Білім беру жүйесін басқарудың мәні және білім беру сапасының педагогикалық мониторингі. Жаңа модель by Aisholpan Kerim

Білім беру жүйесіндегі педагогикалық мониторинг. Жаңа модель
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеп, білім сапасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, әлемдік білім беру кеңістігіне ену шарттарына сәйкес білім жүйесін жаңартуды талап етеді.

Педагогикалық мониторингтің маңызы осы бағдарламаның негізгі тармағы деуге болады. Мониторингтік зерттеулер – білім беру ұйымдарының қызметін жүйелі бақылау, нәтижелерін өңдеп, талдау, ақпараттарды сақтау, жинақтау және тарату арқылы білім беру жүйесін дамыту үшін болжамдар жасау және басқару тетіктерін жетілдірумен айналысады.

Нені ескерген жөн?
Педагогикалық мониторинг моделін ұсынбас бұрын, педагогикалық мониторинг жасауға қажеттi ақпаратты жинау керек. Ол ақпаратты мына бағыттар бойынша жинаймыз:

ақпараттың мазмұны;

ақпараттың сапасы;

ақпаратты басқаруда пайдалану.

Біздің елімізде көбінен қолданылатын динамикалық мониторинг моделі де жақсы деуге болады. Ол бойынша топаралық салыстыру негізінде, барлық оқу орындарындағы орташа оқу баллы бойынша баға беріледі. Бірақ бұл тұста әр өңірдегі оқу орнының қажет құрал-жабдықпен қамтамасыз етілуі, студенттердің оқу мүмкіндігі болуы, жеке қажеттіліктері мен әр жақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайлары ескерілмей қалуы мүмкін. Сондықтан, осы негізде жасалған мониторинг нәтижесі жыл сайын қатты өзгермейтін болып көрініп, алдыңғы қатарда бір оқу орындары да тұра беруі мүмкін. Мұндағы басты проблема - сәл де болса ілгерілеген оқу орны, оқытушылардың еңбегі бәрібір назардан тыс қалып қоюы мүмкін.

Жаңа модель
Сондықтан, мен өз атымнан педагогикалық мониторинг моделін былай ұсынар едім:

- Оқу жылы аяқталған сайын оқу орнындағы орташа оқу баллы мен қатар қосымша белсенділіктерді де есепке алу:

- Педагогика тек академиялық білім беру емес, тәрбиелік дағды қалыптастыру, ықпал етуді де қарастыратындықтан, осы бағыттағы еңбек те еленуі керек.

Бұған қоса жалпы мониторингтік есеп шығарғанда, оған әсер етуші факторларды ішкі және сыртқы деп бөлуді ұсынамын.

Әсер етуші факторлар
Ішкі факторлар:
- Оқытушылардың біліктілік деңгейі;
- Оқу орны орналасқан өңірдегі қаржыландыру жағдайы. Бір студентке бөлінетін қаржыландыру мөлшеріндегі айырмашылықты ескеру (Мысалы, ҚазҰУ мен шалғай жатқан ЖОО-ның қаржыландыруында айтарлық айырмашылық болуы мүмкін. Бұл, әрине, білім беру деңгейіне әсер етеді. Демек жоғарыда аталған динамикалық мониторинг әдісі мұндай жағдайда әділетсіз).
- Студенттердің өңір халқының әлеуметтік-экономикалық ахуалының ескерілуі. (яғни, контингент де бөлек зерттеліп, тиісінше (соотношение сақталған) бағалау болуы керек.
- Білім беру мекемесі студентті немен қамти алады, қандай ресурстары бар? деген сұрақты ескеру

Сыртқы факторлар:
- Орташа баға (оқу үлгерімі)
- Оқу бағдарламасын игеру деңгейі
- Түлек болса, жұмысқа тұрып кетуі (Бұл кезде де географиялық ерекшеліктер ескерілуі керек. Мысалы батыс өңірлерінде мұнай саласына қатысы жоқ мамандықты бітірген студенттің көбі бірден жұмыс тауып кете алмауы мүмкін).

Осы ішкі және сыртқы факторларға толық мән берілген жағдайда салыстырмалы түрде шындыққа жақындау мониторинг нәтижесіне қол жеткізе аламыз деп ойлаймын. Сонда бұл үнемі көш соңында жүретін, бар екенін де көп адам біле бермейтін оқу орындарына да білім беру бағдарламасын, педагогикалық ұстанымдарын жаңалап, мониторингте нәтижелерін жақсартуға серпіліс беруі мүмкін.

Қорытынды
Бірақ, зерттей келе мониторинг нәтижесіне жоғарыда аталған ішкі факторлар көбірек әсер ететінін түсінуге болады. Мұндай жағдайда педагогикалық мониторинг жасау үшін оқу орны арнайы құзіреттілікке ие болып, мониторингтің нақты моделін ұстанғаны жөн сияқты.

Бұған қоса, мен ұсынған мониторинг моделі бойынша, мониторингті семемтр сайын немесе жыл сайын емес, одан ұзақтау уақыт аралығында жасап отырған дұрыс сияқты. Мүмкін, әр екі жыл сайын деген қағиданы ұстануға болар.