Моя блестящая доска Padlet by

Мырзашева Аружан ғұндар
Б.з.б. III - б.з. II гасырларда Орталык Азия аумагын мекендеген ғұн, үйсін, каңлц тайпалары жайлы мәліметтер көне кытай тіліндегі деректерде жазылган.
Кытай экспанциясынын, батысқа бағытталуы Шығыс Түркістан ,
Қазақстан мен Орта Азияны мекендеген халықтар мен тайпалардьң мінсіз кұлықтары мен әдет ғұрыптарын, өмір суру салты мен тұрмысын, саяси құрылымы мен соғыс өнерін білуді қажет етті.Алғаш кытайдьщ нормативті тарихнамасының негізін салушы
Сыма Цянь (б.з.б. 145-86 жж.) болды. Оның «Ши цзи» («Тарихи
жазбалар») шығармасында Қазахстан мен Орта Азия аумагын мекендеген тайпалар жайлы көлемді бағалы мәліметтер бар. Шыгарманың «Өмірбаян» атты бөлімшесінде  «Сюнну туралы хикая» жэне
«Давань туралы хикая» деген екі тарауы бар. Бұл тарауларда ежелri дәуірден автордың өзі өмір сүрген дәуірге дейін тарихи кезең қамтылады. Атап айтқанда гұндардың шығы тегі, ғұн мемлекетінің қалыптасуы, мемлекеттің негізін қалаушы Мөде шаньюйдың билікке келуінен бастап , ғұн мемлекетінің кншеюіне шарықтау шегіне дейін жеткен шарықтау кезеңіндегі маңызды оқиғалар бар.
Тарихи ахуалдарға байланысты кезінде ғұндар күнгей және теріскей болып екіге бөлініп кеткен болатын.Осыған байланысты кейінгі түркілердің ата-бабалары қайсысы деген сұрақ жиі туындайды.Мұның жауабы теріскей ғұндар болып саналады.Себебі өздерінің түркілік келбетін сақтап қалған рулар мен тайпалар негізінен қытайға бағынып, ежелден қытайлана түскен күнгей күнгей ғұндар арасынан емес, теріскей ғұндар арасынан шықты. Ғұндар б.з 3 ғасырына дейін хундар деген атпен белгілі болып, онан соң әртүрлі этностардың араласуы нәтижесінде метисацияға ұшырап гундарға айналып кетті. Олардың араласуына келер болсақ 3-4 ғасырлар олардың батысқа қоныс аударуларының басы болды. Ғұн державасы б.з.д. 13 ғасыр құрылған б.з.д. 9 ғасырдан бастап қытайға шабуылдар басталған. б.з.д. 202 хұндардың Саян аймағына шабуылдап ондағы динлиндерді,қыпшақьарды, қырғыздарды, хуньюйларды бағындырды.Осындай жақындасулар адамдардың жаңа қауымдастығы-түркі халықтарының қалыптасуына негіз болды. Ғұндардың өмірлерінде мал шаруашылығы маңызды рөл атқарған.Сонымен қатар ғұндар егіншілік пен отырықшылықты да білген. Сыма Цянь былай деп жазады: “Қытайдың солтүстігінің сырт жағын мекендей жүріп, олар өздерінің малымен бір жайылымнан екінші жайылымғп көшеді. Үй малынан жылқы, ірі қара, қой, ешкі өсіреді. Тағы басқа деректемелер де “солтүстік жерлерде суық ерте түседі, сондықтан тары себуге қолайсыз болса да, ғұндардың жеріне тары себіледі” деп жазылған.Сонымен қатар Байкал сыртындағы  Нижне-Иволгинск қала жұртын қазған кезде еденді сылаған балшық арасынан туралған сабан шықты.Нақ осы жерден қысқы, тұрақты жартылай жертөлелердің дұрты табылды, олар қандай жүйесімен жылытылған. Тары дәндері,темір орақ,тас дәнүккіштер және астқ сақтайтн ұралар шықты.Адам жерленге ағаш қималар да ғұндарда отырықшылық болғанын дәлелдейді.
Ғұндардың патриархаттық рулық құрылысы қойнауында жаңа қоғамдық қатынастар пісіп жетілді. Мұның себептерінің бірі айырбастың, сауданың дамуы болды. Ғұндарда малға әулеттік, жеке меншіктің болғаны туралы мәліметтер бар.Елді шаньюй басқарды.Одан кейін түменбасылар,мыңбасылар,жүзбасылар,онбасылар деп аталатын бекзадалардан тұрған.