Моя эпическая доска Padlet by Олжас Батырболатов

§ 47. Ағаш өңдеу өнеркәсібі. Құрылыс материалдары өндірісі
Республика  орман ресурстары бүкіл аумақтың 4,6%-ын ғана құрайды және соның көбі сексеуіл.

Сексеуіл - жергілікті халық пайдаланатын отынның бір түрі. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-батыс аудандарында өседі.

Орман Шаруашылығының салалық құрамы. Орман өнеркәсібі - ағашты дайындауға, оны механикалық және химиялық өңдеуге қайта өңдеуге қатысатын салалар жиынтығы. Әртүрлі технологиялар көмегімен ағаштан түрлі өнім түрлерін алуға болады.

Орманның адам өмірінде алатын орны өте жоғары. Ағаш құрылыста конструкциялық материал, тау-кен өнеркәсібінде (шахта жақтауларын ұстату), машина жасауда (кеме, ұшақ,вагон), жиһаз,қағаз,сіріңке және басқа өнімдерді өндіүруде қолданылады.

Қазақстан ағаш өңдеу өнеркәсібі орман дайындау, механикалық, химиялық өңдеу сияқты салалардан тұрады.

Ағаш дайындау. Елдің ағаш өңдеу өнеркәсібінің шикізат базасы толық жеткілікті емес. Ағаш дайындау өнеркәсібінің кәсіпорындары ағашты дайындау, өңдеу және атаумен айналысады.

Ағашты механикалық өңдеу. Механикалық өңдеу мынадай салаларға бөлінеді: ағашты кесу, жиһаз өнеркәсібі, ағаш жоңқасын және ағаш талшығын дайындау.

Орман-химиялық өңдеуге целлюлоза, картон, қағаз және т.б. өндірісі жатады.

Құрылыс материалдарының өндірісі - республика шаруашылығының жетекші салаларының бірі.

Құрылыс материалдарының өндірісі шаруашылықтың басқа салаларымен тығыз байланысты. Құрылыс материалдары фабрикалар, зауыттар, тұрған үйлер, ауылшаруашылығы нысандарын (мал азығын сүрлейтін шұңқыр, қамба, ферма және т.б.) салуда қолданылады.

Қазақстанда 700 мыңнан аса жұмысшылар еңбек ететін 1000-нан аса құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорын жұмыс істейді.

Қазақстандағы құрылыс секторы инвестицияны  тиімді бағыты әрі экономиканың маңызды салаларының бірі болып отыр.

Қазақстанның заманауи құрылыс материалдары саласы бәсекеге төзімді әрі қарқынды даму үстінде.