Копия доски "Моя безупречная доска Padlet" by

1" Жоғары мектепте бақылауды ұйымдастырудың қағидалары.

1.1" Бақылаудың негізгі қызметтері
Қазіргі бақылау жүйесінде білімді тексеріп бағалаудың (диагностикалаудың) алуан түрі қолданылады. Уақытша фактор бойынша бақылаудың келесі түрлерін бөліп қарауға болады: алдын ала (кіріспе,

қорытынды, алдын ала), ағымдық, кезеңдік (тақырыптық, сатылы, аралық) және қорытынды (емтихандық). Алдын ала бақылау оқу басында оқушылардың білімдерін, ептіліктері мен дағдыларын, сондай-ақ даму деңгейін анықтауға арналған бақылау. Көбінесе оқу басында немесе жаңа тақырыпты (бөлімді) оқыту алдында қолданылады. Сыныпқа жаңадан келген оқушыларға да қатысты пайдаланылады. Қорытынды бақылау оқытудың соңғы нәтижелерін анықтауға, бұдан әрі оқуды қамтамасыз ететін даярлықтың қажетті
көлемін белгілеуге арналған. Курстың немесе белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, жартыжылдық, семестр, оқу мерзімінің соңы) аяқталған кезде өткізіледі. Оның түрлері – сынақтар, рефераттарды, курстық және дипломдық жұмыстарды қорғау, ауыспалы немесе бітіру емтихандары.
Үздіксіз бақылау моделі

Бақылау жүйесін ұйымдастыру кезінде толықтық және жанжақтылық, тұрақтылық және жүйелілік, объективтілік және валидтілік есепке алынады. Бақылау оқу үрдісін құрастырушыларының бірі болып

табылатындықтан, ол оның негізгі атқаратын қызметтерін, мысалы, білім беру, тәрбиелеу және дамыту жақтарын ашып көрсетуі керек. Осы талаптарға дифференциялық тәсілді, функциялық өзін-өзі
бақылаудың дамуын және пайдаланылуын қосуға болады.

1.2" Бақылаудың әдістемелік қызметтері
Әдістемелік жұмыстың негізгі функциялары

1.Таныстырушылық: Инновациялық технологиялар мен жаңа ғылыми
бағыттармен таныстыру.
2.Толықтырушылық: Педагогика мен психология саласындағы
жаңа білімдермен толықтырып отыру.
3.Бағыттаушылық: Қазіргі білім беру және басқару
технологияларын игеруге бағыт беру.
4. Түсіндірушілік: Қазіргі білім беру парадиаграммалары мен
басты даму бағыттарын ұғындыру.
5. Көмектесушілік: Мұғалімдердің шығармашылық ізденісі мен
кәсіби өсуіне кеңес беру, көмектесу.
6. Жағдай жасаушылық: Авторлық бағдарламалар мен оқу әдістемелер
дайындауға мүмкіндік жасау.
7. Ынталандыру: Мұғалімдердің өзіндік жұмыс стильдерін
қалыптастыру.

1.3" Білімді бақылау және тексеру жүйесі.
1. Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері. Оқушылардың оқу материалын меңгергенін тексеру және бағалау – оқыту нәтижелерін бақылау, оқу процесінің әр түрлі кезеңіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару.

Білімді тексеру және бағалау оқушының білім алуына көмектесіп, оның және мұғалімнің білім сапасы жөнінде сандық мәлімет береді. Мұғалім оқушының білім деңгейінен хабар алып, оның танымдық жұмысын ұйымдастыруға негіз жасайды. Мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерге баға беріп, жұмыс әдістерін толықтырып, түзетіп, жеке оқушылармен жұмыстың жолдарын және құралдарын тауып, бағдарламалық білімдердің меңгерілуі деңгейін анықтайды.

2. Білімді тексеруге қойылатын талаптар:

•    тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы, міндеттілігі. Бұл талапты орындамау оқушылардың оқуға деген қатынасын нашарлатып, білімнің сапасына кері әсер етеді;
•    әрбір оқушы өзінің білімінің, іскерлік дағдысының бағаланатынын түсіну керек. Егер білімді тексеру және бағалау оқыту процесінің құрылымына тұрақты түрде енсе, онда оқушы мұғалімнің сұрақтары мен тапсырмаларына жауап беруге дайын болады.
•    оқушылардың білім, іскерлік және дағдылары мемлекеттік .оқу бағдарламаларына сәйкес тексеріледі. Бағдарламаны меңгеру - білімді бағалаудың негізгі өлшемі. Мұғалім оқушының қосымша біліміне, оқыған қосымша әдебиеттеріне кеңес, нұсқау, беріп, баға қоймайды.
•    оқушылардың теорияны және фактілерді білуін тексеру және бағалау арқылы, білімдерінің жалпы және ақыл-ой дамуына, жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға ықпалын, оқуға әсерін білу;
•    білім, іскерлік, дағдыларды түрлі тәсілдер арқылы тексеру;
•    байқалған кемшіліктерді оқушының өзі түзетуі;
•    мұғалімнің оқушыларды білімдерін бақылап, бағалауға, кемшіліктерді жоюдың әдістемесі мен тәсілдерін білуге үйретуі;
•    бағаны әділ қойылуы;
•    оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы;
•    әр тақырыпты оқудың нәтижесіне мұғалімнің және оқушылардың баға беруі;
•    бақылау-бағалау процесінің әрбір баланың оқу үлгерімінің төмендемеуіне, көңіл-күйінің жақсы болуына көмектесуі.

1.4" Бақылаудың негізгі түрлері
Бақылаудың үш негізгі түрі бар: алдын ала, ағымдағы және қорытынды. Жүргізілу түрі бойынша бұлардың барлығы ұқсас, өйткені бір мақсатты көздейді, тек атқарылу уақыты жағынан ғана өзгешеленеді.

1.Алдын ала бақылау. Бақылаудың бұл түрінің негізгі құралдары - белгілі бір ережелерді, рәсімдерді (процедураларды) және мінез-құлық, тәртіп жүйесін жүзеге асыру (иә, нақ жүзеге асыру, құру емес). Ұйымдарда алдын ала бақылау үш басты ауқымда - адам, материалдық және қаржылық ресурстарға байланысты қолданылады.
2.Ағымдағы бақылау жұмыс жүргізу барысында тікелей жүргізіледі. Бағыныштылардың жұмысын жүйелі түрде тексеруг жұмысты жетілдіру жөніндегі ұсыныстар мен пайда болған проблемаларды талқылау межеленген жоспар мен нұскаулардан ауытқуды болдырмауға мүмкіндік береді.
Ағымдағы бақылауды жүзеге асыру үшін басқару аппаратына кері байланыс қажет.
Кері байланыс жүйесі басшылыққа көптеген болжанбаған мәселелерді айқындап, өзінің мінез-құлық, тәртіп жүйесін түзеуге мүмкіндік береді.
Кері байланыс жүйесінің көмегімен бақылау ұйьмды басқару теориясын табу болып саналмайды. Мұндай жүйелер -табиғаттың ең кең таралған құбылыстарының бірі.
3. Қорытынды бақылау. Қорытынды бақылау төңірегінде кері байланыс жұмыс орындалған соң ғана қолданылады. Не бақыланатын қызмет біткен соң бірден, не болмаса алдын ала белгіленген уақыт кезеңі өткен соң іс жүзінде алынған нәтижелер талап етілетіндермен салыстырылады.

1.5" Бағалау өлшемдері және оларға сипаттама.
Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттары 1. Негізгі ережелер

1. Осы Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттары (бұдан
әрі – Өлшемшарттар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 21-3) тармақшасына сәйкес және меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды анықтау үшін әзірленген.
2. Осы өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) оқыту мақсаттары – оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқыту курсы кезінде білу, түсіну және дағдыларға қолжеткізу бойынша күтілетін нәтижелерді қалыптастыратын пайымдаулар;
2) өлшемшарттарды бағалау – білім алушылардың оқу жетістіктерін оқу процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі нақты айқындалған өлшемшарттарымен, білім берудің тиісті мақсаттары және мазмұнымен салыстыруға негізделген процесс;
3) бағалау өлшемшарттары – қалыптастырушы бағалау кезінде мұғалім мен білім алушыға оқу мақсатына жеткенін тануға мүмкіндік беретін тұжырымдар (табыс өлшемшарттары), жиынтық бағалау кезінде білім алушы жұмысты қаншалықты жақсы орындағанын бағалауға мүмкіндік беретін тұжырымдар (балдарды қою өлшемшарттары);
4) қалыптастырушы бағалау – сабақта немесе үйдегі күнделікті жұмыс барысында білім алушылардың ағымдағы игерген білімдері мен қалыптасқан дағдылары деңгейін айқындайтын және оқыту барысында білім алушылар мен мұғалімдер арасындағы жедел өзара байланысты жүзеге асыратын, білім алушыларға жаңа материалды зерделеу кезеңінде тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағаны мен оқыту мақсаттарына жеткендігін түсінуге мүмкіндік беретін бағалау;
5) жиынтық бағалау – оқу тоқсанның аяғында оқу бағдарламаларының бөлімдерін оқып аяқтауы бойынша білім алушылардың білімді меңгеруі мен дағдыларының қалыптасуы деңгейін айқындайтын бағалау.
6) жылдық бағалау – оқу жылының соңында қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижелерін қоса алғанда пайыздық арақатынаста білім алушыларға қойылатын баға;
7) білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау нәтижелерін тіркеу журналы – қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижелерін тіркейтін, тоқсандық және жылдық бағаларды автоматты есептеуді жүзеге асыратын құжат;
8) білу – нақты фактілерді, ақпаратты және сипаттамаларды қайта жаңғырту немесе есте сақтау қабілеті;
9) түсіну – ақпаратты дұрыс қайта жаңғырту, болжау немесе түсіндіру арқылы меңгерілген материалды түсіну және түсіндіру қабілеті;
10) қолдану – проблемаларды шешу мақсатында меңгерілген материалды нақты жағдайларда және жаңа жағдаяттарда қолдану қабілеті. Практикалық жұмыс, эксперименттер, проблемаларды шешу мен жаңа және/немесе түрлі өнімдер жасау білімді қолдануды көрсетудің тәсілдері болып табылады;
11) талдау – түрткілер мен себептерді, ой қорытындыларын анықтау, ортақ ережелерді негіздеу үшін дәлелдер табу арқылы ақпараттық материалдарды құрамдас бөліктерге бөлу, ақпаратты зерделеу қабілеті;
12) жинақтау – бөліктерді (идеялар, элементтер) жаңа мәнмәтінге біріктіру, қиыстыру қабілеті, мысалы қолдағы бар мәліметтерді реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), іс-әрекет жоспары, сызбалар. Оқытудың тиісті күтілетін нәтижелеріне қол жеткізу шығармашылық сипаттағы қызметті болжамдайды;
13) бағалау – қандай да бір материалдың (пікірлер, көркемдік шығармалар, зерттеу деректері) маңызын бағалау қабілеті;
14) тыңдалым – түрлі тақырыпта ауызша айтылғандардың негізгі мазмұнын түсіну; олардан негізгі ақпаратты айырып көрсету; айтушының пікірін тани білу; мәнмәтін бойынша сөздің мағынасын айқындау; түрлі стратегияларды қолдана отырып, білім алушылардың деңгейлеріне сәйкес мәтіндердің әр түрінің мазмұнын қабылдау және түсіну қабілеті;
15) айтылым – түрлі тақырыптардағы әңгімеде сөйлесудің ресми және сөйлеу стильдерінің сөздерін қолдану; қажет ақпарат алу үшін анағұрлым күрделі сауалдар қою; өз ойын білдіру; күтпеген түсініктерге пікір білдіру; құрдастарымен тапсырманы орындау барысында қарым-қатынас жасау; арнайы лексиканы сауатты қолдану; тарихты және оқиғаларды қайта айтып беру қабілеті;
16) оқылым – түрлі тақырыптардағы көркемдік және ғылыми мәтіндердің негізгі мазмұндарын түсіну, олардың ішінен ақпаратты іздестірудің түрлі стратегияларын қолдана отырып түйінді ақпаратты айырып көрсету; мәнмәтін бойынша сөздердің мағыналарын анықтау; автордың қатынасын және пікірін тани білу; сөздердің мағынасын тексеру және оқылғанды түсінуін тереңдету үшін қағаздағы және сандық дереккөздерді пайдалану қабілеті;
17) жазылым – түрлі тақырыптарға жазбаша жұмыстарды жоспарлау, жазу, редакциялау және түзету; қазір болған және ойдан шығарылған оқиғалар туралы, оқылғанға сыни пікірлер жазу; орфографиялық және грамматикалық қателер жібермей, барынша сауатты жазу; белгілі стильді ұстану; түрлі тізбек-сөздерді қолдана отырып сөйлемдерді параграфтарға байланыстыру қабілеті;
18) портфолио – бұл белгілі оқу мерзімінде білім алушының жеке оқу жетістіктерін тіркеу, бағалау және жинақтау тәсілі. Білім алушылардың портфолиосы оқу мақсатына жету дәлелі ретінде қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижерін жинақтау үшін арналған. Портфолио мүдделі адамдар үшін бағалаудың объективтілігін және ашықтығын білім алушылар нәтижелерінің қолжетімділігін арттыру мақсатында енгізіледі.

2." Педагогикалық өлшеу педагогикалық бақылау әдісі ретінде

2.1." Отандық білім беру жүйесін реформалау және жетілдіру
ХХІ ғасыр – жаһандық жаңалықтар ғасыры да, өйткені, ол қазіргі кезде мемлекеттің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, сондай-ақ әлемдік рыноктағы, әлемдік қоғамдастықтағы орнын айқындап, халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін көтеруде айрықша маңызды роль атқарады. Әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі де болғандықтан, білім - пайдалы инвестиция саласы ретінде елдің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде жоғары білікті мамандардың (ғалымдардың, мамандардың, жұмысшылардың, менеджерлердің, т.б.) бәсекеге қабілетілігімен анықталады. Мемлекет басшысының "Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті ұлт" атты Жолдауында ғаламдану жағдайындағы бәсекеге қабілеттіліктің мәні жан-жақты түсіндіріліп, ел алдында тұрған міндеттер тұжырымдалған болатын. Солардың ішінде білім беру саласындағы бәсекеге қабілеттілік мәселесіне айрықша назар аударылып, "ұлттық бәсекелестік қабілеттілік" бірінші кезекте ұлттың білімділік деңгейімен айқындалатындығы белгіленді. Мақсаты бәсекелестік жоғары білікті мамандардың тікелей белсенді қатысуы арқылы жүзеге асып, жаңару бағытындағы қоғам өз әлеуетін мейлінше жаңа күшпен толықтыруға мүдделі болса, бұл орайда ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан-ақ білім бәсекелестігінің міндеті қойылған. Ел білімінің қандай болашағы, әлбетте, мемлекет таңдаған жолы - "осы заманғы әрі ұтымды технологиялардың негізінде өзінің ғылыми-техникалық әлеуетін жедел қалпына келтіру мен дамыту, өндіріс пен инвестицияның өсімін арттыру" деп көрсетілген болатын. Сондықтан, біз студенттік дипломдық жұмысымызда білім беруді, білімнің сапасын ұлттық бәсекеге қабілеттіліктің кепілі, парасат экономикасын құрудағы басты түйін ретінде негіздеуге талпыныс жасап, осы мәселені жұмыстың басты мақсаты ретінде қойдық. Дипломдық жұмыстың мақсатына қол жеткізу үшін бірнеше міндеттер қарастырылды: • білім беруді ұлттық бәсекеге қабілеттіліктің факторы ретінде негіздеу; • білім сапасын арттыру мәселесін инновациялық даму қажеттіліктерімен ұштастыра отырып талдау; • Қазақстан Республикасының білім беру саласын жаңашылдандырудың бағыттарын талдау; • инновациялық технологияларды отандық білім беру саласында қолданудың артықшылықтарын жүйелеу; • білім беру жүйесінде ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мүмкіндіктерін, қажеттілігін шетелдік тәжірибені талдау арқылы негіздеу; • Қазақстан Республикасында ғылыми-зерттеулерді мемлекеттік қаржыландырудың қазіргі жағдайын талдау. Ғылыми жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

3. "Қазақстандағы оқытудың кредиттік технологиясының ерекшеліктері
Қазақстандағы жоғарғы оқу орындары әлемдік Болон үдерісі бойынша кредиттік жүйеге көшкелі бері студенттер оқудан гөрі, оған төлейтін ақшаны көбірек ойлайды.

Подробнее
tele2.kz
Перейти

Реклама

Себебі, жүйе бойынша үлгерімі төмендеген немесе емтиханнан өте алмаған студенттер құлаған пәннің оқу ақшасын қайта төлеп барып қана сынақтан өте алады.

Ал оқудағы қарызын өтей алмағандар бірден оқудан шығарыла ма? Кредиттік оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктері қандай? Осы сияқты сауалдарға 31 арна жауап іздеп көрген.

Ерсін Оспанбек университетте бақандай 4 жылға жуық оқып, соңғы курстағы білім кредиттерін жаба алмай, оқумен қош айтысқандардың бірі. Семестр соңына қарай бағаларының 4 пен 5-ке жетпейтінін білген ол қарызын қалай жабам деп күйзеліске түсіпті. Ал төлейтін ақшаның мөлшері 300 мың теңгеден асып кеткенін естігенде тіпті не істерін білмеген.

«Оны төлеуге материалдық жағдайым болмады. Еріксіз қаражат жинау үшін 2 мейрамханада қатар даяршы болып жұмыс істедім», — дейді ол.

«6 бірдей сабақтан жазға қалатынымды білгенімде, есеңгіреп қалдым. 300 мыңнан астам ақша төлеу керек екені айтты. Менің қалтам да, жағдайым да көтермейді, тіпті қаржыны қайдан табатынымды да білмедім. Ақыры сол 300 мыңды төлемедім, есеңгірген күйінде оқудан кеттім. Қазір даяшы болып жүрмін», — дейді Ерсін Оспанбек.

Қазақстанның Жоғарғы оқу орындарында оқитын студенттердің басындағы ортақ мұң кредитті — қалай жабамын дейтін қорқынышты сауал. Пәндердің бағыты бойынша, кредиттің құны да әртүрлі. Шамамен 10 мың мен 18 мыңнын аралығында. Ал әр сабаққа кемінде 2 немесе 3 кредит бөлінетіні тағы бар.

Яғни, әрсабақ 30 мыңмен 50 мыңның арасында. Cтуденттердің айтуынша, қысқы немесе жазғы семестрге қалып, қарызын өтеушілер аз емес. Өйткені, бәрі бірдей жақсы үлгеріммен аяқтай бермейді. Ал университеттер ішкі құпиямыз деп қанша студенттің неше пәннен кредитін өтей алмағаны туралы ақпарат беруден бас тартты.

«Бұл оқыту жүйесінің ақшаға бағытталуы дұрыс емес. Біз асығыс көштік, әйтпесе жақсы жақтары бар», — дейді Қыздар университетінің оқытушысы Береке Жұмақаева.

Бұрынғы оқу жүйесінде егер студент құлап қалатын болса, онда ол соны қайта тапсыру мүмкіндігін алатын. Соны қайта тапсыратын. Ал кредиттік оқыту жүйесінде ол кестеге қайта сабақ болып қойылады, ол сол өзінің қорғамаған кредитінің төлемақысын қайта төлейді.

Бүгінде кредиттік жүйе бойынша оқыту студенттердің белгілі бір деңгейдегі әлеуметтік проблемасына айналуда. Себебі университеттердің Болон үрдісіне көшуінің жақсы жақтары бар болғанмен, зияны да жоқ емес дейді мамандар.

4." Оқытудың кредиттік жүйесіндегі кәсіби практика
Елімізде жоғары білім жүйесін дамыту талаптарына сай студенттерге терең білім және тәрбие беру, оларды жан–жақты дамыту бүгінгі күннің басты мәселесі. Білім және тәрбие беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз ететін үздіксіз үдеріс. Білім беру жүйесіндегі жаңа білім парадигмасы білім, білік, дағды жиынтығын толық меңгерген, қоғам өміріне белсене араласатын, шығармашылықпен ойлайтын, өзін-өзі көрсете алатын, өздігінен ақпаратты іздеп, талдайтын және оны дамытуға қабілетті, кәсіби құзыретті жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Жоғары оқу орындарындағы білім беру мен тәрбие жұмыстарының талапқа сай жетілдірілуі студенттердің болашақ кәсіби құзыретті маман болып қалыптасуына зор ықпал етеді. Осы тұрғыда республикамыздың жоғары білім беру жүйесі кәсіби мамандар даярлауда оқытудың кредиттік жүйесіне көшуді қолға алды. Себебі, бүгінде халықаралық жоғары білім беру тәжірибесін ескермей, қазіргі заманға сай білім алуға қол жеткізу мүмкін емес. Алғаш рет кредиттік-сағаттық жүйе АҚШ-та пайда болып, дамыды. Кредиттік-сағаттық ұғымын 1869 жылы Гарвард университетінің Президенті, атақты америкалық білім беру қызметкері Чарльз Элиот енгізді. Нәтижесінде 1870-1880 жылдары кредит-сағаттар арқылы өлшеуге болатын пәндердің көлемін шешетін жүйе енгізілген еді. 1892 жылы кредиттік-сағаттық жүйе дамуының екінші кезеңі басталды. АҚШ ұлттық білім беру комитеті колледж-мектеп құрылымын жетілдіру мақсатында, орта мектептерде оқыту бағдарламасын стандарттауда кредит ұғымын тек колледждерде ғана емес, мектептерге, білім берудің магистрлік және докторлық деңгейлеріне бакалаврлық бағдарламаның мазмұнын бағалау үшін кредиттік жүйені енгізді [2]. 1999 жылы 19 маусымда Италияның Болон қаласында 29 Еуропа елдерінің өкілдері қатысуымен өткен басқосуда Болон Декларациясы қабылданған еді. Бұл Декларацияда Еуропада жоғары білім беру жүйесі бойынша реформалық бастамалардың нақты мақсаттары айқындалды. Декларацияға сәйкес болашақта Еуропада ортақ жоғары білім беру жүйесін құру белгіленді. Осылайша Болон үдерісі басталды. Қазақстан Республикасы Болон үдерісіне 2010 жылдың наурыз айында қосылды.