Әлеуметтану тарихына шолу by Айдана Атамбаева
Әлеуметтану ғылым ретінде өзінің даму жолында негізгі төрт кезеңнен өтті
1-кезең
Әлеуметтану ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың  20-30 жылдарының басында қоғамдық құбылыстарды баяндау сипатында болды. Бұл кезеңде ол философиядан бөлініп шығып, қоғам, адам, осылардың дамуы туралы мәселелерді зерттеудің, түсіндірудің жаңа ғылыми, әдістемелік тұжырымдарын іздестіре бастады.
2-кезең
Қолданбалы әлеуметтану ХХ ғасырдың 30-60 жылдарын қамтиды. Бұл кезеңде әлеуметтанудың әдістемелік және әдістік аппаратын дайындау басталды, әлеуметтану эксперименталды (практикалық) ғылымға айналды.
3-кезең
Қолданбалы әлеуметтану ХХ ғасырдың 30-60 жылдарын қамтиды. Бұл кезеңде әлеуметтанудың әдістемелік және әдістік аппаратын дайындау басталды, әлеуметтану эксперименталды (практикалық) ғылымға айналды..
4-кезең
Бүгінгі таңда әлеуметтану әлемдік шеңберде жүйелі білімге айналды. Бұл кезеңде әлеуметтану ғылымында алуан түрлі тұжырымдамалар, көптеген теориялар пайда болды.
Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Оның негізін салушы француз оқымыстысы Огюст Конт. Ол 1839 жылы 6 томдық «Позитивтік философия курсы» атты еңбектің ескертпесінде мен әлеуметтік құбылыстарға тән іргелі заңдар жиынтығын оң зерделеуге қатысты жаңа терминді пайдалануға тәуекел етуге тиіспін деген болатын. Ол термин «Әлеуметтану» болатын.
О.Конт жүйесі боынша жеке адам, қоғам, жалпы адамзат өзінің дамуында міндетті түрде үш сатыдан өтеді.
Бірінші теологиялық немесе жалған сатыда (адамзаттың пайда болуынан бастап біздің заманымыздың 1300 жылына дейін) адам санасы құбылыстардың бастапқы немесе соңғы себептерін табуға тырысады. Ол «абсолюттік білімге ұмтылады». Теологиялық ойлау өз кезегінде дамудың үш кезеңінен өтеді: фетишизм, политеизм, монотеизм.
Екінші метафизикалық немесе абстрактілі сатыда (1300-1800) адам санасы құбылыстардың ішкі табиғатын, олардың мән-мағынасын қалыптасуының басты амалдарын ұғынуға, абстракциялар жолымен түсінуге тырысады. Олар сын тұрғысынан өткізіліп қаралады. Бұл кезең адамның интеллектуалды дамуының ғылыми түрін, яғни позитивизмді дайындады.
Ал, үшінші позитивті немесе шынайы ғылыми кезеңнің (1800 жылдан бастап) негізгі белгісі – мұнда ақыл-ой түпкі себептер мен мәндердің ақылға қонымсыз анықтамаларынан бас тартып, оның орнына заңдарды қарапайым зерттеуге, яғни «бақыланатын құбылыстар арасындағы тұрақты қатынастарға» жүгінеді.
О.Конттың әлеуметтанулық тұжырымдамалары әлеуметтік статика және әлеуметтік динамика деген бөлімдерден тұрады. Олардың біріншісінің объектісі – «тыныштық қалпындағы» қоғам болса, екіншісінің объектісі – «қозғалыс қалпындағы» қоғам болып табылады. Әлеуметтік статика әлеуметтік организмнің құрылымын зерттейтін әлеуметтік анатомия болса, әлеуметтік серпін оның жүзеге асуын қарастыратын әлеуметтік физиология. Осы әлеуметтік динамикада Конт қоғамның ілгері дамуы туралы теорияны одан әрі жетілдіреді.
О.Конттың ой-пікірлерін, идеясын одан әрі дамытқан ағылшын әлеуметтанушысы Герберт Спенсер (1820-1903 жж.) болды. Оның әлеуметтанулық теориясы негізгі екі мәселеден тұрады. Бұл ой – пікірлер Ч. Дарвиннің биологиялық түрлердің пайда болу теориясының негізі еді:
1. Қоғамды биологиялық организм ретінде қарау
2. Әлеуметтік эволюция идеясы.
Әлеуметтаудың классикалық негізін салушылардың ірі өкілінің бірі, әрі өте беделдісі – Эмиль Дюркгейм (1858-1917ж. ж.). Өзінің әлеуметтануында ол әлеуметтік таным процесінің әдістемесіне көп көңіл аударды. Ал бұл методология «Социологизм» деп аталады. Социологизмнің мәні мен мазмұны әлеуметтілікте. Э.Дюркгеймнің пікірінше,  әлеуметтану әлеуметтік нақты мәні бар, оған ғана тиісті қатынастарды, олардың сапаларын терең зерттеуі керек.
Отбасы
Отбасы қоғамдағы фундаменталды төрт институттардың бірі. Ол қоғамның тұрақтылығын және халық санын келесі буын арқылы толықтырып отарады. Соныменен қатар отбасы ең ынтымақты және тұрақты кіші әлеуметтік топ. Адам өз өмірсүру циклінде көптеген әлеуметтік топтың мүшесі болады, бірақта тек қана отбасын ол ешқашан да тастамайды. Ал достарын, құрбаларын, кластастарын және т.б. кезек келгенде қалдырып отырады. Отбасы некеге және қандық туысқандыққа негізділген кіші топ. Оның мүшелері тұрмыс тіршілігінің бірлігіменен, біріне бірі көмекшілдігіменен, моральдік және құқықтық жауапкершілігіменен сипатталады. Социологтар отбасын туыстық тұрғысынан қарастырады. Соныменен қатар отбасы арқылы буындардың сабақтастығы жалғасып отырады. Әр буында отбасының сабақтастығын жалғастыруы отбасының маңызды сипаттарының бірі. Отбасының өмір сүру циклі биологиялық емес әлеуметтік процесс, себебі отбасы некеге отырудан басталады және де ол мемлекеттік құжатпенен заңдастырылады. Отбасының өмір сүру циклінің бітуі ажырасуменен аяқталады және ол да мемлекеттік құжатпенен дәлелденеді. Ал ажыраспаған отбасының өмір циклі келесі кезеңнен тұрады: 1) некеге тұрудан ең соңғы баланың тууы; 2) алғашқы ересек баланың өзінің отбасын құрап бөлініп шығуы; 3) балалардың үйленуі жалғасуда. Бұл кезең «кемелденген» кезең дейді; 4) барлық балалардың отбасынан кетуін «бос қалған ұя» кезеңі дейді; 5) жалғыз бастылық немесе «өшу» кезеңі. Бұл кезеңде ерлізайыптының бірі өліп екіншісі қалуы мүмкін. Екіншісі де өмірден озған кезең отбасының өмір сүру циклінің аяқталғаны. Неке адамзат қоғамында әлеумет қолдайтан және заң түрінде бекітілген ерлізайтаптылардың жыныстық қатынасын міндетті ететін форма. Жыныстық қанағатсыздық немесе опасыздық некені бұзуға жеткілікті негіз болады. Некенің екі негізгі түрі бар. Эндогамиялық және экзогамиялық. Эндогамияда партнер тек өз тобынан болуы тиіс. Экзогамияда-басқа топтан. Соныменен қатар моногамия (еркек пен әйел одағы), полигамия (екіден көп партнерлардың одағы). Полигамия да: 1) полигиния – (бір еркектің бірнеше әйелдермен); 2) полиандрия (бір әйелдің бірнеше еркектермен); 3) топтық неке (бірнеше еркектің және бірнеше әйелдердің некелік одағы).
Отбасын негізгі екі типке бөледі: 1) дәстүрлі (яғни көпбуынды); 2) нуклеарлық (екі буынды); Балалар санына байланысты: баласыз, бір балалы, көпбалалы. Қожалыққа байланысты: патриархалды (отбасының қожасы еркек), материархалды (отбасының қожасы әйел) және эгалитарлық (ерлі зайыптының екеуі отбасының тең қожалары болып саналады). Қазіргі отбасын нуклеарлық дейді (лат. Nucleus - ядро). Өйткені отбасының демографиялық ядросы ата-аналары менен балалары. Олар жаңа буынның өсіп-өнуіне жауапты. Олар отбасының биологиялық, экономикалық, әлеуметтік ядросын құрайды. Ал қалғандар-атасы, әжесі, ағалары, әкпелері отбасының перифериясын яғни шетін құрайды. Егерде олар бірге тұрса онда ондай отбасы кеңейген отбасы деп аталады. Қазіргі отбасындағы ролдердің бөлінуі. Қоғамның индустриалдыға дейінгіден индустриалдыға, одан соң постиндустриалды дәүіріне өтү процесі дәстүрлі көпбуынды отбасыдан нуклеарлық отбасына көшу үстінде. Батыс Еуропа, АҚШ-тарында нуклеарлық отбасының үлесі 70% асады. Нуклеарлық отбасының өзі де эволюциялық өзгерістерге ұшырауда. Егерде алғашқы кезде мұндай отбасына біркарьерлік модель тән болса яғни отбасында ер адам өндірісте қызмет істесе әйелі үй шаруасыменен бала тәрбиелеуменен айналысады. Қазіргі кезде екікарьерлін модель кең етек жоюда. Ері де әйелі де қызмет жасап үй шаруашылығын, бала тәрбиелеуді бірдей бөліседі. Отбасындағы лидерлік мәселесі. Қоғамның қазіргі дамуына сай отбасындағы қожалық кімнің қолында деген сұраққа жауап бір жақты болуы мүмкін емес. Егерде индустриалды қоғамның өзінде ер адамның айлығы, әлеуметтік қызметтік статусы, қоғамның пікірі осы жағдайды қолдайтын болса енді жағдай өзгеруде. Әйел адамдарда қазіргі кезде өмірдің барлық саласыңда тендік мәселесін көтеріп отыр. Соның бір ғана көрінісі гендерлік саясат. Бұл бағдарлама халықаралық дәрежеде өтуде, соған байланысты әр елде осы мәселе көтерілуде. Ал енді социолгттардың кейбір зерттеулерінің мәліметіне сүйенсек Кеңес одағы ыдырау кезеңіндегі жаппай өндіріс орындарының жабылуы ер адамдардың көбінің жұмыссыз болуына алыпкеп соқты, осыған байланысты отбасындағы нақты қожалық әйелдер қолдарына өтті. Бұл мәселенің көптеген әлеуметтік келеңсіз жайлары аз емес. Мысалы, ер адамның жұмыссыздығы оның психологиялық, моралдік үлкен стреске ұрынуына алып келеді. Отбасының ажырасу мәселелері де қазіргі күннің ең бір өзекті мәселелерінің бірі. Ажырасу тек қана ерлі зайыптыларға ғана емес олардың балаларына тигізер зияндығы көп. Мысалы әнесіз өскен ер балада еркектік қасиеттер жөндеп дамымауын көптеген социологиялық зерттеулер дәлелдеп отыр. Отбасы менен тап мәселесінің орны да өзгеше. Оның себебі бір мемлекетте, бір елде, бір ұлттың өзінде стратификацияалық, таптық ерекшіліктер негізінде отбасылардың айырмашылықтары да өте үлкен болып келеді. Мысалы, ең бай олигархтардың отбасының өмір сүруі, саяси дәстүрі мен кедейлер отбасының айырмашылығы басқа ұлттардағы олигархтардың олигархтармен кедейлердің кедейлермен жақындықтарыменен теңестіруге болатын шығар. Осыған байланысты байлардың балаларына өзімшілдік, ештемеге жауапкереместік, агрессивтік, эгоистік, цинизм және тағы сол сияқты мінездердің қалыптасуына әсіресе біздің кешегі тоталитарлық жүйеден қалған бүкіл әлеуметтік институттараменен қалыптасқан мінез-құлық, ділде өз үлестерін қосуда. Социологтардың зерттеулерінің тұжырымдарынша жоғарғы, орта, төменгі топтардың әрқайсысына тән отбасылық ерекшеліктер бар және де сол ерекшеліктерді отбасы арқылы жалғастырып, дамытып отырады. Мысалы орта тап отбасында өздерінің тіршіліктерін саналы түрде болжау, жоспарлау жұмысшылар отбасыларына қарағанда жоғары дамыған.