Моя сияющая доска Padlet by

Практик психолог 1-топ
Тасболат Ардақ
Неге босағада тұруға болмайды?
1)Қазақстың әр сөзі ақыл, тұнған даналық. Әр тыйымы мен ырымы да бекерге емес. «Отбасы хрестоматиясы» кітабында халқымыздың ырым-тыйымдары кеңінен түсіндірілген. Соның бірін атап өтсем:

Адам ата Қағбаның іргесін қалап, оны «Құдайдың үйі» деп атайды. Қағбада құлшылық жасап, ескірген жерін жөндеп тұрады екен. Дүниеден өтерінде ұлы Шишке Қағбаның кілтін ұстатып, оны күтіп, таза ұстауды аманат етіпті.

Шиш әке өсиетін бұлжытпай орындайды. Оның ықылас-пейіліне риза болған Жебірейіл Шишке үй салуды үйретеді. Оған дейін Адамның ұрпағы ағаштан салынған лашықтарда өмір сүрген екен.

Шиш құрылыс өнерін үйренген соң, алғаш  өз үйін кірпіштен тұрғызады. Баспанасы дайын болған кезде оған бірінші болып қонаққа келген Құт екен. Ол үйден орын беруін сұрайды. Шиш:

— Қалаған жеріңнен қоныс ал! — дейді. Құт табалдырыққа келіп жайғасады. Осыған орай ел арасында «табалдырықта тұрма», «табалдырықты баспа, үйдің құты қашады» деген ырым сақталыпты.

Көп ұзамай ынтымақ келіп, пайғамбардың қонысынан  жай сұрайды. Ол босағаға орналасады. Қазақта «босағаң мықты болсын» деген сөз  «ынтымағың мықты болсын» деген тілек екен. Ал «босағада тұрма» дейтіні «ынтымақты бұзасың» деген ырымы деседі.

2)Есіктің босағасын керуге, табалдырығында тұруға болмайды. Бұл - жамаңдық, шақырма деген мағынадағы тыйым. Себебі жау шапқанда ғана үй иелері босағаны керіп, табалдырықта тұрған.

Әліптің артын бағайық деген не мағына береді?
Қазақ арасында кеңінен қолданылатын тұрақты тіркестің бірі «әліптің артын бағайық». Бұл тіркеске лингвистикалық тұғыдан анықтама бермесе де, С.Мұқановтың «Мөлдір махаббат» атты романында жалпы сипаты ашылады. Яғни романның «Қаңғырған күндер» атты V бөлімінде: – құмалақпен бал ашқанда оның саны 41 болады. Қазақ ұғымында, құмалақтың «қырқы» емес, «қырық біріншісі» ғана сөйлеп болжал айтады, оның аты – «әліп» сондықтан бал ашқанда әліптің жау жағына я өз жағына шығарын бақылайды. «Әліптің артын бағайық» дейтіні сол – деп көрсетеді. Яғни бұл атау қазақ халқының танымына сай уақыт өте келе оқиғаның, мәселенің ақырын күтейік деген мағынаға ие болып, тұрақты сөз тіркесіне айналған.

Бетімен кетті?
Бетімен кетті деген сөз: тыңдамай кетті, өз бетімен кетті деген мағынаны білдіреді.

Қолқа салу деген не мағына береді?
Қолқа салды тұрақты тіркесін әркім әртүрлі талдап, қолқа сөзінің мәнін ашуға тырысып бағуда. Алайда кейбір талдаудың "халық этимологиясы" сипатына ие екендігін байқауға болады.

Біз бұл фразеологизмдегі қолқа сөзінің мәнін ашу үшін көне және қазіргі түрік тілдері деректеріне жүгініп көрдік.

Сонымен, түрік тілдері деректеріне сүйенсек, қолқа "өтініш, қалау, тілек" мағынасындағы ұғым екен.

Мысалы, көне ұйғыр жазба ескерткіштерінде "тілеу, сұрау, өтіну" мәніндегі қол- етістігінен жасалған "өтініш айтушы; өтініш білдіруші" дегенді білдіретін қолтғучы туынды сөзі қолданылған.

Құтты білікте болса, қолтғу сөзі "өтініш, тілек, талап" мәніне ие.

XIV ғасырда қолтқа тұлғасына дейін өзгеріп, Хорезм дәуірі ескерткіші Муқаддиметүл-едеб жазбасында "тілек, өтініш" мағынасында жұмсалған.

Сол дәуірдің Мүминүл-мүрит атты жазба ескерткішінде қолғу түрінде де қолданылған.

Қазіргі түркі тілдеріне келсек, тек қарайым тілінде сақталған қолтқа сөзі "дұға, бата, тілек" мағынасында жұмсалуда.

Сайып келгенде, жоғарыда келтірген тіл деректері негізінде қолқа салу тұрақты тіркесін "өтініш айту, өтініш/тілек білдіру, бұйымтайлау" деп түсіндіріп бере аламыз.

Фразеологиялық сөздікте қолқа салу тіркесіне "қимас, қымбат затын қалау, сұрау" деген анықтама берілген.