N.Aigerim by Aikun Nietova

Қоғам туралы түсінік
Философиялық талдаудың аса күрделі объектілерінің бірі – қоғам.

Қоғам –адамдардың түрліше саналы қызметінің, іс-әрекетінің негізінде қалыптасқан адамдардың тарихи бірлігі.

Қоғам
Қоғамды тарихи қалыптасқан адамдардың бірігіп ӛмір сүру бітімдерінің жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Ең алдымен, қауым мен қоғам ұғымдарының айырмашылығын атап ӛтейік. Қауым ұғымында қандас туысқандық, шығу тегінің жалпылығы алдыңғы қатарға шығады. Ал, қоғам ортақ мүдде мен келісім негізінде парасат пен мақсатқа сай ұйымдасқан адамдар тобы ретінде түсініледі. Сол сияқты қоғам ұғымын «халық», «ұлт», «мемлекет» ұғымдарынан ажырата білу керек. Халық – ең алдымен тілі мен мәдениеті, шығу тегі арқылы байланысқан адамдар қауымы. Ұлт – бір халықтың (немесе бірнеше туыстас халықтардың) ұйымдасу бітімі. Ұлтқа мемлекеттілік, адамдар арасындағы экономикалық, саяси. рухани байланыс тән. Мемлекет–заң мен құқыққа негізделген, халықтар мен ұлттардың ұйымдасу бітімі, адам өркениетінің дамуының нәтижесі. Бұл ұғымдар бір-бірімен тығыз байланыста болады.

Тарихты жасайтын халық. Ол барлық материалдық игiлiктердi де, рухани игiлiктердi де өндiредi, революция жасайды. Жеке адамдар халықтың өкiлi. Халық қашанда жеке адамдардан тұрады. Сөйтiп, тарихқа жаңа, материалистiк көзқарас қалыптасты. Бұрынғы социологтар табиғат заңдары мен құбылыстарын материалистiк тұрғыдан түсіндiрiп келгенімен, тарихи жағдайлар мен таптық шектеушiлiк салдарынан қоғамдық ӛмiрдi танып-бiлу саласына материализмнің өзін қолдана да, тарата да алмады, қоғамды жалпылама, абстрактiлi қарастырды.

Қоғамды  философиялық  және  жалпы  әлеуметтік  тұрғыдан зерттеудің арасында елеулі айырмашылық бар. Әлеуметтанушылардың қоғамды зерттеудегі басты назары оның әлеуметтік құрылымына ауады.

Адамдар арасындағы байланыстарды және олардың зандылықтарын түсіндіруде үш түрлі көзқарас бар.

Натуралистік көзқарас. Оның мәні адам қоғамы табиғаттың, ғарыштың ажырамас бөлігі деп қарастыруда. Бұл тұрғыда қоғамның құрылымы мен тарих дамуы күн белсенділігінің артуына, ғарыштың сәулелерге (А.Чижевский, Л.Гумилев), географиялық, табиғи-климаттық жағдайларға (Монтескье, П.Мечников), адамдардың генетикалық, нәсілдік, жыныстық ерекшеліктеріне байланысты (Э.Уилсон, Р.Докинс т.б.).

2. Идеалистік көзқарас. Мұнда адамдар арасындағы байланыс, оларды біріктіріп тұрған нәрсе идеялар, наным-сенімдер, мифтер жиынтығы деп саналады.

3.Тарихты материалистік тұрғыдан түсіну. Оның мәні – адамдардың топтасуының негізі өңдіріс тәсілі. Адамдарды әлеуметтік организмге біріктіретін нәрсе идея да, құдай да емес, өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастар, олардың өзгеруі қоғамдық экономикалық формациялардың негізін құрайды.

Адамдар саясатпен, ғылыммен, өнермен т.б. шұғылданбас бұрын оның жейтін тамағы, тұратын үй-жайы, киетін киімі болуы керек. Ол үшін алдымен материалдық игіліктерді өндірумен шұғылдану керек. Осы материалдық қатынастар, ӛндіріс, тұтыну, айырбас процесі қоғамдық болмысқа жатады. Осы процесте қоғамның рухани жақтары қалыптаса бастайды. Ол адамдардың психологиясы, саяси, правалық көзқарастары, моралі, идеологиясы. Бұлар – қоғамдық сананы құрайды.

Қоғамдық болмыс – қоғамның материалдық өмірі, өндіріс процесінде қалыптасатын өндірістік қатынастар, айырбас, тұтыну т.б.

Қоғамдық сана – қоғамның рухани өмірі, адамдардың қоғамдық психологиясы, идеологиясы, саяси және құқықтық көзқарастары.

Қоғамдық сананың бес түрлі формасы бар. Олар: саяси сана, құқықтық сана, моралдық сана, эстетикалық сана, діни сана.
Саяси сана – бұл белгілі бір ұлттардың, мемлекеттің түпкі мақсатын кӛрсететін қоғамдық ойлардың формасы. Саяси сана қоғамдық сананың барлық формаларына ықпалын тигізеді.

Құқықтық сана – ол экономикалық	және	саяси	мүддені жақтайды, нығайтады. Мақсаты: қоғамдық меншікті, демократияны, адам құқығы мен бостандығын қорғау.

Мораль – қоғамдық сананың ең көне формасы. Мораль – адамдардың бір-бірімен қатынасын белгілеп, тарихи өзгеріп отыратын нормалардың, принциптер мен ережелердің жиынтығы.

Эстетикалық сана – объективті шындықты көркем образдар арқылы бейнелейді. Қоғамның барлық саласына әсер етеді.

Діни сана – дүниені жаратушы «жоғарғы күш» құдай арқылы түсіндіреді. Гносеологиялық тамыры – дүниені танудың, білудің қиындығында, қайшылыққа толы екендігінде. Дін мен ғылым – екі ақиқат.

Қоғам дамуы адам іс-әрекетінің жемісі, қоғамдық өмірді өзгерте отырып, адамның өзі де өзгереді, жаңа қажеттіліктер туғызады. Еңбек құралдарын жетілдіріп отыруды қажет етеді. Ол жетілген сайын адам дами түседі. Осылай адам еңбегі шығармашылық еңбекке айналады.

Табиғат және қоғам.
Қоғам да табиғаттың бір бөлігі болып табылады. Табиғат қоғамның өмір сүруінің, дамуының негізгі шарты. Табиғат заңдары объективті. Адамға тәуелсіз. Қоғам даму зандарында да объективті, бірақ қоғам даму заңдарына белгілі бір мақсатқа бағытталған адамның іс-әрекеті әсер етеді. Адамның еңбек, іс-әрекеті әрқашанда қоғамдық сипатта болады. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас «қоршаған орта» ұғымының пайда болуына әкелді. Ол екіге бөлінеді: «табиғи орта» және «жасанды орта». Табиғи ортаға жататындар: өмір сүруге қажетті табиғи байлықтар, еңбек заттарын беретін табиғи байлықтар.