Закладки by Аружан Алжан

Әлжан Аружан
- Қазақстан Республикасының президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауында: «Мәңгілік Ел» -бұл барлық қазақстандықтарды біріктіретін жалпы ұлттық құндылықтар және еліміздің болашағының іргетасын құрайды» деп көрсеткен.
Идеяны біздің дүниетанымызды салтымызды дінімізді сақтап, оларды сәйкесінше жаңғырту.  Қазақстанның дамыған елдермен терезе теңестіруіне жол ашатын, халықты ортақ мақсат –мәңгілік ел болуға жұмылдыратын идея.Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні – мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті.
1) өз барабарлығын, өз тамыр-тегін, өз ұлттық рухы мен өзіндік бірегей даму жолын сақтауға;
2) әлем қауымдастығындағы өз рөлін айқындауға;
3) тарихи-мәдени құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу үшін сақтауға мүдделілікке;
4) маңызды міндеттерді барынша ауқымды түрде шешуге ұмтылысқа
«Мәңгілік Ел»– Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру стратегиялық мақсатын жүзеге асыруға бағытталған қуатты жұмылдырушы бастама.
«Мәңгілік Ел» идеясын білім беру мен тәрбиелеуде іске асыру тетіктері
Жалпыұлттық идеяның миссиясы мен құндылықтары оқу-тәрбие жұмысының барлық түрлері арқылы кешенді түрде жүзеге асырылады. Білім беру үдерісін ұйымдастырудың басты ерекшелігі білім беру мен тәрбиенің бірлігі болып табылады. «Мәңгілік Ел» идеясын білім беру мен тәрбиелеуде іске асыру тетіктеріне білім беру құндылықтарын, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікті, ашықтық пен ынтымақтастықты қалыптастыру, өмір бойы білім алу және т.б. жатады. Қазақстан халқын біріктіретін «Мәңгілік Ел», «Қазақстан – ортақ мекеніміз», «Қазақстан – менің Отаным» жалпыұлттық идеяларын жүзеге асыруда мектептердің рөлі аса маңызды болып табылады.
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының білім беру мазмұны арқылы жүзеге асырылуы
Жалпыұлттық идеяның құндылықтарын білім беру мазмұны арқылы жүзеге асыруда оқу пәні бойынша бөлімдер мен тараулардың мазмұны, оқу мақсаттары және оқу жаттығулары назарға алынады.

Валихан Нұрдана
Біздің еліміз мәңгілік ел болатынын нық сеніммен айта аламын. Себебі ол ғасырлар бойы қан мен тердің, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен жеткен қасиетті де қастерлі ұлан-байтақ жер. Ата-бабамыздың бізге өсиет ретінде қалдырған қазынасын сақтау біздің алға қойған басты мақсатымыз. Елді дамытуға өзіндік ерекше үлесін қосқан "Мәңгілік ел" жобасы айрықша атап өтпесек болмайды. "Мәңгілік ел" — еліміздің әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру мақсатын жүзеге асыруға бағытталған қуатты жұмылдырушы бастама. Оның ұлттық идеясы — қазақ елінің жарқын болашағы мен дамыған өзге де елдермен иық тіресетін қатарласуына мүмкіндік беру. Бұл ұлттық бірлік пен бейбітшілік, экономиканың нығаюы, халықты әлеуметтік қорғау, қауіпсіздік, мәдениеттің, тілдің дамуы негізге алынған Қазақстан жолының жаңа кезеңі.

Валихан Нұрдана
Еліміздің өркениетті алпауыт мемлекеттерден қалыспай, тең қадам басуы үшін болашақтың тұтқасын ұстар білімді ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің міндеті. Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел болу. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтасақ қана Мәңгілік Ел бола аламыз. Еліміздің гүлденуі мен әрі қарай дамуына, көркеюіне үлесімізді қосуымыз керек.  Әрбір елдің өркендеуі, тұғырының берік болуы да білімге келіп тіреледі. Егер бүгін жастар өз халқының рухымен тәрбиеленіп өспесе, онда елдің келешегі бұлыңғыр болмақ. Өйткені, ұлттың барша мұрасы жастарға аманат етіледі. Ал, жастар оны сақтамаса және өзінен кейінгілерге тапсырып кетпесе, біртіндеп ұлттың атауы да өшіп жоғалмақ.

Оракбаева Дильназ
Елбасы Н. Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті... Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенімде «Мәңгілік ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр» деп «Мәңгілік ел» идеясының маңыздылығын айрықша атап өткен еді. Осы жолдауы арқылы қазақ халқын бір мақсатқа, бір мүддеге, бір болашаққа үндеген Елбасы ел тізгінін ұстаған азаматтарға ғана емес, өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруді мақсат тұтқан біз секілді педагог тәрбиешілерге де үлкен жауапкершілік жүктеді.

Валихан Нұрдана
Біздің еліміз мәңгілік ел болатынын нық сеніммен айта аламын. Себебі ол ғасырлар бойы қан мен тердің, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен жеткен қасиетті де қастерлі ұлан-байтақ жер. Ата-бабамыздың бізге өсиет ретінде қалдырған қазынасын сақтау біздің алға қойған басты мақсатымыз. Елді дамытуға өзіндік ерекше үлесін қосқан "Мәңгілік ел" жобасы айрықша атап өтпесек болмайды. "Мәңгілік ел" — еліміздің әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру мақсатын жүзеге асыруға бағытталған қуатты жұмылдырушы бастама. Оның ұлттық идеясы — қазақ елінің жарқын болашағы мен дамыған өзге де елдермен иық тіресетін қатарласуына мүмкіндік беру. Бұл ұлттық бірлік пен бейбітшілік, экономиканың нығаюы, халықты әлеуметтік қорғау, қауіпсіздік, мәдениеттің, тілдің дамуы негізге алынған Қазақстан жолының жаңа кезеңі.

Нагашбаева Гулдана
Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап өз елін жарқын болашаққа бастап келе жатқан Нұрсылтан Назарбаев сынды Ұлы көшбасшысы бар Қазақ елі аз уақыт ішінде тарихта бұрын соңды болмаған табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстанның басты мақсаты -   экономикасы дамыған, бәсекелестікке қабілетті, ең дамыған 30 елдің қатарынан көріну. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы осы мақсатқа жеткізетін Ұлы бастама. Ағымдағы жылдың 17 қаңтарындағы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Халқына Арналған Жолдауы  осыдан бір жыл бұрын Елбасы өзі жария еткен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын, яғни,  Қазақстандық дамудың  бағыт –бағдарын айқындап берді. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Страрегияны мүлтіксіз орындау, емиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет!,- деп атап өтті Елбасы өз жолдауында.

Оңалбай Бахтияр
Менің ойымша мәңгілік ел болып қалуымыз үшін жастарға саналы тәрбие мен жоғары білім беруіміз керек. Себебі қазіргі заманның дамыған технологиясымен бірге жастарды дамытуымыз керек. Болашақ жастардың қолында!

Мәңгілік ел
Мәңгілік ел тарихымызға үңілсек қазақ халқының өткен буыны елдікті сақтап, оны келешек ұрпаққа табыстау үшін аянбай тер төкті ,Және де өздеріне қойған мақсатты айқын орындап кетті.Ал бүгінгі буын мақсатты сол тәуелсіздіктен айырылмай, еліміздің жарқын болашағын қалыптастыру .Сондай жетекші идеялардың бірі "Мәңгілік ел" идеясы.

Биманова Мерей
Менің ойымша әрбір адам үшін ең асыл қазына- отанын, туған елін сүю. Халық батыры Бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық , ерлік деген ұрпақтан ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім — тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы — тұл, келешегі тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы — батыр халық».Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап, өз елін жарқын болашаққа жетелеген алғашқы көшбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақ елі аз уақыт ішінде тарихта бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстанның басты мақсаты - экономиканы дамыту, ең дамыған 30 елдің қатарынан көріну, Мәңгілік Қазақстан жобасы осы мақсатқа жеткізетін ұлы бастама. Мәңгілік ел болу- біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. Мәңгілік сөзі ата- бабалардан келе жатқан мәңгі өлмейтін асыл қазына. Ол ана тілмен де тығыз байланысты. Ана тіліміз мәңгілік елімізбен бірге мәңгілік тіл болады. Еліміздің ертеңі - жастардың қолында.Олай болса мәңгілік елдің онымен қатар жасап бірге дамыған мәңгілік тілі болуы да шарт. Білікті мыңды жығар дегенді өмірдің өзі дәлелдеуде. Сондықтан да өркениетті елдердің қатарына ену үшін сапалы білім алып, оны ел мұратына пайдалана білуіміз керек. Бұл біздің, яғни, оқушылардың алдына қойған мақсаты. Олай болса ана тілімізді де мәңгілік тіл ету - өз қолымызда. Сондықтан да рухы биік ел болайық! Елдігіміз бен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін.

Нагашбаева Гулдана
Мәңгілік Елдің 7 басты құндылығы :

1. Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы ;

2. Қоғамымыздағы ұлттық бірлік , бейбітшілік пен келісім ;

3. Зайырлы қоғам және жоғары руханият ;

4. Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім ;

5. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы ;

6. Тарихтың , мәдениет пен тілдің орталығы ;

7. Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге Жаһандық тұрғыдан қатысуы.

Мәңгілік ел. Балтаева Айгерім
Елбасымыз Н.Назарбаев “Еліміздің ең дамыған 30мемлекеттің қатарына косылуы ол-мәңгілік ел”деген болатын.
Бесігі түзу ғана елдің ғұмыры мәңгілік.Бесік деп отырғанымыз тәлім тәрбие бесігі.Бүгінгі таңда өмір есігін ашып жатқан әр сәби-еліміздің мәңгілік перзенті. Олардың санасына кішкеньайынан бастап елін,жерін,тілін сүюді, жақсы көруді ұғындыру біздің басты ұстанымыз. Елдің жақсы болуын қаласақ әркім өзінен бастау керек. Жерімізді қорғап, құрметтеп жүрсек оның өзі бір үлкен мәдениет. Соны көріп өскен балаларда Отанын құрметтеп өтеді. Өз елімізде өзіміз ұлттық тілде сөйлеп, бір бірімізді құрметтеп жүргеннің өзі үлкен өнеге. Мәңгілік ел болу үшін әркім өзімен жұмыстану керек. Отбасындада бұл тақырыпты көп қозғап елді көркейтудің қандай маңызы бар екенін ұғындыра білу керек ж/е солмен жұмыстануы керек. Отан отбасыдан басталат демекші отбасымызды құрметтеп үйренсек, еліміздіде құрметтей білеміз.

Оракбаева Дильназ
Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады.

Источник: https://e-history.kz/kz/history-of-kazakhstan/show/8916/
© e-history.kz