Жоғары мектеп педагогикасы by Әзімбек Қойлыбай

1. Қазіргі кездегі университеттердегі көпсалалы білім беру
Қазақстандағы жоғары оқу орындарының негізгі басымдылығы бір салалыққа бейімделген. Мысалы, Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті. Яғни, белгілі бір салалық бағытта білім беруді көздейтін ЖОО Қазақстанда жетерлік.
Сонымен қатар, еліміздің мегаполистері мен өңірлерде көпсалалы білім беруге бағытталған жоғары оқу орындары да табылады. Олар: Астана қаласында - Еуразия Ұлттық университеті, Назарбаев университеті, М.С.Нәрікбаев атындағы КазГУЮ; Алматы қаласында - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, С.Демирел атындағы Қазақ-түрік университеті, Қазақ-британ университеті ж/е т.б.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Кең ауқымды бағыттар бойынша білім берудің барлық деңгейлерінде мамандар даярлайтын еліміздің көп бейінді жетекші университеті бола отырып, ҚазҰУ-дың Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде алатын рөлі ерекше.
ҚазҰУ құрамында 16 факультет және 67 кафедра, 8 ғылыми-зерттеу институты, жаратылыстану-ғылыми және техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық бейіндегі 29 ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар жұмыс істейді. Университетте саны 3 мыңнан асатын жоғары білікті оқытушыпрофессорлық құрам, оның ішінде:  ҚР ҰҒА академигі, бейіні бойынша 598 доктор, 858 ғылым кандидаты, 461 PhD докторы бар. Оқытушылардың 35 %-дан астамы шет тілін біледі, оның ішінде тиісті IELTS және TOEFL сертификаттары бар.

ҚазҰУжұмыс берушілермен және халықаралық әріптестермен келісілетін бакалавриат, магистратура және PhD докторантурасының 640-тан астам білім беру бағдарламасын жүзеге асырады. Университеттің базасында даярлаудың 9 бағыты бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің оқу-әдістемелік бірлестігі жұмыс істейді. Университет 37 мамандық бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орны және ғылыми-зерттеу орталығына айналды.

Сулейман Демирель атындағы Университет
Ағылшын тілінде білім беретін алғашқы университеттердің бірі болып табылатын университетте қазіргі уақытта 56 білім беру бағдарламасы бар, атап айтқанда 28 бакалавриат бағдарламасы, 21 магистрлік бағдарлама және 7 докторлық бағдарлама. SDU – да үш тілді білім беру жүйесі жұмыс істейді, соған сәйкес оның білім беру бағдарламаларының 82% -ағылшын тілінде, 18% – қазақ тілінде оқытылады.
Білімгерлер толықтай ECTS (European Credit Transfer and Accumulation System – Кредиттерді аудару және жинақтаудың еуропалық жүйесі) жүйесі арқылы дәріс алып жатыр.
Профессорлық-оқытушы құрамы – еліміз бен шетелдің белді оқу орындарын бітірген өз істерінің мамандары  болып табылады. Жалпы саны 430-ға жуық, оның ішінде 20% ғылым кандидаты, 36% PhD докторы жұмыс жасайды.
2020 жылында ғылыми зерттеу бағытындағы жобаларға 59 ғылыми қызметкер қатысып, нәтижесінде Scopus және Web of Science халықаралық дерекқорларында индекстелетін журналдарында сәйкесінше 33 және 19 ғылыми еңбектер жарыққа шықты. Бұдан бөлек университеттің ғылыми департаменті 4  ғылыми журнал жарыққа шығарады.

2. Білім беру жүйесін басқарудың мәні және білім беру сапасының педагогикалық мониторингі.
Қазір білім беру процесін жетілдіру жетекші бағыттардың бірі білім сапасын дамыту және бақылау мониторингі арқылы басқару жүйесін қалыптастыру болып табылады. Ол білім саласының барлық мүдделі қатысушыларын жұмылдыра отырып жүзеге асырылады. Білім беру сапасының қамтамасыз етудің тиімді жүйесін жасау үшін оған негіз болып табылатын мынандай 3 міндетті орындау шарт:
Бірінші міндет:  Басқарудың түпкі мақсаттарын көздейтін (білім беру стандартына, әлеуметтік стандарттарға сәйкес) сапа эталонын қалыптастыру;
Екінші міндет:  Қол жеткізген даярлық деңгейін эталонмен салыстыру және осы негізде сапаны бағалау;
Үшінші міндет:  Қол жеткізген сапаны анықтайтын шарттар мен факторларға орын алған ауытқуларды жою бағытында пәрменді ықпал ететін шаралар қабылдау.

Мониторинг – білім беру ұйымын көп деңгейлі басқарудағы маңызды жүйелердің бірі. Ол диагностика жүргізілуін және болжамдалған нәтижелерге сәйкес оқу орнының оңтайлы қызмет етуін қамтамасыз етеді. Мониторингтегі жүйе құрайтын құрылым(қасиет) білім беру мекемелерін қолданатын бақылау түрлерін түгел өзара іс-әрекеттегі элементтердің бірыңғай құрылымына біріктіруге мүмкіндік береді. Мақсаттары да, қаржылары (құралдары) да ортақ бұл элементтер мынандай принциптер негізінде қызмет етеді: жүйелік, циклдік, кезеңділік, оқиғаларды тікелей бақылау нәтижелері бойынша бағалау.

Мониторинг басқарудың барлық функцияларымен және сатыларымен тығыз байланыста болады. Мониторинг қарастыратын негізгі мәселелер: білім беру жүйесінің мақсаты; хал-ахуалы және оның функциялық негізгі көрсеткіштері туралы ақпараттар; болжамдар; шешімдер; педагогикалық қызметті ұйымдастыру және атқару ; оқу мекемесі қызметін түзету.

Мониторинг басқару ісін ақпараттық қамтамасыз етуге, оның тиімділігін арттыруға бағдарланған. Ол кез келген уақытта объекті туралы, оның хал-ахуалы жайлы біліп отыруға мүмкіндік береді. Мониторинг қолданыстағы құқықтық және нормативтік құжаттарға, білім беру ісін ұйымдастырудың әдістемелік материалдарына және ұйымды дамыту жөніндегі стратегиялық жоспарларға сәйкес жүзеге асырылады.

Мониторингтің мақсаты мен міндеттері. Мониторингтің мақсаты білім беру жүйесінің хал-ахуалы туралы және оның фунциялық негзігі көрсеткіштері жайлы алынған ақпараттарды қорыту және талдау болып табылады. Ол атқарылған жұмыстарды бағалау және даму беталысын болжамдау үшін, сондай-ақ білім сапасын жетілдіруге бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін қажет.