Ізгілік педагогикасы by ARAY

«Жанымыздың тазаруына қызмет етіп жатқанымыз сүйіндереді»
Жүсіпбек Аймауытов

Ж. Аймауытов өзінің тәлім-тәрбие саласындағы бағыт бағдарын 1918 жылы ақпан айында Семей қаласында шыққан әдеби және ғылыми –қоғамдық « Абай» атты журналдың бас мақаласынан аңғартады. Онда Аймауытов: « ... қазақ сахарасында мыңмен жалғыз алысып, жапа шеккен ағартушы Абайдың көздеген мақсаты халқын өнер-білімге, оқуға, отырықшылыққа, мәдениетті ел дәрежесіне жеткізу еді», - деп жазады. Ол Абай ұстанған гуманистік жолды өзінің тыныс- тіршілігінің өмірлік арқауы етіп алады. Осы журналдың 1918 жылғы 1,2-сандарында жарияланған Ж. Аймауытовтың «Тәрбие» атты көлемді мақаласында тәлім – тәрбиелік ой-пікірлері ғылыми тұрғыда терең баяндалған.

Адамның Жоғары Рухани Әлемінің ашылмауына, Ж.Аймауытов Тәрбиенің дұрыс болмауын себепкер етеді. Ж.Аймауытов: « Адам мінезінің, ақыл-қайратының әртүрлі болуы тәрбиенің түрлі-түрлі болуынан... адам баласының ұрлық істеу, өтірік айту, кісі тонау, өлтіру сықылды бұзақылықтарды жасауы, тәрбиенің жетіспегендігінен»,- дейді

Ол тәрбиенің екі түрлі болатынын жан тәрбиесі және дене тәрбиесі болып бөлінетіндігін көрсетеді.

Жан тәрбиесінің маңыздылығын алдымен отбасы түсінуі керектігін баса айтады. Ж. Аймауытов балаға әсер ететін медресе және тәрбиеші деп санайды... «Кейде, - деп жазды ол,- белгісіз себептермен күшті ықпал ететін, әсер туғызатын жағдайлардың да болуы ықтимал. Ол замандастары ( құрбы- құрдастары), туған ауылы, өскен ортасы, оның діні, тілі һәм басқа да нәрселер» деп, тәрбие мәселесіне ықпал ететін факторларды тізбектеп талдайды.

Ж.Аймауытовтың педагогика ғылыми саласындағы жүйелі ой пікірлері оның 1924 жылы Орынборда басылған « Тәрбиеші жетекші» атты еңбегінен жақсы байқалады. Бұл еңбекте Ж.Аймауытов «мұғалімнің айналысатыны – үнемі қозғалып, өзгеріп өсетін, өркендейтін тірі адам болғандықтан, біркелкі әдіспен табан аумай шектеліп қалуға болмайды... Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер...», - деп, оқыту, білім берудің де қасиетті өнер екендігін көрсетеді.

«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп»
Ибраһим Құнанбайұлы

Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған мақсат емес, Өнердің бұдан өзге бәрі жалған.
Ел болу үшін қала салып, отырықшылықта болу керек, мектеп салып, оқу оқып, білім алу қажет, тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде ғана тұр деп жар салды. Өнер-білімсіз қоғамның пайдалы азаматы болудың мүмкін емес екендігін, терең түсінген ол: «Барыңды салсаң да балаңа орыстың ғылымын үйрет… өнер де, ғылымда орыста тұр. Орыстың ғылымы, өнері – дүниенің кілті оны білгенге дүние арзанға түседі»1,-деп озық мәдениетті орыс халқын өнеге етті.

«Ақыл – ардың сақтаушысы» деп қарап, адамгершілік мәселелерін жоғары бағалап, ар тазалығы үшін күресуді дәріптеген ұлы ағартушы
– Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр талап,
Бұларды керек қылмас ешкім қалап…
Бұларды керек қылмас ешкім қалап…
Терей ой, терең ғылым іздемейді
Өтірік пен өсекті жүндей сабап, - деп кейбір жастардың іс-әрекетін қатты сынға алады. Абай қазақ қоғамындағы жас ұрпақтарды тәрбиелеуге байланысты ойларын бірнеше өлеңдерінде («Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» т.б.) айқын білдіреді. Ол халықтың артта қалушылығын, надандығын мінеп, әдебиет пен ағарту халыққа қызмет етуі, жалқаулыққа, ымырашылдыққа қарсы күрес жүргізуі қажет екендігін көрсетеді, прогресшіл орыс мәдениетіне жақындай түсуді уағыздайды. Мұндай күрделі міндеттерді шешудің жолдарын іздестіре келе, Абай өзінің «Қырқыншы сөзінде» жалпыға бірдей білім беру талабын ұсынып, қыздар да оқып, білім алу керек деп есептейді. Ұлы ағартушы өз айналасын қоршаған әділетсіздік қазақ халқын аздырып бара жатқанын, жас ұрпақты тәрбиелеуге теріс ықпалын тигізетіндігін байқап, халықты, әсіресе, жастарды, адамгершілікке тәрбиелеуге ерекше көңіл аударды.

Адамдықдың айнасы - Ізгілік
Шәкәрім Құдайбердіұлы

Ш.Құдайбердіұлының философиялық еңбектерінің негізгі обьектісі- адам болса, байлықтың ең үлкені – ғылым дей келе, «Өзіңді өзің танысаң істің басы» деп жырлайды.Мысалы, «Үш-ақ түрлі өмір бар»өлеңінде ол адам өміріне «ортаншы өмір» деген ұғымды қолданады. Бұл адамның жастық шақ пен кәрілік тің арасындағы белсенді өмірі, яғни осы кезде уақытыңды босқа өткізбей, ғылымға үңілсең –өмірлік мұратыңа жетесің, -дейді.
«Үш анық» еңбегінде жалпы адамзаттық жаратушы бір күш бар –ол бірінші анық , дейді.Ал, рух өлмейді, жан- мәңгілік –бұл екінші анық, дейді.Үшінші анық- ар-ұждан деп, оны білімнен де, ғылымнан да жоғары қойды.
Ш.Құдайбердіұлы ізгілік ( гуманистік )педагогикасының негізін салды. Ешқандай елге еліктемей, қазақ халқының өз педагокикасы, өз мектебінің болуын қалады Халықтық педагогиканы әлеуметтік педагогикамен ұштастыра отырып, қазақ педагогикасының алдыңғы қатарлы елдердің санатына жақындатуды меңзеді.

Шырағын жаққан білімнің!
Ыбырай Алтынсарин

Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, оқулық жазған. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім…» деп тұжырымдаған. Өйткені хрестоматияға Ыбырай өзінің педагогтық мақсатына лайықтай жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін шығармаларды енгізген болатын. Бұл шығармалардың тақырыптық – идеялық мазмұнынан біз Ыбырайды ұстаз-тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз.