Физика by TNT FOX

Қазіргі замандағы физиканың рөлі
Қазіргі замандағы физиканың рөлі Әлемде не бар болса, соның бәрі материя деп аталады. Кеңістіктегі белгілі пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсе дене деп аталады. Дененің шығу табиғатын және сапалық қасиеттерін сипаттайтын материя түрін зат деп атайды. Бізді қоршаған ортаны табиғат дейміз. Бұған су мен ауа, дыбыс, жарық пен радиотолқындар, жұлдыздар мен кометалар, планета мен галактика т.б. жатады.
Физика - табиғат туралы ғылым. Бірақ табиғатта көптеген алуан түрлі өзгерістер немесе құбылыстар болады. Физика ғылымы зерттейтін  табиғат құбылыстары физикалық құбылыстары делінеді. Физикалық құбылыстарға жататындар: механикалық құбылыстар, электрлік құбылыстар, магниттік құбылыстар, оптикалық құбылыстар, жылу құбылыстары, атомдық құбылыстар. Табиғатты зерттеумен тек физика ғана айналыспайды, басқа да ғылымдар бар, мысалы, география, биология, химия. Әрбір ғылымның өз мақсаттары мен табиғатты зерттеу тәсілдері бар. Физиканы оқып үйрену арқылы сіздер біртіндеп бір ғылымның екінші ғылымнан немен ерекшеленетінін және сонымен бірге олар өзара қалай тығыз байланыста екенін білесіздер. Табиғат туралы ғылым өте ертеде пайда болған. Табиғатта байқалатын құбылыстарды түсіндіруге бірінші болып ежелгі Қытай, Үнді және көне Грек ғалымдары талпыныс жасаған. Қазіргі уақытта табиғатты зерттеу әр түрлі елдер мен халықтардың көптеген ғалымдарының табанды еңбек етуін талап етеді. Олардың бірлескен жұмыстары адамзат баласына қоршаған әлемдегі заңдар мен құбылыстарды зерттеуде ілгері жылжуға мүмкіндік береді және қоғам прогресін қамтамасыз етеді.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
1. Қозғалыс траекториясы дегеніміз не?
2. Денені қандай жағдайда материялық нүкте ретінде қарастыра аламыз?
3. Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс деп қандай қозғалысты айтады?
4. Қозғалыс заңы дегеніміз не?
5. Қисықсызықты қозғалыс деп қандай қозғалысты айтады?
6. Жылдамдығы өзгермейтін қисық сызық бойымен қозғалыс бірқалыпты бола ма?
7. Ньютон түтігі не үшін қажет?
8. Горизонталь лақтырылған дененің қозғалыс траекториясы қандай болады?
9. Неліктен еркін түсу үдеуі экваторға жақындаған сайын азая береді?
10. Неліктен дене өз-өзінен тоқтай алмайды немесе үдей қозғала аламайды?
11. Инерция деп қандай құбылысты айтады?
12. Инерциялық емес санақ жүйелері деп қандай санақ жүйелерін айтады?
13. Автобус кенеттен тежелгенде немесе жылдамдығын бірден өзгерткенде жолаушылардың құлап кетуі мүмкін екенін қалай түсіндіруге болады?
14. Денелер өзара әсерлескенде қандай құбылыс байқалады?
15. Күштің әсерлесуін сипаттау үшін не білу қажет?
16. Ньютонның екінші заңының мәні неде?
17. Дененің деформациялануы дегеніміз не?
18. Қандай деформация серпімді деп аталады?
19. Пластикалық денелерге және олардың техникада, құрылыста қолданылуына мысалдар келтіріңдер.
20. Үйкеліс күші дегеніміз не?
21. Үйкеліс күшінің табиғаты қандай?
22. Тыныштық үйкеліс күші мен сырғанау үйкеліс күшінің арасындағы айырмашылық қандай?
23. Үйкеліс күшінің зияны мен пайдасына мысал келтіріңдер.
24. Неліктен жанасатын беттерді майлайды?
25. Гук заңын тұжырымдаңдар?

Ғалымдардың өмірбаяны
Архимед
Архимед б.з. дейінгі 287 жылы Сицилияның портты қаласы Сиракузда дүниеге келді. Ол математик, физик және астроном. Архимедтің әйгілі заңы: сұйыққа батырылған денеге сұйық тарапынан шамасы ығыстырылған сұйықтың салмағына тең болатын кері итеруші күш әрекет етеді.
Исаак Ньютон
Ньютон 1643 жылы 1 қаңтарда Англияның Линкольншир графтығындағы Вулсторпта дүниеге келді. Ғалымдар Ньютонды ұлы тұлғалардың бірі деп есептейді. Оның гравитация туралы ашылған жаңалықтары физиканың дамуына үлкен үлес қосты.
Галилео Галилей
Итальяндық физик Галилейді "қазіргі заманғы физиканың атасы" деп есептейді. Ол Пиза қаласында 1564 жылы 15 ақпанда дүниеге келді. Галилей әлемнің гелиоцентрлік теориясына сенді. Ол сонымен қатар "Галилей телескопын" ойлап тапты., бұл телескоп сол кездегі телескоптардан 10 есе қуатты.
Генрих Рудольф Герц
Радио және электр толқындарының жиілігін өрнектеу үшін пайдаланылатын "герц" өлшем бірлігі Генрих Герцтің құрметіне алынған. Герц 1857 жылы 22 ақпанда Германияның Гамбург қаласында дүниеге келді. Ол электромагниттік толқындардың бар екендігін көрсетіп, Джеймс Клерк Максвелл ұсынған ұғымның мазмұнын кеңейтті. Әр түрлі тәжірибелердің көмегімен ол электр тогының электромагниттік толқын арқылы берілетінін дәлелдеді. Оның электромагниттік толқындар жайлы тәжірибелері сымсыз телеграф пен радионың дамуына негіз болды.
Альберт Эйнштейн
Альберт Эйнштейн Германия империясының Вюртемберг Корольдігінде 1879 жылдың 14 наурызында дүниеге келді. Ол - атақты физиктердің бірі. 1921 жылы Эйнштейн өзінің салыстырмалылық теориясы үшін Нобель сыйлығын алды. Бұл теориясы бойынша вакуумдағы жарық жылдамдығы тұрақты және ол қозғалыс жылдамжығының абсолюттік физикалық шегі болып табылады.