Теле медицина және телеконференция by

Телемедицина- медицинадағы жаңа бағыт
Телемедицина өзіне бірнеше саланы біріктіреді, яғни, медицина, телекоммуникация, ақпараттық технологиялардың тоғысқан жеріндегі жаңа бағыт.  Ең басты жетістіктерінің бірі – жетекші медициналық орталықтардың жоғары мамандандырылған жәрдемін жеке аудандарға беру, пациенттердің шығындарын айтарлықтай үнемдеу мүмкіндігі. Телемедициналық кеңестер байланыстың электрондық каналдары арқылы медициналық ақпараттық хабарлар беру көмегімен жүзеге асырылады. Кеңестер деректерді беру және сақтау режимінде де және сол нақты уақытта online  режимінде де жасалады. Жоспарлы және шұғыл, жоспардан тыс видеокеңестер, видеоконсилиумдар кеңесші дәрігер мен емдеуші дәрігердің, қажет болған жағдайда науқасты қатыстыра отырып, тікелей қатынасуға болады. Сонымен қатар, видеоконференциялық байланыстар сеансы екі абонент арасында да және көпнүктелі режим деп аталатын бірнеше абоненттер арасында да өткізуге болады, яғни аса күрделі жағдайларда түрлі медициналық орталықтардың дәрігерлері арасындағы  консилиумымен талқылануы мүмкін.

Телемедициналық жүйелер дәрігер сарапшымен диалогты ұйымдстыруға, кез-келген аралықта мамандандырылған қорытынды шығару үшін барлық медициналық ақпараттарды (ауру тарихынан үзінді, УДЗ суреттері) беруге мүмкіндік береді. Телемедицина жобасының түпкі мақсаты – төрт интеграциялық деңгейлермен телемедицинаның ұлттық желісін құру болып табылады.

Мобильді телемедициналық кешендер
Жалпы телемедицинаны қарапайым тілмен түсіндірсек, қашықтан дәрігерлік көмек көрсету  дегенді білдіреді. Мамандар телемедицинаның жедел дамып келе жатқанын, қашықтан көмек көрсетудің  пандемия кезінде кең қолданылғанын айтады. Қарт адамның денсаулығын қашықтан диагностикалауға және бақылауға мүмкіндік беретін, сонымен қатар коронавирустың немесе басқа да ауыр дерттің белгісі анықталған жағдайда сигнал беретін бағдарлама жасалған. Мәселен, Қытайдың технология алыбы Alibaba коронавирус жағдайын 20 секундта анықтауға мүмкіндік беретін алгоритмді жариялағаны белгілі. Оның көрсеткіші 96% қатесіз болады екен. Бұл медициналық қызметкердің диагностика жүргізуімен салыстырғанда 45 есе тез. Сонымен қатар, Apple мен Google коронавирусқа қарсы күресте бос отырған жоқ. Мобильді қосымша Bluetooth сигналы арқылы коронавирус жұқтырғандардың жақын маңда екенін хабарлап отырады.

Әлемдегі телемедицинаның дамуы
Медицинада жоғары технологиялар барлық уақытта болған, оған ешқандай күмән жоқ, бірақ деректерді on line және off line режимінде көрсету болған емес. Мысалы, егер қандай да бір алыс елді мекенде әлдекім қатты ауырып қалды делік және оған күттірмейтін көмек керек, ол әрине жақын жердегі аудандық ауруханаға барады.Алайда, мынадай жағдайлар да болады: аурудың белгілері дәрігерлерге таныс емес, және оларға біржақты диагноз қою мүмкін болмайды.Бұндай жағдайларда барлық деректер,анализдер және аурудың түрлі медициналық суреттері аппараттық кешеннің мұрағатына түседі. Бұдан кейін білікті мамандар қолға түскен деректерге қарап, аурудың халі жөнінде қорытынды жасайды. Ал, ары қарай, дәл, сауатты диагноз қойылса, сауатты емдеу де болады. Облыстық орталықтың мамандары емдеуді түзетіп, қосымша зертханалық-аспаптық тексерулер бойынша өздерінің ұсыныстарын береді. Бұл Клинет бағдарламасы көмегімен іске асады

Теле-білім беру
Теле-білім беру көптеген жылдар бойы ауылдық денсаулық сақтау мамандарына үздіксіз білім беру бағдарламаларын жеткізу үшін қолданылып келеді. Негізгі режимдер - аудио, бейне және компьютер. Аудио технологиялар синхронды немесе асинхронды түрде оқушылар мен оқытушылар арасында ауызша сөзді (дауысты) беруді қамтиды. Біріншісіне мысал ретінде аудиоконференция және қысқа толқынды радио; соңғысының мысалдарына аудиотаспа немесе аудиокассета жатады. Аудио сияқты қашықтықтан оқытуға арналған бейнені синхронды немесе асинхронды түрде пайдалануға болады. Бейнеконференция немесе интерактивті теледидар синхронды болып саналады, өйткені нұсқаушылар мен оқушылар арасында тікелей визуалды және ауызша әрекеттесу мүмкіндігі бар. Асинхронды нұсқаулық бейне құралдары баяу сканерленген бейнені, интерактивті бейнедискілерді және бейне таспаларды қамтиды. Компьютер көмегімен оқыту немесе нұсқауды компьютер арқылы жүзеге асырылатын және іске қосу үшін пайдаланушы мен адам нұсқаушы арасындағы тікелей әрекеттесу қажет етпейтін кез келген оқыту ретінде анықтауға болады. Ол барған сайын кең таралған. Мысалдар мыналарды қамтиды: Internet және World Wide Web, электрондық пошта, синхронды және асинхронды компьютерлік байланыс қолданбалары және CD-ROM дискідегі интерактивті мультимедиялық қолданбалар. Телебілім беру технологиялары ауылдық және шалғайдағы денсаулық сақтау мамандары бастан кешіретін кәсіби оқшаулануды шешуде маңызды рөл атқарады.

Телеконференция өткізу және қатысу мақсаты.
Телеконференция ұйымдастыру кәдімгі кітапхана немесе архив жұмысына ұқсас жүргізіледі. Мұнда да көпсатылы тақырыптық каталогтар мен олардағы мәліметтерді сақтау ісі ұйымдастырылады. Телеконференцияларда әртүрлі орындардан алынған хабар-хаттар түрінде сақталады, олардың біразы электрондық пошта арқылы жинастырылады. Сол себепті мұндай хаттар мақалалар деп аталады. Нақты тақырыпқа бағытталған конференция мәліметтері каталогтар сатылары арқылы көрсетіліп тұрады десе де болады. Мысалы, relkom.commerce.food.drinks (байланыс, коммерция, тамақ, сусын) деген телеконференция атауы қарастырылатын мәселені біртіндеп отырып айқындайды: RELCOM телеконференциясы коммерцияға арналған, тамақ өнімдері, оның ішінде сусындар туралы өткізіледі.

Әрбір телеконференцияның өзіне сәйкес “Қоймалар” (Хранилище) бөлімінде жиналған мақалалар каталогы болады. Осындай каталогтың әрбір позициясы мындай информация сақтай алады:

мақалының инветарлық нөмірінің аналогы;

мқала авторы (тақырыптағы информация бойынша);

мақала көлемі (байт/ килобайтпен өлешенді);

мақала тақырыбы (тақырып көшірмесіне сәйекс алынады).

Телеконференциялардың электрондық пошта арқылы хат алуға қарағанда екі өхгешелігі бар, олар:

біріншісі – белгілі бір мерзім (әр конференция үшін әртүрлі) ішінде қабылданған мақалалар жинақталып сақталып отырады да, олар өте ескіріп кетсе жойылады;

екіншісі – кейбір телеконференциялар басқарылып отырылады, яғни мұндай конференцияға әрбір абонент тікелей мақаласын жібере алиайды. Ол мақаласын электрондық поштамен сол конференцияның жетекшісіне жөнелтеді, ал жетекші мақаланы қарап шығып, оны жалпы көпшілік оқуы ұшін тіркеуге алатынын немесе алмайтынын өзі шешеді.

Телеконференция түрлері және сервер.Телеконференцияға онлайн және офлайн қатысу.
Онлайн телеконференцияға қатысу
Онлайн телеконференция қатысушыларға нақты уақыт режимінде ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. Деректерді беру интерактивті байланыс мүмкіндігін қамтамасыз ететін телекоммуникациялық арналар арқылы жүзеге асырылады.

Телекөрсетілім стандартты конференцияға қосымша болады. Бұл пайдаланушыларға олардың нақты орналасқан жерінен басқа жерде болу тәжірибесін беру үшін қолданылатын технологиялар жиынтығы.
Онлайн телеконференцияларға қатысу жедел шешім қабылдауды және әртүрлі форматтағы ақпаратпен жылдам алмасуды қамтамасыз етеді, бұл әсіресе серіктестерге немесе клиенттерге бару уақытын және қаржылық шығындарын қысқартқысы келетін ұйымдар үшін ынтымақтастықтың барлық шарттарын келісу үшін маңызды.

Офлайн телеконференцияға қатысу
Телеконференцияның атауы нүктелермен бөлінген бірнеше бөліктерден тұрады. Әдетте атауды жасау үшін үш немесе төрт қадам қолданылады. Жаңалықтар тобының хабарламаларын оқу және оларды пайдаланушыларға жіберу мүмкіндігі болуы үшін жаңалықтар сервері үшін тіркелгі жасау керек.

Профессиональды конференция
Телеконференция – мамандандырылған телекоммуникация құралдары арқылы қашықтықтан байланыс жүзеге асырылатын жиналыс түрі. Бейнеконференция саласында телеконференция термині бейнеконференция ұғымының синонимі ретінде қолданылады.

Телеконференция, ең алдымен, ортақ тақырып немесе мәселе бойынша біріктірілген қашықтықтағы пайдаланушылардың үлкен санының байланысын қамтиды. Мұндай байланыс кезінде ақпарат алмасу нақты уақыт режимінде (аудио және бейнеконференциялар, вебинарлар, хабар таратулар) немесе ақпарат электрондық пошта клиенттері немесе жедел хабаршылар арқылы жіберілген және қабылданған кезде асинхронды түрде жүзеге асырылуы мүмкін.