Моя сияющая доска Padlet by Лаурита Байбекова

Мен 7 ә сынып оқушысы Жолдасова Диана анамның бір күні туралы айтқым келеді. Менің анам Ұлан амбулаториясында медицина қызметкері болып жұмыс істейді. Анамның жұмысы таңертең ерте басталады. Сондықтан анам өте ерте тұрады. Бізге жылдам таңғы ас дайындайды. Таңғы асымызды ішпей бізді мектепке жібермейді. Киініп жұмысқа дайындалады. Бірінші інімді балабақшаға алып барып, ары қарай жұмысына кетеді. Анамның жұмысы адамның өміріне байланысты болғандықтан өте жауапты жұмыс. Менің анам өз коллективінде және пациенттердің алдында беделі жоғары адам. Анамның жұмыстағы  қызметі - пациенттердің анализдерін алып, екпелерін жасау. Олардың барлығын компьютермен жүйеге кіргізеді. Өз білімін жетілдіріп, шыңдап жүру үшін үнемі семинарларға қатысып отырады. Анама өзінің жұмысы қатты ұнайды. Кешке анам жұмыстан шаршап келсе де өте көңілді жүреді. Өйткені оны үйде жақсы көретін адамдар күтіп отырғанын біледі. Бірден кешкі ас дайындауға кірісіп кетеді. Анамның жасаған тамақтары әлемдегі ең дәмді тағамдар. Ол сияқты ешкім пісіре алмайды. Ал кампоттарының дәмі тіл уйіреді. Кейде анам жұмыстан кешіксе әкем де тамақ пісіре береді . Біз де тәтем екеуміз барынша анамызға көмектесуге тырысамыз. Кейде кешке пациенттер келіп екпелерін алып кетеді. Анам көбіне үйде отырып ән айтқанды ұнатады. Кейде құрбыларымен көңіл көтеруге барып келеді . Арасында домбыра да шертеміз. Кешке бар жұмыс біткенде анам тігін тігіп, тоқыма тоқығанды ұнатады. Аптасына үш рет фитнеске барады. Мен осындай керемет жандардың отбасында туылғаныма өте қатты қуанамын!!!!