Ғалымжан Нұрназар by

Жоғары мектепте оқытуды ұйымдастыру формалары.

Педагогикалық тұрғыдан ойлауды қалыптастыру үшін жоғары мектептегі оқыту процесінің дамуы мен мәнін, құрылымын, қисынын (логикасын) түсіну маңызды. Ол үшін оқыту процесінің негізгі құрылымдық бөліктерін бөліп алу қажет.

Окыту процесі - бұл мұғалім мен оқушылардың белгілі бір мақсатқа бағытталған өзара әрекеттестігінің барысында окушыларға білім беру міндеттерін шешу.
Оқыту процесінің құрылымдьң компоненттері мыналар:

Мақсат.

Педагог

Оқушы, білім алушы.

Оқыту әдістері.

Оқытуды ұйымдастыру түрі.

Алған білімді өмірде қолдана білу, нәтижесін көру.

Педагогикалық диагностика.

Негізгі қайшылықтар - оқыту процесінің қозғаушы күші.
Оқыту - екі жақты процесс - оқыту және оқу.

Оқыту - қоғамдық қарым-қатынастың субьектісі ретінде адамды дайындау қажеттілігінен туындаган әлеуметтік негізделген процесс. Бұдан шығатын қорытынды - оқытудың әлеуметтік қызметі әлеуметтік талаптарға сәйкес тұлғаны қалыптастыру. Тұлғаны калыптастырудың негізі, қайнар көзі - әлемдік мәдениет, адамзаттьщ ғасырлар бойы жинақтаған рухани және материалдық байлығы.

Дидактикада И.Я.Лернердің тұжырымдамасы кеңінен қолдау тапқан: Білім

Іс-әрекеттің әдістері.

Шығармашылық тәжірибе

Зерттелініп отырған обьектіге, сонымен бірге өз-езіне және басқа адамдарға деген эмоционалдық-құндылық қарым-қатынас, қоғамдық, ғылыми және кәсіби іс-әрекеттің себеп-салдары мен қажеттіліктері.

Оқыту процесі - білімді, біліктілік пен дағдыны меңгеретін, тұлғаның дүниетанымын, күш-қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс -әрекет барысы.
Оқыту процесі - тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі.
Оқыту - мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдері, мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарып отырады.
Оқыту - таным процесі. Оқыту - даму негізі. Оқыту - жоспарлы процесс.
Оқыту - бұл күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл - ойы мен творчестволық қабілетін, демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, оқыту процесі - бұл білім алушы тұлғаны дамыту үшін мақсат көздеген, педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылған, әлеуметтік жағынан қамтылған процесс.

Оқыту процесін екі негізгі репродуктивті (шығаратын) және продуктивті (шығармашылық) вариантта жүргізген жағдайда білім мен іскерлік әдістерін меңгеруге болады. (В.И.Загвязинский).

Кез-келген танымдық міндеттерді шешу өз табиғатында қарама-қайшылықты болып келеді. Осы қарама-қайшылықты шешу қызығушылық тудырады, белгілі бір іс-әрекетке жетелейді, белсенділік туғызады, міне, осылар оқыту процесінің қозғаушы күші болып табылады.

Лекцияның негізгі дидактикалық максаты - студенттердің оқу материалын меңгеруіне қажетті бағыттаушы негізді қалыптастыру.
Жақсы, дидактикалық мақсаттарға сай ұйымдастырған лекция лектордың аудиториямен шығармашылықтық тұрғыдан жасайтын қарым-қатынасы, оның танымдық эмоционалдық тұрғыдан тиімділігі жоғары болады. Егер студенттің ойлау қабілеті белсенді болса, онда жаңа материал оңай, әрі тез оқытады, соңдықтан, лекцияда тыңдаушылардың белсенділігі мен ойлау қабілетін тудыру қажет.
Лекцияға қойылатын талаптар:

Лекция мен лекция окудың адамгершіліктік, ізгіліктілік (гуманистік) жағы;

Ғылымилығы мен ақпараттылығы; (қазіргі кездегі ғылыми деңгейі)

Дәлдігі мен дәлелділігі;

Түсіндірудің эмоционалдық жағы;

Тыңдаушылардың ойлау қабілетін белсендіру;

Қойылған сұрақтарға жауап берудегі құрылымы мен қисығының нақты болуы;

Басты ой-пікір мен ережелерді бөліп алу;

Тірек ұтымдарды бөліп алу, түсіндіру;

Қорытындылау;

Тілінің түсінікті және анық болуы;

Басты, жаңа ұғымдар мен терминдерді түсіндіре білу;

Мүмкіндігінше дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерді (аудио, видео, интерактивті мультимедиалық кұралдар т.с.с. ) пайдалану;

Аталған талаптар лекцияның сапасын бағалау критерийлерінің негізі болып табылады.
Лекцияның құрылымы және оның сапалылыгын бағалау

Өзінің құрылымы жағынан лекциялар әртүрлі болып келеді. Оның құрылымы оқытылатын материалдардың мазмұны мен сипатына байланысты, бірақ, кез-келген лекцияға қолданылатын жалпы құрылым-дық форма болады. Ең алдымен лекцияның жоспарын хабарлап, яғни жоспармен таныстырып, сол жоспар бойынша жүйелі түрде сұрактардың мазмұнын ашуды қатаң түрде сактау қажет. Емтихан сұрақтарына кіретін негізгі, маңызды мәселелерге ерекше назар аударып, соларды жоспарға міндетті түрде енгізілуі шарт.
Алдыңғы өтілген лекцияның мазмұнын еске түсіріп, оның жаңа материалмен байланысын, пәндегі және басқа ғылымдар жүйесіндегі орны мен қажеттілігін айтып өту керек. Тақырыпты ашу барысында индуктивті әдісті қолдануға болады: ғылыми қорытындыларға әкелетін мысалдар, фактілер; сол сияқты нақты мысалдар арқылы жалпы ережелерді түсіндіруде дедукция әдісін де қолдануға болады.

Лекцияньщ соңында айтылған мәселелер бойынша қорытынды жасау лекцияньщ құңдылығын арттырады.
Жоғары мектептегі дәстүрлі лекциялар ақпараттық болып табылады.

*Лекциялар  мазмұны, кұрылымы, сипатына қарай  әртүрлі болып келеді. Бірақ, жалпы  басшылыққа алатын әдістемелік  ереже, қагидалар ортақ болады.
Лекцияның үш түрі болады:

І.Кіріспе.
2. Ағымдағы лекция.
3. Қорытынды, немесе шолу лекциясы.

1. Кіріспе  лекция - мұнда пәннің мақсаты, ғылымдар  жүйесінде алатын орны, сол мамандыққа  қажеттілігі, яғни рөлі, мамандыққа  қажет оқылатын басқа да пәндермен  байланысы, сол пән ғылымының  зерттеу пәні, әдіснамалық негізі, әдістер, мәселелер мен гипотезалар, даму перспективасы, іс-тәжірибесі, яғни практикамен байланысы, теориялық  материалдар, даму тарихы, студенттердің  болашақ мамандығына байланысы, пәнге байланысты оқулық, оқу-әдістемелік  құрал, ғылыми әдебиеттермен таныстыру  сияқты мәселелер сөз болады. Бұдан басқа пәнді оқып, меңгерудің, жүйелі түрде әдебиет пен конспектілермен  жұмыс жасаудың әдістерімен таныстырған  жөн.
2. Ағымдағы лекция - оқу жоспары негізінде жасалған типтік бағдарламаға сәйкес жұмыс бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
3. Қорытынды немесе шолу лекция - бұл қысқаша конспект түрінде берілмейтін, білімнің жоғары деңгейде жүйеленіп берілуі. Сонымен бірге ең қиын, күрделі емтихан сұрактарының жауаптары қарастырылады.

Жалпы лекцияны оқи отыра, лектор студенттердің қандай мәселелерді жазып алып жатқандығын байқап, соған бағдарланып отыруы керек.

Конспект мұқият тыңдау, жазба жұмыстары кезінде жаксы есте сақтау, семинар, емтихандарға дайьщдалуда тірек материалдары ретінде көмек береді.
Лектордың міндеті - студенттерге конспект жазу барысында ойлап, саналы түрде ұғыну, зерделеуді, тыңдай отырып, қысқаша жазып алулары үшін жағдай тудыруы керек. Ол үшін лектор студештерге көмектесуі, яғни барлығына түсінікті ме, жоқ па, үлгеріп жатыр ма, міне, осындай мәселелерге назар аударуы қажет. Бұны ол аудиторияның реакциясынан байқай алады. Ол үшін лектор өзінің дауыс ырғағына, материалды қалай жеткізіл жатқандығына, тақтадағы жазбаларына, көрнекілікті қолдануына, дауыс темпіне, лекцияның регламентінің қалай сақталып жатқаңдығына үнемі бақылау жасап отыруы қажет.

Студенттерді қысқаша лекция жазуға уйрету, жазбаларды рәсімдеу, қысқартылған сөздер, әртүрлі белгілерді дұрыс қоя білу, жазба жұмысы барысында әртүрлі қаламдарды қолдану сияқты іс-әрекетгерге дағдыландыру пайдалы.

Лекция мазмұнының құрылымының нақтылылығы, студенттердің ынта - ьқыласын өзіне аудара білуі студентгердің белсеңділігін, жұмысқа деген қабілеттілігін, педагогикалық қарым-қатынас орнатуға, еңбекке деген құлшынысты, пәнге деген қызығушлықты тудырады. Лекция сапалылыгын бағалау
Өзара сабаққа қатысу барысында қызметтестер оқытушыньщ лекцияны оқу сапасын бағалайды.

Бағалау

Бағалау -- оқыту нәтижесін анықтау
үшін қолданылатын тәсіл
Оқушылардың оқу-танымдық
жұмыстарын қадағалау нәтижесі сол
жұмыстарды бағалаудан көрінеді.
Бағалау - білім, ептілік және дағдылардың
игерілу дәрежесін анықтау. Бағалау
қызметінің сандық көрсеткіші - баға, яғни
баға оқушылардың білім, ептілік,
дағдылар дәрежесінің шартты сан не
ұпаймен белгіленуі. Оқу нәтижесі тек
баға емес, басқа да жолдармен
анықталуы мүмкін. Мысалы, ол ауызекі
қолдау не қолдамау, алғыс жариялау,
мақтау парағы не медальдермен
мадақтау және т.б. Білім бағалауда
шынайылық, білім сапасын анықтаудағы
бірыңғай талап үлкен маңызға ие. Себебі,
білімдік баға оқушыға ықпал жасаудың
өте нәзік құралы. Көтеріңкі баға шәкіртті
қуантады, қанаттандырады, сонымен
бірге оның жұмысқа болған
немқұрайлығын да пайда етеді. Әсіресе,
болымсыз бағаның әсері күшті: ол
баланың оқуға деген ықыласын арттыруы
да не тіпті оқудан бас тартуға ықпал
жасауы мүмкін.

Бағалау және баға - оқу
үрдісінің ажырымас біртұтас құрамдас
бөлігі. Бұл үш дәйектемеден тұрады:
a) Бағалау - ынталандыру әдісі мен
құралы, оқыту мен оқудың қозғаушы
факторы;
ә) Бағалау - емтихан не сынақ алу - білім
сапасын жетілдірудің, оқышының басқа
да қасиеттерін дамытудың, ұштаудың
кепілі;
б) Бағалау мұғалім мен оқушының жан-
жақты ынтымақтастық қарым-қатынасын
қалыптасырады, жағымды ықпал етеді.
Екіншіден, бағалау және баға
оқушыларды өмірге үйретеді,
дайындайды, бейімдейді. Үшіншіден,
бағалау мен баға барлық оқушылардың
дамуына ықпал етеді. Төртіншіден,
бағалау әрқашанда әділетті сипатта
болуы керек, сонда ғана оның ғылыми-
дидактикалық тұрғыдан нәтижелілігі
қамтамасыз етіледі. Өзін-өзі бағалау кіші
жастағы оқушының өзінің табыстары мен
сәттіліктерін, оқу мақсатына қарай
жылжудың сипатын бағалауға мүмкіндік
береді. Б. Ананьев өзін-өзі бағалауды
оқыту үрдісінде жүзеге асатын тұлғалық
білім алу, белсенді қалыптасу ретінде
карыстырады.
Бағалау түрлері
Оқушылардың білім,
білік және дағдыларын бақылау, бағалау
педагогика ғылымы мен практикасында
белгілі бір әдістерді қолдану негізінде
жүзеге асады. Олар мыналар:
- ауызша баяндау (әңгіме, жеке дара,
топтық, фронтальдық сұрақ).
- жазбаша бақылау (диктант, шығарма,
таблица, схема, суреттер құрастыру)
- практикалық бақылау (лабораториялық
жұмыстарын, еңбек операцияларын
орындау, тәжірибе жүргізу)
-машиналы бағдарламалап бақылау
(перфокараталар, бақылау карталарын,
дұрыс жауаптарды, диафильмдерді
қолдану).
- өзін-өзі бақылау, бағалау (қателерді
болдырмау, оларды түзеу, оқудағы өз
жетістіктерін бағалау, соған сәйкес балл
қою).
Оқыту процесінде бақылаудың
фронтальдық, топтық және дербес
формалары қалыптасқан. Оның тиімділігі
- мұғалімнің оларды дұрыс
ұйымдастыруына байланысты.
Фронтальдық (жаппай) бақылау
жағдайында барлық оқушыларға
сұрақтар немесе мазмұны бірдей тапсырмалар беріледі.

Педагогикалық өлшем (ағылшын тілінен аударғанда «Educational measurement») ХХ ғасырдың басындағы ғылыми бағыт ретінде пайда болды. Дәл осы жылдары педагогтардың бағалаушы іс әрекетінің жеткіліксіздігі саналы түсіндірілді. Тестілер Еуропада Коменскийдің, Ушинскийдің, Гербарттың, Дистервегтің, Песталоццидің және т.б. алғашқы педагогикалық жүйелері қалыптасқан кезеңінен кейін пайда болды. Аталған жүйелерде тестілер болмады. ХХ ғасырдың 30-жылдарында тестілер болды, алайда КСРО-да осы кезеңде танымал идеология мен танымал қайреткерлерге берілгендік рухында тәрбиелеу мақсаты негізгі пәні болған педагогикалық жүйесі қалыптасты. Білім беру мен оқыту аталған идеология рухында тәрбиелік сипатқа ие болды.

Педагогика өлшемдердің ғылымдар аясында дамуы. Педагогикалық өлшемдер – пәнаралық қолданбалы теория әрі тәжірибе. Педагогикалық өлшемдерді бұлай түсіндіру арнайы теорияның құрылу және негіздеу мәселелеріне, сонымен бірге бұрын бар тәжірибені қайта құру әдістерін құру және негіздеу мәселелеріне зейін аударуды талап етеді. Бұл әдіснама мәселесі. Әдіснаманың басты мәселелері – педагогикалық өлшемдердің, шкалалаудың және нәтижелерді интерпретациялау ережелерінің мәнін, мақсаттарын, міндеттерін анықтау және әдістерін негіздеу. Педагогикадағы өлшеудің мәні – зерттелуші объектінің, үрдістің сипаттамалары мен жеке белгілерін нақты сандық жүйе арқылы белгілеу және оларға «жақсы-жаман», «аз-көп», «терең-таяз» секілді бағалар бере отырып, бip немесе бірнеше белгілерді салыстырудың бастапқы нүктесін, салыстыру шкаласын табу, «өлшем» ұғымы нақты ережеге сай қандай да бip заттың сандықық баламалар арқылы белгіленуін білдіреді. Адамның төбeci мен өкшесінің арасындағы «сызғыш» арқылы табылған сандық баламалары, адам бойының ұзындығын өлшеу болып табылады. Баланың интеллектуалдық коэффициентін өлшеу – тапсырмаларға қайтарылған жауаптар, «реакциялар» сипатының сандық баламалары. Өлшеу арқылы қандай да бip қасиеттер оңай өңдеуге жататын «сандық» ұғымға айналдырылады.

ЛЕКЦИЯ 7: Кредиттік технология жағдайында студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру. - YouTube

Оқуды аяқтау үшін студент құрауыш бойынша міндетті түрде белгілі мөлшерде кредит алуы керек:

міндетті түрде;
таңдау бойынша;
Оқушы (студент) өзінің білім беру бағдарламасын тәлімгер — кеңесші (эдвайзер) — көп тәжіребесі бар оқытушы арқылы жасайды. Оқу пәндерін меңгеруге көмек көрсету үшін тьюторлар (оқытушылар) ұсынылады. Тьютордың міндеті — оқушының (студенттің) оқу әрекетінің барысын қадағалау және оқушыға (студентке) өтілген оқудың барынша толық көлемде оқытушыға кері қайтарылуы. Яғни, 15 апта бойы өтілген сабақты меңгеріп, оқытушыға айтып беру, сондай-ақ кредитін өтеп беру болып табылады. Топтық консультациялар өткізу (оқу процесінің ішінде). Оқу процесін іске асыру үшін оқытушының және оқушының әр пән бойынша формалар мен құралдары, баспа және электрондық түрде курсты бейнелейтін, оқушылардың (СӨЖ) өз бетімен игеру деңгейін бақылайтын, олардың өткізу мерзімі мен мазмұнын көрсететін оқу-әдістемелік кешені болуы қажет. Студенттің өздік жұмысының жоғары тиімділігін қамтамасыз ету үшін, мазмұны мен оларды өткізу мерзімі көрсетілген оқушының басшылығымен студенттердің өздік жұмысын қабылдайды

Анықтамалық — жолсілтемеге келесі міндеттер енгізіледі:

Студенттің құқығы мен міндеті;
Оқу кезеңіндегі жұмыс жоспары;
GРА орта балынан есеп айырысу әдістемесі;
Қорытынды мемлекеттік аттестаттауға қойылатын талаптар.
Оқу пәні бойынша оқу әдістемелік кешені мыналардан тұрады:

Әр пән бойынша силабус — бағдарламаларды оқытудан;
Практикалық (семинарлық) сабақтардың жоспарынан;
Студенттің өзіндік жұмысы бойынша тапсырмаларынан;
Студенттің оқытушы басшылығымен орындалатын  өзіндік жұмысы бойынша тапсырмаларынан;
Және тағы басқалардан тұрады.
Оқу сабақтарын оқыту белсенді шығармашылық формаларда (кейс -сатылар, тренингтер, пікірталастар, дөнгелек үстелдер, семинарлар және т.т.) өткізу керек. Оқу пәні бойынша білімді бақылау формасы – емтихан болады. Білімдері көп балды әріптік жүйе бойынша бағаланады. Қорытынды аттестаттауды өткізу формасы дипломдық жұмысты қорғау немесе мемлекеттік емтихандарды тапсыру болады