Жоғары мектепте бақылауды ұйымдастыру by М е й р б е к

Жоғары мектепте оқытуды ұйымдастыру формалары.Педагогикалық тұрғыдан ойлауды қалыптастыру үшін жоғары мектептегі оқыту процесінің дамуы мен мәнін, құрылымын, қисынын (логикасын) түсіну маңызды. Ол үшін оқыту процесінің негізгі құрылымдық бөліктерін бөліп алу қажет.Окыту процесі - бұл мұғалім мен оқушылардың белгілі бір мақсатқа бағытталған өзара әрекеттестігінің барысында окушыларға білім беру міндеттерін шешу.
Оқыту процесінің құрылымдьң компоненттері мыналар:

Мақсат.

Педагог

Оқушы, білім алушы.

Оқыту әдістері.

Оқытуды ұйымдастыру түрі.

Алған білімді өмірде қолдана білу, нәтижесін көру.

Педагогикалық диагностика.

Оқушылардың оқу материалын меңгергенін тексеру және бағалау – оқыту нәтижелерін бақылау, оқу процесінің әр түрлі кезеңіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару.Білімді тексеру және бағалау оқушының білім алуына көмектесіп, оның және мұғалімнің білім сапасы жөнінде сандық мәлімет береді. Мұғалім оқушының білім деңгейінен хабар алып, оның танымдық жұмысын ұйымдастыруға негіз жасайды. Мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерге баға беріп, жұмыс әдістерін толықтырып, түзетіп, жеке оқушылармен жұмыстың жолдарын және құралдарын тауып, бағдарламалық білімдердің меңгерілуі деңгейін анықтайды.

Білімді тексеруге қойылатын талаптар:
•    тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы, міндеттілігі. Бұл талапты орындамау оқушылардың оқуға деген қатынасын нашарлатып, білімнің сапасына кері әсер етеді;•    әрбір оқушы өзінің білімінің, іскерлік дағдысының бағаланатынын түсіну керек. Егер білімді тексеру және бағалау оқыту процесінің құрылымына тұрақты түрде енсе, онда оқушы мұғалімнің сұрақтары мен тапсырмаларына жауап беруге дайын болады.•    оқушылардың білім, іскерлік және дағдылары мемлекеттік .оқу бағдарламаларына сәйкес тексеріледі. Бағдарламаны меңгеру - білімді бағалаудың негізгі өлшемі. Мұғалім оқушының қосымша біліміне, оқыған қосымша әдебиеттеріне кеңес, нұсқау, беріп, баға қоймайды.•    оқушылардың теорияны және фактілерді білуін тексеру және бағалау арқылы, білімдерінің жалпы және ақыл-ой дамуына, жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға ықпалын, оқуға әсерін білу;•    білім, іскерлік, дағдыларды түрлі тәсілдер арқылы тексеру;•    байқалған кемшіліктерді оқушының өзі түзетуі;•    мұғалімнің оқушыларды білімдерін бақылап, бағалауға, кемшіліктерді жоюдың әдістемесі мен тәсілдерін білуге үйретуі;•    бағаны әділ қойылуы;•    оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы;•    әр тақырыпты оқудың нәтижесіне мұғалімнің және оқушылардың баға беруі;•    бақылау-бағалау процесінің әрбір баланың оқу үлгерімінің төмендемеуіне, көңіл-күйінің жақсы болуына көмектесуі.

Бағалаудың өлшемдік технологияларының негізгі міндеттері:
болашақ мамандарды бағалау және оның түрлері жайлы біліммен қаруландыру;

критериалды бағалаудың моделі, жиынтық және қалыптастырушы бағалаудың мән-мағынасымен таныстырып, критериалды бағалауды әдістемелік қамтамасыздандыруды дайындай алу білігін қалыптастыру;

критерийлік бағалауды жоспарлау, оны жүзеге асыру, басқару және рефлексиядағы білім, білік және дағдыларды біріктіретін пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыру;

оқыту нәтижелерін рефлексиялауға, шығармашылық ізденісті ұйымдастыруға, тәжірибені оқып үйрену және жалпылауға, бастауыш сынып тәжірибесінде критерийлік бағалау жүйесін тиімді жүзеге асыруға негіз болатын біліммен қаруландыру болып табылады.

Бақылау әдісі - белгілі мақсатпен қалыпты жағдайда педагогикалық процесті зерттеу әдісі. Бақылау жүргізерде зерттеуші нені бақылайтынын, қандай мақсатпен және қанша бақылайтынын, қандай нәтиже күтетінін алдын-ала білуі керек. Бақылау жоспар бойынша жүреді. Жоспарда бақылаудың мақсаты мен міндеттері, обьектісі, жүргізу әдісі көрсетіледі. Бақылау материалдары күнделікке не протоколға толтырылады. Сондай-ақ видеопленкаға, магнитофонға жазуға, фотоға түсіруге болады.
Бақылаудың түрлері: жаппай, ішінара, ашық, жасырын, тікелей, жанама, ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді.
Жаппай бақылау - оқу-тәрбие процесіндегі жалпы мәселелерді зерттеу. Жаппай бақылауда барлық оқушылардың іс-әрекетін бақылайды. Мысалы: сабақ үстіндегі оқушылардың танымдық әрекетін, оқушылардың зейінін бақылау, т.б.

Ішінара бақылау - жеке мәселелерді зерттеу. Жеке бақылауда оқушылар ұжымынан бір баланы таңдап, оның қызметін бақылауға болады.
Ашық бақылау - оқушылар өздерінің зерттеліп отырғанын біледі.
Жасырын бақылау - оқушылар өздерінің зерттеліп отырғанын білмейді. Жасырын бақылауда зерттеуші жасырын видеокамера немесе магнитофон қолданады.
Тікелей бақылау - зерттеуші бақылауды өзі жүргізеді.
Жанама бақылау - зерттеуші бақылауды басқа адамның көмегімен жүргізіп, артынан одан барлық мәліметтерді алады.
Ұзақ мерзімді бақылау - оқушыны бір тоқсан. жарты жыл не бір оқу жылы бойы бақылайды.
Қысқа мерзімді бақылау - оқушыны бір сабақта, үзілісте не бір күн бойы бақылайды.
Бақылау әдісінің артықшылығы - қарапайым, жүргізілуі жеңіл. Кемшілігі – педагогикалық құбылыстың ішкі жақтары байқалмайды. Сондықтан бақылауды зерттеудің бастапқы кезеңінде басқа әдістермен қатар қолданады.

Қазақстандағы кредиттік оқыту жүйесі
Оқу орнын академиялық кезеңдерге бөлу, практика мен демалыс мерзімінің ұзақтығын анықтау құқы жоғары оқу орнының өзіне берілген. Күндізгі оқу формасы бойынша, студенттердің демалысы жылына екі реттен кем болмайды, әрі қысқармайды. Оқу жылының басы – қалыптасқан дәстүр бойынша – 1 қыркүйек, ал академиялық кезең семестр болып табылады.
Оқу жылы қалыптасқан тәртіп бойынша 32 аптадан тұрады, ал оның 30- ы теориялық білім беруге, 2-еуі қорытынды бақылауға арналады.

Болон процесіне сәйкес, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білімнің мынадай сатылары енгізілген:

1. бакалавриат (жоғары базалық кәсіби білім) – 4 жыл;

2. магистратура (кәсіби жоғары білімнің екінші сатысы) – 2 жыл;

3. докторлық бағдарлама (жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім) – 2 немесе 3 жыл.

Кредиттік жүйе
Бүгінде Америка мен Батыс Еуропаның көптеген елдерінде кредиттік оқыту жүйесі қолданылады. Осы кредиттік оқытудың ережелері Қазақстанда да жетілдіріліп келеді.

ЖОО оқытудың кредиттік жүйесін енгізудің мақсаттары мен міндеттері төмендегідей:

- барлық отандық білім беру жүйесін оқытудың дүниежүзілік жүйесіне бірік-тіруді жеделдету;

- білім беру стандарттарын жоспар-лау икемділігін талаптармен ыңғайлап біріктіру;

- оқу пәнін таңдаудың академиялық еркіндігі;

- әдістемелік құжаттардың бірыңғай жүйесін құру және оны үнемі жетілдіру;

- баллдық және әріптік бағалауға көшу;

- кафедраның оқу жүктемесін жоспарлау үшін жаңа негіздер құру;

- оқу үрдісін ұйымдастырудың принциптерін өзгерту;

- студенттер ұжымын, топтарын қалыптастырудың механизмін жетілдіру;

- оқу үрдісін ақпараттандыру деңгейін көтеру;

Оқытудың кредиттік жүйесі жағдайында оқытушы
Кредиттік оқыту жағдайында бəсекеге қабілетті мамандарды даярлау ең алдымен практикалық іс - əрекет барысында пайда болатын мəселелерді формальды сипаттау дағдыларын, яғни тіл үйретудің ақпараттық-компьютерлік технологияларды қолданып іске асыру əдіс-тəсілдері туралы кəсіби білім, білік жəне дағдылар жүйесін қалыптастыруды қажет етеді.
“Құзыр”, “құзырлық” жəне “құзырлы” түсініктері бұрынырақта тұрмыста, əдебиеттерде кеңінен пайдаланылды, сөздіктерде түсіндірмелері берілді. Мысалы, “Шетел сөздерінің қысқаша сөздігінде” (М., 1952ж.) “құзырлы (лат. competens, competentis қабілетті) – анықталған аймақта жетекші, білуші; өз білімі деңгейінде бір нəрсені шешу немесе талқылау статусы бар” деп анықтама берілген.

Ресей ғалымы Н.В. Кузминаның көзқарасы  бойынша  «Құзырлық дегеніміз педагогтың басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлылығы деді».

Құзыр – өкілетті қызмет адамы, сол салада оның сəйкес білімі, танымы болуы қажет жəне жауапты шешімдерді қабылдауға құқылы.

Құзырлық – жұмыскердің өз білімі, біліктілігі жəне дағдылары  негізінде нақты кəсіп аясында жоғары сапалы жəне мөлшерлік еңбек нəтижелеріне жету үшін нақты жұмыс түрлерін білікті атқара алу қабілеті. Болашақ мұғалімнің оқушыларға шетел тілін оқыту үшін төмендегідей негізгі құзыреттіліктерді игеруі тиіс: лингвистикалық;коммуникативтік; кəсіби-бейімді (кəсіби-педагогикалық мақсат аясында), т.б.