Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды сабақта қолдануда мұғалім - негізгі тұлға by Жібек

Мұғалім
Мұғалім – болашақтың білім нәрін себуші

Мектепке алғаш қадам басқан сәтімде қолымнан жетектеп, алғашқы партаға отырғызған ұстазым мәңгі көз алдымда күні кеше болған сияқты қалып қойды. Ол кезде ұстаз мен үшін аспандағы ай мен күн, ештеңе тең келмес өзінен білім нәрін шуақ қып шашатын мектептің кішкентай күні секілді. Оның ақ жүрегінен шыққан әр бір сөзі мен үшін заң болатын.

Оқушы
Н. Ә. Назарбаев: «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет» -, дейді. Шынында, баланың білімге құштарлығы мен қызығушылығы бастауыш сыныптан бастау алары сөзсіз. Бастауыш кластан бастап баланың жан – жақты ашылуы оның білімге қызығушылығы оянады. Қазіргі таңдағы өз сыныбымдағы үздік оқушылардың жетістігі осының дәлелі. Олар осы көрсеткіштері арқылы болашақта, ел дамуының жарқын үлгісі мен келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдер қабылдай алады.

Ұстаз бен шәкірттің өзара міндеттері
Ілім іздену адам баласының табиғатына тән. Өзіне беймәлім шыңдарды бағындырамын деп ұмтылмаса, адам баласы дамушылық тұрғыда бір қадам да алға баспаған болар еді. Жақсылықтарға жетуді армандаған жасқа халқымыз «Талапты ерге нұр жауар» деп сүйсініп, қанаттандырып, арқасынан қаққан.

Адам өмірден тәулік сайын жаңа бір нәрсені ұғынады, үйренеді. Білімге талаптану екіжақты үрдіс, әдетте үйренуші бар да, үйретуші бар. «Білмегеніңді кісіден сұра,үлкен жоқ болса, кішіден сұра» дейді нақыл сөз. Өмірден түйгенін, білгенін үйретуші ұстаз бен білімге сусындағысы келген шәкірттің арасында бірлік басталған тұстан өзара міндеттер, шарттар да өз күшіне мінеді.

Ұстаздың балаларға әдіс тәсілдері
Бастауыш мектеп – оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды,қайталанбас кезең.Сондықтан бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс.Бастауыш мектеп балаға білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, қоршаған орта жөніңде дұрыс көзқарас қалыптастыру, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Білім беру мекемелерінің қазіргі жаңа құрылымы мен оқытудың жаңа мазмұны мұғалімдер қауымына жаңаша іскерлік пен жаңа технологияны өндіру міндеттерін шешуді талап етуде. Мұның өзі бастауыш мектепте оқушының пәнге деген қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастыруда маңызы зор екенін айғақтайды. Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды.

Мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы
Психологтар педагогикалық қарым-қатынастың нәтижесі мұғалімнің баланы біліп-тануына және әр баламен диалогқа түсуіне байланысты деген. Әрине, қанша тәжірибелі мұғалім болса да балалармен қарым-қатынас жасау, әр баланы білу, оларды тану, әр баланы іс-әрекетке кірістіру, оларды сөйлеттіру мұғалімдерге оңай жұмыс емес. Тәжірибеге сүйенсек, жалпы оқушылармен қарым-қатынасқа түсіп жүрген мектеп мұғалімдерін екі топқа (балалармен қарым-қатынас жасауы оңай және балалармен қарым-қатынас орнатуы қиын) бөлуге болады. Бірінші топтағы мұғалімдер қай жастағы оқушылармен болмасын қарым-қатынасқа оңай түседі.

Оның себептері:

-өз сыныбындағы әр баланың психологиясын өте жақсы білуінде;

-баланың ішкі жан дүниесін оятатындай жылы сөздер айтуында;

-мұғалімнің этикасы мен психологиясының дұрыс қалыптасуында;

-мұғалім сөзінің тәртіптілігінде, жүйелігінде, анықтығында, нақтылығында;

-оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімнің бірнеше қарым-қатынас түрлерін пайдалана білуінде.

Екінші топ мұғалімдерінің оқушылармен қарым-қатынасқа түсуі қиын. Оның себептері бірінші топта көрсетілген себептерге қарама-қарсы. Дегенмен, біздің пікірімізше кейбір мұғалімдердің әр жастағы оқушылармен қарым-қатынасқа түсе алмауының және оқушымен қарым-қатынастарының өте қиын болу себептері:

- авторитарлық стильді пайдалануында;

-балаларға салқындық танытуы;

-балаларды әлеуметтік жағынан бөлуі;

-балалардың іс-әрекетін, ойын, сөзін әділ бағаламауы;