Ш. А. Амонашвилидің гуманды педагогикасының негіздері by Aknur Kurmanbekova

Ш.А.Аманошвили «Гумандық педагогиканың негіздері»
Гуманизм- латынның “Нumanitas” – адам табиғаты және адамдық қасиеттерге құрметпен қарау деген сөзін білдіреді екен Ізгілік-бұл адамдарға деген адамгершілік, сүйіспеншілік қатынас, бұл өзге адамға жақсылық жасаудың негізі. Осы бағытта жұмыс атқаратын Шалва Александрович Амонашвили – ынтымақтастық педагогикасын насихаттаушы жаңашыл педагогтардың бірі. Ол мұғалімдерді педагогика даналығын шынайы да бай қайнар көзін пайдаланып, өздерінің педагогикалық шеберлігін үнемі байытып, шыңдап отыруға шақырады. Ш.А. Амонашвили мұғалімдерге арналған «Сәлеметсіңдер ме, балалар?!» атты көмекші құралында ең кішкентай мектеп оқушыларының тұлға болып қалыптасуын зерттеу нәтижелерін сипаттап жазады.

Ш.А Амонашвилидің «Педагогикадағы гуманизм» атты еңбегі өзекті де маңызды болып саналады. Ол баланың қуанышы мен ренішін мұғалімнің зейіні мен және процестің орталығы деп атады.
Шалва Александрович, – «Ұстаз әрдайым жайдарлы жүру керек», -деген ұстанымды насихаттайды. Ол өзінің тәжірибесімен ұстаздың үздіксіз бақылауында болмаған және зорлық көрмеген бала үлкен жетістіктерге жете алатынындәлелдейді.
Профессор Амонашвилидің ұстанымы келесідей, - «Әр бала белгілі борышпен өмірге келеді. Және әрбір сәбидің тек өзіне тиесілі жаны - ішкі дүниесінің сәулесі бар. Ата-ана мен педагогтың міндеті сол сәуленің жоғалып кетуіне жол бермей, балаға өз өмір жолына бағыт көрсету».
Шалва Александрович балаға тұлғалық-адамгершілікке бағыттайтын тәсілдеменің бар қағидаларын әлемдік педагогика классиктері – К. Д. Ушинский, В.А. Сухомлинский, Януша Корчак, А.С. Макаренко және тағы басқалардан үйренгендігін айтады.

Кеңес мектебі білім беруге баса назар аударып, іскерлікке аз көңіл бөліп, оқыту мен тәрбиенің негізгі мақсаты оқушыларды дамыту екендігін ұмытып отырған. Ынтымақтастық педагогикасы ақыл-ойды, т.б дамытады.
Атқарушылық, шығармашылық қабілет. Балалардың ақыл-қабілетінің дамуын зерттеген Ш.А. Амонашвилидің, оны атқарушы, және баланың өздігін тез дамытатын, оның ең негізгі қасиеттерін шығармашылық деп бөледі.

Шалва Александрович Амонашвили еңбектері және оның негізгі идеясы 20-ғасырдың өзінде үлкен классикалық педагогиканың негізі болып саналды..Бірақ бүгінгі күнге дейін оның жаңашыл педагог ретіндегі идеялары педагогиканың фундаменталдық негізі екендігіне еш күмән жоқ.Өзімнің іс-тәжірибемде оқушыға эмпатиялық қатынас орнату, эмоционалдық интеллект,баланың психологиялық дара ерекшеліктері және тұлғалық дамыту идеяларын қолданамын.Педагогикадағы гуманизм қазіргі қоғамның сұранысына айналып отыр.