саласы болып табылады.Бұл сала өсімдіктердің тіршілік процестерін зерттейді.Яғни өсімдіктердің өсуі, дамуы, зат алмасуы қоршаған ортаға бейімделуі және өмірлік функцияларының маңызын қарастыратын ғылым саласы.Өсімдіктер физиологиясы негізінен фотосинтез, тыныс алу, су алмасу мен даму сияқты негізгі процестерді қарайды.Енді осы процестерге нақты тоқталып өтсек:
Бірінші процесс бұл фотосинтез процесі.Бұл процес өсімдіктің ерекшелігі. Жасыл өсімдік күн энергиясын химиялық энергияға айналдырып, органикалық заттар мен оттегі түзеді.
Екінші процесс тыныс алу процесін органикалық заттардың тотығу реакциясы арқылы энергия өсімдіктің өсуіне және даму қызметін атқаруға қажет.
Келесі процесс су алмасу яғни трансперация-өсімдіктердің жапырақтары мен басқа бөліктері арқылы судың булануы болып табылады. Ол устьицалар(жапырақ саңылаулары лептесіктер)арқылы жүреді және өсімдіктің су мен жылу байланысын реттейді.
Соңғы процесс түрі қоректік заттарды сіңіру болып табылады. Қоректік заттарды сіңіру өсімдіктердің тіршілігін сақтау және өсу үшін топырақтан су мен минералды заттарды, ал ауадан көмірқышқыл газын сіңіреді.Қоректік заттарды сіңірудің 2 түрі бар. Біріншісі пассивті сіңіру. Екіншісі активті сіңіру болып табылады.
Қортындылай келе өсімдіктер физиологиясы өсімдіктердің тіршілігінің негізін,өсуін,дамуын және сыртқы орта жағдайларына бейімделуін зерттейтін ғылым. Бұл сала ауыл шаруашылығында өнімділікті арттыру ,экологиялық мәселелерді шешу және өсімдіктерді қорғау үшін маңызды рөл атқарады. Өсімдіктердің физиологиялық ерекшеліктерін терең түсіну арқылы біз оларды тиімді пайдаланып ,табиғатты сақтау жолдарын дамыта аламыз.
Бижан Зарина
Эссе: Өсімдіктер физиологиясы.
Өсімдіктер физиологиясы- өсімдіктердің тіршілік процестерін, олардың қоршаған ортаға бейімделуін және дамуындағы биохимиялық және биофизикалық өзгерістерді зерттейтін биология саласы. Өсімдіктер физиологиясының міндеттері: Өсімдіктердің тіршілік ету заңдылықтарын зерттеу, Ауыл шаруашылығы дақылдарының максималды өнімін алудың теориялық негіздерін әзірлеу, Жасанды жағдайда фотосинтез процестерін жүзеге асыруға арналған қондырғыларды әзірлеу. Өсімдіктер физиологиясындағы негізгі проуестерге келетін болсақ, Фотосинтез- жоғарғы сатыдағы жасыл өсімдіктердің, балдырлардың, фотосинтездеуші хлорофилл және басқа да фотосинтездік пигменттер арқылы күн сәулесі энергиясын сіңіру нәтижесінде қарапайым қосылыстардан өздерінің және басқа организмдердің тіршілігіне қажетті күрделі органикалық заттар түзуі. Өсімдік тынысы- өсімдік организмінде органикалық заттардың физиологиялық тотығу процесі. Тірі организмдер сияқты өсімдіктерде жасушалары барлық мүшелер арқылы тыныс алады, бірақ оларда арнаулы тыныс  мүшелері болмайды. Тыныс алу процесі өсімдіктің өсіп келе жатқан жас мүшелерінде әсіресе жапырақтарында күшті, ал сабағы мен тамырында баяу жүреді. Өсімдіктер гормондары- өсімдіктер шығаратын және өте аз мөлшерде әрекет ететін эндогенді органикалық заттектер. Фитогормондар арнаулы өсу процестеріне себеп болады, бұл процестер өсімдіктердің белсенді өсуге, генерциялық дамуға өтуінде, тропизмдерде, регенерацияда, тыныштық күйінде және басқа да үлкен рөлдер атқарады. Өсімдіктер физиологиясы- өсімдіктердің тіршілік әрекеттерін терең түсінуге мүмкіндік беретін маңызды ғылым. Ол фотосинтез, өсу, даму, су режимі және минералдық қоректену деген сияқты негізгі процестерді зерттеу арқылы өсімдіктердің өмір сүру заңдылықтарын ашады.