8 Семинар Оқытудың әдіснамалық және психологиялық негіздері. by

Оқытудың әдіснамалық және психологиялық негіздері.Оқыту процесін танымның арнайы процесі ретінде оның үнемі қозғалыстағы, дамушы процесс ретінде - қарама-қайшылықтар маңызын есте сақтау керек. Мұндағы негізгі қайшылықтар оқыту процесіндегі қозғау күші, өйткені таным процесі үздіксіз іс-әрекеттегі шынайы құбылыс. Бұл тұрғыда М.А.Данилов оқытудың қозғалыстағы қадамдары танымдық және практикалық міндеттермен оқушылардың білімдерінің, іскерліктерінің және дағдыларның деңгейлерінің, олардың ой-өрісінің дамуы мен қатынастарының арасындағы қарама-қайшылықтар деп түсіндіреді. Ал, педагогикалық процестің қозғаушы күші- тұлға дамуының қарама-қайшылықтарымен байланысты деп тұжырымдайды.

Оқыту дегеніміз заман талабын ескере отырып, жеке тұлға қалыптастыру барысында олардың бойында білім, білік, дағды, іскерлікті мақсатты меңгерту мен дамыту процесі. Яғни, ол қоғамдық құбылыс сипатындағы мақсатты бағдарланған, жүйелі ұйымдастырылғын қоғамдық қатынастар тәжірибесі, сонымен қатар қоғамдық сананың даму нәтижесі.

Оқыту түрлері жалпы алғанда жеке, топтық болып бөлінеді және әр тұрғыдан ұйымдастырылады.Оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласы танымдық белсендiлiктiң қозғаушы күші болып табылады. Олардың оқу -танымдық іс-әрекетке ынтасын оятуда: оқудағы жетiстiктi қамтамасыз ету; оқушылардың артта қалуының алдын алу; “қауiп-қатер балаларының” диагностикасы; үлгермеушiлiктi болдырмау; оқу материалының мазмұны (тарихи сапарлар, өмiр тәжiрибесiнен мысалдар, мемлекет стандарт шегiнен асу, т.б.); бiлiм берудiң әртүрлi формалары мен әдiстерi, жаңа педагогикалық технологияларды қолдану; мұғалiмнiң оқушыларға қатынасы; балалар ұжымының қоғамдық пiкiрi; ақыл-ой қабiлеттiлiгi мен жалпы оқу бiлiктерiн дамыту қызметтерiнің маңызы зор.

Оқытудың ұйымдастырылуы формалары мен әдістерін таңдау педагогикалық процесстің жалпы әдіснамасының ұстанымдық ережелері негізінде дамиды және оқушылардың танымдық әрекеттерінің ұйымдастырылуымен тікелей байланысты. Сондықтан да оқытудың әдіснамалық негізі арнайы құрастырылады. Соның ішінде бихевиризм және прагматизм – оқып білудің тәсілдерін (тетіктерін) түсіндіруге мүмкіндік жасайтын, оқытудың кең таралған тұжырымдамалары. Бұл бағыттарға экзистенцализм және неотомизмде қосылады.Олар оқытудың ролін төмендетіп, сезімді тәрбиелеуге ақыл – ойды дамытуды тәуелді деп таниды. Жаңа бағыттардың ішінде Д.Бруннердің (АҚШ) жасаған “жаңалық ашу арқылы оқыту” тұжырымдамасына ерекше назар аударуға болады. Бұл тұжырымдама бойынша оқушылар дүниені өз бетінше жаңалық ашулары арқылы тануға білімдері арқылы жетеді деп біледі. Ал, шығармашылықта оқытуға тән ерекшелік, белгілі бір тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, бағалау және соның негізінде тиісті қортындыны жасау ғана емес сонымен қатар, оқылып отырған материалдың шеңберінен тыс заңдылықтарды да анықтау деп есептейді.

К.Д.Ушинский өзінің “Адам тәрбие пәні” атта еңбегінде, баланың түрлі жас ерекшелігі кезеңіндегі негізгі психологиялық даму ерекшеліктерін айта келе, баланы білімдендірудің негізгі факторы оқыту мен тәрбиелеу деп көрсетеді. Оқыту мен тәрбиелеу бірін-бірі үнемі толықтырып отыратын педагогикалық процестің құрамдас бөлігі. Бұл тұрғыда психолог ғалым Л.С.Выготскийде оқыту мен дамудың арақатынасы мәселесін шешудің өзіндік тәсілдерін, оқыту мен даму бір-біріне тәуелсіз екі түрлі процесс; оқыту кемелденуге негізделеді, оқыту мен даму процесінде пайда болатын мүмкіндіктерді пайдаланады;оқыту мен даму екі түрлі салыстырмалы процесс; оқыту дамудан кейін жүріп отыруы мүмкін, сонымен қатар дамуды алға жылжыта отырып, оның алдында болуы да мүмкін деп қарастырады.

Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдов оқытудың мазмұнының өзгерісін іздестіру керек деп есептесе, Н.А.Менчинская, Д.И.Богоявленская, Е.А.Кабанова-Миллер білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру тиімділігі ақыл-ой іс-әрекеттірінің тәсілдерін жетілдірудің көмегімен арттыруға болады деп дәлелдейді. Л.В.Занков оқытудың дамытушылық әдістеріне ең бірінші, оқыту процесінің өзін жетілдіру арқылы қол жеткізуге болады деп тұжырымдаса, П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина баланың ой-өрісінің дамуына ақыл-ой әрекеттерінің кезеңді қалыптастырудың әсерін зерттеген, Т.В.Кудрявцев, А.М.Мотюшкин оқытудың дамытуылық әсері педагогикалық әрекетттер мазмұнында проблемалы оқытудың ролін арттырғанда ғана артатынын дәлелдеген.

Т.Кершенштейнердің еңбек мектебі, В.Лайдың ХХ ғасырдың басындағы педагогикадағы реформа кезеңінің теорияларын жатқызуға болады. Қазіргі кездегі дидактикалық жүйе, екі жақтылы оқыту мен оқу – оқытудың іс әрекетінен тұрады, олардың дидактикалық қарым-қатынасы дидактика пәнін құрайды деген тұжырымдамадан негіз алады.

Биотехнология мамандығының презентациясын не үшін ұолдандыңыз