Жақсылық Айдана by Айдана Ержановна

Жоспар:
1. Қоғам туралы түсінік. Қоғамдық өмірді философиялық пайымдаудың өзіндік ерекшеліктері.

2. Қоғам өздігінен дамитын жүйе ретінде.

3. Табиғат және қоғам.

Философиялық талдаудың аса күрделі объектілерінің бірі – қоғам. Қоғам, адам және қоғамдық қатынастар туралы ой пiкiрлер, идеялар мен ұғымдар алғашкы қауымдық қоғам дәуiрінде-ақ қалыптаса бастаған. Адамдардың алдында қоғам деген не, ол қалай пайда болды, ол қалай дамиды, дамудың кӛздерi мен қозғаушы күштерi неде, қоғамдық құбылыстар мен процестердiң байланысы қандай деген сұрақтар, ой-пiкiрлер мен идеялар тұрды.

Қоғамдық құбылыстарды, процестердi, тарихты танып бiлуде, өзгертуде философия тарихында материализм мен идеализмнiң арасында ұдайы қарама-қарсы кескiлескен күрес болып келдi. Жалпы алғанда, материализм қоғамды, оның даму заңдарын дұрыс, ғылыми тұрғыдан түсіндiруге ұмтылса, идеализм, керiсiнше, ғылымға жат, қоғамдық практикаға сүйенбеген, оларды дiни тұрғыдан түсiндiруге тырысады.

Қоғамның iлгерiлеп дамуы, таптардың пайда болуы, ой еңбегi мен дене еңбегінің бӛлінуі, еңбекшi бұқараны қанаудың күшеюi – қоғам туралы ой-пiкiрлердi, идеяларды одан әрi дамыта түсті.

Адамзат қоғамы – табиғаттың ерекше бөлiгi, ол табиғаттың ұзақ уақыт эволюциалық даму нәтижесінде пайда болды. Адамзат қоғамы әлемдегi барлық тiрi жүйенің жоғары, ерекше, сапалы даму дәрежесінің нәтижесi. Ол бір-бірімен тығыз, күрделі байланыстағы көптеген элементтер мен жүйелерден тұрады. Қоғам осы элементтер мен жүйелердің құр жиынтығы емес, ол үнемі дамып отыратын, құрамдас элементтері үнемі жаңарып, ӛзгеріп отыратын динамикалық жүйе.

Қоғам –адамдардың түрліше саналы қызметінің, іс-әрекетінің негізінде қалыптасқан адамдардың тарихи бірлігі. Адам қоғамда өмiр сүрiп, әрекет етедi, ол қоғамның ажырамас бiр бӛлiгi.

XX ғ.ғылымының теориялық жетістіктерінің бірі – әлеуметтік жүйе туралы көзқарас. Әлеуметтік жүйе -біртұтас құрылым, оның негізі элементі адамдар, олардың байланысы, өзара әрекеттері, қарым-қатынастары. Әлеуметтік жүйе ерекшеліктерін түсінуде табиғилық пен әлеуметтіктің, мәдениеттіліктің арақатынасын талдаудың маңызы зор. Көптеген көне мәдениеттердің дамуында жер жағдайы үлкен әсер етті. Алайда, ол дамудың анықтаушы факторы болмады. Қоғам дамуының кепілі өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуы.

Адамдардың табиғи заттар мен күштерді игеруге жұмсалатын қабілеттері мен күштері, құралдары олардың өндіргіш күштері деп аталады.

Өндіргіш күштерге адамдардың өздерінің тікелей жұмысқа қабілетінен басқа да өндіріс құрал жабдықтарын жатқызады.

Адамдардың табиғатқа қатынасы – өзгерту, игеру, өндіру қатынасы болып көрінеді. Бұл қатынастар – адамдардың қоғамдық өндірістік қатынастары. Қоғамдық ӛндірістік қатынастар – бүкіл қоғамның дамуынын негізі қозғаушы күші болып табылады. Өндірістік қатынастар барысында рухани іс-әрекеттер қалыптасады. Рухани іс-әрекеттер өз негізінде қоғамдық қатынастарға, адамдар арасындағы қатынасқа белсенді әсер етеді.

Қоғамдық практика – адамдардың екіге бөліну процесін көрсетеді: бірі – іс-әрекет етуші адамдарға және екіншісі – олардың заттық формалары. Өздері жасаған заттар, объективтенген формалар адамдардың өз формасы, өздерінің бөліну тәсілі. Ол формалар адамдардың белгілі даму дәрежесін бейнелейді.

Ол үшін алдымен материалдық игіліктерді өндірумен шұғылдану керек. Осы материалдық қатынастар, ӛндіріс, тұтыну, айырбас процесі қоғамдық болмысқа жатады. Осы процесте қоғамның рухани жақтары қалыптаса бастайды. Ол адамдардыңпсихологиясы, саяси, правалық көзқарастары, моралі, идеологиясы. Бұлар – қоғамдық сананы құрайды.

Қоғамдық болмыс – қоғамның материалдық өмірі, өндіріс процесінде қалыптасатын өндірістік қатынастар, айырбас, тұтыну т.б.

Қоғамдық сана – қоғамның рухани өмірі, адамдардың қоғамдық психологиясы, идеологиясы, саяси және құқықтық көзқарастары.

Қоғамдық сананың бес түрлі формасы бар. Олар: саяси сана, құқықтық сана, моралдық сана, эстетикалық сана, діни сана.

Саяси сана – бұл белгілі бір ұлттардың, мемлекеттің түпкі мақсатын кӛрсететін қоғамдық ойлардың формасы. Саяси сана қоғамдық сананың барлық формаларына ықпалын тигізеді.

Құқықтық​сана​–​ол​экономикалық​және​саяси​мүддені жақтайды, нығайтады. Мақсаты: қоғамдық меншікті, демократияны, адам құқығы мен бостандығын қорғау.

Мораль – қоғамдық сананың ең көне формасы. Мораль – адамдардың бір-бірімен қатынасын белгілеп, тарихи өзгеріп отыратын нормалардың, принциптер мен ережелердің жиынтығы.

Эстетикалық сана – объективті шындықты көркем образдар арқылы бейнелейді. Қоғамның барлық саласына әсер етеді.

Діни сана – дүниені жаратушы «жоғарғы күш» құдай арқылы түсіндіреді. Гносеологиялық тамыры – дүниені танудың, білудің қиындығында, қайшылыққа толы екендігінде. Дін мен ғылым – екі ақиқат.

Қоғам дамуы адам іс-әрекетінің жемісі, қоғамдық өмірді өзгерте отырып, адамның өзі де өзгереді, жаңа қажеттіліктер туғызады. Еңбек құралдарын жетілдіріп отыруды қажет етеді. Ол жетілген сайын адам дами түседі. Осылай адам еңбегі шығармашылық еңбекке айналады.

Қоғам да табиғаттың бір бөлігі болып табылады. Табиғат қоғамның өмір сүруінің, дамуының негізгі шарты. Табиғат заңдары объективті. Адамға тәуелсіз. Қоғам даму зандарында да объективті, бірақ қоғам даму заңдарына белгілі бір мақсатқа бағытталған адамның іс-әрекеті әсер етеді. Адамның еңбек, іс-әрекеті әрқашанда қоғамдық сипатта болады. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас «қоршаған орта» ұғымының пайда болуына әкелді. Ол екіге бөлінеді: «табиғи орта» және «жасанды орта». Табиғи ортаға жататындар: өмір сүруге қажетті табиғи байлықтар, еңбек заттарын беретін табиғи байлықтар.

Адам мен табиғаттың байланысы, яғни адамның іс-әрекетті өтеу барысында «екінші табиғат» пайда болды. Оған адам жасап шығарған тірі организмдер, өсімдіктер дүниесі, жануарлар да жатады. Бұл дүниені де адам ғылым мен техниканың даму барысында жасап шығарды.

«Жасанды орта» адамзат баласы үшін өте қажет. Өйткені табиғи орта. табиғи байлық шектеулі. Оны адам қалай болса, солай талан-таражға сала беруге болмайды. Олай етсе, табиғаттағы өзінің табиғи байланысы бұзылады. Табиғатты бүлдіреміз. Одан міндетті түрде зардаптар шығады. Өйткені адамның табиғатпен тек физикалык өмірі емес, сондай-ақ, рухани өмірі де тығыз байланыста. Адам табиғат әдемілігіне сүйсінеді. Одан ләззат алады. Оның таза ауасы, мөлдір суы адам жанына таусылмас нәр құяды. Табиғат – бір сөзбен айтқанда, рухани сұраныстың таусылмас қайнар көзі. Қоғам, өз кезегінде табиғатты қорғап, оны бүлдірмеуге ат салысу керек. Ол қоғамның өмір сүру шарты.

Адам қоғамы да табиғат секілді өзінің дамуында объективті заңдарға бағынады. Қоғамдық құбылыстар, процестер заңды дамиды. Бұл заңдар объективті сипатта болады. Өздерінің іс-әрекет, практикалық қызметі нәтижесінде адам қоғам заңдарының жолдарын, шарттарын өзгертеді, бірақ заңды қолдан жасап, не жойып жібере алмайды. Яғни, қоғам заңдары да табиғат заңдары секілді объективті. Бірақ, қоғамның ерекшелігі бар. Табиғатта соқыр, санасыз күштер әсер етсе, қоғамда саналы, алдына мақсат қойған адамдар әсер етеді. Қоғам заңдары адамдардың саналы, мақсатқа бағытталған іс-әрекетінің негізінде жасалынады.

Табиғат заңдары ешқандай мүддені қорғамайда. Қоғам заңдары көзге көрінбейді, оларды тікелей қабылдауға болмайды. Осыған орай қоғам заңдарын танып білу оңай емес. Олар абстракты ойлау арқылы белгілі болады. Табиғат пен қоғаморганикалық байланыста. Қоғам табиғаттан тыс, байланыссыз өмір сүре алмайды. Сондықтан табиғатты қорғау адамзат баласының бастыміндеті. Табиғат пен қоғамның өзара әсерлесуі дамудың қажетті шарты болып табылады. Табиғат – философиядағы өте кен тараған ұғымдардың бірі. Табиғат ұғымы жалпы алғанда барлық өмір сүрушілерді, бүкіл ғарышты қамтиды, бұл жағынан материя ұғымына жақын. Табиғат философия пайда болғаннан бастап, оның ең басты объектісі, пәні болып табылады. Адам мен табиғат тығыз байланыста. Адам табиғатта өмір сүреді. сондай-ақ, ол оның бір бөлігі болып табылады. Адам табиғатқа бағынып қана қоймай, өз кезегінде өзінің іс-әрекетімен оны бейімдеп, өзгерте алады. Сондықтан да табиғат адам үшін тек өмір сүруінің табиғи шарты ғана емес, сондай-ақ оның іс-әрекеттік объектісі болып табылады.

Ежелгі грек философиясында табиғат өзгерістері қозғалыста тұратын біртұтас дүние ретінде қарастырылды. Олар табиғаттың диалектикасын жорамалды деп тапты. Ал, орта ғасырдың философиясында табиғатты құдайдың жасағаны, оның құдіреті деп қарастырады. Ал, қайта өрлеу заманында табиғатқа деген қатынас өзгереді. Адам табиғаттың әдемілігін қабылдап, оны қуаныш көзі, тегі ретінде көреді. Табиғат қашан да болса философияның тақырыбына түсіп көрген емес. Табиғат материализм үшін аса құнды объект, табиғат арқылы оның объективтілігін, санада тыс емір сүретінін түсіндіреді. Сана оның белгілі бір даму кезеңінде пайда болғанын, оның екінші екенін дәлелдейді.

Экологиялық мәселелерді ғылыми-техникалық прогресс тудырып отырғаны белгілі. Мұны шешу үшін ғылыми-техникалық

прогресті тоқтатуға болмайды. Онда жердің табиғи байлығын үнемдей алмаймыз. Цивилизацияға жете алмаймыз. Ол үшін ауаны ластанудан сақтайтын, зиянды өндірістік қалдықтарды жоятын түрлі технологиялық құралдар ойлап табу керек. Бұл үшін ғылымды тереңдете, дамыта түсуіміз қажет. Табиғаттың зиянсыз түрлі энергетикалық көздерін пайдалану мәселелері тұр. Күн энергиясы, жел энергиясы т.б. Бүгінгі таңдағы адам табиғатпен гармониялық қатынаста және онымен бірге дамып отыруы керек. Оның даму процесін терең түсініп, оны тек ақылға сай қолдануы қажет. Сонда ғана табиғат пен адам арасындағы қайшылық прогрессивті түрде шешіліп отырады.

Бүгінгі күнде біздің елімізде табиғатты қорғау, оның байлығын жоспарлы түрде ұқыпты пайдалану мәселесі мемлекеттік саясат деңгейінде қаралып отыруы әбден заңды. Экологиялық мәдениетке ие болып, табиғатқа туған анасындай аялап қарау – бүгінгі таңда әрбір азаматтың абыройлы борышы деуге болады.