Моя блестящая доска Padlet by

1. Ғылым философиясы мен тарихы

Ғылым көпқырлы, көпастарлы әлеуметтік феномен ретінде біздің өмірлік қызметіміздің барлық салаларына белсенді түрде енеді. «Ғылым» түсінігінің мағынасын ашу үшін, оның даму барысын қадағалау үшін ғылым мен қоғам, ғылым мен мәдениет арасындағы байланыстардың кең жүйелері негізінде, сол ғылымның өзін нақты тарихи саралау арқылы жүзеге асыруға болады. Ғылым мәдени-тарихи тұтастықпен тығыз қарымқатынаста дамиды. Құбылысты шынайы түсініп, ой-толғамнан өткізу үшін, оның түп тамырын және даму тарихын білу қажет. Антикадағы, Орта ғасырлардағы, Қайта Өрлеу дәуіріндегі, Жаңа замандағы ғылым алынған білімдердің тереңдігі және мазмұнымен қатар, мәселені қоюымен, зерттеу әдістерімен, дәлелдеу және негіздеу тәсілдерімен, ғылымның мәнін, мақсат, міндеттерін түсіну барысымен ерекшеленеді. Бір жағынан, ғылыми білімдердің дамуы әлеуметтік-тарихи қажеттіліктерімен анықталады, екінші жағынан – жаңа ойлардың, түсініктердің, теориялардың пайда болуы танымның ішкі қозғалыс заңдарының және оның логикасының негізінде жүзеге асады.

Ғылым дегеніміз бұл:

1) мәдениеттің бір саласы;

2) дүниетанымдық әдістің бірі;

3) адамды және табиғатты қайта өңдеуші өндіргіш күш; 4) арнаулы институт (институт түсінігіне тек жоғары оқу орны емес, сонымен қатар ғылыми қауымдастықтар, академиялар, лабораториялар, журналдар және т.б, кіргізіледі).

Ғылымның тарихы мен философиясы тығыз байланысты. Ғылым философиясы тарихи өзгеретін әлеуметтік-мәдени астарда қарастырылатын және олардың тарихи дамуында алынған ғылыми білімдерді өндіргіш қызмет ретінде жалпы заңдылықтарды және ғылыми танымның тенденцияларын таныстырады. Екі мықты ағым – ғылым тарихы мен философиясы – біртұтас және бөлінбес. Олар дамудың ұзақ әрі күрделі жолынан өтті. Ғылым тарихы тек философиялық тұжырымдарға эмпирикалық негіз болып қана қоймайды, сонымен қатар, өзінің ары қарай дамуына анағұрлым тиімді жолды таңдап алады. Ғылым философиясының 5 эвристикалық потенциалды білім дамуындағы белгілі бір гипотезалар мен жобаларды жасауға, бастауға, ғылым дамуының жаңа бағыттарын алдын ала айтуға, оның нәтижелерін интерпретациялауға тиіс. Тарихилық принципі ғылым философиясының назар аударарлық орталығында тұрады. Ол ғылыми бағдарламалар мен физикалық шынайылық зерттеулерінің қалыптасу процесін ашуға мүмкіндік береді, оның түсіну жолдарын түзетеді. Сондықтан да, ғылым, өз түсініктерінің нақтылығы мен айқындылығына, олардың өзара байланыстарын қалыптастыруға, олардың теориялық жүйелердің логикалық нәтижелі және тұтас болуына ұмтылады

2. Ғылым дүниетану процесінің нәтижесі

Алғашқы қауымдық қоғам дамуының мыңжылдық практикасы ғылым ды қалыптастыра алған жоқ. Білім күнделікті өмірдің қажеттіліктері қанағаттандыруға ғана бағытталып, одан жоғары кетеріле алмады. Алғашқы қауымдық қоғамда өмір сүрген адамдар дүние туралы білім жинамады деуге болмайды, бірақ заттар туралы объективтік білім оларды субъективтік қабылдаумен тығыз байланысты еді, яғни, объективтік білім элементтері мен субъективтік сана арасында шекара болмады, табиғат құбылыстары адам және оның өмірімен байланысты түсіндірілді.
Адам ойы таза теориялық білім деңгейіне көтерілуі үшін оның дәстүрлі практикалық бағытталғандығын бұзу қажет еді. Ескі сананы күйрету санаға тікелей әсер ету арқылы емес, сана бейнелеп отырған дүниені түбірімен қайта түсіну арқылы жүрді. Дүниеге деген жаңа көзқараста заттар адамға байланысты емес, объективті, заттар мен адам жеке-жеке, бір-біріне қатысты, бірақ тәуелсіз, нәрселер ретінде пайымдалды. Осындай ерекшелік көне гректерге тән еді. Ғылымды зерттеуші ғалымдардың бәрі дерлік ғылымның отаны көне Греция деп мойындайды. Гректер Египет пен Вавилон империяларында бірнеше жүзжылдықтарға созылған соғыстардан аман қалған, ұзақ уақыт ескерілмеген білімдерді қабылдап алды және жәй қабылдап қана қоймай, өздерінің ақыл-ойының, ойлау қабілетінің күштілігі арқасында өздерінің білімдерін қоса отырып жаңа дәрежеге көтерген, оларға абстрактылық және рациональдік сипат берген халық болды.

Ғылым дамуының классикалық кезеңі ХVІ-ғасырдан басталды деуге болады. ХVІ-ғасыр — адам рухының қайта өркендеген кезеңі. Қалалардың көбеюі адамның сезімдері мен өмірлік құндылықтарының жаңа деңгейде дамуына оң әсерін тигізді. Университеттер пайда бола бастады, олар әлі күнге дейін ғылым ордасы болып есептеледі. Өркендеу дәуірінде елеулі ғылыми жаңалықтар дүниеге келді, осы кезеңде ғылым мен өнерді біріктірген ғұламалар өмір сүрді. Олардың бәрінің есімдерін және олар ашқан жаңалықтардың бәрін бірдей атап шығу мүмкін емес. Ең басты тұлғаларды ғана атасақ: Леонардо да Винчи (1452-1519) — ұлы суретші және қазіргі жаратылыстану ғылымының пионері; Николай Коперник (1473-1543) поляк астрономы, дүниенің гелиоцентристік жүйесін ашты; Джордано Бруно (1548-1600) — әлем біртұтас, шексіз, үнемі өзгеріп отыратын монадолардан тұрады деп тұжырымдады; Галилео Галилей (1564-1642) — Жер айналып отырады, дүниені математика, механика ғылымдарының, ақыл-ойдың көмегімен тануға болады деп пайымдады.
Одан бергі ғылымдағы негізгі революциялық жаңалықтар — атом бөлшек-терінің ашылуы, атом бомбасының жасалуы, космосты игеру, ғылым же-тістіктерінің өндіріс саласына көптеп енгізілуі немесе ғылымның өндіргіш күш ретінде қарқынды дамуы, электроника және кибернетика салалары жетістіктерінің адамның өмір сүруін жеңілдету үшін қолданылуы, яғни, ғылымның адамның күнделікті тұрмысында кең орын алуы.
Бұл классикалық кезең Галилей мен Пуанкареге дейінгі ХVІ-ХХ ғасыр-ларды қамтиды.
Неоклассикалық емес қазіргі кезеңде ғылым жеке салаларға бөлініп кетті. Бұл құбылыс ғылымның дағдарысына әкеліп соқты деуге болады. Оның басты себебі — ғылымның басты мақсаты — жалпы дүние туралы білім жинау екендігі ұмыт болды және дүниені тұтас нәрсе деп қарастыру принципі естен шығарылды, әрбір ғылым өзімен-өзі болып кетті.

Әдетте, дүниетанымды тарихи тұрғыда жіктегенде, оның мифологиялық, діни және философиялық формаларын атап көрсетеді. Дүниетанымның бастапқы екі типі өмірлік құбылыстарды, сәйкесінше, мифологиялық аңыздар және діни қағидалар арқылы түсіндірсе, ал философиялық дүниетаным тікелей тәжірибе мен ғылым мәліметтеріне сүйенеді деп есептеледі.

Философиялық көзқарастар мен сенімдер бүкіл дүниетаным жүйесінің негізін құрайды. Философияның өзі таным қызметтерінің ұтымды-ұғымды мәнерін және дүниетаным бағдарын негіздейді: ол ғылыми деректер мен тәжірибе жиынтығын теориялық тұрғыда ұғындырады және шындық бейнесін объективті және тарихи тұрғыда айқындауға ұмтылады.
Діни дүниетаным тарихи тұрғыда мифологиялық сананың қойнауында пайда болады және әуел баста оның бойында политеизм мен пантеизмнің белгілері болады. Бұл белгілер кейінірек әлемдік діндердің қалыптасуы барысында біртіндеп игеріледі. Бастапақыда «мифтер сол заман адамдарының рухани мұқтаждығын, зерделі жанның күнделікті өмірден туындайтын практикалық сұраныстарына ғана жауап беріп қоймай, трансценденттіктен де кет әрі емес болды»

Гегельдің ғылыми білімінің жіктелуі. Өзінің диалектикалық әдісіне сәйкес идеалистік негізде Гегель ғылымның жіктелуін әзірлейді. Оның жіктелуі абсолютті идеяның дамуына, Гегель жүйесінің басталуына сәйкес келеді. Гегельде абсолютті идеяның, әлемдік рухтың қалыптасуы Триада принципі бойынша жүреді. Әлемдік рух инкарнациясының бірінші кезеңі үш бөлімнен тұратын логика болып табылады: болмыс туралы, мәні мен түсінігі туралы ілім. Содан кейін триаданы қамтитын табиғат философиясы да бар: механикалық құбылыстар туралы, химиялық құбылыстар мен органикалық құбылыстар туралы ілім. Рух философиясы — Гегель жүйесінің үшінші бөлімі, сондай — ақ Триада принципі бойынша құрылған: субъективті рух (антропология, феноменология, психология), объективті рух - адамның әлеуметтік — тарихи өмірі және абсолюттік рух - өнер, дін, философия. Гегель әрбір ғылымның пайда болуы ұзақ эволюциялық процестің нәтижесі болып табылғанын көрсетті, оның шыңы — философияның ғылым ретінде пайда болуы.

3. Ғылымы дамуының логикасы мен заңдылықтары, атқаратын қызметі

Т.Кунның (1922-1996) философиялық мұрасының негізі «Ғылыми революциялардың құрылымы» атты еңбегі. Бұл кітап ХІХ ғасырдың 60-шы жылдары батысеуропалық философияның «жарқ еткен жарқын туындысына» айналды. Кун да Лакатос тәрізді ғылым дамуының неопозитивистік және  попперлік модельдерін сынға алды. Оның басты назарында – өзгеріс және ғылыми білімді дамыту механизмдері. Кун бойынша, ғылымның дамуы бағытты сипатта емес, ғылыми білім кезең-кезеңмен орын алатын түбегейлі өзгерістер мен парадигмалардың (тәртіпті ұяқалыптардың) алмасуының арқасында көтеріледі. Бұл дегеніміз ғылыми қауымдастық мүшелері тарапынан бөлінген білімдердің, әдістер мен құндылықтар жиынтығының алмасуы арқасында ғылыми білім жоғарылап отырады деген сөз.

Кун ғылымның даму тарихын бірнеше кезеңдерге бөлген: парадигмаға дейінгі ғылым, әдеттегі ғылым (парадигмалық), ерекше ғылым (ғылыми революциямен аяқталатын парадигмадан тыс кезең). Ескі парадигмаға сәйкес келмейтін ғылыми деректердің жинақталуынан әлемді түсінудің басқа жүйесі қалыптасады және парадигмалардың алмасуы, яғни ғылым дамуындағы сапалы секіріс, ғылыми революция орын алады. Сосын барлығы қайталанады. Кунның айтуы бойынша, білімнің өсуі мен жетілуі «қалыпты ғылым» кезеңінде орын алады, бұл кезде зерттеушілер бал араларына ұқсап сабырмен білімнің нәрін жинайды. Ғалым бірыңғай стандарттардың жүйесі – парадигманы дәлелсіз қабылдайды. Кун былай деп жазды: «Көпшілік тарапынан мойындалған ғылыми жетістіктерді парадигма деп санаймын, ол белгілі бір уақыт ішінде ғылыми қауымдастыққа мәселені қою және оның шешімін табудың моделін ұсынады... Парадигмаларға заңдар, теориялар, олардың тәжірибелік қолданысы және қажетті жабдықтары жатады».

Верификация принципі – (лат. veins - "акиқаттық", лат. ficio - "жасаймын", "іздеймін") теориялық қағидалардың ақиқаттығын болмыс деректерімен салыстыру арқылы анықтау немесе әлеуметтік болжамды бағалау амалы. Осы арқылы әлеуметтік болжау нақты деректер, ақиқат жағдайлармен салыстырылып дәлелденеді немесе теріске шығарылады.

Фальсификация мəселесі - Поппермен неопозитивистердің верификация принципіне альтернатива ретінде ғылымды «метафизикадан» демаркация (ажырату) жасауға ұсынылған қағида. Бұл қағида бойынша ғылымға қатысты əр пікірді принципиалдық түрде жоққа шығаруды қажет етеді.

Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар

4. Ғылыми білімнің генезисі. Ежелгі әлемдегі ғылым.

Ежелгі Египетті ғылым нағыз өзінің қазіргі мағынасында орын алды деп айтуға болмайды. Мұнда тәжірибелік мақсаттағы және қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға арналған терең, алайда үзік білімдер жинақталды. Негізгі білім иелері абыздар болды, олар «байлармен қарым-қатынас жасау» арқылы биліктің тұрақтылығын және өзара түсіністікті сақтауға мүдделі болды. Осы себептен, Ежелгі Египеттегі «ғылыми» ойдың эволюциясы логикалық пайымдау арқылы емес, нұрға бөлену жолымен жүзеге асырылды. Мұнда ақыл әрекеттен алшақ кеткен жоқ, себебі ғасырлар бойы өңделген салттарды орындау механизмі адам мен әлемнің бірлігін орнатып,  абыздарды білім иелері ретінде билікпен қамтамасыз етті.

Вавилонда да математикалық білімдер таза тәжірибелік мақсатта қолданылды, мысалы суғару, құрылыс, шаруашылық және бухгалтерлік есеп, ауыл шаруашылығының қажеттіліктері үшін маңызды болып табылатын уақытты күнтізбелік есептеу секілді міндеттерді атқару үшін пайдаланылды. Қазірге дейін жеткен құжаттарда көрсетіліп отырғандай, вавилондықтар есептеудің 60-тық жүйесіне негізделе отырып квадрат түбірлердің, кубтар мен кубтық түбірлердің, квадраттар мен кубтардың суммасын, сандардың деңгейінің  кестесін құру секілді төрт арифметикалық әрекетті орындай алды. Олар прогрессияның жалпы санын шығару ережелерін білді. Сандық алгебра саласында да үздік нәтижелерге қол жеткізілді. Вавилондықтар алгебралық белгілер жүйесін білмесе де, есептер жоспар бойынша шешілді, олар бірыңғай «қалыпты» түрге келтіріліп, одан кейін жалпы ережелер бойынша шешіліп отырды, сондай-ақ келтірілген «теңдеулер» бастапқы нақты деректермен байланыссыз болды. Кейде үшінші деңгейдегі және төртінші, бесінші, тіпті алтыншы деңгейдегі теңдеулерді шешуге тура келетін есептер де кездесетін.

Аспанасты елінде арифметика, математика, химия негіздері, металл, шыны және мата өндірісі сәтті дамыды.

Ауыз қуысында ота жасауда және басқа да хирургиялық оперцияларда ұйықтату (наркоз қолдану) әдісін қытайлық хирург және акупунктура маманы Хуа Туо (б.д. 112-219 жж.) алғаш рет қолданысқа енгізген. Операция барысында ол ауруды басу үшін «Мафэй-сан» шәй қоспасын пайдаланған. Осы уақытта ғалым Чжан Чжуанчин  (б.д. 150-219 жж.) өзінің «Суықтың әсерінен болатын түрлі ауруларды анықтау» еңбегін жазды, бұл еңбекте қытай медицинасының  «диалектикалық диагностика» әдісі сипатталған, бұл әдіс қазіргі күнде де қолданылады. Бұл грек-рим дәрігері Галеннің өмір сүру тұсында орын алды, ол медицина саласында негізді және ауқымды зерттеулер жүргізген, оның зерттеулері орта ғасырлардың аяғына дейін батыстық дәрігерлер тарапынан қолданыс тапты.

Медицина саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. Цин (б.д.д. 221-26 жж.) және Хань (б.д.д. 206 ж. – б.д. 220 ж.) әулетінің кезінде-ақ Қытай мен Корея, Вьетнам мен Жапонияның  арасында медициналық біліммен алмасу жүріп отырды, ол кейіннен араб әлеміне, Түркия мен Ресейге дейін таралды. Дәрілік терапия бойынша нормативті мәнге ие қытайлық «Бэн-Цзяо Ган-Му» кітабы көптеген тілдерге, оның ішінде латын, корей, жапон, орыс, ағылшын және француз тілдеріне аударылған және батыс әлемінде кең таралды. «Көктем және күз дәуірі» (б.д.д. 770-476 жж.) және «Жаулаушы  империя» (б.д.д. 475-221 жж.)династияларының кезінде «Нэй-цзин» медициналық ережесі құрылды. Батыс медицинасының атасы,  б.д.д. 446-377 жж. өмір сүрген грек дәрігері Гиппократтың еңбектері  кейінгі уақытқа жатады. «Нэй-Цзин» әлемдегі ең ежелгі медициналық трактат. Онда қытайлық дәрігерлердің алдыңғы ұрпақтары жинақтаған медициналық тәжірибелері біріктіріледі, Қытайдың дәстүрлі дәрігерлік өнерінің жүйесі негізделеді, қытайлық дәрілік терапияның, сондай-ақ инемен емдеу және күйдіріп емдеу, акупунктураның негіздері беріледі.

Антикалық логика және антикалық математика

Грек өркениеті өзінің даму жолының бастапқы кезеңінде Шығыс, Ілгергі Азия және Африкадан – вавилондықтардан, египеттіктерден, парсылардан, лидиялықтардан, үнділерден және өздерінің жұмбақ тікелей ата-бабалары, едәуір көне және дамыған өркениет болып саналатын минойлықтардан көп нәрсе алған.  Элладаның тұрғындары ешнәрсеге сенбейтін, тіпті Құдайлардың еркіне де күдікпен қарайтын болған, сондықтан  олар ғылыми білімді де осындай негізде алған. Бұл әдеттің табиғилығы соншалық, олар «барлық нәрсенің үстінен күлді, мұның барлығы афиналық демократияның негіздерінің бірі» болып саналады. Философияның қойнауында пайда болған Ежелгі Грецияның ғылымына философиялық ілім типтерінің, ғылыми гипотезалардың көптігі тән. Бұған Элладаның ұрпақтарының өткір сыни ақылы мен өндіріс дамуының төменгі деңгейінде эксперименттің болмауы себеп болып отыр. Қойылған сауалдарға жауаптарды басты құрал – ақылдың көмегімен, яғни  теориялық жолмен негіздеуге тура келеді. Сондықтан, ғылыми зерттеулердің басты әдістері бақылау, аналогия және гипотеза болды, бұлар ойдың ұшқырлығы мен ғылыми ізденістің логикасын шыңдайды. Кейбір жорамалдарды эксперименталды жолмен тексерудің мүмкін еместігі салдарынан, ойшылдардың әрбірі табиғаттың бір құбылысын әрқалай түсіндірді. Мысалы, Эмпедоклдың, Анаксагордың, элеаттар Протагор мен Зенонның, атомистер Левкипп пен Демокриттің космогониялық және физикалық жорамалдарында табиғат пен материалдық әлемнің қасиеттері туралы болжамдар түрліше түсіндірілді. Алайда олардың барлығын бір нәрсе біріктірді, ол – абстарктілі ойлау қабілеті және математикалық ілімдердің негізінде қалыптасқан ғылым тілі.

5. Орта ғасырлардағы және Қайта өрлеу дәуіріндегі ғылым

Әбу Жүсіп әлКинди немесе Әбу-Юсуф Иакуб ибн Исхақ әл-Кинди— араб философиясының негізін салушы, араб философы, астрологі, математигі әрі дәрігері, «арабтардың философы» деген құрметті атаққа ие. Әл-Киндидің еңбектері философияның дамуына зор ықпал жасады. Италиян ғалымы Карден оны әлемдегі үздік жиырма ойшылдың бірі деп атаған. Ол Аристотель шығармаларын араб тіліне аударып, түсініктеме жазды. Сол замандағы озық дүниетанымдық ағым — мутазилиттер көзқарасына сәйкес әлемнің пайда болуы, жаратылуы туралы құнды пікірлер айтқан. Материя, форма, қозғалыс, кеңістік, уақыт, субстанция, сан, сапа сияқты ұғымдарға терең талдау жасаған. Философияның мақсаты мен қызметі туралы нақты тұжырым жасап, оның білім саласындағы орнын анықтауға үлкен үлес қосқан. Әл-Кинди өзінің дүниетанымына негіз етіп жалпыға ортақ себептілік байланыс идеясын алады, бұл идеяға орай, кез келген бір затты ақырына дейін ой елегінен өткізетін болса, онда бұл зат бүкіл ғаламдық нәрсені ойдағыдай тануға мүмкіндік береді. Құран жолын ұстанушылар Аль-Киндиге күпірлікпен қарады. Аль-Киндидің көптеген шығармаларына тек шағын үзінділері ғана сақталған. Араб тілді философиядағы перипатетизм әл - Кинди шығармашылығынан басталған. Әл – Кинди Птоломей, Эвклидтің жаратылыстану саласындағы еңбектерін жақсы білген. Аристотель шығармаларына және Порфирийдің «Кіріспесіне» түсініктеме жазған.

Ортағасырлық ислам мәдениеті мен философиясы өз дәуірінен озып, қазіргі күнде де адамзат игілігі үшін қызмет етуде. Екінші ұстаз атанған әл-Фараби сынды ғылымдағы ірі тұлға арқылы қазақ халқы өзін мақтан тұтады. Ол өзінің керемет философиялық ілімдері арқылы түркілік ойлау, түркілік дүниетаным, түркілік интеллект мүмкіндігінің қан­шалықты жоғары екендігін бүкіл Еуропаға паш етті. Ортағасырлық Ислам ренессансының Еуропа ғылымына жасаған ықпалы еуропалық ренессанс дәуірінің басталуы­на алып келіп, әсіресе, жаратылыстану ғылымдарының дамуына жасаған әсері еуропалық өркендеу дәуірінің бетін ашты.

Ислам мәдениетінің гүлденуі ортаға­сыр­лық ислам философиясының ірі өкіл­дері әл-Кинди, әл-Фараби, Ибн-Сина, әл-Ғазали, Ибн-Рушд сынды алып тұл­ға­ларды өмірге алып келді. Ең бастысы, мұсыл­мандық Шығыс эллиндердің ұлы рухани мұраларын кейінгі ұрпаққа жеткізе білді.

Орта ғасыр ислам философтары Арис­тотель мен Платон трактаттарын араб тіліне аударып, шығыс перипатетизмі­нің негізін қалады. Испандық перипатетизм өкілдері араб тілінен латын тіліне аудар­ды. Бұл аударма қолжазбалар бүкіл Еуропаға таратыла бастады. Кейінгі ұр­пақ­ естен шыға бастаған эллиндердің руха­ни мәдениеті мен еркін ойлауға, өмір­ге деген сүйіспеншілік көзқарастар негі­зінде тәрбиеленді. Осы кітаптардан бас­тап ортағасырлық Еуропада ренессанс ұғы­мы дүниеге келді. Ренессанс – бұл элли­низмнің Еуропадағы өркендеуі. Ол Ежелгі Грекия мен Ислам әлемінде бастау алған генетикалық бай тұқым болды. Осыдан бастап Батыстық алып өркениеттің алып ағашы өсіп шықты. Бұл – Батыс пен Ислам өркениетінің сұхбаттасуының дәлелі.

Ислам философиясының тарихына көз жүгіртетін болсақ, әл-Фараби рухани әлемінің қаншалықты биік жоғары дең­гейде болғанына көз жеткіземіз. Фило­со­фияда Фараби иждихад дәрежесіне көтерілді, сондықтан да ол фикх, қалам се­к­ілді ілімдер бойынша өз ойын білдіріп қана қоймай, сол мәселелер бойынша ла­йық­ты шешім қабылдай алатын еді.

Ибн Рушд Шамдан аударып, Аристотельдің бірнеше туындысына түсіндірді. Оның негізгі философиялық еңбектерінің бірі - «Жүйесіздіктің жүйесіздігі» , ол Аристотеланизмді қорға, сопылық ағым өкілі Әл-Ғазалидің «Философтардың жүйесіздігі» атты жұмысына қарсы мат қояды.Ол шығыс перифатетизм өкілдерінің қатарына кіреді, ол неоплатондық ілімнің ластануын тазалаған ең сенімді аристотелизмнің жақтаушысы екенін біледі. Ибн Рушдтің шығармаларында Аммонияның , Фемистияның және т.б. Александрияның ескертулерінің айтарлықтай әсері. ӘлҒазалимен келіспеушіліктер кезінде ол философияны рационалистік қорғаушы ретінде әрекет етті. Батыс Еуропаның ортағасырлық философиясында оның жақтастары Ибн Рушд бастаған Аристотельдің ілімдерін түсіндіруін жалғастырды. Бұл бағыт Аверроизм деп аталды. Оның жақтастары Аристотельдің философиясын христиан доктрина сымен (олар «ақиқат ақиқаттарының діни шындықтардан тәуелсіздігін ақтайтын » «ақиқат шындықты» түсіндіреді) келісуіне алаңдамаған.

Ибн Сина Жаратушыға әлемнің мәңгілігін растайды. Ибн Сина жаратылысты мәңгілікте эманацияның неоплатониялық тұжырымдамасының көмегімен түсіндірді, сөйтіп түпнұсқа синглдан жаратылған әлемнің көптігіне логикалық ауысуын негіздеді. Алайда, неоплатонизмнен айырмашылығы, ол эманация процесін аспандағы сфералар әлемімен шектеді, материяны оның түсуінің соңғы нәтижесі ретінде емес, кез келген мүмкін болмыстың қажетті элементі ретінде қарастырды. Ғарыш үш әлемге бөлінеді: материалдық әлем, мәңгілік жаратылмаған формалар әлемі және жердегі әлем өзінің алуан түрлілігімен. Авиценнаның идеяларын қолдаушылар мен қарсыластары арасындағы философиялық көзқарастары төңірегінде ащы күрес жүргізілді.Сопылар Ибн Синаның рационализміне күрт қарсы шығып, оның философиясын адамның Құдайға жақындауына жол бермейді деп айыптады. Соған қарамастан, көптеген сопылар Авиценнаның философиялық әдісін және өрлеу жолындағы эманация сатыларының эволюциялық табиғаты туралы идеясын қабылдады.

Қайта өрлеу дәуірі (Ренессанс) XVI-CVII ғ.ғ. қайта өрлеу Еуропаның басқа елдеріне тарап, өркендей бастады. Әр елде өзіндік ерекшелігімен көрініс тапты. Ортағасырлық діни ұғымнан гөрі ғылыми дүниетаным басымдық танытты, Реннесанс дәуірі мәдениетіне байланысты қай елде болмасын, антикаға деген көзқарасы, дүниетанымның ерекше түрінің пайда болуы, өмір сүру жағдайының өзгеруіне байланысты өзіндік гуманизм пайда болды. Ренессанстық дәуір титанизмніің пайда болуымен ерекшеленеді. Адам жөнінде өзгеше пікірлер қалыптасты. Адам-құдайға ұқсас образда жаратылған «жаратылыс бастауы». Бар тіршілік – табиғат, адамды Құдай жаратты деген пікірді ұстанды. Адам әсемдік пен шеберлікке, махаббат пен сүйіспеншілікке толы жан иесі деген түсінік қалыптасты. Бұл дәуірде мәдениет пен философия шіркеу иелігінен босап, жаңаша өнердің дамуын бастады (бейнелеу өнері, архитектура, музыка, театр, әдебиет). Қазіргі замандық өркениеттің барлық жетістіктеріне тікелей ықпал етті.

Қайта өрлеу дәуіріндегі қалыптасқан негізгі философиялық бағыттар: пантеизм, натурафилософия және гуманизм.

Пантеизм (гр. рап- бәрі және tcheos -құдай) – құдай табиғаттан тыс болмайды, құдайдан тыс табиғат жоқ, құдай бәрін жаратушы бастама деп есептейтін философиялық ілім. Пантеизм құдайды табиғатпен тұтастай алып құрайды, табиғаттан тыс бастаманы теріске шығарады. Терминді Толанд енгізген (1705). Пантеизм Н. Кузанский мен Дж. Бруноның еңбектерінде көп кездеседі.

Натурафилософия (табиғат туралы философия). Алғашында магиямен әуестенумен пайда болып дамыған лім. Магия мен ғылымды жаратушы күш туралы ұстаным байланыстырады. Натурфилософтар қатарына Теофраст Гогенгеим (Парацелес), Бернардино Телезио саналады.

Гуманизм (лат. humanus — иманды) – адамның қадір қасиеті мен хұқын құрметтеді, оның жеке тұлға ретіндегі бағасын, адамның иелігіне, оның жан-жақты дамуына, адам үшін қолалы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы.

6. Жаңа заманғы еуропалық ғылыми идеал

•Жаңа дәуір (17-18 ғғ.) – XVI ғасырдың соңы мен XVII ғасырдың басында алдыңғы
қатарлы Батыc Еуропа елдерінде жаңа капиталистік өндіріс тәсілі пайда болып,
феодалдық қатынастардың ыдырауы қоғамның рухани өміріне түбегейлі өзгерістер
алып келген заман.
• Бұл дәуірдің басты идеологиясы – «Еңбек етсең, табысқа жетесің». Қоғамдық ойда
табиғи құқық теориясы өмірге келді. Оның басты қағидалары: а) жазалау әділеттілігі;
б) контрактық этика – шарттарды орындау мәдениеті; в) бөлінбейтін құқық идеясы.
• Ғылымда екі әдіс пайда болды: эксперименталдық және аксиологиялық-дедуктивті,
олар көбінесе математика мен механикада дамыды.
Философияда пайда болған бағыттар: рационализм, сенсуализм, субъективтік
идеализм, солипсизм, механикалық-метафизикалық материализм, эмпиризм.
Рационализм (лат. рацио – ақыл-ой) – танымның бастауы тек қана ақыл-ой. Жаңа
заманның жалпы философиялық парадигмасы. Негізін қалаушы – Рене Декарт.
Өкілдері: Г.Лейбниц, Б.Спиноза, Б.Паскаль.
Сенсуализм (лат. sensus – сезім) – танымның бастауы тек қана сезімдер.
Негізін салған Джон Локк.
Субъективтік идеализм – Олар дүниенің бар екендігін тек субъектінің санасына
тәуелді етті, яғни субъект бір нәрсені қабылдамаса – ол жоқ. Өкілдері: Дж.Беркли, Д.Юм.
Солипсизм (лат. solus - жалғыз, ipse – өзі) – тек қана адам мен оның санасының
объективті өмір сүретіндігін мойындап, қалған дүниені жоққа шығарды.
Негізін салушы – Д.Беркли. Бұл ағым ғылым мен адамның іс-әрекетін жоққа шығарды.

•Фрэнсис Бэкон (1566-1626 жж.) – филсофияда механикалық-метафизикалық
материализм мен эмпиризмнің негізін алғашқы қалаушылардың бірі ретінде саналы
түрде табиғатты түсіну мен байқау негізінде ғылыми әдістемелерді жете зерттеуге
кіріскен ағылшын философы. Басты еңбектері: «Ғылымдардың қадірі және көбеюі
туралы», «Жаңа Органон», «Жаңа Атлантиданы».
Бэкон «Жаңа Органон» еңбегінде табиғатқа деген материалистік көзқарасты және
индуктивтік таным тәсілінің таным үдерісіндегі алатын орнын дәлелдеді.
•Оның қияли «Жаңа Атлантида» еңбегі үлкен маңыздылықка ие болады. Бұл
еңбегінде ол, бәрінен бұрын, ғылым мен техниканың өндірісті, материалдық
молшылық пен қоғамды жан- жақты дамытудағы атқаратын маңызын көрсетті.
Танымның ең жоғарғы мақсаты – табиғатты игеру мен адам өмірін жетілдіру, шыңдау.
«БІЛІМ – КҮШ», дегенмен ол табиғат құбылыстары зерттеулеріне сүйенсе және өзі
табиғатқа «бой ұсынып, бағынса» ғана «күш» бола алады.Оның әр алуан түрінің
көрінісі болатын материя – философияның зерттеу объектісі.
«Табиғатты тануға болады, алайда таным жолында адамдардың санасын бүлдіретін,
ластайтын көптеген кедергі, адасушылық бар», – деп, ол осы адасудың
төрт түрін – төрт түрлі «идолды» (жалған бейне) немесе елесті ажыратады.
Бұлар: «ТЕК ИДОЛЫ», «ҮҢГІР ИДОЛЫ», «БАЗАР ИДОЛЫ», «ТЕАТР ИДОЛЫ».

•Француз философы Рене Декарттың (1569-1650 жж.) философиялық жұмыстары
келелі әдістемелік мәселелерге арналған. Негізгі еңбектері: «Әдіс туралы әңгіме»,
«Философияның бастаулары».
Декарт философия тарихында дуалистік философияның негізін қалаушы. Оның
философиялық құрылымы дербес екі субстанция – материя мен рухты,
дене мен жанды мойындау ретінде қалыптасады. Ғаламды Құдайдың жаратқанын
мойындаған ол, оның екі дербес субстанциядан – рухани мен материалдықтан тұратынын
мақұлдайды. Материяның ажырамас қасиеті, денелік субстанцияның атрибуты –
созылып жатуы, ұзындығы, ал рухани субстанцияның атрибуты – ойлау деп есептеді.
Декарт ойынша, адам – материалдық пен рухани субстанциялардың, жан мен
тәннің механикалық қосындысы. Адам ағзасының (шишковидная железа)
қозғалысы оның денесіне, ал ойы тек жанына тәуелді. Бұлар өз бетінше өмір сүретін
субстанциялар ретінде, «Философияның бастауында» тек өзіне-өзі керек зат есебінде
анықталады. Ал Құдай жетілген субстанция ретінде қарастырылады, ол «өзі-өзімен»
өмір сүреді, оның «өзіндік» себебі бар.
Декарттың дуализмі оның таным теориясы мен әдіснамалық іліміне әсерін
тигізді. Таным үдерісінде адам парасаты сезімдік заттарды керексінбейді, өйткені
ақиқат білім парасаттың өзінде, парасатпен жететін елестету мен түсініктерде
болады деген пікірді білдіреді.

Т. ГОББС ФИЛОСОФИЯСЫ

•Гоббс ойынша адамның табиғатынан туындайтын моральдық қасиеттері
өзімшілдікке негізделген. «Адам табиғаты қомағай, тойымсыз, қорқақ, долы...
хайуандыққа толы. Қоғамдық пенде ретінде пайда мен мансап іздейді, тек өзін ғана
сүйеді», – дейді. «Жақсылық пен жамандық, игілік пен залымдық деген не?» деген
сұраққа: «Жақсылық, игілік» деген сөздер бізге ұнайтын, пайдасы барды, ал
«залымдық» деп оған қарама-қарсы нәрселерді көрсетеміз», – дейді. Мұндай мораль
саласындағы көзқарас утилитаризм деп аталады.
•Адамның еркі мәселесіне де үлкен көңіл бөлінеді. Бір жағынан, адам ерікті болса,
екінші жағынан, қоғамдық қажеттіліктен аттап кете алмайды. «Өзендегі судың ағысы
ерікті де қажетті, дегенмен ол арнасынан шығып кете алмайды. Адам да сол
сияқты», – деп қорытады ойшыл.
Гоббстің мемлекеті – ол «Левиафан» немесе «жасанды дене», ол адамдар жасаған
келісім-шарт негізінде пайда болады. Алғашқы табиғи сатыда мемлекет те, жекеменшік
те, мораль да жоқ, тек адамдардың табиғи құқығы ғана бар. Ол өзінің өмірін сақтау
үшін қандай әрекет жасаса да, шектеу қойылмайды.
Осындай жағдайда «бәрінің бәріне қарсы соғысы» (“война всех против всех”) басталады.
Адамдар бір-біріне қасқыр тәрізді өмір сүреді. Адамдардың өз-өздерін құрту қаупі
туып, табиғи жағдайдан азаматтық, мемлекеттік деңгейге көшу қажеттілігі
туындайды. Сондықтан олар өздерінің құқығының белгілі бір бөлігінен ерікті түрде бас
тартып, оны бір орталыққа бағынған билікке береді. Мемлекеттің пайда болуымен
адамдар табиғи қалыпта пайдаланған құқықтарынан өз еркімен бас тартып,
«жаратылыстық қалпынан» шығып, келісім бойынша, өздерінің қауіпсіздігіне кепілдік
алады. Осындай қоғамдық келісім-шарттың негізінде мемлекет дүниеге келеді.

7. Ғылым дамуының классикалық емес кезеңінің негізгі концепциялары мен бағыттары

Иррационализм - табиғаттағы логикалық байланыстардың болуын,
қоршаған дүниені тау тас және заңды деп қабылдауды терістеп, Гегель
диалектикасын және ондағы даму идеясын сынады.
Қоршаған дүние — тұтастығы, ішкі заңдылықтары, даму заңдары жоқ,
ақылға емес, аффект, ерік-тілек сияқты қозғаушы күштерге ғана бағынатын
бөлшектелген, түйдектелген хаос екендігі туралы ой — иррационализмнің
басты идеясы.Иррационализмнің көрнекті өкілі - Артур Шопенгауэр (17881860). Өз творчествосында ол Гегель диалектикасы мен тарихилық
принципіне қарсы шығып, кантиандық пен гипотонизмге қайта оралуға
шақырды. Волюнтаризмді өз философиясының универсалды қағидасы деп
жариялады (волюнтаризм - қоршаған дүниедегі басты қозғаушы күш - ерік
(воля) деп санайтын философиялық ағым).
Өзінің «Дүние-ерік және қабылдау ретінде» («Мир как воля и
предствление») атты кітабында Шопенгауэр логиканьщ жеткілікті негіз
заңын тұжырымдады. Бұл заң бойынша философия материалистер сияқты
объектілерге де, субъективті идеалистер сияқты субъектіге де емес, тек қана
сананың акті болып табылатын қабылдауға сүйенуі тиіс.

Қабылдау объективті шындық та, танушы субъект де
емес, обьект пен субьектте бөлінеді. Дәл осы обьект
негізінде жеткілікті негіз заңы жатыр жэәне ол өз
кезегінде 4 дербес заңға жіктеледі:
1. болмыс заңы - кеңістік пен уақыт үшін;
2. себептілік заңы - материалды дүние үшін;
3. логикалық негіз заңы — таным үшін;
4. адам әрекеттерінің мотивациясы заңы.
Осылайша қоршаған дүние (объект түсінігі) болмысқа,
себептілікке, логикалық негіз бен мотивацияға тіреледі.
Субъекттің қабылдауы соншалықты күрделі емес.
Таным процесі адам санасының:
1. тікелей танымы;
2. рефлективті танымы;
3. интуициясы арқылы іске асады.

Экзистенциализм (лат. eksіstentіa – өмір сүру) – адам өмірінің мәні, оның тұлғалық болмысы жайлы батыс философиясындағы иррационалистік бағыт. Адамның өзіндік Менін тануы өмір мен өлімнің мәні, еркіндіктің мағынасы, адамгершілік, рахымдылық, сұлулық, әділеттілік пен ақиқат, адамның дүниеге келудегі мақсаты, қоғамдағы орны сияқты көптеген филос. мәселелердің шешімін табуға итермелейді. Экзистенциализм бағыты өкілдерінің көзқарасы бойынша: өзіндік Менін түйсіну және өзгемен санасу адамды саналы әрекетке жетелейді. Өзгенің бостандығына қол сұққан жағдайда бостандықтың қадірін білетін адамның ар-ожданы бас көтеруге тиісті. Қоғам егер осындай еркін тұлғалардан құралса, онда үйлесімді, шығармашылық байланыстағы, бірін-бірі түсінетін, әрқайсысы өз құқығын білуімен қатар, өз міндеті мен жауапкершілігін толық сезінетін толыққанды қауымға айналады деп білді. Экзистенциализм философиялық бағыт ретінде 20 ғасырда қалыптасты.

Позитивизм – қазіргі заманғы таным теориясынын бағыты. Оның негізін қалаушы – француз философы Огюст Конт (1798-1857). Позитивистердің пікірінше, «болмыс», «материя», «сана» және т.б ұғымдарға, страктылық ойлауға сүйенетін дәстүрлі философия енді жарамсыз, бебі, тек тәжірибе немесе ғылыми эксперимент арқылы тексерілген позитивті, жағымды білім ғана ақиқат, нақты, жаратылыстану ғылымдарына математикаға жақын философия ғана ақиқат философия.

Позитивизм өзі дамуында үш кезеңнен өтті:

Бірінші позитивизм жоғарыда аталған мәселелерді алғашқы болып қойып, философияның міндеті – объективті өмір сүруші материалдық дүние туралы нақты ғылымдар жинаған білімдерді қорыту және жүйелеу деп ымдады. Бұл кезеңнің екілдері – О.Конт, Г.Спенсер, Дж.Милль.

Махизм – дүниені түйсіктер жиынтығы ретінде бейнелеп, философия адам тәжірибесінің сезімдік негізін, психифизиологиялық формаларын сараптауы тиіс деп есептеді, яғни субъективтік идеализмге көбірек бет бұрды. Негізгі өкілі – австриялық физик Э.Мах.

Неопозитивизм – ғылыми теориялардың ақиқаттылығын, салтырмалы құндылығын анықтау тәсілдерін зерттеумен айналыс Өкілдері: К.Поппер, И.Лакатос, Т.Кун және т.б. Олар ғылыми білімд тексерудің негізігі принциптері ретінде верификация, фальсификация және конвенция принциптерін ұсынды.

8. Ғылыми танымның құрылымы мен деңгейлері

Методология (грек. Metodos – таным жолы, logos – ілім) – 1) белгілі бір ғылымда қолданылатын танымдық әдіс-тәсілдердің жиынтығы; 2) танымның принципін, формасы мен әдіс-тәсілін құру жөніндегі ілім.

Ағылшын философы Ф.Бэкон материяны және оның әр түрлі формаларын материалистік философия принциптері негізінде жан-жақты зерттей отырып, байқау мен экспериментке сүйенетін методологияны ең негізгі, тиімді әдіс деп есептеді. Р.Декарттың “Әдіс туралы ойлауында” Бэконның эмпиризміне қарсы қойған рационалистік әдісі де белгілі бір философия.

XVII-XVIII ғасырларда дәл ғылымдардың философияға әсерінің ұлғаюы жаратылыстанудың методология ретіндегі механикалық материализмнің кеңінен таралуына септігін тигізді. И.Кант “Таза ақыл” жүйесінің формальды шарттарын ашуға тиіс трансценденталды методология идеясын ұсына отырып, философияны методологияға айналдыруға ұмтылды. Кант одан кейін Г.Гегель қарапайым әдісті кез келген ғылым (механика немесе математика) үшін даму принципі етіп алғысы келмеді.
XX ғасырда ғылым мен техниканың зор жетістіктері, қоғам өміріндегі күрделі өзгерістер, жаһандық мәселелердің туындауы методологияның ілгері дамуына, білімнің ерекше саласы ретінде бөлініп шығуына әкелді. Методологияның 3 деңгейі бар: философилық, жалпы-ғылыми және жеке-ғылыми милософиялық методология – жалпы әмбебап әдіс туралы ілім, таным мен тәжірибенің жалпылама принциптері мен әдіс-тәсілдерінің жүйесі. Жалпы-ғылыми методология ғылыми танымға ортақ жүйелілік, модельдеу, құрылымдық-функционалдық талдау, ықтималдылық секілді әдістерді зерттейді. Жеке-ғылыми методология жекелеген ғылымдар саласында қолданылатын әдістерді, принциптерді ғыл. танымның деңгейлеріне қатынасында қарастырады. Методологияның деңгейлері бір-бірімен тығыз байланысып, философиялық-методологиялық принциптер мен тұжырымдарды нақтылайды, сондай-ақ терең негізделіп, сұрыпталып, өзінің қолдану аясын, мүмкіндіктерін анықтайды.

Эпистемология

Ғылыми әдіс — жалпы ғылыми аясындағы
қолданылатын әдістердің жиынтығы. Осыған қоса әрбір
ғылым саласы тек қана арнаулы объектіге ғана емес, сол
объектіге сәйкес арнаулы әдіске де ие болады
. Әдіс - зерттеу барысында белгілі бір қорытынды алуға бағытталған, бір
немесе бірнеше метематикалық, немесе логикалық операциялардың
теорияға немесе практикаға негізделген түрі. Процедура – белгілі бір
операциялар жиынтығының орындалуын қамтамасыз ететін ісәрекеттердің жиынтығы.
Тәсіл – күрделі әдіс болып табылады, ол зерттеу барысындағы бірнеше
нысаналы әдістердің жиынтығы