Қазіргі жастар патриот па? by Gulzhaina Kassenova

инкар
Патриотизм деген – өзіңді жақсы көру. Дұрыс киін, дұрыс жерден тамақтан, дұрыс жүр. Дұрыс өмір сүрсең,
адамдар саған ұқсағысы келсе, патриотизм деген сол!
Бұл сөздер патриотизм ұғымының мағынасын толықтай жоғалтады. Патриотизм дегеніміз өзіне емес, еліне, жеріне, халқына пайда тигізсем екен деген сезім.
Финал басталарда әкесінің қызына көмектеспеуі үшін жағымсыз кейіпкер әкесін алдап қамап тастайды. Сол финал өтіп жатқан ғимараттың қуықтай бөлмесіне қамалып қалған әке шығарға амал таппайды. Қызының қалай күресіп жатқанын көре алмайды. Соңында қызының жеңіске жеткенін бүкіл ғимаратқа естілген әнұран арқылы біледі.
Менің ойымша, бұл фильм патриотизмның мысалы болып келе алмайды, себебі онда әкесінің қызыға деген махаббаты, оның өз баласын қолданысы келгені және жеңісіне деген қуанышы көрсетілген. Әкесінің бұл ісін патриоттық сезім мен рухқа теңеуге болмайды.

Бірі K pop, Q pop жанрларына, екіншісі шетелдік актерларға еліктеп жүргені. Бұл типтегілерді патриот деп айта алмасым анық.
Ббіріншіден, Q-pop Жанры қазақ музыкалық группаларының ішінде құрылған. Осы жанрда ән айтатын көптеген таланттар әлемеге әйгілі болып жүр. Олардың қазақ елін әлемге танытуы үлкен патриоттық іс деп ойлаймын.
Екіншіден, еліктеу дегеніміз өз мәдениетін жоғалту емес, жаңару және даму. Жетістікке жеткен адамдарға еліктеп, жастар өз қасиеттерін жақсартады.

Ару

Әбілқайыр
Айымжанның айтқаны рас. Патриот болуды ана тілімізден бастайық дейміз де, барлық ісімізде  алдымен өзге тілде сөйлейміз. Мысалы, ғаламтордан тапсырыс берген кезде қай тілде сөйлейміз соны ойлыңызшы. Тіпті ақша шығару кезінде қай тілді таңдайтыныңызға немесе қолыңыздағы ұялы телефонның тіліне мән беріңіз. Ал келесі пікірдің иесі патриотизмді еліктеуден де көреді.

– Мен патриотизмді сонау Қазыбек бидің Қалмақ ханынан сескенбестеніп, ұлтымыздың өршілдігін, тектілігін жауды жасқандыра айтқанына теңер едім. Сондай халықтың ұрпағы – мына біздің де бойымыздан бұл қасиет жоғалмауы тиіс. Иә, «жоғалмауы тиіс» дейміз-ау, дегенмен патриот жастар көп пе? Өз замандастарыма келер болсам, бес саусақ бірдей емес. Әрбірінің айтары, ойлаған ойы әрқилы. Бірі K pop, Q pop жанрларына, екіншісі шетелдік актерларға еліктеп жүргені. Бұл адамдарды патриот деп айта алмасым анық. Елімізде де еліктеуге тұрарлық азаматтар, актерлар мен әншілер жетерлік. «Реал Мадрид» пен «Барселона» футбол құрамаларына емес, «Астана» мен «Қайрат», «Ордабасы» футбол командаларына неге жанкүйер болмасқа? Еліміздің тұлғаларына тәнті болу, қолдау білдіру жүрек түкпіріндегі патриоттық сезімді оятуы мүмкін, –Түркістан облысының Шардара ауданынан хат жазған Жазира Бекболатова.

Асель
Патриотизм деген – өзіңді жақсы көру. Дұрыс киін, дұрыс жерден тамақтан, дұрыс жүр. Дұрыс өмір сүрсең,
адамдар саған ұқсағысы келсе, патриотизм деген сол!
Мен бұл сөздермен келіспеймін,себебі патриотизм-Отанға,туған жерге деген құрмет,сүйіспеншілік.
Мәселен, үндістандық актер, режиссер Амир Кханның фильмдеріне назар аударыңызшы. «Күрес» (Интернеттегі атауы – «Дангал» – ред.) деп аталатын
фильмін алайық.
Менің ойымша,бұл фильмді патриотизмнің мысалы ретінде қарастыру орынды емес,себебі фильм патриотизм жөнінде емес,әкесінің бастан кешкен оқиғасы жайында.

Ерасыл
Көпке топырақ шашпаймын, алайда біраз адамның жүрегінде патриоттық сезім жоқ. Патриотпын дейді, ендеше неге өз ана тілінде сөйлеуге намыстанады? Қазір көпшілігі өз тілінде сөйлеуге намыстанып, өзге тілде сөйлейді. Бұл мүлде дұрыс емес! Біз тілімізді жоғалтпауымыз керек. Тіл жоғалса, онсыз ешкім емеспіз. Яғни тіл мен халық қатар өмір сүреді. Отанымызға, халқымызға, ана тілімізге адал болайық. Әрине, өзге тілдің бәрін біліп, үйрену қажет. Алайда «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген бар ғой. Мен ана тілімді өзге тілге айырбастамаймын. Өзімді елімнің патриотымын деп сенімді айта аламын, – дейді Алматы қаласындағы №202 мектептің 10-сынып оқушысы Айымжан Жұмахан.

Онсыз ешкім емеспіз - дегені ауыз-екі стильге жатады , оның орнына  қазақ қазақ тілінсіқ қазақ емес деп айтуға болар еді.
Тағы автор шетелге қызық көріп ,еліктейміз дейді.Себебі қазақ әндері мағынасыз және сапасы төмен. Табылды Досымов , Бекболат Тілеуханов сынды әншілер қайда ?
Бұл тек еліктеу , ол басқа ел мәдениетімен танысу. Тағы еліміз көпұлтты болғандықтан орыс тілінде өйлеу ыңғайлы , алайда әрбір жас қазақ тілін жітік меңгерген.

Әлихан

назгүл

Қазір 2021 жыл, 21 ғасыр. Уақыт өзгерген сайын адамдардың өмірге деген көзқарасыда өзгереді. Туған ел, туған жер деген ұғым жойылып бара жатырған секілді.
Қазір Қазақстанда 18млн адам өмер сүреді, 140 ұлт өкілі бар. Соның ішінде қазақ жастары жетіп артылады, бірақ қазақ елін сүйіп, өз елінің дамуына үлес қосқысы келетін жасөспірімдер азайып бара жатыр. Неге? Себебі басқа елдерде жағдай жақсы деп, АҚШ немесе Қытай елдеріне көптеп көшіп кетіп, немесе Қазақстанда алған білімін сол елге барып сол елдегі жағдайды жақсартуға жұмсайды! Біз байырғы ата бабаларымыз қаншама соғыстан өткен жерімізді қорғап, ары қарай дамытуға тиістіміз!