Жалпы тіл білімі ҚТӘ 401-топ by Майра Куштаева

Тіл саясаты - тіл тағдырын белгілейтін мемлекеттік шаралар жүйесі. "Тіл саясаты" үғымы алғашында "ұлттық саясат", "шаруашылық саясат" терминдерімен қатар пайда болып, өзінің мазмұны жағынан партиялық және мемлекеттік саясаттың ұлт мәселесіндегі тілге қатысты жағын білдірген. Ал, кейінірек бұл терминнің мазмұны кеңейтіліп, әлеуметтік сөйлеу дәстүрін саналы бағытта басқару деп түсіндірілді. Басқаша айтқанда, тілдік даму процесін және оны басқарудың стихиялығына жол бермеуді көздеген саясат болды. Тіл саясаты - тілдік дамуға қоғамның саналы ықпал етуінің теориясы мен тәжірибесі, яғни, қолданыстағы тілдерді белгілі бір мақсатта және ғылыми негізде басқару және тілдік жаңа қарым-қатынас қүралдарын жасау болып табылады. Қазіргі кезде ұлт тілдері мәселесі өзекті мәселе болып отыр. Адамзат тарихында жүздеген тілдер жойылып, "өлі тілдерге" айналып кетті. Бәрінің де жойылу себебі - одан зор тілдің шығуы. Ал, оның өзі әділетсіз тіл саясатының салдары болып табылады

1.Әлеуметтік лингвистика тілдің қоғамдық сипатын, стильдік саралануын, әлеуметтік ерекшелігін, қоғамдағы қостілділік, көптілділік мәселелерін, тілдік жағдай, тілдік саясат ұғымдарын және т.б. айқындауға мүмкіндік береді, анығырақ айтқанда, тілші Э.Д.Сүлейменова “Әлеуметтік лингвистика — тілдің қоғамдық қызметтерін, әлеуметтік шартталған белгілері мен заңдылықтарын кешенді түрде зерттейтін қазіргі тіл ғылымының маңызды бағыттарының бірі. Ол тіларалық байланыс жағдайындағы кез келген тілдің өмір сүру формасына, қоғамдық қызметінің ауқымы мен сипатына қатысты айқындалатын тілдердің қызмет ету ерекшеліктерін қарастырады”,- деп анықтама береді. Тілдің қоғамдағы орны оның қатысымдық деңгейімен, нормалану дәрежесімен, құқықтық мәртебесімен, конфессиялық ерекшелігімен, оқытылу, меңгерілу сипаттарымен өлшенеді.

2. Тіл мен саясат өзара тығыз байланысты категориялар. Тіл – саясаттың әрі нысанасы (обьектісі), әрі құралы. Ал саясат – тіл тағдырын шешетін мемлекеттің өзіндік ұстанған бағыты, шара- лар жүйесі. Демек, қандай да бір мемлекеттегі тілдердің қоғамдық қызмет ауқымын саналы түрде арнайы дамытуға болатыны, не болмайтындығы туралы мәселенің басын ашып алу қажет.

Қазіргі уақытта республика көлемінде мемлекеттік тіл саясатын дамытуға зор көңіл бөлініп отырғаны белгілі. Президентіміз өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған Жолдауларында мемлекеттік тіл саясатына, оның ішінде мемлекеттік тілге қатысты өзекті мәселелерді барынша көтеріп келеді. Тіл саясаты қандай да бір тілдік ортадағы тіл тұтынушылардың бағыт- бағдарын қалыптастыруға және өзгертуге бағытталған сол мем- лекетте өмір сүріп отырған халық тілдерін дамыту жөніндегі мемлекеттің саясатын көрсетеді.

Тіл және саясат екеуі тығыз байланыста болып табылады.Тіл – саясаттың әрі нысанасы, әрі құралы болса, ал саясат – тіл тағдырын шешетін мемлекеттің өзіндік ұстанған бағыты, шаралар жүйесі.Жалпы әлемдік тәжірибеге назар аударсақ, тіл екі түрлі жолмен дамиды да, құриды да: оның бірі - өзінен-өзі, арнайы ұйымдастырылмаған (стихиялы) түрде дамиды, не қолданыстан шығып құриды; екіншісі – қоғам, мемлекет тарапынан керек-ті бағытты жоспарлы түрде арнайы дамыту, не құрту. Ендеше қоғамдағы не белгілі бір мемлекеттегі тіл мәселелерін шешу мақсатында белгіленген шаралар мен идеологиялық принциптер жиынтығы тіл саясатын құрайды.Олай болса, тіл саясаты екі түрлі бағытта жүргізіледі деп түюге болады. Бір бағыты – тілді тұншықтыру, екіншісі – тілдердің еркін дамуына жағдай жасау.

1.Тіл мен қоғам мәселесінің әлеуметтік лингвистика үшін маңызы
Тіл мен қоғам арасында болатын қарым-қатынас — өте күрделі, көп қабатты, кең салалы проблема. Бұл проблеманың қарауына жататын басты тараулар қатарына: тілдің табиғаты мен әлеуметтік мәні, оның шығу, даму тарихының адам қоғамы тарихымен бірлігі, тілдің адамдардың этникалық бірліктерімен, қоғамдық формациямен байланыстылығы, тіл қызметінің салалары, олардың әлеуметтік сыры, қоғамның тілге, тілдің қоғамға тигізетін әсерлері, тілдің қоғам мәдениетімен, ғылыми-техникалық прогреспен қарым-қатынасы, олардың тілдегі көріністері, тілдер араларында болатын қарым-қатынастар, халықаралық қарым-қатынастағы тілдік бөгет, одан құтылудың жолдары, т.б.

2.Тіл саясатының тіл дамытудағы мәні бар ма?
Тіл – саясаттың әрі нысанасы (обьектісі), әрі құралы. Ал саясат – тіл тағдырын шешетін мемлекеттің өзіндік ұстанған бағыты, шара-лар жүйесі. Демократиялық бағыттағы саясат ұстанған мемлекет әр этностың ана тілінің өмір сүруі мен дамуына жағдай туғызса, кертартпа саясатқа бой ұрған мемлекетте бірді-екілі тілдің дамуына ғана мүмкіндік туғызып, қалғандарын іс жүзінде тежеп, шағын этностардың ана тілін олар-ды бірыңғай мемлекеттік, әкімшілік тіліне көшіруге тырысады. Осы жолда қолда бар мүмкіншіліктің баршасын іске қосып бағады. Олай болса, тіл саясаты екі түрлі бағытта жүргізіледі деп түюге болады. Бір бағыты – тілді тұншықтыру, екіншісі – тілдердің еркін дамуына жағдай жасау.

тіл және қоғам мәселесінің әлеуметтік лингвистика үшін маңызы қандай?
Жалпы әлеуметтік лингвистиканы кейбір ғалымдар лингвис- тиканың бір саласы ретінде қарастырса, басым көпшілігі жеке ғылыми пән ретінде қарайды. Ол негізсіз емес, өйткені оның әдіснамасы мен әдістері дәстүрлі лингвистикадан бөлек, өзіндік ерекшелікке ие. Басқаша айтқанда, әлеуметтік линвистиканың зерттеу нысанасы тіл емес, «Тіл – қоғам» деп аталатын кешенді жүйе, яғни тіл мен қоғамның әлеуметтік құрылысының барлық түрлерінің өзара байланысы болып табылады.
Әлеуметтік лингвистика өзінің ұғымдық аппаратында көр- сетілгендей, көптеген проблемаларын пәнаралық деңгейде қа- растырады. Мысалы, «Тіл және қоғам» проблемасы жалпы тіл білімі шеңберінде қарастырылса, әлеуметтік лингвистикалық талдаудың бастапқы түсінігі «тілдік ұжым» мәселесі әлеуметтану ғылымымен байланысты, ал оған қатысты тілдік белгілер тіл білімдік негізде анықталады.

1.Әлеуметтік лингвистика тіл білімі, әлеуметтану, әлеуметтік психология, этнография ғылымдарының түйіскен аралығында туып дамыған тіл білімі саласы. Онын негізгі объектісі — тілдің функционалды жағын зерттеу. Қарастыратын басты мәселелері: тілдің қоғамдык табиғаты, әлеуметтік кызметі, тіл болмысының қатынастық түрлері (әдеби тіл, ауыз екі сөйлеу тілі, жергілікті диалектілер, койне, пиджиндер), тілдің әлеуметтік сипаттағы түрлері (жаргон, арго, кәсіби тіл), билингвизм, диглоссия, пиджинделу, креолдену, мультилингвизм процестері. Әлеуметтік лингвистика үшін аса қажетті мәселелердің қатарында тілдің (тілдердің) өмір сұру формасынан туатын тілдік жағдайлар, тіл мен мәдениеттің байланысы, тіл саясаты тағы басқа жатады.

Тіл саясатының тіл дамытудағы мәні бар ма?
Әрине, бар. Тіл саясаты - ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің негізі. Тіл саясатының басты бағыттарының бірі - белгілі бір тілді барлық азаматтардың арнайы белгіленген көлемде меңгеру үшін жағдай туғызу болып табылады. Тіл саясаты ең алдымен елдің әлеуметтік-саяси тұрақтылығына, қоғамдағы ұлтаралық, этносаралық келісімдерді нығайтуға бағытталған. Себебі, әр ұлттың тілі мен мәдениеті, даму жағдайлары белгілі бір мөлшерде халықтар арасындағы қарым-қатынастарға, байланыстарға да өзіндік әсерін тигізеді.

Тіл және қоғам. Дәріс мазмұны қамтылған слайд. Танысыңыздар.

Болат Назерке

1.Қарапайым тілмен айтқанда, адамның тіліне, оның күнделікті сөйлеу дағдысына әлеуметтік ортаның көптеген әсерлері болады. Міне, осыны әлеуметтік лингвистика қарастырады. Егер мұны бізге жете таныс «дәстүрлі» лингвистикамен салыстыратын болсақ, ол тілдік таңбаны (дыбыс, сөз, морфема, аффикс, сөз тіркесі, сөйлем) айтылым, жазылым түрлеріне, мағынасына, бір-бірімен қатынасына, олардың уақыт бойында өзгеруіне талдау жасаса, әлеуметтік лингвистика сол тілдік таңбаларды адамдар жасына, жынысына, әлеуметтік жағдайына, ортасына, білім деңгейіне, мәдени ұстанымсына т.с.с. байланысты қалай пайдаланады: бәрі бірдей ме, әлде әр түрлі қолдана ма дегенге баса назар аударады.
2 Қазіргі  таңдағы тіл саясатының басым бағыттарының бірі – мемлекеттік тілді дамыту мен оның қолданылу аясын кеңейту болса, оның кешенді тармағы – тәуелсіз мемлекетіміздің болашағына адал қызмет ететін мемлекеттік тілді жетік меңгерген кәсіби мамандар даярлау болып табылады. Мамандандырылған жоғары оқу орындарында мемлекеттік тілді оқыту - тыңдаушылардың тілді болашақ кәсіптік қызмет бабында және жеке қарым-қатынасында қолдана алатындай іскерліктер мен дағдыларды игерту мақсатын көздейді. Осы орайда мемлекеттік тілдің қолданылу аясының кеңейіп, іс қағаздары, бұйрықтар, баянат, өзге де құжаттардың мемлекеттік тілде жүргізілуіне байланысты атқарылып жатқан кешенді іс-шаралардың оң нәтижелерін бүгінде іс жүзінде көруге болады.

1.Тіл мен қоғам мәселесінің әлеуметтік лингвистика үшін маңызы
Тіл мен қоғам арасында болатын қарым-қатынас — өте күрделі, көп қабатты, кең салалы проблема. Бұл проблеманың қарауына жататын басты тараулар қатарына: тілдің табиғаты мен әлеуметтік мәні, оның шығу, даму тарихының адам қоғамы тарихымен бірлігі, тілдің адамдардың этникалық бірліктерімен, қоғамдық формациямен байланыстылығы, тіл қызметінің салалары, олардың әлеуметтік сыры, қоғамның тілге, тілдің қоғамға тигізетін әсерлері, тілдің қоғам мәдениетімен, ғылыми-техникалық прогреспен қарым-қатынасы, олардың тілдегі көріністері, тілдер араларында болатын қарым-қатынастар, халықаралық қарым-қатынастағы тілдік бөгет, одан құтылудың жолдары, т.б.