Нұрқасымов Н.Б ЖМП-12 by

Оқыту технологиясының мазмұны

Оқыту технологиясының мазмұны. Жоғары мектептегі оқыту технологиясының жіктелуі. Оқытудың технологиясының жіктемесі. Дамыта оқыту технологиясы. Ақпараттық оқыту технологиясы. Қашықтан оқыту технологиясы. Белсенді оқытудың ерекшеліктері. Оқыту әдістерін белсендендіру. ЖОО-дағы проблемалық оқыту. Проблемалық оқытудың формалары мен әдістері. Оқу әрекетін жобалауды ғылыми негіздеу. ЖОО-дағы оқу үдерісін жобалаудың ерекшеліктері. ЖОО-дағы білім беру технологиялары және олардың ерекшеліктері. Мемлекеттік экологиялық мониторинг. ЖОО-дағы ақпараттық технологиялар.

2. Г.Селевконың «Современные технологии обучения» оқулығын конспектілеу. Ұсынылған технологияның қайсысы жоғары мектеп үшін ыңғайлы? Негіздеу

Оқу технологиясы жөніндегі идея қай заманда пайда болған?
Оқу технологиясы жӛніндегі идея қай заманда пайда болған? Мұндай ғылымдық мәні бар ой жаңалықты емес. Кезінде оны Я.А.Коменский де дәріптеген. Ұлы педагог – ғұлама 17-ғасырда-ақ оқудың «техникалық» (яғни «технологиялық») болатынын уағыздап, оның мүлтіксіз тиімді нәтиже беретін жолдарын іздестіріп бақты. Я.А.Коменский еңбектеріне үңіле түссек, педагогикалық технологияға бастау берген даналық пікірлерді табамыз: «Дидактикалық машина үшін қажет нәрсе – 1) түбегейлі ойластырылған мақсаттарды; 2) сол мақсаттарға жетуге дәл икемдестірілген жабдықтарды; 3) мақсаттың орындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты жабдықтарды қолданудың мызғымас ережелерін табуымыз керек». Коменский заманынан бастап, оқуды мүлтіксіз әрекеттегі механизмге сәйкестендіру ұмтылысының талайы күні бүгінге дейін басылған емес. Кейін оқу технологиясы жөніндегі көптеген тұжырымдар толықтырылып, нақтыланып отырды. Әсіресе, техникалық прогрестің әрқилы теориялық және практикалық қызметтер аймағына енуімен оқуды технологизацияластыру идеясы нығайып, іске асырыла бастады (П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина, Ю.К.Бабанский және т.б.). Осы заманғы дидактикада әрқилы оқу технологиялары көрініс беріп жүр. Олардың кӛп түрлі болу себебі - әр автор мен орындаушының педагогикалық процеске өзінше жаңалық қосып, технологияға ӛзгеріс ендіріп баруымен байланысты. Оқыту технологиясы - оқыту үрдісінде алдын ала жоспарланған, оқытудың диагностикасы қойылған мақсатына практикада жүйелілік және бірізділікпен жету құралдары.

В.П.Беспалько педагогикалық технологияны қойылған білім беру мақсаттарын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәрбиелеу мен оқытудың теориялық негізделген үрдістерін жаңадан ӛндірудің, еске түсірудің құралдар мен әдістер жиынтығы ретінде анықтайды.

В.М.Монахов педагогикалық технология – мұғалім мен оқушы үшін жағымды жағдайды қамтамасыз ететін оқу үрдісін жобалау, ұйымдастыру және ӛткізуде барлық бӛлшегіне дейін ойластырылған бірлескен педагогикалық іс-әрекеттің үлгісі. Технологияның міндеттерін түсіндіре отырып: педагогикалық технологиялық жобалаудағы жетекшіқағидасы оқушының жеке белсенділігі, мұнда ең бастысы - білімді меңгеруге іштей қалыптасқан қызығушылығы мен ынтасы, білім алу іскерлігі – деп жазады.

Г.М.Құсайыновтың есебінше педагогикалық технология әдеттегі түсініктерден басқа – ол мұғалімнің жоспарланған оқыту мен тәрбиелеудегі мақсаттары мен нәтижелерге жету мен сабақ беру үрдісі емес, ол кәсібі ұстаздың басшылығымен оқушылардың ӛзінің және ӛзара оқыту үрдісі, ол білім берудің мазмұнымен оқу жоспарымен бағдарламаларында ескерілген іс-әркеттердің сол түрлерін меңгеру жұмыстарының әрбір салаларында болатын ӛзгерістер мен қайта құру болады.
В.А.Сластенин бойынша педагогикалық технология деген ол қатал ғылыми жоспарлау және дәлірек айтқанда педагогикалық әрекеттің жетістігін қамтамасыз ететін елестету.

Дидактикада оқу технологиялары тӛмендегідей сипаттарымен жіктеліп, топтастырылады:
- Қолдану деңгейі: жалпы педагогикалық, пән әдістемелік, бөлімдік (модульдік);
- Философиялық негізі: ғылыми және діни, гуманистік және әміршіләкімшіл (авторитарлы);
- Тәжірибе меңгерудің ғылыми негіздемесі (концепция): байланысжауапты (ассоциатив-рефлекторлы); іс-әрекетті (бихевиористік), іштей ұғу (интериоризаторлы), дамытушы;
- Тұлғалық құрылымға бағдарлануы: ақпаратты (білім, ептілік және дағдылар қалыптастыру), нақты қимыл-әрекеттік (оперативті ақыл-ой әрекеттері әдістерін қалыптастыру), шығармашыл (эвристикалы-дарын қабілеттерін дамыту), қолданбалы (тұрмыс-тәжірибелік әрекеттер қалыптастыру).
- Дәстүрлі оқу жүйесін жаңалау бағыты (модернизация): оқушы ісәрекетінің белсенділігін кӛтеру және жеделдестіру технологиясы; мұғалім және оқушы арасындағы қатынастарды ізгілендіру мен демократияластыру негізінде жасалған технология; оқу материалын дидактикалық қайта түзуге негізделген технология және т.б.

Оқыту технологиясын қолдану мүмкіншілігіне төмендегілердің әсері бар:
1. Жаңалықты ендіруге даярлық – бұл ең алдымен, стратегиялық және технологиялық өңделген білімдік құжаттардың болуы. Оқыту технологиясына байланысты кітаптар, мақалалар болумен, оқыту сапасын тез арттыратын тұтас білім, ғылыми-техникалық жағынан қамтамасыз етілмей, бұрынғы дәстүрлі оқыту әдістемесінен артықшылығын кӛрсете алмай отыр. Осыдан келіп, мұғалімдердің белгілі бір тобы оқыту технологияларын жаңалық деп есептемейді, оны меңгеруде, қолдануда енжарлық көрсетеді.
2. Мұғалімдердің оқыту технологияларын меңгеруге, қолдануға деген себептендіруді тудырып, үгіттеушілік бағыттан конструктивтіктехнологиялық жұмысқа бағыттау – білім сапасын арттырудың маңызды құралы. Бұған мұғалімдерді психологиялық, теориялық және әдістемелік астарларды қамтып, арнайы даярлап қана қоймай, сонымен бірге технологияларды қолдануға қатысатын оқушыларды, олардың ата-аналарын да даярлау қажет.
3. Оқытудың қазіргі технологияларын оқыту үрдісінде қолдану, оқыту технологиясына қызығушылық таныту, ынта қою. Оның мақсат, мазмұнын, болашағын түсініп, іс жүзіне асыра білу белгілі бір мақсатты, жүйелі дайындықтың нәтижесі болып табылады.

Дамыта оқыту технологиясы. Ақпараттық оқыту технологиясы. Қашықтан оқыту технологиясы. Белсенді оқытудың ерекшеліктері. Оқыту әдістерін белсендендіру. ЖОО-дағы проблемалық оқыту.

«Проблемалық оқыту технологиясы».
Проблемалық оқыту өзіне тән үш түрлі формаларды іске асырылады:

проблемалы баяндау;

студенттердің біршама ізденуі;

өздігінен зерттеуі.

Проблемалық оқыту студенттердің таным әрекетінің негізгі үш кезеңнен тұрады:

проблемалық міндет қою және ұғыну;

2) проблемалық міндетті талдау, болжамдар жасау, оны шешудің тиімді амалдарын қалыптастыру;

проблеманы шешу, оның дұрыстығын анықтау.

Дамыта оқыту
Дамыта оқытудың негізі оқытудың белсенді әдісі болып есептеледі. Белсенді оқыту дидактикалық процестің ұйымдастырылуы әдісінен дамытушы, проблемалық, зерттеушілік ізденіске ауысуымен белгілі, оқытудағы шығармашылық үшін жағдай туғызады, таным процесін белсендіреді.

М.Новиков белсенді  оқытудың  мынадай айырмашылықтарын көрсетеді:

1) ойлау белсенділігін арттыру. Мұнда тәрбиеленуші өзінің тілегіне тәуелсіз белсенді болуы керек;

2) оқуға қызықтыру уақыты айтарлықтай ұзақ болуы;

3) өзіндік  шығармашылық  шешімдер қабылдау, оқушылардың сезімдік және мотивациялық  жоғары  деңгейі.

Белсенді оқыту ерекшеліктері
Белсенді оқыту әдісі — бұл оқу материалын меңгеру процесінде белсенді ойлау және тәжірибелік әрекетке оқушыларды ынталандыратын әдіс. Белсенді  оқыту, ең бастысы мұғалімдердің  дайын білімдерін олардың жаттап алуы және қайта айтып беруінің мазмұнынан емес, ал белсенді тәжірибелік әрекеті және ойлау әрекеті процесінде оқушылардың қабілеті мен білімдерін өзіндік меңгеруі сияқты әдістер жүйесін ұсынады.

Белсенді оқыту әдістерінің ерекшеліктері тәжірибелік және ойлау әрекеттерін тудыруға бағдарлануында. Белсенді әдістердің көрінуі және дамуы оқытудың алдына жаңа міндеттер қойылғанымен сәйкестеледі: оқушыларға тек қана білім бермей, сонымен қатар танымдық қызығушылықтарын дамыту және шығармашылық ойлауын жетілдіру танымдық белсенділік және танымдық өзіндік сапа оқуға деген оқушылардың  дара қабілеттерін көрсетеді.

Оқытудың ақпараттық технологиясы
Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.
Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады
Источник: https://www.tarbie.kz/25348

Қашықтықтан оқыту
Қашықтықтан оқыту – мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту. Қашықтықтан оқытудың үш түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық) және оффлайн (асинхрондық) және кең таралған үшінші түрі – вебинар.

Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы. Мұнда мұғалім түсіндірмесін, көрсетілімдерін көру арқылы оқып үйренеді.

Оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы. Мұнда оқушылар, студенттер, тыңдаушылар өздерінің ізденіс, ақпарат жинақтау, тапсырмаларын желі арқылы оқытушыларына жолдап отырады. Ал, оқытушы тарапынан кері байланыс жасалып жүргізіледі.

Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренингтер өткізу формасы.Қашықтықтан оқытусеминарлары оқу сабақтарының белсенді түрі болып табылады. Ол семинарларбейнеконференциялардың көмегімен жүргізіледі. Олар пікірталасқа оның дамуының кезкелген жерінде кіруіне мүмкіндік береді және бұдан бұрынғы айтылған сөздерді оқып, бірнеше қадам артқа қайта оралады. Оқытушы материалдың меңгерілуін пікірталасқа қатысушының белсенділік дәрежесі бойынша бағалай алады. Өзара іс-әрекет ету саны артады, ал оқытушы тең құқылы әріптес ретінде көрінеді.

Оқыту мазмұнын жобалау
Оқыту мазмұнын жобалау, оқыту процесін басқаруды жобалау, оқыту нəтижесін бақылау жобасы, оқыту əдістерін жобалау, білім беру жобасы, білім беру технологиясын классификациялау т.б ұғымдарын оқытудың технологиясы, ал «шəкірттердің дүниетанымдары мен қабілеттерінің мазмұнын жобалау, даму процесін жобалау», «даму нəтижелерін жобалау», «даму əдіс-тəсілдерін жобалау» ұғымдарын дамыту технологиясы біріктіреді. Оқу үрдісін жобалау, ұйымдастыру жəне жүзеге асыру бойынша бірігіп қызмет етуіне қолайлы жағдай туғызатын, əбден ойластырылған педагогикалық қызметтің бірлескен моделі, оқу үрдісінің параметрлік моделі екендігін, оқу үрдісін бүтіндей жобалау мақсат қою, болжау, өзіндік жұмысты мөлшерлеу, оқу үрдісінің логикалық құрылымы, түзету, технологиялық карта т.с.с. қарастыру болып табылады. Педагогикалық жобалауды объектілеріне байланысты классификациялаған дұрыс, өйткені технологияландырудың негізгі критерийі жобаның бар болуы. Мəселен, түгелдей педагогикалық жүйені жобалау, педагогикалық, оқыту үрдістерін жобалау, бөлек педагогикалық жағдайларды немесе педагогикалық жүйе компоненттерін жобалау жəне т.б. Оқыту үрдісін технологиялық карта арқылы жобалау дидактикалық ақпараттың қатаң ұйымдастырылуын, жаңа технологиялық этиканың бекітілуін, білім беру үрдісінің тиімділігін анағұрлым арттырылуын қамтамасыз етеді. ХХ ғасырдың соңында «жобалау» адамның шығармашылық іс-əрекетіндегі ойлаудың өзіндік ерекшелігі бар түріне жəне жіктемелік белгісіне айналды. «Жобалау» іс-əрекеті ғылымға, өнерге жəне жалпы адамның қоршаған дүниеге қатынасына тəн іс-əрекет түріне айналды

«Жобалау» сөзі қазақтың «жоба» деген сөзінен жасалынған, мағынасы – жаңа нəрсенің жобасын, сұлбасын жасау. Ғылымда ол тек қана жаңа нəрсенің жобасын жасау ғана емес, сонымен қатар оны негіздеу, басқадан айырмашылығын көрсетуді білдіреді. Бұл термин алғашында құрылыс, техника саласында қолданылды. Өткен ғасырдың орта шенінен бастап гуманитарлық ғылымдарда да қолданыс таба бастады. Кеңестік энциклопедиялық сөздікте «жобалау» ұғымы: «1) құрылыстың, механизмнің немесе құрылғының жоспарын жасау; 2) белгілі бір құжаттың алдын ала мəтінін жасау» деп түсіндіріледі.

Л.Арчердің анықтамасы бойынша, жобалау — «белгілі бір міндетті шешу», ал Г.Надлер бойынша,«бұрынғы белгілі үлгілерге қарағанда неғұрлым жетілдірілген идеал үлгі жасау» болып табылады.

И.В. Котляровтың айтуынша, жобаны іске асырудың нəтижелі болуы оны жобалау кезеңдерінен тəуелді. Кез келген саладағы жобалау мынадай кезеңдерден тұрады: мақсатты анықтау, ғылыми зерттеулер, міндеттерді қою, идеяларды іздеу, тұжырымдама жасау, талдау, эксперимент, шешімдер т.б. Гуманитарлық ғылымдардағы «жобалаудың» ерекшелігі – оның əлеуметтік құрамдас бөлігінің болуы. Бір сөзбен айтқанда, əлеуметтік жобалауда адамның тұлғалық ерекшеліктері, оның қоршаған ортамен, басқа адамдармен қатынасы есепке алынуы тиіс. Ж.Т.Тощенко т.б. еңбектерінде «жобалау» тек қана жасалуы тиіс нəрсенің күйін болжауды емес, сонымен бірге əлеуметтік-педагогикалық заңдылықтарды зерттеуге бағытталған, өзара əрекеттесуге қабілеттілікті мақсатты түрде дамытатын іс-əрекет түрі ретінде қарастырылады. Өткен ғасырдың соңғы ширегінде əлеуметтік жобалау аясында педагогикалық жобалау дами бастады.

Г.Селевконың «Современные технологии обучения» оқулығы
Г.Селевконың «Современные технологии обучения» оқулығын конспектілеу

Оқулық мазмұны:
Кіріспе 3
1. Қазіргі білім берудегі педагогикалық технологиялар 5
2. Педагогикалық технологиялардың түрлері 13
3. Заманауи оқыту технологиялары 19
4. 5-сыныптағы технология сабақтарындағы жобалық жұмыс 26
Қорытынды 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 30 - нен тұрады.
едагогикалық технология педагогикалық процестің толық басқарылуы, оны жобалау және кезең-кезеңімен жаңғырту арқылы талдау мүмкіндігі идеясына негізделген. Педагогикалық технологияның мәні - тұрақты кері байланысқа сүйене отырып, нақты белгіленген мақсатқа жетуге кепілдік беру. Сондықтан мақсат қою технологиясы педагогикалық технологияның ең маңызды бастапқы шартына айналады.
Педагогикалық технология нәтиженің дәлдігі мен болжамдылығын, оған жету жолдарын білуді білдіреді. Педагогикалық технологиялардың басқа технологиялардан мәні жағынан түбегейлі айырмашылығы бола алмайтыны анық. Басқалар сияқты, олардың жұмыс істеу әдістері мен құралдары жағынан да, қандай «материалмен» айналысатыны жағынан да өзіндік салалық (кландық, кәсіби) ерекшеліктері бар.
Олардың ерекшелігі тәрбиелік компоненттің болуымен де (демек, олардың ішінара ықтималдық сипаты) да, мәселенің философиялық, психологиялық, медициналық және экологиялық аспектілерін ескеру қажеттілігінен де көрінеді.
Педагогикалық технологиялардың ең маңызды белгілері:
1.Технология нақты педагогикалық идеяға арналған, ол автордың белгілі бір әдістемелік, философиялық ұстанымына негізделеді.
2. Педагогикалық әрекеттердің, операциялардың, коммуникациялардың технологиялық тізбегі нақты күтілетін нәтиже нысаны бар мақсатты орнатуларға сәйкес қатаң түрде құрылады.
3. Технология мұғалім мен білім алушылардың өзара байланысты іс-әрекетін (келісімшарт негізінде) даралау және саралау, адами және техникалық мүмкіндіктерді оңтайлы жүзеге асыру, диалогтік қарым-қатынас принциптерін ескере отырып қарастырады.
4. Педагогикалық технология элементтері, бір жағынан, кез келген мұғалімде қайталанатын болса, екінші жағынан, барлық оқушылардың жоспарланған нәтижеге (мемлекеттік стандарт) жетуіне кепілдік беруі керек.
5. Педагогикалық технологияның органикалық бөлігі болып қызмет нәтижелерін өлшеудің критерийлері, көрсеткіштері және құралдары бар диагностикалық процедуралар табылады.
Білім берудегі заманауи технологияларды дамыту келесі принциптерге сәйкес жүзеге асырылуы керек:
- дидактикалық жүйені білдіретін технологияның тұтастығы принципі;
- қойылған мақсатқа жету үшін нақты педагогикалық ортада технологияның қайталану принципі;
- педагогикалық құрылымдардың сызықты еместігі принципі және сәйкес педагогикалық жүйелердің өзін-өзі жүзеге асыру механизмдеріне әсер ететін факторлардың басымдығы;
- оқу процесін оқушы тұлғасына және оның танымдық қабілетіне бейімдеу принципі;
- жалпылама білімді қалыптастыру үшін оңтайлы жағдай туғызатын оқу ақпаратының потенциалды артықтығы принципі.
Сонымен, технологиялардың көмегімен білім, білік, дағдыны меңгеру барысында тұлғалық қасиеттерді дамытуда тиімді нәтижеге (мақсатқа) жетуге болады [2, 19, 21].
Педагогикалық теорияда педагогикалық технологияның бірыңғай және бекітілген анықтамасы жоқ сияқты, т.б. жалпы қабылданған тұжырымдама жоқ, педагогикалық технологияның мәні мен құрылымы туралы консенсус жоқ. Әртүрлі авторлар бұл мәселені өзінше қарастырады, сондықтан оны әртүрлі пікірлерге сәйкес зерттеу керек (Т.А. Стефановская, Г.К. Селевко және В.А. Сластенина және т.б.).
Г.К. теориясы бойынша. Сельевко, «педагогикалық технология» ұғымын үш аспектіде көрсетуге болады:
«1) ғылыми: педагогикалық технологиялар оқытудың мақсаттарын, мазмұны мен әдістерін зерттейтін және дамытатын және педагогикалық процестерді жобалайтын педагогикалық ғылымның бір бөлігі;
2) процессуалдық және сипаттамалық: оқу процесінің сипаттамасы, жоспарланған оқыту нәтижелеріне қол жеткізудің мақсаттары, мазмұны, әдістері мен құралдары жиынтығы;
3) процессуалдық және қызмет: технологиялық процесті жүзеге асыру, барлық жеке, аспаптық және әдістемелік педагогикалық құралдардың жұмыс істеуі.
Бұл мектептегі математикалық білім беруді ізгілендіру технологиясының негізінде жатқан соңғы көзқарас.
Білім берудегі заманауи технологиялар жаңа білім беру парадигмасын жүзеге асыруға болатын құрал ретінде қарастырылады. Білім беру технологияларының даму тенденциялары білім беруді ізгілендірумен тікелей байланысты, ол тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына және өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал етеді.