Падлет тақтасын пайдалана отырып, Абай Құнанбайұлының өмірімен танысу by Перизат Баймуратова

Сәлеметсіздер ме! Құрметті оқушылар бүгін біз Падлет қосымша тақтасын пайдалана отырып, Абай Құнанбайұлының өмірбаянымен танысатын боламыз. Жаңа сабақтың материалдарын мұқият игеріп, білімдеріңізді толықтырасыздар деген үміттемін!

Қысқаша шолу
Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан Орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.
Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Әкесі оның зеректілігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді.Медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады. Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болады. Билікке араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ол халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ онысынан пәлендей көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен насихаттамақ болады. Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми тағы басқаларды оқыса, екінші жағынан А. С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. , Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенев, Н.Г. Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Джордж Байрон сияқты ақындарды оқып, Дрепер, Спиноза, Спенсер, Льюис, Дарвин сынды ғалымдардың еңбектерін зерттейді.

Асыл сөзді іздесең,Абайды оқы ерінбе (С.Торайғыров)
Абайдың жиырма жылдық ақындық еңбегінің ішінде көптен көп жазғаны қоғамдық тақырыптар болады. Бір өлеңінде үйрен, ұғын, түзел деп, ұстаздық етіп жетектеймін десе, басқа бір топ өлеңінде түзелмегенге күйініп, қиналып, ызамен сөйлеп, ұрсып, жерлеп, шенеп айтады. Тағы бір топ өлеңінде: неше түрлі қып айтқан жұмсақ үгіт өсиетке де, ұрсып айтқан ашу сөзге, сынға да түзелмеген соң – енді қайғырып, күңіреніп, жалғыз түзеуші мен ғана болдым, сендер ұғымсыз, меңіреу топ, көп болдың, дегенімді істей алмадым, пайдаңды түсіндіре алмадым – деп әлсіз басшы болғанын білдіріп, өкініп сөйлейді. Міні, бір алуан өлеңі осындай жайға арналған.

Барлық шығармаларының нәтижесінде Абай: өз дәуірінің барлық болмысын алып, соны өте үлкен, айқын сурет қып тегіс көрсетеді. Ақын айнасы арқылы сол кезде болған атқамінер тобының неше алуан сорақы, қыңыр, жиренішті пішінін түгел тануға болады. Абай өз дәуірінің айнасы, өз тұсының қайшылығын тереңнен қамтып, көркем сөзбен, жанды образбен суреттейді. Қоғамның ілгері басуына, еркін өсуіне бөгет жасап, аяқтан алып отырған реакцияшыл бектерді қатты сынайды, кекетеді. Патшаның қазақ даласындағы өкілдері болған болыстарды, сұрқия, сұм қуларды қатты шенейді, өзінің реалистік сыныменен ол сияқты кедергілерді жойғысы келеді. Қоғамды ілгері сүйрейді. Мәдениетті боп өсу жолын арман етеді. Ол үшін қоғамына оқы, үйрен, еңбек қыл, өнер тап, шаруа өсірудің жолын меңгер, деп үндейді. Бірақ осы айтылғандардың барлығын да бейбітшілік жолымен, үгіт арқылы жүзеге асырғысы келеді. Өжет күш, тап күресі арқылы қоғам тұрмысын құруды айтпайды. Қоғам тұрмысын ақыл айтып, үгіт үшін негізінде қайта құрғысы келеді. Бұл Абайдың екендігін, революцияшылдыққа жетпегенін білдіреді.

Абай – қазақ әдебиетінің атасы, жаңа әдебиеттің басы. Міне қазақ әдебиетіне Еуропа әдебиетінің үлгісін ендірді, байытты, поэзия тілін жасады. Қысқа өлеңдермен көп берерлік, бас-аяғы жұмырланып теп-тегіс келген өлеңді жасады. Өлеңнің лирика түрін туғызды. Қысқасы, қазақ кең жолға шығарды.

Мұхтар Әуезов

Біліміңді тексер!
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScO8hYWc3xdPMBtxuzsM7BcZK_qEqKEICWfWqIWNYl-6rWrjw/viewform

Абайдың нақыл сөздері