Қазақстандағы жоғары білім берудің дамуы by Aizhan Bakbersin

Әлемдік білім беру кеңістігіндегі Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің орны (видео сабақ)
Қысқа бейне сабақта әлемдік білім беру кеңістігіндегі Қазақстанның жоғарғы  білім  беру жүйесінің орны,  мақсаты мен ерекшеліктері айтылады. Сонымен қатар, Қазақстан білім жүйесінің Болон жүйесіне қосылуына қысқаша шолу.

Қазақстанның жоғары білімін дамытудың ерекшеліктері
Жоғарғы білім беру жүйесін реформалау Қазақстан мемлекетінің саясаты бағытында жүргізіледі.

Мемлекетіміздегі қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты -  білімді, бәсекеге қабілетті, шығармашыл, дербес, ізденімпаз, өзін-өзі жүзеге асыра алатын, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, 2020/2021 оқу жылының басында Қазақстанда 128 жоғары оқу орны жұмыс істейді, оның 11 – ұлттық, 1 - халықаралық, 1 – дербес білім беру ұйым, 29 – мемлекеттік, 17 – акционерлік, 55 – жеке меншік, 14 – азаматтық емес.

Соңғы жылдары мемлекет мамандарды даярлау сапасын арттыру мақсатында, ЖОО санын азайту және жоғары оқу орындарына лицензия берілуіне қойылатын біліктілік талаптарын күшейту бағыты қабылданды. Сонымен қатар, 2010 жылы заң жүзінде жоғары оқу орындарының филиалдарының қызметіне тыйым салынды. Нәтижесінде, ЖОО саны өзара бірігу, консолидация және ТжКБ ұйымына түрленуі арқылы қысқарды.

Қазақстанның білім беру жүйесін реформалаудың қағидалары
• жүйелі білімді кеңінен меңгерген, бастамашыл, еңбек рыногы мен технологиялардың ауысып тұратын талаптарына бейімделген, командада жұмыс істей білетін жаңа тұрпатты маман даярлау;

• білім беру процесін демократияландыру арқылы жоғары білім берудің барлық жүйесінің сапалы білім беру қызметін ұсынуға деген уәждемелерін күшейту;

• жоғары оқу орындарын халықаралық аккредиттеуден өтуге дайындау. Бетке ұстар жоғары оқу орындарын дамытуға объективті жағдайлар жасау;

• жоғары оқу орындарын басқарудың жаңа принциптері мен практикасын қалыптастыру, стратегиялық жоспарлау жүйесін енгізу;

• студенттердің сапалы білім алуға деген құқықтарын нығайту, жоғары оқу орны басшыларының сапалы білім беру қызметін ұсыну жауапкершілігін анықтайтын тетіктерді әзірлеу және енгізу.

Қазақстандағы жоғары білімнің құрылымы, бағыттары
Қазақстан Республикасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру құрылымы «Білім туралы» Заңмен (27.07.2007) реттеледі.

2010 жылы Болон декларациясына қол қоюмен Қазақстанда «бакалавр-магистр-доктор PHD» жоғары деңгейлі білім беру жүйесі енгізілуде.

Бұл құрылым өзінің заңды растамасын «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тапты:
1) Жоғары базалық білім - бакалавриат бағдарламасы - оқу мерзімі 4 жыл;

2) Жоғары оқу орнынан кейінгі білім, оның ішінде оқытудың ғылыми-педагогикалық бағыты - магистратура - мамандандырылған магистратурада оқу ұзақтығы - 1 жыл, ғылыми-педагогикалық - 2 жыл;

3) Философия докторларын (PhD), бейіні бойынша докторларды даярлау бағдарламасы – докторантура – магистратура бағдарламаларын аяқтағаннан кейін. Оқу ұзақтығы-кем дегенде 3 жыл немесе одан көп.

Жоғары білімнің құрылымы
Болон декларациясына сәйкес сынақ бірліктері немесе кредиттер жүйесін енгізу білім беру бағдарламаларын тануды қамтамасыз етеді

ҚР-ның Болон жүйесіне қосылуы жайлы 1-видео сабақта тоқталдым.

Оқытудың кредиттік технологиясын енгізу ұлттық білім беру бағдарламаларын халықаралық деңгейде тануға, студенттер мен оқытушылардың ұтқырлығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ білім беру сапасын арттыруға және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің барлық деңгейлері мен сатыларының сабақтастығын қамтамасыз етуге елеулі үлес болып табылады. Демек, еліміздің барлық жоғары оқу орындары ECTS типі бойынша әзірленген кредиттерді қайта есептеудің қазақстандық моделін пайдаланады.

ECTS (European Credit Transfer and Accumulation System / Еуропалық сынақ бірліктерін аудару жүйесі) - білім беру бағдарламасын немесе жеке курсты меңгеру кезінде студенттің оқу жүктемесін өлшеудің әмбебап жүйесі.

Болон декларациясына қол қойылуына байланысты, ҚР БҒМ бұйрығына сәйкес, 2011 ж. басында Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарында, студенттер мен оқытушылар мобильділігін, білім сапасын жақсарту мақсатында, ECTS (European Credit Transfer and Accumulation System) негізделген оқытудың кредиттік технологиясы енгізілді.

Қазақстанның Болон процесіне қосылуының тиімділігі
Қазақстанның Болон жүйесіне қосылуы, мақсаты мен ерекшеліктері видеода айтылған!

Қазақстанның Болон процесіне қосылуы қазақстандық университеттер үшін екі дипломдық білім беру, академиялық курстарды өзара тану, халықаралық аккредитация сияқты және т.с.с. бірлескен білім беру жобаларын жүзеге асыру үшін зор мүмкіндіктер ашады.

«Академиялық икемділіктің» дәстүрлі шетелдік іс-сапарлардан айырмашылығы біріншіден, студенттер шектеулі болса да ұзақ мерзімдерге, яғни бір семетсрден бір жылға дейінгі мерзімге барады, екіншіден, ондай тағылымдама кезінде олар тек тілді емес, толыққанды сабақ оқып мамандық бойынша білім мен біліктерді меңгереді, ол жерде меңгерілген кредиттер оған отандық өзі түскен оқу орнындағы оқу жүктемесіне енгізіліп есептеледі. Игібаева А.К., Дюсенбаева А.Т. Жоғары мектеп педагогикасы: оқу құралы. - Өскемен: ШҚМУ баспасы, 2013. – 147 б. (39 бет)

Шетелдік университеттермен бірлескен екі дипломды білім беру бағдарламасын жүзеге асыру арқылы жоғары білім туралы қазақстандық дипломдардың халықаралық деңгейде танылуы, отандық университеттердің халықаралық рейтингтерге енуі және т.б. білім беру жобаларына қатысуы міндеттері шешілетін болады.

Республикамыздың жоғары оқу орындарын Болон процесіне кең тарту мақсатында еліміздің Білім және ғылым министрлігі жыл сайын кредиттік оқыту технологиясы бойынша халықаралық және республикалық семинарлар ӛткізуде.

Жоғарғы білімнің көпдеңгейлі сипаты
Видеода көп деңгейлі білім беру жүйесінде Болон жүйесіне сійкес оқытуда  кредиттік технологияның қолданылуы айтылады.

Кредиттік технологияның кемшіліктері:

Оқу үрдісін жетілдіре отырып болашақ маманның бойында ұжымдастырушылық және ұжымшылдық қасиеттерін, адамдармен тез тіл табыса алу қабілеттерін дамытуға кедергі жасауы мүмкін. Дәстүрлі жүйеде студент оқытушымен  көбірек қарым-қатынаста болады. Сонымен қатар бұл кредиттік технологияда тұрақты оқу топтары болмайды, себебі студент өзінің оқу жоспарына сай бір топтан екінші топқа ауысып жүреді;

Білім алушылар маңыздылығы жағынан жеңіл пәндерді таңдауы мүмкін, соған сай оқытушылардың жұмысы, сағаты қысқаруы мүмкін;

Кейбір студенттер жақсы бағаларға ие болу үшін талапшыл және қатал оқытушыларды таңдамауы мүмкін. Бұл пәнді жалпы мамандықты меңгеруге кері әсерін тигізеді;

Жоғарғы білім беру субъектілері және олардың функционалық қызметтері.
STEM дегеніміз – оқытудың біріктірілген тәсілі. Яғни, бұл тәсіл аясында академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдамалар шынайы өмір контексінде зерттеледі.

Мақсаты – мектеп, қоғам, жұмыс және бүкіл әлем арасында STEM-сауаттылықты дамытуға және әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілікке ықпал ететін нық байланыстарды орнату. STEM – оқытудың біріктірілген тәсілі, оның шеңберінде  академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдамалар шынайы өмір контексінде зерттеледі.

Қазақстанда  STEM-білім берудің белсене дамуы басталды. Бұны Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында STEM контекстінде мектептегі білім берудің мазмұнына өту дәлелдейді. Жаңа білім беру саясатын жүзеге асыру үшін оқу бағдарламасына жаңа технологияларды, ғылыми инновацияларды, математикалық үлгілеуді дамытуға бағытталған STEM-элементтерді енгізу жоспарланды.

STEM-білім беру – инженерлік шығармашылық пен математика, жаратылыстану ғылымдары мен технологиялардың кіріктірілуі негізінде жоба және пәнаралық амалдарды байланыстыратын жаңаша ойлау және жаңа технологияларға бағытталған ғылымдардың бірігуі.

STEM-білім беру артықшылықтары: сыни тұрғыдан ойлау, ғылыми-техникалық білімді күнделікті өмірде пайдалану, белсенді қарым-қатынас құру және командамен жұмыс жасау, техникалық пәндерге қызығушылықты арттыру, жобаларға креативті және
жаңашыл көзқарас, оқу мен карьераның ұштасуы.

Г.Ахметова, А.Мурзалинова. «Преимущества и перспективы STEM-образования» \\ «Білімді ел — Образованная страна» №41 (102) 7 ноября 2017 г

Жоғарғы оқу орындарына сипаттама
Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті — Астанада  орналасқан Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі. 2023 жылғы Topuniversities рейтингі бойынша әлемнің үздік 277-ші университеті болып саналады

Университет құрамында жалпы саны 26 ғылыми мекемені құрайтын ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар, зертханалар, 12 факультет, қосымша білім беру және біліктілікті жетілдіру институты, әскери кафедра, түрлі мемлекеттердің мәдени білім  беру орталықтары бар.

Еуразия ұлттық университетінде мамандарды даярлау жүйесі 3 білім беру баспалдағы бойынша: жоғары негізді білім (бакалавриат), магистратура және Ph.D докторантура. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ге қабылдау мемлекеттік білім гранты мен ақылы негізде жүзеге асырылады.

Оқу орны құрамында бакалавриатта - 61 мамандық, магистратурада - 64 мамандық, Ph.D докторантураcында - 29 мамандық бойынша мамандар даярлануда.

Рейтингтер

Білім сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз Қазақстан агенттігі (БСҚТҚА) 2011-2012 жылдары Қазақстанның жоғары оқу орындарының қызметіне жүргізілген зерт­теу нәтижесінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ - Қазақстан ЖОО арасындағы басты рейтингі бойынша алғашқы орынға табан тіреген болатын.

2012 жылдың қорытындысына сәйкес, ЕҰУ QS World University Rankings рейтингісінде 369-шы орынды иеленіп, Қазақстанда алғашқы болып үздік 400 ЖОО тізіміне ілікті.

Кибернетика лабораториясы (Cybermetics Lab) Испания Ұлттық Зерттеу кеңесiнiң ақпарат және құжаттама орталығының зерттеушi тобы жылына екі рет қаңтар және шілде айларында Webometrics университеттер сайтының рейтингісін жариялайды. Әлемнің 20 мыңнан астам ЖОО арасында өт­етін рейтингте бұған дейін, дәлірек айтсақ, 2011 жылдың шілде айының қорытындысы бойынша білім ордасының ресми сайты 4082-ші орынға ие болған еді. Жарты жыл өткеннен соң 4644-ші орынды иеленді.

2012 жылы Webometrics рейтингісінің нәтижесінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың сайты Webometrics рейтингісі бойынша қазақстандық ЖОО арасында көш бастап, әлемдік ЖОО бойынша 2 318 оқу орны қатарынан көрінді.

2023 жылғы Topuniversities рейтингі бойынша әлемнің үздік 277-ші университеті

Жоғарғы оқу орындарына сипаттама
Сулеймен Демирел атындағы Университет, СДУ ( Suleyman Demirel University) — Қазақстан Республикасындағы жоғарғы оқу орны. Университетті 1996 жылы 17 желтоқсан күні Қазақстан президенті Н.Назарбаев пен Түркия мемлекетінің президенті Сүлеймен Демирел ашты.

СДУ – оқу үдерісін халықаралық үлгідегі бағдарламаға сай жүргізетін оқу орны болып табылады. Университеттің негізгі мақсаты – қолжетімді бағалармен бакалавриат, магистратура, докторантура және біліктілікті жетілдіру бағдарламалары саласында сапалы білім беруді қамтамасыз ету.

СДУ-де әртүрлі деңгей және салада күндізгі бөлім бағдарламалары оқытылады.

Қазіргі уақытта СДУ бакалавр деңгейінде 4 факультет бойынша бірнеше мамандықтарды ұсынады. Университет ғимараты әлі де құрылыс үстінде, кеңеюде. Бұл - болашақта тағы да басқа бағдарламалар қосылатындығын білдіреді.

Магистратура бағдарламалары 7 түрлі салада ағылшын тілінде оқытылады. Бұл деңгейлер заманауи қоғам талабына толығымен жауап береді. Сонымен бірге, университетте PhD бағдарламалары бойынша да зерттеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктері бар. Дамыған тіл мектебі кәсібилігін арттыру мақсатында ағылшын және түрік тілдерін үйренуді қалаушыларға әртүрлі деңгейдегі бағдарламаларын ұсынады.

Жалпы айтқанда, Тіл мектебіне барлық қалаушылар қабылданады. IELTS және TOEFL тесттері бойынша да біліктілігі жоғары мұғалімдер көмектесе алады.

Университет 2010-2011 оқу жылынан бастап өз жұмысын заманауи оқу-зерттеу құралдарымен жабдықталған «Smart Campus» қалашығында бастады. Бұл оқу кешені 7000-ға жуық студентті заманауи оқу орны және жатақханамен қамтамасыз ету үшін бой көтерген. Кампустағы 4 факультеттің дәрістері негізінен ағылшын және қазақ тілдерінде жүргізіледі. 17 гектар аумақта жайласқан жаңа оқу ғимараты өзінің 16 анфер лекция залы, 120 аудиториясы, 3 зерттеу орталығы, 8 компьютер бөлмесі, 2 интернет кафесі, 1 стадион, конференц-зал, медициналық пункт, заманауи оқу құралдары мен аса бай электронды ресурстармен жабдықталған 3 кітапханасымен білім алушыларға өте қолайлы жағдай жасайды.

1 МӨЖ Педагогика – тәрбие мен оқыту жөніндегі ғылым (ссылка)