Педагогика by Аида Байтурина

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы — Қазақстан Республикасының жетекші ғылыми-педагогикалық орталықтарының бірі. Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің есімі берілген.

Алтынсариннің педагогикалық ой-пікірлері оның онерлік қызметінің кез-келген саласымен өзектесіп жатады. Ол бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, оларға дүнияуи ғылымдарын үйретуге, төл оқу құралдарын жазып шығаруға, мектеп үшін жақсы ұстаз-мұғалімдер даярлауға, оларға күнделікті ғылыми-методикалық басшылық жасауға арнады. Өзінің ғылыми-публицистикалық, жазушылық творчествосын қазақ халқының өмірінде ХІХ ғ. өрістеген қоғамдық, саяси-әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып жазуға жұмсады. Сөйтіп, өзінің бар өмірін ағартушылық ісіне бағындырып, қазақ жастарын адал, шыншыл, еңбек сүйгіш, өнегелі, өнерлі азамат болуға шақырды, теріс пікірлерден, ескі әдет-ғұрып, соқыр сезімдерден, ұрлық, зомбылық, жатып ішер жалқаулық сияқты жаман қылық, жат мінездерден бойын аулақ ұстауға шақырды.
Ы.Алтынсариннің дүниеге көзқарасының қалыптасуына сол кезде өмір сүрген атақты орыс педагогі К.Д.Ушинскийдің біршама әсері болғанға ұқсайды. Мұны осы екі ұлы адамның педагогикалық мұрасының сабақтастығын зерттеген кейбір ғалымдар (Н.Н.Медынский, А.Р.Эфиров, т.б.) атап өтеді. « Алтынсариннің өмірі мен көзқарасына К.Д.Ушинский игілікті әсер еткен» -деп жазды, советтік педагогика тарихының білгірі профессор Н.Н.Медынский.

Ушинский бастаған педагогикалық жаңалықтарды білмесе, орыстың адамгершіл-прогресшіл классикалық әдебиетінің нәрінен қорек алмаса Ыбырай болмас еді, -дейді М.О.Әуезов.
1946 жылы 1 шілдеде Қазақстан Ғылым академиясы салтанатты түрде ашылды. Ғылым академиясының тұңғыш президенті болып көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, қазақстандық геология мектебінің негізін салушы, академик, әлемге танымал ғалым Қ.И.Сәтбаев сайланды. Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының құрылуы республиканың табиғи ресурстарын неғұрлым толық зерттеуге және пайдалануға, оның экономикасының, ғылымы мен мәдениетінің өркендеп өсуіне кең мүмкіндіктер ашты. 1995 жылы 31 желтоқсанда Ғылым академиясының ғылыми-зерттеу институттарында ғылыми қызметкерлердің саны 2996-ға жетті, оның ішінде 408 ғылым докторы және 1289 ғылым кандидаты; ал 2009 жылы ҚР Ұлттық Ғылым академиясында 172 толық мүше, 21 құрметті мүше және 14 шетелдік мүшесі болды. Ғылым академиясының құрамында 5 ғылыми бөлімше (1999): физика-математикалық ғылымдар, Жер туралы ғылымдар, химия-технологиялық ғылымдар, биология және медицина ғылымдары, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімшелері, сондай-ақ ғылыми-ұйымдық және халықаралық бөлімшелер жұмыс істеді.

Қазақстанның білім беру жүйесін дамыту стратегиясына сәйкес Академияның негізгі міндеттері болып табылады:

- білім беру саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін арттыру;
- психологиялық-педагогикалық зерттеулердің нәтижелерін білім берудің нақты тәжірибесіне енгізуді үйлестіру;
- білім берудің барлық деңгейлерінің нормативтік құқықтық базасын әзірлеуді үйлестіру;
- педагогикалық білім берудің теориясы мен тәжірибесін дамытуға ықпал ету;
- үздік отандық және әлемдік педагогикалық тәжірибені жинақтау, трансформациялау және тираждау;
- Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, Назарбаев Университетінің және "Кәсіпқор" холдингінің тәжірибесін зерделеу, бейімдеу және трансляциялау.

Академия 3 ғылыми журнал шығарады: «12 жылдық білім беру», «Қазақстан кәсіпкері», «Білім»
Ұлттық білім беру академиясының негізгі педагогикалық қызметтерінің бірі – білім беру, жас ұрпақтың денсаулығын сақтау мәселесі,рухы биік, мәдениеті жоғары, білімі терең салауатты ұрпақ қалыптастыру болып табылады.

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТА БІЛІМ БЕРУҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ»ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес тұлғаны жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету қажет. 2021-2022 оқу жылында білім беруді ұйымдастыруда келесі міндеттерге назар аудару керек:  білім алушылардың білімін толықтыру;  оқу жүктемесі төмендетілген ҮОЖ-ын жүзеге асыру;  қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасымен қамтамасыз ету;  цифрлық инфрақұрылыммен және ресурстармен жабдықтау. Әрбір білім беру ұйымының міндеті – білім алушының тұлғалық үйлесімді қалыптасуы, функционалды сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің дамуы үшін қолайлы, жалпыадамзаттық, ұлттық құндылықтарға негізделген білім беру ортасын құру.

2 ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие процесі білім алушылардың интеллектуалдық, патриоттық, руханиадамгершілік пен дене дамуын қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай идеологиялық тәсілдер мен құндылықтарға негізделіп жүзеге асырылады. Тәрбие жұмысы барлық мүдделі тараптар: отбасы, білім беру ұйымдары, қоғамның жаппай қатысуымен кешенді түрде өткізілуі тиіс.

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІГІН БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ. БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫ
2021-2022 оқу жылында критериалды бағалау жүйесі 2-11-сыныптарда жүзеге асырылады. 1-сыныпта бағалау жүргізілмейді. 2016 жылдан бастап енгізілген критериалды бағалау нақты өлшенетін критерийлер негізінде бағалауды жүргізуге, білім алушылардың өз оқу іс-әрекетін бақылауға және бағалауға, оқу процесін түзетуге, оқу процесінде туындайтын қиындықтардың себептерін анықтау мен жою қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Әрбір сабақта білім алушыларды уақытылы қолдау, оқуда ілгерілеу, балаларды оқуға ынталандыру, білімдегі олқылықтарды анықтау және олардың оқу жетістіктерін көрсету мақсатында формативті бағалауды пайдалану ұсынылады. Критериалды бағалау білім алушылардың дағдысының даму деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Әрбір сабақ оқу мақсатын және оларға қол жеткізу критерийлерін айтып, көрсетуден басталуы тиіс. Білім алушы қойылған оқу мақсатын ұғынуы керек және оған қалай жетуге болатынын түсінуі керек.

Цифрлық білім беру ресурстары – бұл цифрлық формада ұсынылған фотосуреттер, бейнефрагменттер, статикалық және динамикалық үлгілер, виртуалды шынайы және интерактивті үлгілеу объектілері, картографиялық материалдар, дыбыс жазбалары, символдық объектілер және іскерлік графика, мәтіндік құжаттар және оқу процесіндегі ресурстар болып табылатын өзге де оқу материалдары. Цифрлық білім беру ресурстары (ЦБР) – цифрлық технологиялар базасында құрылған және жұмыс істейтін білім беру ресурстары. Оқыту процесінде пайдалану үшін цифрлық ресурстардың келесі тізімі ұсынылады: «Duolingo». Duolingo-да оқыту ойын түрінде өтеді: сөздерді дұрыс табу, сөйлем құрастыру және тапсырмаларды таймермен орындау қажет. Сервис ақпаратты қалай игергеніңізді қадағалайды және осы деректердің көмегімен жеке бағдарламаңызды құрайды. Сайт тегін, бірақ ақылы жағдайда жарнаманы алып тастауға болады. «Memrise». Ондаған тілді үйренуге мүмкіндік беретін, интерактивті тапсырмалар мен әртүрлі тақырыптарға (өнер, ғылым, мансап, ойын-сауық және т.б.) арналған жүздеген курстарды қамтитын портал. Сонымен қатар, Memrise дұрыс жауап нұсқаларын таңдау қажет бейнедиалогтарды пайдаланады. Қаласаңыз, басқалар пайдалану үшін оқыту курсын өзіңіз де жасай аласыз. «Udemy». Пайдаланушылар ұсынған он мыңдаған курс бар сайт. Курстардың басым көпшілігі ағылшын тілінде берілген. Музыка мен дизайннан бастап робототехника мен бухгалтерлік есепке дейінгі салалар қамтылған. Курстардың ұзақтығы екіден сегіз сағатқа дейін. 371 «edX». Сайтта әлемнің барлық университеттерінен мыңдаған онлайнкурстар табуға болады. Гарвард немесе Массачусетс технологиялық институтының оқушысы ретінде сезінудің тамаша тәсілі. Философия, логистика, программалау, саясаттану, өнертану және т.б. ғылым саласы бойынша мәліметтер табуға болады. «Coursera». Әртүрлі тақырыпқа арналған курстар бар ірі порталдардың бірі. Мұнда кез келген тақырып бойынша зерттеу жүргізе аласыз. Қаласаңыз, үйден шықпай-ақ, қандай да бір шетелдік университеттің сертификатын алуға болады. «Skillshare». Әр түрлі тақырыптар бойынша ондаған мың бейнесабақтар (фотосурет, SEO-оңтайландыру, маркетинг, идеялар генерациясы және т.б.) берілген. Бұл сайт контент құрушылар үшін өте пайдалы. «FutureLearn». Тегін онлайн курстар ұсынатын 40-тан астам университетті біріктіретін Британдық ресурс.

Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат.

Константин Ушинский

Педагогика өнер әлде ғылым?
Менің ойымша  педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылды. Ежелгі грек философтарды Гераклит, Демокрит,Фальс, Сократ, Аристотель, Платон, т.б. ғылымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор. «Педагогика» деген ұғым көне грек елдерінде б.э.б. 2,5 жылда пайда болған дейді.  Педагогика деген сөз, яғни тәрмин, көне грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апаруы деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, "Педагогика" термині гректің екі сөзінен: "пайс" - балалар және "эгейн" - баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Педагогика - бала жайындағы ғылым, олай болса ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім. Адам баласының ұрпағы үнемі жаңарып, өзгеріп отырғандықтан, педагогика ілімі де үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау аясы кеңейе тусуде. Сондықтан "педагогика - бала тәрбиесі жайындағы ғылым", -деп шек қоюға болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Педагогика - жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым . Ал тәрбие - жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап, оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі.