Семинар by Тогжан Нагимкызы

Әлемдік білім беру кеңістігіндегі Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің орнын анықтау.
Тәуелсіз Қазақстанның жоғары білім жүйесін бетбұрыстандыру бірнеше кезеңнен тұрды: 1 кезең – жоғары білім жүйесінің заңдық және нормативтік құқықтық базасының қалыптасуы (1991-1994 жылдар); 2 кезең – жоғары білім жүйесін модернизациялау, оның мазмұнын жаңарту (1995- 1998 жылдар); 3 кезең – білім беру жүйесін қаржыландаруды орталықсыздандыру, білім беру мекемелерінің академиялық еркіндігін кеңейту (1999-2000 жылдар); 4 кезең – жоғары кәсіптік білім беру жүйесін стратегиялық дамыту (2001 жылдан бастау алған қазіргі кезең).
Қазақстанның жаңа даму кезеңі əлемнің 50 бəсекеқабілетті алдыңғы қатарлы елдерінің қатарына қосылуға мемлекет дамуын жеделдетуге бейімделген. Осымен байланысты жоғары білім беру саласының саясаты білім берудің жаңа ұлттық моделін құру, яғни əлемдік білім беру кеңістігіне интеграцияланған жəне əлемдік еңбек нарығында бəсекеқабілетті мамандарды дайындауды қамтамасыз ету.

Қазақстанның жоғары білімін дамытудың ерекшеліктерін негіздеу. Қазақстанның білім беру жүйесін реформалаудың қағидалары.
Еліміздің жоғары білімін дамытуда жасалған ең мықты әрі нақты қадам 2010 жылы жасалды.
2010 жылдың наурызында Қазақстан ресми түрде Болон декларациясына қосылып, Еуропалық білім беру кеңістігінің 47-ші мүшесі және Еуропалық білім беру кеңістігінің толық мүшесі болып танылған бірінші Орта Азия мемлекеті болды.

Болон декларациясына қол қойылуына байланысты, ҚР БҒМ бұйрығына сәйкес, 2011 ж. басында Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарында, студенттер мен оқытушылар мобильділігін, білім сапасын жақсарту мақсатында, ECTS (European Credit Transfer and Accumulation System) негізделген оқытудың кредиттік технологиясы енгізілді.

Бір қазақстандық академиялық кредиттің еңбек сыйымдылығы (30 академиялық сағат) 1 ECTS кредитіне сәйкес келеді (25-30 академиялық сағат). ECTS жүйесі бойынша кредиттерді қайта есептеу коэффициенттері білім деңгейіне және оқу түріне (теориялық, зертханалық, студиялық және т.б.) байланысты өзгереді. Профессор-оқытушылар құрамының жүктемесін жоспарлау академиялық сағаттармен және кредиттермен жүргізіледі.

Қазақстандағы жоғары білімнің құрылымы, бағыттары. Жоғары білімнің көпдеңгейлі сипаты.
Қазақстан Республикасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру құрылымы «Білім туралы» Заңмен (27.07.2007) реттеледі. 2010 жылы Болон декларациясына қол қоюмен Қазақстанда «бакалавр-магистр-доктор PHD» жоғары деңгейлі білім беру жүйесі енгізілуде. Бұл құрылым өзінің заңды растамасын «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тапты:

1) Жоғары базалық білім - бакалавриат бағдарламасы - оқу мерзімі 4 жыл;

2) Жоғары оқу орнынан кейінгі білім, оның ішінде оқытудың ғылыми-педагогикалық бағыты - магистратура - мамандандырылған магистратурада оқу ұзақтығы - 1 жыл, ғылыми-педагогикалық - 2 жыл;

3) Философия докторларын (PhD), бейіні бойынша докторларды даярлау бағдарламасы – докторантура – магистратура бағдарламаларын аяқтағаннан кейін. Оқу ұзақтығы-кем дегенде 3 жыл немесе одан көп.

Болон декларациясына сәйкес сынақ бірліктері немесе кредиттер жүйесін енгізу білім беру бағдарламаларын тануды қамтамасыз етеді. Оқытудың кредиттік технологиясын енгізу ұлттық білім беру бағдарламаларын халықаралық деңгейде тануға, студенттер мен оқытушылардың ұтқырлығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ білім беру сапасын арттыруға және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің барлық деңгейлері мен сатыларының сабақтастығын қамтамасыз етуге елеулі үлес болып табылады. Демек, еліміздің барлық жоғары оқу орындары ECTS типі бойынша әзірленген кредиттерді қайта есептеудің қазақстандық моделін пайдаланады (ECTS туралы біздің парақшамызға сілтеме). ECTS (European Credit Transfer and Accumulation System / Еуропалық сынақ бірліктерін аудару жүйесі) - білім беру бағдарламасын немесе жеке курсты меңгеру кезінде студенттің оқу жүктемесін өлшеудің әмбебап жүйесі.

Жоғары оқу орындары және оларға сипаттама.
1. Қазақстан Республикасының жоғары бiлiм туралы құжат беретiн және бiлiм беру, кәсiптiк ғылыми бағдарламаларды жүзеге асыратын, заңды құқы бар мекеме жоғары оқу орыны болып табылады. Жоғары оқу орындары өзiнiң iс-әрекетiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Бiлiм туралы", "Жоғары бiлiм туралы", "Қазақстан Республикасының ғылым мен мемлекеттiк ғылыми-техникалық саясаты туралы" заңдарына, жоғары бiлiм беру саласын реттейтiн заң актiлерiне, осы Ережеге, сондай-ақ өз құжырына қатысты Жоғары оқу орындарын (ЖОО) басқарудың басқа да нормативтi актiлерiне сай жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасына мемлекеттiк ЖОО мен қатар мемлекеттiк емес те (жекеменшiк) ЖОО жұмыс iстей алады.
Мемлекеттiк ЖОО үшiн мамандар құрамын және материалдық-техникалық базасын, олардың мәнiн және тағы басқа жағдайларын есепке ала отырып: Жоғарғы, бiрiншi және екiншi - үш дәреже белгiлендi.
ЖОО дәрежесi туралы Ереженi Республика Үкiметi бекiтедi.
Құрылтайшы мемлекеттердiң бiрлесiп қаржыландыру келiсiм-шарттары негiзiнде мемлекетаралық органдар мен бiрлесiп басқарылатын халықаралық ЖОО ұйымдастырылуы мүмкiн.
2. Мемлекеттiк ЖОО Жоғары бiлiм беру туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Бiлiм беру министрлiгiнiң және тиiстi орталық атқарушы органдарының ұсынуымен Республика Үкiметi құрады, қайта құрады және таратады.
3. Әрбiр жоғары оқу орны (ЖОО) осы Ереже негiзiнде ЖОО қызметiн реттейтiн өз Жарғысы мен Iшкi тәртiп ережелерiн дайындайды және бекiтедi.
Жоғары оқу орынының Жарғысы белгiлi тәртiп бойынша ЖОО бағынышты басқару органдарында тiркеледi.
Жаңадан құрылған мемлекеттiк жоғары оқу орындарында Жарғыны 1 жылға дейiнгi мерзiмге ғылыми кеңес қалыптасқанша құрылтайшы бекiтедi.
Халықаралық ЖОО Жарғысы құрылтайшы мемлекеттердiң үкiметтерiмен бекiтiледi.
4. Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленетiн бiлiм беру қызметi мен жеңiлдiктерiнiң құқысы ЖОО лицензия берiлген күннен бастап есептеледi.

Пайдаланылған әдебиеттер:
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V950000210_

ҚР 2005-2010 жылдарға арналған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

Дамитов Б.К. Жоғары білім бойынша заңды және нормативті құжаттар жинағы. ҚР Білім және Ғылым Министрлігі.- А., 1996.-132б.

Современное состояние высшего образования в Республике Казахстан// Вестник высшей школы- А., 2005.-С.92.

Жоспар:
1. Әлемдік білім беру кеңістігіндегі Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің орнын анықтау. 2.Қазақстанның жоғары білімін дамытудың ерекшеліктерін негіздеу. Қазақстанның білім беру жүйесін реформалаудың қағидалары. 3.Қазақстандағы жоғары білімнің құрылымы, бағыттары. Жоғары білімнің көпдеңгейлі сипаты. 4. Жоғары білім беру субъектілері және олардың функционалық қызметтері. Жоғары оқу орындары және оларға сипаттама.