Мүктәрізділер дүниесі by

Мүктәрізділер
Мүктәрізділер (лат. Bryophyta) — жоғары сатыдағы автотрофты өсімдіктердіңқұрылысы қарапайым тобы. Қазба қалдықтары карбон кезеңінен белгілі. Үштік және төрттік кезеңдерде Мүктәрізділер құрлыққа тарап, ареалдары қалыптасты. Солтүстік жарты шардан тропиктік, қоңыржай аймақтарға дейінгі пайда болған шымтезектердің қалың қабаттарының қалыптасуы Мүктәрізділердің тіршілік әрекетіне байланысты. Құрлықтағы тіршілікке бейімделген алғашқы өсімдіктердің бірі. Мүктерде өткізгіш не тірек ұлпалары жоқ, сондықтан олардың көлемі шағын болады және тек ылғалды жерлерде ғана өседі. Мүктердің даму циклінде гаметофит басым болып келеді. Бұл сабақтары, жапырақтары және ризоидтары бар көпжылдық жасыл өсімдік. Мүк спорофиті- үлкен гаметофиттің жоғарғы жағындағы қауашақ, онда споралар жетіледі.

Көкек мүгі
Көкек мүгі (жасыл мүк). Жасыл мүк «көкек зығыры» деп те аталады. Олай аталу себебі: сабақ ұшындағы қалпақшасының жиектері зығыр талшығы тәрізді жіңішке тілімделген. Жасыл мүк жапырағы – сабағы бар мүктер тобына жатқызылады. Себебі жасыл мүктің сабағы мен жапырағы болады. Сабағы мен жапырақтары болмайтын түрлері де кездеседі.

Жасыл мүк топырақтың бетін кілемдей тұтасып жауып жататындықтан, басқа мүктерді ығыстырады. Бойына ылғалды көп сіңіреді. Бұл орманның батпаққа айналуына себепші болады.

Шымтезек мүгі
Шымтезек мүгі ылғалды, батпақты жерлерде, әсіресе солтүстік ендіктерде кездеседі. Шымтезек мүгін ақ мүк деп те атайды. Ақ мүк дейтін себебі – су жиналатын жапырақтары ақшыл-жасыл түсті. Жапырақ көлемінің 2/3 бөлігін су алып жатады. Әсіресе құрғақшылық күндері өлі жасушаларының іші ауаға толы болатындықтан, өсімдіктің түсі ақ болады. Шымтезек мүгі (сфагнум – латынша аты) атынан да белгілі сабағының түп жағынан қурап, шымтезек түзеді (1-сурет).

Шымтезек мүгі – сабағы жиі бұтақталған көпжылдық өсімдік. Негізгі сабағынан таралған жанама бұтақтарының ұштары шоғырланып тұрады. Жасыл мүктен және басқа да мүктерден айырмашылығы – оның ризоиды болмайды.

Шымтезек мүгі – бірүйлі, қосжынысты өсімдік. Жынысты көбею кезінде аталық жынысжасушалары сабақтың бұтақтанған жеріндегі жапырақтардың қолтығында жетіледі. Олардың қасындағы жапырақтар қызғылттау түске боялған. Аналық жынысжасушалары қысқарған сабақтардың бұтақшаларында орналасады.