Ізгілік педагогикасы by ARAY

Гуманистік принциптер:
1) тәрбиеленушінің құқығы мен еркіндігін сыйлау;

2) оның сезіміне арқа сүйеу;

3) жеке басына шамаға лайық және ақылға сыйымды ойластырылған талаптар қою;

4)қойылған талаптарды орындаудан бас тарту жағдайында да, оның позициясын сыйлау;

5) өз бетінше болуы құқығын сыйлау;

6) тәрбиесінің нақты мақсатын оның санасына жеткізу;

7)оған қажетті тәрбиелік сапаны күштемей қалыптастыру;

8) ар-намысына, абыройына нұсқан келтіретін, қорлайтын дене және басқадай жаза түрлерінен бас тарту;

9) белгілі бір себеппен оның сеніміне қарама-қайшы келетін сапаларды қалыптастыруға қарсы болу құқығын тану;

10) педагогикалық ықпал ету процесінде оның келеңсіз жақтарын алдын-ала ескерту;

11) оның қызығушылығын, талғамын, қалауын, қажеттілігін есепке алу.

Сухомлинскийдің пайымдауынша «жақсы сезім өзінің тамырымен балалық шаққа сапар жасауы қажет, ал адамшылық, ізгілік, қайырымдылық, мейірімділік еңбекте, қамқорлықта, қоршаған әлемнің әсемдігіне толқу жағдайында туындайды» деген екен. Бұлардың бәрі, айналып келгенде бүгінгі тәрбиенің гуманистік сипатын құрайды.

Академик Д.С.Лихачев «Мен ХХІ ғасырды гуманистік мәдениетті дамыту ғасыры болады деп өзімше ойлаймын» — деп жазады. Демек, бүгінде тәрбие мәселесінде гуманистік принципті бірінші орынға қою, бұл әрине табиғи заңдылық болып табылады.

Кезінде В.Г.Белинский «адамшылықты» тәрбие принципі ретінде қарастыра отыра, «тәрбиенің қаруы және делдалы махаббат, ал мақсаты – адамшылық болуы міндетті. Тәрбие балаларда шенеунікті, ақынды, қолөнершіні емес, адамды көруі міндетті» деп жазған.

Ынтымақтастық технологиясының негізгі идеялары:
• оқушылардың шығармашылық, атқарушылық қабілетін дамыту;
• оқушылардың өзін - өзі құрметтеуі;
• оқушыларды құрметтеу.

Бұл технологияның негізгі идеясы – әр түрлі оқыту жағдайларындағы оқушылардың белсенді бірлескен оқу қызметіне жағдай жасау. Оқушылар әр түрлі болады – біреулері оқытушының айтқандарын бірден «қағып алады», өздері кез келген сұраққа дайын; енді біреулері үшін материалды түсінуге уақыт қана емес, қосымша мысалдар, түсіндірулер қажет.

Мұндай балалар әдетте бүкіл топ алдында сұрақ қоюға ұялады, ал кейде өздерінің нақты ештеңе түсінбейтінін, сұрақты дұрыс қоя білмейтінін сезінбейді. Егер мұндай жағдайда балаларды шағын топтарға (3 – 5 адамнан) біріктіріп, оларға ортақ бір тапсырма беріп, топтағы әрбір оқушының осы тапсырманы орындауға рөлін түсіндірсе, онда әркім өз жұмысының нәтижесі үшін ғана емес (көбінесе оларды енжар қылдыратын), бүкіл топтың нәтижесі үшін жауап береді.

"Ынтымақтастық педагогикасы"
Ересек балалар мен балалардың бірлесу іс - әрекетінің идеясы
"Ынтымақтастық педагогикасы" принципінен туады, өйткені ол мұғалім мен балалар еңбегінің бірлестігіне сүйенеді. Осындай ереске адам мен баланың шығармашылық ынтымақтастығы педагогикалық басшылықпен қамтамаыз етілуі тиіс.
Тәрбие бағыттылығының дербес идеясы мұғалімнің балаға ерекше көңіл аударуын қажет етеді. Барлық тәрбие жұмысының барысында еске алатын басты тұлға –бала. Ол педагогикалық жұмыстың ең жоғары мақсаты. Сондықтан баланы зор ұқыптылықпен зерттеген жөн.
Ұжымдық шығармашылық тәрбиеде ұжымдық бағыттылық идеясының мәні өте зор. Бірыңғай тәрбие жұмысы – бұл тәрбиешілер мен тірбиеленушінің бірлестігі, мұнда ересек адамдардың жастар жөніндегі жалпы қамқорлығы, яғни ашық және елеусіз қамқорлығы дамиды.

Тұлғаның дамуы мен тәрбиесі идеологиясының жаңаруы көптеген идеяларға негізделді. Олар:
- тәрбие мақсатының реализм идеясы;
- тәрбие бағыттылығының ұжымдық идеясы;
- өзін өзі талдау (анализдеу идеясы);
- бала күнінің жартысы;
- қиын мақсаттық идеясы;
- сүйеніш идеясы;
- ірі блоктар идеясы;
- ата – аналармен ынтымақтастық;
- мұғалімдердің ынтымақтастығы;
- өзін - өзі сыйлау идеясы;
- өзін - өзі басқару (реттеу)

Ынтымақтастық технологиясы
Ынтымақтастық технологиясы – оқушы мен оқытушы арасындағы қарым – қатынастың тең дәрежеде жүзеге асуы, бірлік одақта қызмет етуі, оқытушының оқушыға басымдылық көрсетпеуі. Мақсат, талап ету педагогикасынан қарым – қатынас педагогикасына өту; оқушыға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиелеуді ұштастыру.
Ынтымақтастық – бір мақсатқа жетуге бағытталған, бірлескен іс - әрекет. Оған керекті жағдайлар:
• мақсаттың бір екенін анық сезіну;
• ынтымақтасушы жақтардың қызметін дәл белгілеу;
• мақсатқа жету үшін мұғалім мен оқушылардың т.б педагогикалық үрдіске қатысушылардың бір – біріне көмек беруі.

Көп жылдар бойы жалпы білім беретін орта мектептің оқыту және тәрбие жұмысын зерттеу арқылы жетілдіру жаңғырту мақсатында бірнеше мұғалімдер мен ғалымдар эксперимент жүргізіп, тұтас педагогикалық процесті жоғары ғылыми әдістемелік деңгейде ұйымдастыруды қажет деп тапты. Өйткені олар ескі дәстүр бойынша оқытудың әдеттегі әдістерін, принциптерін қолданып, жастарға білім және тәрбие беру ісі, қазіргі заманның талаптарын қанағаттандырмайды деп қорытынды жасады. Жаңашыл – экспериментшіл мұғалімдердің әрқайсысы өз сыныптары мен мектептерінде жеке – жеке, керек десе бірін – бірі білмей 25 жылдай эксперимент жұмысын жүргізген. Бұған қарамастан олардың жұмыстарының қорытындысы бірдей нәтиже берген.

Амонашвили психология ғылымдарының докторы, профессор, Ресей білім беру Академиясының академигі, Ресей Федерациясының Мемлекеттік сыйлығының Лауреаты, Украина педагогика ғылым академиясының шетелдік мүшесі, Сәуегей Климент Охридский (Болгария) атындағы София университетінің құрметті докторы, Мәскеу Мемлекеттік педагогикалық Университетінің еңбегі сіңген профессоры, әр түрлі мемлекеттердің бірнеше университеттерінің құрметті профессоры. Білім беруді ізгілендіру технологиясының негізін қалаушы Ш.А. Амонашвилидің еңбектері және оның негізгі идеясы 20-ғасырдың өзінде ғана емес бүгінгі күні де маңыздылығын жоймай, классикалық педагогиканың басты негізі болып келеді.

Адамгершілік және ынтамақтастық бала өмірінде үлкен орын алады. Сондықтан мұғалім ең алдымен баланың дамуы, келешегі жайлы қамқорлық жасайды. Өйткені олардың өмірге бейімделуі, өмір тәрбиесіне үйрену мектептен басталады. Мәне, осы тұрғыдан қарасақ, ынтамақтастық педагогикасы – құлық педагогикасы – даму педагогикасы. Іс жүзінде бұлардың үшеуінде, біртекті құбылыс, мұғалімдер мен тәрбиешілердің әрекет ету тәсілдері, олардың балалармен қарым – қатынасы, істегі ынтымақтастығы.
Кейбіреулер, ынтымақтастық педагогиканың осы заман педагогикасынан айырмашылығы бар ма деп сұрақ қояды. Бұл сұраққа мағыналы жауап беру қиынырақ секілді. Бірақ екеуіне анықтама берсек артық болмайды.
Осы заман педагогикасы - бұл тұлғаның жеке ұжымның тәрбие және өзін өзі тәрбиелеу процестерінің диалектикасы туралы ғылым.
Ынтымақтастық педагогика – бұл тәрбие мен өзін өзі тәрбиелеудің, мұғалім мен балалардың шығармашылық еңбегінің диалектикалық бірлігі