Мектеп жастағы Аутизммен ауыратын балалар by Damir Alipbek

Аутизммен ауыратын балалар

Аутизм — ми дамуының бұзылуынан туындайтын және әлеуметтік өзара әрекеттесу мен қарым-қатынастың айқын және жан-жақты жетіспеушілігімен, сондай-ақ шектеулі мүдделермен және қайталанатын әрекеттермен сипатталатын ауытқу болып табылады. Бұл терминді 1912 жылы Э. Блейлер адамның ішкі эмоциялық кажеттіліктерімен реттелетін және шынайы әрекеттерге тәуелділігі шамалы аффективтік саланың айрықша түрін белгілеу үшін енгізген. Аутист балалардың есте сақтау қабілеттілігі жоғары болады. Математика және музыка салаларында дарынды, тіпті бірнеше тілдерді меңгеруі де мүмкін. Аутизм белгілері үш жасқа дейін байқала бастайды.

Аутизммен ауыратын балалардың ерекшелігі.

Балалық аутизмі түрлі деңгейде көрінеді және зият пен сөйлеудің дамуының деңгейлері әртүрлі болады. Л.Каннер бойынша ерте балалық шақтағы аутизм син­дромы келесі көрсеткіштерді біріктіреді: аутистикалық уайым­дар, стериотиптер, үйреншікті бірқалыпты мінез-құлық, сөйлеу тілінде ерекше сипаттағы кемістіктер. Қазіргі уақытта бүкіл әлем бойынша аутизмге шалдыққан балалардың саны күрт өсуде. Қазақстанда да бұл мәселе кең таралып барады, аустистік тұлғалық қасиеттері бар балалар жылдан жылға, өкінішке орай көбеюде. Аутист бала өмірдің бірінші айларынан бастап ерекше да­миды: бәрінен бұрын бұл балалар айналадағы адамдармен әрекеттестіктің барлық түрлерінен алшақтайды. Көзге қара- майды, қолға сұранбайды, тамақ сұрап мазаламайды, жөргек суланса не бір жері ауырса сезбейді. Аутист балалардың наза­рын адамға, басқа нысанға аудару және бірнәрсе үйрету қиын. Айтқан сөздерге мән бермейді, сұрақтарға және атын атап шақырғанға көңіл аудармайды естімейтін керең сияқты болып көрінеді. Сондықтан кей кезде мұндай балалардың ата-анала­ры баламның есту қабілеті бұзылды деп күдіктенеді. Аутист бала жоғары интелектуалды да, ақыл-ойы мен мешеулі де болуы мүмкін. Әлдеқандай салада (математика, музыка) дарынды болуы мүмкін, бірақ қарапайым әлеуметтік және тұрмыстық дағдыларын білмеуі мүмкін. Әртүрлі жағдайларда бір бала икемсіздікті де, ептілікті де көрсете алады. Аутист баланың ішкі әлемі қатаң ауқымдарға қысылған және бұл ауқымдардың сыртына шығу аутист бала үшін тра­гедия болып табылады. Бұл әсіресе бүкіл жаңадан сескенушілікпен байланысты. Әсіресе аутист балалар сенсорлық сескенушілікпен күйзеледі. Мысалы: олар қатты дыбыс шығаратын тұрмыстық электроқұралдардан, судың дыбысынан, қараңғыдан немесе жарықтан, жабық есіктерден қорқуы мүмкін. Егер баланың хал-жағдайы тым нашарласа, оның басқаларға немесе өзіне-өзі агрессиялы қол жұмсағысы да келуі мүмкін. Әдетте наразылық баланың өміріне қабаттасқанда оның қалыптасқан стереотиптерді бұзу амалдарына қарсы болады. Қарым-қатынастарды тыңдаушылық және тіпті жақындарға құштарлықтың болмағандығы қорқыныштардың бір қабат жүйесінен өседі, сол себепті - тыйым және өзін-өзі шектеулер пайда болады. Барлық қажетті сөйлеудің алғы шарттары бар болғанымен көбінесе аутист балалар мүлдем сөйлемейді. Кейбір бала­лар жеке кейде күрделі жастарына және даму деңгейлеріне сәйкес емес сөйлемдерін ұзаққа жаттап алады. Мағынасын түсінбей тұра кино және мультипликациялық фильмдерден және жарнамалардың ұнаған сөйлемдерді қайталай береді. Ал ата-аналары білмегендіктен баланың дарынды екеніне сенімді бола отырып бұл жағдайға көңілдері босап қуанып жатады. Ау­тист балалар қойған сұраққа жауап бермейді, жауап беруден қашқалақтап тұрады, тіпті сұрақтарды естімейді және елемейді. Аутист баланың сөйлеу қабілеті бұзылғандықтан олардың пайызында мутизм болады және эхоалалия жиі кездеседі.

Терминнің шығуыөңдеу

Ең алғаш аутизм деген терминді 1912 жылы швейцар психиатрі Э.Блэхер ұсынған. Аутизм ауруын бірінші ашып зерттеген америка психиатрі Лео Каннер. Балалық аутизмі әр түрлі болады және зиятпен сөйлеу дамуының деңгейлері әр түрлі болады.

Аутист балалардың топтары
Аутист бала сұрақ қоймайды және жауап та бермейді, мимика, ым-ишарат (жест) арқылы қарым-қатынас жасаудан бас тартады. Аутист балаларды 4 топқа бөлуге болады:

аурудың ауыр көрінісімен сипатталатын топтағы балалар безушілік, ортадан оқшаулау, еш нәрсеге көңіл аудармау ерекшеленеді, көп уақытын түңілумен өткізеді. Мұндай балалар сөйлемейді, адамдарға, адамның көзіне және бір нәрсеге көзін тікпейді, күлмейді, жыламайды. Атын атап шақырғанда үндемей, дыбыс шығармай, ешқандай реакция білдірмейді. Олар бір жері ауырып жарақаттанса, қарындары ашып, тоңғанды сезбейді. Үй ішінде бағытсыз ары-бері жүреді, жиһаздардың үстіне шығады, терезенің алдында тиспесең бірнеше сағаттар бойы отыра береді. Үлкен адам мұндай баланың назарын аударайын деп тырысқан жағдайда, бала айқайлайды, жылайды, төбелеседі, түкіреді, тырнайды, яғни қатты қарсылық көрсетеді.

Бұл топтың балалары адамның көзіне тіке қарамайды, басқа нәрселерге де көзін тіке қадап, бағытты түрде қарай алмайды, бірақ нәрселердің өздері, өздерінің түрлері мен дыбысымен сыртқы пішінімен балалардың назарын өздеріне аудартқызады. Мысалы: кілем немес алаша біткенше жүре береді. Бұл балалардың бір қалыптылығы сағаттар бойы терезеде отырып бір бағытқа қарап отыра береді. Ал бір нәрсе керек болса, олар үлкен адамды ертіп апарып, керекті нәрсеге қолын салады.

Балалар аздап белсенді, олар қоршаған ортадан толық безбеген бетінде қорқыныш бар, қимылдары еркін емес, сөздері түсініксіз, бір сөзді қайталай береді, күрлмеліп сөйлейді, қимылдары импулсьсивті, яғни отырып-отырып аяқастынан жүгіріп кетеді, өзін-өзі жарақаттайды. Бұл топтағы балалар өте дауласқыш, еш өкінбейді, бәрін керісінше жасайды. Бала өзіне ұрысқанды қалайды,тек өзі сөйлейді, ешкімді тыңдамайды, сөйлеткізбейді. Сөйлегені өте жылдам, дыбысы қатты. Сөзі монолог түрінде. Кейде ересек адам сияқты, күрделі сөздермен сөйлейді, бірақ мағынасын түсінбейді. Сөз қоры жақсы, бірақ та диалог құрастыра алмайды.

Бұл балаларда аутизмнің жеңіл түрі. Балалардың мимикасы шектеулі, алаңдаушы болып келеді, сондықтан сөздері жай, көздеріне қарай алады, бірақ тұрақсыз. Олар ұялшақ, жасқаншақ болып келеді. Олар өтірік айту, алдауды білмейді.