Моя гармоничная доска Padlet by Ziyat Zhumanbay

Қарамерген қаласы
Іле өзенінің бойын ХІІ-ХІІІ ғасырда жайлаған ортағасырлық ірі қалалардың бірі Қарамерген болған. Алматы облысының аумағында жатқан туристік нысан ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне 2014 жылы енгізілді. Ол Бақанас өзені маңайында, Балқаш көліне жақын жерде жатыр. Ақтам қалашығымен салыстырғанда көлемі біршама үлкенірек болып келеді. Өкінішке қарай ХІІІ ғасырда екі қала да моңғол шапқыншылығынан кейін қиратылған. Сол сияқты өзен арнасының өзгеріп кетуі қаланы қайта қалпына келтіруге мүмкіндік бермеген. Шапқыншылық пен эрозияны бастан өткергеніне қарамай, мұндағы үй-жай қалдықтары және ирригационалды жүйенің сақталғанын байқауға болады. Қарамерген тұрғындары отырықшылықпен айналысқан. Сол сияқты тоғайлы орманды жерлерде аңшылықпен күн көргендер де болыпты. Яғни, қаланың осылай атануына сол ғасырда өмір сүрген мықты мергендер әсер етсе керек. Бұл жерлерде тұран жолбарыстарының мекендегені жөнінде айтылады. Кейі тұрғындар Іле өзені мен Балқаш көлінен балық аулап, тіршілік еткен.

Талғар қаласы
Тарихи деректерге қарасақ Талғар қаласының бұрынғы аты – Талхиз. Зерттеушілердің топшылауынша, ТАЛХИЗ қаласы /қазіргі Талғар/сол дәуірде 21 гектар жерді алып жатырған көрінеді. Жеті жүздей үй, төрт жарым мыңдай тұрғын болған деседі.Талғар қаласының оңтүстігінде, Іле Алатауы бөктерінде, Талғар өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан.Сонымен, Талхиз алты жыл бұрын Ұлы Жібек жолы бойында орын тепкен отыз үш көне қалашықтың бірі ретінде ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне қосылған еді. Қоныс Алматы қаласынан күншығысқа қарай жиырма бес шақырым жерде, қазіргі Талғар қаласының шеткі жағында орналасқан-ды. Ғалымдардың айтуынша, бұл қалашықта VIII-XIII ғасырларда 8 мыңнан аса тұрғын өмір сүрген. Әлемдік мұра тізіміне қосылған жылы осындағы цитадельдің солтүстікке қарайтын қақпасы мен мұнарасын «Қазқайтажаңғырту» республикалық мемлекеттік кәсіпорны қайта жаңғыртқан болатын. Тағы бір айта кетерлігі, ескі қалашықтың үстімен жүргізілген көлік жолы, көне қонысқа айтарлықтай зиян келтірген еді. Кәсіби мамандар іске кірісудің арқасында ескі нысандар қайта қалпына келтіріліп, біршама игі шаруалар жасалды.

Ақыртас қаласы
Ақыртас Жамбыл жерінің Тұрар Рысқұлов ауданынан табылған тағы бір Қазақстан тарихи ескерткіштерінен ерекше орын алатын сарай бар, ол – Ақыртас кешені. Оның салынған уақыты ретінде VІІІ-ІХ ғасырды көрсетеді. Ақыртас жүз жылдан да көп уақыт бойында тоқтаусыз зерттеліп келе жатқан қалашық. Нақты орналасқан орны – Тараз шаһарының күншығысында қырық шақырымдай жерде, Ақшолақ теміржол станциясынан алты шақырым жер. Ол жерден табылған құрылысқа қолданған материалдың тас болуына, пішімі малдарға шөп салуға арналған ақырға ұқсастығынан Ақыртас атауы шыққан болуы мүмкін. Қалашық алыстан көзге ұрылып тұру үшін таудың үстіне төртбұрышты жобамен тұрғызылған.Мұндағы қорғаннан төрт қақпа табылған. Оның біреуі солтүстік бетте болса, қалғандары оңтүстікке қарай бағытталыпты. Үй-жайлар ішкі ауданда топтастырыла салыныпты. Онда қызмет көрсету мен шаруаға керекті бөлмелер бар. Оңтүстікке қарайтын есіктен осы қалашық иесінің жатын және де қонақ бөлмелері табылып отыр. Ал солтүстік есік жақта осы үйде қызмет жасайтын адамдар мен күзетшілердің және де бір бөлігінде ат қораның орны бар. Суқоймасы орын тепкен орталықтағы аула осы қорғанды қарауылдаған әскерлердің алаңы, жарлықтарды жариялауға арналған арнайы орын, сонымен қатар діни әртүрлі рәсімдерді атқаратын орын болған сыңайлы.

Құлан қаласы
Ұлы Жібек жолының солтүстік бағытында Қазақстанның үстінен өткен тармақтары бойынан сәні мен сәулеті келіскен ерте ортағасырлық көптеген қала пайда бола бастады. Сол қалалардың ішінен маңызды орталықтың бірі болған Құлан қалашығын ерекше атап өтуге болады. Республикалық тарихи-мәдени маңызға ие қалашық VІ-ХІІІ ғасырларға жатқызылады. Ол Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан елді мекенінің солтүстік-шығысында орын тепкен. Құлан 2014 жылы Ұлы Жібек жолы бойын мекендеген қалаларымен бірге ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне қосылды. Сол сияқты үш жылды араға салып «Қазақстанның киелі жерлері географиясының» қатарынан табылып, қасиетті нысан ретінде көрсетілді. Қалашық туралы алғашқы жазба деректерді VІІ ғасырлардың бас кезінен көруге болады. Сол уақытта өмір сүрген қытайлық діндар Сюань Цзянның өзі Ұлы Жібек жолымен өтіп, Шу, Талас бойын жайлаған қалаларға тоқталып, бүгінгі күнге дейін жеткен құнды мәліметтер қалдырған.  Ал Құлан қалашығына қатысты былай деген: «Оңтүстігін тау алып жатыр, ал қалған бөліктері жазық далаға барып тіреледі. Бұл қаланың жері ылғалды, орманы да қалың, гүл көмкерген даласы көктем уақытында өрнекті жібектен аумай қалады. Мұнда көптеген бұлақ пен өзендер бар екен. Қала атауы да соған байланысты шықса керек. Түрік қағаны жаздың аптап ыстығында осында тұрақтайды. Бұл жерде құландардың табыны жүреді, мойындарына қоңыраулы әшекейлер таққан. Олардың адамға үйренгені қызық». Осы жазбадан қала атауы осы құландарға байланысты туғанын аңғарамыз.

Қостөбе қаласы
Қазіргі Жамбыл облысының Байзақ ауданы Сарыкемер елді-мекенінің солтүстік-шығысында Талас өзенінің оң жағасынан Қостөбе қалашығының орны табылды. Ғалымдар оның VІ-ХІІ ғасырларға жататынын дәлелдеді. Тарихи ескерткіш 2014 жылы ЮНЕСКО-ның Әлемдік мәдени мұралар тізіміне енгізілді. Ал үш жылды араға салып, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасынан орын алды. Қостөбе қалашығы еліміздегі өңірлік маңызы бар ерекше нысандардың санатына кіргізіледі.

Бұл орын Талас алқабына жататын ірі қалалық орталықтардың бірі болған дейді зерттеушілер. Қостөбенің айналасынан ұзын қамал, рабат, шахристан, храмдар мен мазарлар табылған. Қаланың басты шаруашылық бөлігінде орлар мен мұнаралы қабырғалармен қоршалған биіктеу алаң бар. Оның орталық бөлігі шағындау төмпешік ретінде сақталған. . Қостөбенің төменгі қабатының VІ мен VІІІ ғасырларға жататыны анықталып отыр. Онда айналма дәліздері бар, тұрғын-жайлармен, шаруашылық бөлмелері бар қамалды сарай аршылды. Қамалдың ішкі жағындағы ою-өрнектер мұнда сәулет өнерінің жақсы дамығанынан хабар береді. Өсімдіктер мен геометриялы нақыштардың көптеп кездесуі ислам дінінің таралғанының белгісі. Тараздың жақындығы Қостөбенің гүлденіп, саяси, экономикалық тұрғыдан дамуына сеп болғаны анық. Қаланың өмірінің тоқтауына моңғол шапқыншылығының әсері көп.

Өрнек қаласы
Өрнек қалашығы - Т.Рысқұлов ауданы, Өрнек ауылының аумағындағы Сұлутөр шатқалында орналасқан. Ортағасырларда негізі қаланған қалашық түркі дәуіріндегі қала мәдениетінің ірі орталықтарының біріне жатады. Алғашында тайпалық қоныс болып кейін бірте-бірте ауқым кеңейген қалашық Қарахан хандығы тұсында қалалық-әкімшілік орталық болған. Ұлы Жібек жолымен халықаралық сауда-саттық жасау есебінен қалашық X-XII ғасырларда өзінің шарықтау шегіне жетті.Өз заманында Өрнек ірі сауда орталығы болып қана қоймай ірі қала мәдениет шоғырланған өңір ретінде де танылған. Мұнда жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстары алтын жууға арналған арнайы орындарын тапты. Өз кезегінде бұл фактілер Өрнек қалашығының аса дәулетті қала жұрты болғанын айғақтай түседі. Сондай-ақ бұл қала сол дәуірдегі отыршылық мәдениеттің озық үлгісі деп тануға болады. Өйткені мұнда көшпелі емес мәдени дамудың элементтерін көптеп кездестіруге болады.

Ақтөбе қаласы
Жамбыл облысы Шу ауданы Баласағұн атындағы ауылшаруашылық ұжымының жерінде, Ақсу, Қарабалта өзенінің Шуға құяр сағасында орналасқан. Ақтөбе 6-13 ғ. болған. Алғаш 1894 ж. археолог В.В. Бартольд ашқан. Қазба жұмысын 1941 ж. Г.И. Пацевич жүргізді. 1974 жылдан бері ҚазМҰУ-дің археологиялық экспедициясы зерттеп келеді. Ақтөбе — патша сарайы орналасқан бекіністен, шахристаннан, рабадтан тұрады. Қала сырты 2-3 қатар қорғаныс қамалмен, ормен қоршалған. Қамал іргесі 6 ғасырда қаланған. Сарай шахристан орталығында биікт. 7-8 м табиғи төбеде орналасқан. Ол 20 шақты бөлмеден тұрады. Қабырғаларының биікт. 1-1,5 м, көлемі 42х20х11 см, 45х21х17-18 см күйдірілген қыштармен, 40х60 см пахса кесектермен көтерілген. Едендеріне 22х22х4-5 см күйдірілген қыш төселген. Ақтөбенің екінші бөлігіне жүргізілген қазба жұмыстары барысында Қарахан дәуірінің (10-12 ғ.) 3 мыңнан астам мыс ақшалары, зергерлік бұйымдар т.б. табылды.

Қойлық қаласы
Бұл қалашық ХІ ғасырдың және ХІІІ ғасырдың бас кезіндегі бізге жеткен жазбалардан қарлұқ билеушілерінің ордасы саналған Қаялық атымен белгілі. Кейінірек Шағатай ұлысы ірі саяси-мәдени орталыққа айналдырды. Ол қазіргі Қойлыз ауылы күншығысында, Жоңғар Алатаудың етегінде жатқан қоныс. Қойлыққа жақын жерде Арабсай атты шатқал тұр. Қойлықтың жері 750х1200 метр болатын қисық бұрыштары бар қамалмен қоршалған екен. Бүгінгі күнге дейін жеткен шығыстағы қабырғасының биіктігі төрт метрге жетеді. Ал қалған дуалдардың тек іздері бар. Кей құрылыстарды, оның ішінде Будда ғибадатханасын қалашықтың сыртқы бөлігінен, 100 метр аумақтан кездестіреміз. Ол тұста егіндік жерлер мен тағы да басқа шикі кірпіштен қаланған діни орталықтар бар. Қалашықтан табылған күміс, мыс ақшалар Қойлықтың ХІІІ ғасырдың ары-берісінде ірі саяси, сауда орталықтың болғандығын айғақтайды. Мұнда сол сияқты хан-билерге, атақты әулие, тақуа, сопыларға арналған ханакалар болған.