Моя грандиозная доска Padlet by

Лекция 1
1.Логопедия - сөйлеу тілінің бұзылыстарын, оның бұзылу себептерін, болдырмау жолдарын, сонымен бірге осындай бұзылыстарды әр түрлі жолдармен түзетіп жоюдың тәсілдерін зерттейтін арнайы педагогикалық ғылым

2.Сөйлеу тілі бұзылысы – адамның дыбыстау, сөздік қоры, сөйлем құрастыру және сөйлеу мәнерінің бұзылысы.

3.Сөйлеу моторикасы – сөйлеу мүшелерінің (ерін, тіл, жақ) қимыл-қозғалысын реттеуге жауап беретін қабілет.

4.Фонетика – дыбыстардың пайда болуы, айтылуы және олардың ерекшеліктерін зерттейтін тіл білімі саласы.

5.Логопедиялық түзету – сөйлеу бұзылыстарын арнайы әдістер арқылы жою процесі.

6.Сенсорлы функциялар – адамның көру, есту, сезіну қабілеттерін қамтитын жүйе.

7.Танымдық процестер – адамның қабылдау, есте сақтау, ойлау, зейін қою қабілеттері.

Принциптері:

8.Жүйелілік принципі – сөйлеу тілі күрделі функционалды жүйе болғандықтан, оның барлық компоненттеріне кешенді түрде ықпал ету қажет.

9.Жанжақтылық принципі – логопедиялық жұмыс логопаттың тұтас тұлғасына бағытталуы керек.

10.Кешенді принципі – сөйлеу тілінің бұзылуын медициналық, психологиялық және логопедиялық тексерулер арқылы кешенді түрде зерттеу.

11.Дамытушылық принципі – баланың сөйлеу тілінің дамуын жалпы даму заңдылықтарын ескере отырып түзету.

12.Онтогенетикалық принципі – сөйлеу тілі функцияларының дамуын табиғи онтогенездік реттілікке сай қалыптастыру.

13.Динамикалық принципі – сөйлеу бұзылыстарын баланың даму процесіне сәйкес зерттеу және түзету.

14.Оториноларингология – сөйлеу және есту мүшелерінің патологияларын зерттейді.

15.Тифлопедагогика – көру қабілеті нашарлаған адамдарды оқыту.

16.Олигофренопедагогика – ақыл-ой кемістігі бар балаларды оқыту.

17.Интонограф – сөйлеу интонациясын тіркеп, оның өзгерістерін талдауға мүмкіндік беретін құрылғы.

18.Спирометр – өкпенің тыныс алу көлемін өлшеуге арналған құрал, сөйлеу тынысын зерттеуде қолданылады.

19.Кинематограф – сөйлеу мүшелерінің қозғалысын бейнежазба арқылы зерттеуге арналған әдіс.

2 Лекция
Сөйлеу тілінің анатомиялық-физиологиялық механизмі

1.Артикуляция (лат.т. articulare - бөлшектеу, айықындап анық айту)– жеке тіл дыбыстары мен олардың қосындыларын айтқанда қажет сөйлеу мүшелерінің іс-әрекеті.

2.Сөйлеу аппараты – адамның дыбыс шығару және сөйлеу процесіне жауап беретін жүйе. Ол орталық (реттеуші) және перифериялық (атқарушы) бөліктерден тұрады.

3.Орталық сөйлеу аппараты – сөйлеуді реттеуші бөлім, ми құрылымдарынан тұрады және сөйлеу әрекетін басқарады.

5.Перифериялық сөйлеу аппараты – сөйлеуді жүзеге асыратын бұлшықеттер мен мүшелер жүйесі.

4.Брока орталығы – ми қыртысының маңдай бөлігінде орналасқан сөйлеуді қалыптастыруға ,дауыс шығаруға және сөйлеу процестерін іске асыратын жауапты аймақ.

5.Вернике орталығы – ми қыртысының самай бөлігінде орналасқан, сөйлеуді есту және түсінуге жауапты аймақ.

6.Ми қыртысы – мидың сыртқы қабаты, сөйлеуді басқару, түсіну, жазу және оқу қабілеттеріне жауап береді.

7.Ми қыртысы асты ядролар – сөйлеу мәнерін, анықтылығын және эмоционалды бояуын реттейтін ми құрылымдары.

8.Дауыс шығару аппараты – дыбыстарды қалыптастыруға қатысатын мүшелер жүйесі.

9.Тыныс алу аппараты – сөйлеу кезінде қажетті ауа ағынын қамтамасыз ететін мүшелер жүйесі (өкпе, бронхылар, кеңірдек, диафрагма).

10.Артикуляциялық аппарат – дыбыстарды дұрыс қалыптастыруға қатысатын мүшелер жиынтығы.

11.Белсенді артикуляциялық мүшелер – сөйлеу кезінде белсенді қозғалысқа  түсетін мүшелер (тіл, жұмсақ таңдай, ерін, төменгі жақ сүйек).

12.Енжар артикуляциялық мүшелер – сөйлеу кезінде қозғалысқа түспейтін мүшелер (қатты таңдай, жоғарғы жақ сүйек, тістер).

Сөйлеу аппараты мүшелерінің глоссарийі

13.Өкпе – тыныс алу процесінде ауа ағынын қамтамасыз ететін негізгі орган, сөйлеу кезінде дыбысты қалыптастыруға қажетті ауа қысымын тудырады.

14.Бронхылар – өкпеге ауа өткізетін тыныс алу жолдарының тармақтары, сөйлеу кезінде ауа ағынының реттелуіне қатысады.

15.Диафрагма – кеуде мен құрсақ қуыстарын бөлетін бұлшық ет, тыныс алуды реттеуге және сөйлеу кезінде ауа ағынын бақылауға көмектеседі.

16.Көмей – дауыс шымылдығы орналасқан орган, дыбыс қалыптасуының негізгі бөлігі болып табылады.

Артикуляциялық аппарат мүшелері:

17.Ерін – дауысты және дауыссыз дыбыстарды қалыптастыруға қатысатын маңызды артикуляциялық мүше. Еріннің ашылу, жабылу және дөңгелену қозғалыстары дыбыстардың ерекшелігін анықтайды.

18.Тіл – ең қозғалмалы және маңызды артикуляциялық мүше, дыбыстарды дұрыс айтуға жауап береді. Тілдің ұшы, ортасы, түбі әртүрлі дыбыстарды жасауға көмектеседі.

19.Таңдай – қатты таңдай (жоғарғы жақ сүйек бөлігі) және жұмсақ таңдай (артқы бұлшықетті бөлігі) болып бөлінеді. Таңдай дыбыстардың дұрыс қалыптасуына әсер етеді, жұмсақ таңдай мұрын арқылы ауа шығуын реттейді.

Артикуляциялық аппараттың ақауларының түрлері

20.Жарық – таңдайдағы туа біткен саңылау.

21.Тістену (ортогнатия) - астыңғы және үстінгі тістердің бірігіп тұрғанындағы жақ сүйектердің қабысуы .

Қалыпты жағдайда үстіңгі тістер біршама алға жылжып тұрады.

22.Прогения – астыңғы жақ сүйегінің шамадан тыс дамуына байланысты оның алдыға шығып кетуі

23.Прогнатия – жоғары жақ сүйегінің шамадан тыс дамуына немесе астыңғы

жақ сүйегінің жетік дамымауының салдарынын оның алдыға шығып кетуі.

Бұндай ақаулықты қазақ тілінде кемиек деп атайды

24.Алдыңғы тістену – астыңғы және үстіңгі тістер бір деңгейде

орналасады.

25.Алдыңғы ашық тістену – прогнатия, прогения немесе тістердің болмауы

(ақаулары) салдарынан алдыңғы тістердің қабыспауы

26. Диастема (diastema; греч. diastёma ара қашықтық, аралық)-тістердің

орналасуының бұзылуы; жоғары күрек тістер арасы шамадан тыс ашық.

27.Шынайы (d. verus) диастемабарлық тістер шығып болғаннан кейін байқалады.

28.Жалған (d. falsum) диастема-тістер шыққанға дейін байқалады.

Лекция 3
СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ. СӨЙЛЕУ ТІЛІ БҰЗЫЛЫСТАРЫНЫҢ ТОПТАСТЫРЫЛУЫ.

1.Былдыр - белгілі дыбыстық комплекстердің, дауыссыз және

дауысты дыбыстардың тіркестерінің пайда болуы.

2.Дауыс реакциялары – баланың туғаннан кейінгі алғашқы дыбыстық әрекеттері (айқай, жылау).

5.Уілдеу – 2-3 айдан бастап пайда болатын, белгілі бір дыбыстарды

(а, о, у, э) рефлекторлы түрде шығару процесі.

3.Былдыр – 5-6 айлық кезеңде пайда болатын, дауысты және дауыссыз дыбыстардың тіркестері (ба-ба, ма-ма, па-па).

4.Фонетикалық даму – баланың дыбыстарды дұрыс айту қабілетінің қалыптасуы.

5.Фонематикалық қабылдау – бала естіген дыбыстарды ажырату және түсіну қабілеті.

6.Мектеп жасына дейінгі кезең – 3 жастан 7 жасқа дейінгі аралық, сөйлеу тілі қарқынды дамитын уақыт.

7.Мектеп жасындағы кезең – 7 жастан бастап баланың сөйлеу тілін саналы түрде меңгеруі, жазбаша сөйлеудің дамуы.

8. Еріндік дыбыстар – айтылуы кезінде еріннің белсенді қатысуымен жасалатын дыбыстар.

9.Сигматизм – ысқырық және ызың дыбыстардың (с, з, ц, ш, ж) дұрыс айтылмауы.

Дауыстың бұзылуы глоссарийі

10.Афония – дауыс жоғалуы немесе мүлдем шықпауы. Бұл дауыс байламдарының ауруларынан, жүйке жүйесінің зақымдануынан немесе психогендік факторлардан туындайды.

11.Дисфония – дауыс күшінің әлсіреуі, қарлығуы немесе өзгеруі.  байламдарының шамадан тыс жүктелуі, қабыну процестері немесе неврологиялық бұзылыстар себеп болуы мүмкін.

12.Фонестения – адамның дауыс аппаратының органикалық зақымдануы болмаған кезде де дауыстың әлсіздігі мен тез шаршауы. Бұл көбінесе психоэмоционалдық факторларға байланысты болады.

Сөйлеу тілінің жылдамдығы мен ырғағының бұзылуы

13.Тахилалия – сөйлеу жылдамдығының қалыптан тыс жеделдеуі. Мұндай жағдайда адам өте жылдам сөйлеп, дыбыстарды жұтып қоюы немесе сөздерді дұрыс айтпауы мүмкін.

14.Брадилалия – сөйлеу жылдамдығының қалыптан тыс баяулауы. Бұл көбінесе жүйке жүйесінің бұзылыстарына немесе ми зақымдануына байланысты болады.

15.Тұтықпа (заикание) – сөйлеу ырғағының бұзылуы, сөзді немесе дыбысты қайталау, ұзақ кідіріс жасау, сөйлеу кезінде бұлшық еттердің тырысуы арқылы көрінеді.

Тіл дыбыстарының айтылуының бұзылуы

16.Дислалия – сөйлеу мүшелерінде анатомиялық немесе физиологиялық ақау болмаған жағдайда дыбыстарды дұрыс айта алмау, алмастыру, тастап кету немесе бұрмалау.

17.Ринолалия – дыбыстардың дұрыс айтылмауы мұрын қуысының қалыптан тыс жұмыс істеуімен байланысты сөйлеу бұзылысы. Ашық және жабық ринолалия болып бөлінеді.

18.Дизартрия – жүйке жүйесінің зақымдануынан сөйлеу мүшелерінің қозғалысындағы бұзылыстар, нәтижесінде дыбыстардың анық айтылмауы, сөйлеу қарқыны мен ырғағының өзгеруі байқалады.

Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы

19.Дислексия – оқу процесінің бұзылуы, яғни әріптерді, буындарды ауыстыру, сөздерді қате оқу, оқу жылдамдығының баяулығы немесе мәтінді түсінуде қиындықтар.

20.Дисграфия – жазу процесінің бұзылуы, әріптерді шатастыру, сөздерді дұрыс біріктіре алмау, грамматикалық және орфографиялық қателердің тұрақты түрде қайталануы.

21.Дизорфография – орфографиялық ережелерді меңгеруде қиындықтар, әсіресе грамматикалық заңдылықтарды саналы түрде қолдана алмау.

Сөйлеу тілінің бұзылуы

22.Фонетикалық бұзылыстар – балалардың кейбір дыбыстарды бұзып айтуы немесе мүлдем айтпауы. Бұл бұзылыс сөйлеудің жалпы қалыптасуына елеулі әсер етпейді және қарым-қатынас жасау функциясы сақталады.

23.Сөйлеу тілінің фонетика-фонематикалық жетіспеушілігі (ФФЖ) – фонемдерді дұрыс қабылдау және айту қабілетінің бұзылуы. Бұл бұзылыс балалардың ана тілін меңгеруіне кедергі келтіреді, бірақ олардың есту және ойлау қабілеттері сақталған.

24.Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы (ЖСТД) – сөйлеу тілінің күрделі бұзылуы, барлық деңгейлерін (дыбыстық, лексикалық, грамматикалық) қамтитын кешенді сөйлеу кемістігі.

Лекция 4
Логопедиялық жұмыстың диагностикалық негіздері

1.Логопедиялық тексеру әдістері – сөйлеу бұзылыстарын анықтау мен бағалау үшін қолданылатын тәсілдер

2.Ұйымдастыру әдістері – логопедиялық тексеруді жоспарлау, құрылымдау және жүзеге асыру тәсілдері.

3.Эмпирикалық әдістер – бақылау, сұхбат, тестілеу, эксперимент жүргізу арқылы сөйлеуді зерттеу.

4.Статистикалық әдістер – сөйлеу деректерін сандық және сапалық тұрғыда талдау.

5.Интерпретациялық әдістер – алынған нәтижелерді теориялық тұрғыда талдау және қорытындылау.

6.Фонематикалық есту – фонеманы тануды және ажыратуды қамтамасыз ететін нәзік есту жүйесі.

7.Фонематикалық қабылдау – сөздің құрылымындағы дыбыстарды ажыратуға бағытталған ойлау іс-әрекеті.

8.Сөйлеу анамнезі – баланың сөйлеу қабілеті туралы мәліметтерді жинау (қашан сөйледі, алғашқы сөздері, сөйлеу ерекшеліктері).

9.Билингвизм – екі немесе одан да көп тілді меңгеру, кейде сөйлеу бұзылыстарымен байланысты болуы мүмкін.

10.Дыбыс айтуды тексеру – баланың сөйлеу дыбыстарын дұрыс айту қабілетін бағалау, екі негізгі бағыттан тұрады:

11.Артикуляциялық тексеру – дыбыстардың жасалу ерекшеліктерін, сөйлеу мүшелерінің қозғалысын зерттеу.

12.Фонологиялық тексеру– тіл дыбыстарын (фонемаларды) әртүрлі фонетикалық жағдайларда ажырату қабілетін бағалау.

Дыбыс айту бұзылыстарының түрлері:

13.Дыбысты мүлдем айтпау (логопедияда "омиссия") – баланың белгілі бір дыбысты сөйлеуде қолданбауы.

14.Дыбысты бұзып айту (дисторсия) – дыбыстың дұрыс емес артикуляциямен айтылуы.

15.Дыбысты тұрақты алмастыру (субституция) – бір дыбыстың орнына басқа дыбысты тұрақты түрде қолдану.

16.Дыбысты шатастыру (персеверация) – ұқсас дыбыстарды бір-бірімен ауыстырып айту.

17. Дыбыстық талдау - сөздегі дыбыстың орнын, кезектілігін, санын анықтауға бағытталған ойлау іс-әрекеті.(Д.Б.Элькониннің анықтамасы)

Лекция 5
Дислалия: этиологиясы, бұзылу механизмдері, жіктелуі

1.Дислалия – сөйлеу тіліндегі дыбыстың айтылуының дербес бұзылуы. Ол

дыбысты алмастыру, дыбысты айтпай, тастап кету, бұрмалап айтумен

белгіленеді. Грамматикалық құрылысы және сөздік қоры жеткілікті денгейде

болады (Ф.Ф.Рау).

Дислалия – мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың сөйлеу

тіліндегі жиі кездесетін дыбыстардың айтылуының бұзылуы. Сөздік қоры

және грамматикалық құрылысы мөлшерде денгейде (О.В.Правдина).

Дислалия - есту қабілеті дұрыс және сөйлеу тілі аппаратының

иннервациясы сақталған қалпында сөйлеу тіліндегі дыбыстардың

айтылуының бұзылуы (Л. С. Волкова).

Дислалия – сөйлеу аппаратының анатомиялық немесе функционалдық ақаулары болмаған кезде дыбыстардың дұрыс айтылмауы (алмастыру, тастап кету, бұрмалау).

2.Фонетикалық бұзылыс – дыбыстарды дұрыс артикуляциялай алмау (мысалы, "р" дыбысының дұрыс айтылмауы).

3.Фонематикалық бұзылыс – баланың акустикалық ұқсас дыбыстарды (мысалы, "с" мен "ш") ажырата алмауы.

4.Акустикалық-фонематикалық дислалия – фонематикалық естудің жеткіліксіз дамуынан пайда болатын сөйлеу бұзылысы.

5.Артикуляторлы-фонематикалық дислалия – артикуляцияның дұрыс қалыптаспауы нәтижесінде дыбыстардың алмастырылып айтылуы.

6.Артикуляторлы-фонетикалық дислалия – артикуляцияның дұрыс қалыптаспауы нәтижесінде дыбыстардың бұрмаланып айтылуы.

Дислалияның халықаралық жіктелуі (грек алфавиті негізінде)

7Сигматизм – ысқырық және ызың дыбыстардың айтылу бұзылысы (с, з, ц, ш, ж, щ, ч).

8.Ротоцизм – "р" дыбысының дұрыс айтылмауы.

9.Ламбдацизм – "л" дыбысының бұзылып айтылуы.

10.Каппацизм – "к", "г", "х" дыбыстарының бұзылуы.

11.Йотоцизм – "й" дыбысының дұрыс айтылмауы.

12.Ұяң дауыссыз дыбыстардың бұзылуы – ұяң дыбыстардың қатаң дыбыстармен ауыстырылуы (б→п, д→т, в→ф, з→с, ж→ш, г→қ).

13.Жіңішке дауыссыз дыбыстардың бұзылуы – жіңішке дыбыстардың жуан дыбыстармен алмастырылуы (д’→д, п’→п, к’→к, р’→р).

Жай және күрделі дислалия

14.Жай дислалия (мономорфты дислалия) – бір ғана дыбыстың немесе артикуляциясы ұқсас дыбыстардың айтылуындағы бұзылыстар (мысалы, тек қана «с» немесе «р» дыбысының бұзылуы).

15.Күрделі дислалия (полиморфты дислалия) – әртүрлі топтағы бірнеше дыбыстың айтылуының бұзылуы (мысалы, ысқырық дыбыстар мен сонор дыбыстардың қатар бұзылуы).

16.Функционалды дислалия – сөйлеу мүшелерінде анатомиялық бұзылыстар болмаған жағдайда дыбыстардың дұрыс айтылмауы (еліктеу, дұрыс сөйлеу үлгісінің болмауы, фонематикалық естудің жеткіліксіз дамуы себеп болуы мүмкін).

17.Органикалық (механикалық) дислалия – артикуляциялық аппараттың анатомиялық бұзылыстарына байланысты дыбыстардың дұрыс айтылмауы (тіс, жақ, тіл, ерін патологиялары).

18.Диастема – алдыңғы тістер арасындағы үлкен саңылау, дыбыстардың бұзылып айтылуына себеп болуы мүмкін.

Логопедиялық түзету жұмысының кезеңдері

19.Дайындық кезеңі – сөйлеу мүшелерінің қозғалысын дамытуға, артикуляциялық жаттығулар жасауға және фонематикалық есту қабілетін жақсартуға бағытталған бастапқы кезең.

20.Дыбысты қою кезеңі – дұрыс артикуляцияны қалыптастырып, балаға дыбысты алғаш рет дұрыс айтуды үйрету кезеңі. Бұл кезеңде дыбысты айту әртүрлі әдістермен қойылады (механикалық, еліктеу, артикуляциялық тәсілдер).

21.Дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру кезеңі – баланың жаңа дыбысты сөйлеуде тұрақты қолдануын қалыптастыру, оны буындарда, сөздерде, сөйлемдерде дұрыс айтуға жаттықтыру.

22. Ұқсас дыбыстардан ажырату кезеңі – фонематикалық қабылдауды жетілдіру, дыбыстарды ажыратуға үйрету және сөйлеуде дұрыс қолдану дағдысын қалыптастыру.

Лекция 6
Дислалия кезінде логопедиялық жұмыстың әдістемесі

1.Сигматизм – ысқырық және ызың дыбыстардың («с», «з», «ц», «ш», «ж», «щ», «ч») айтылуының бұзылуы.

2.Еріндік-тістік сигматизм – «с», «з» дыбыстарының орнына «ф», «в» тәрізді дыбыстардың айтылуы (астыңғы еріннің жоғарғы тіске тиіп сөйлеуі).

3.Тісаралық сигматизм – «с», «з», «ш» дыбыстарын айтқанда тілді тістердің арасына шығарып сөйлеу (мысалы, «с» орнына «th» сияқты дыбыстау).

Азу тістер түйісіп тұрғаны мен төменгі,  жоғарғы күрек тістер арасында елеулі ашықтық болатындығы әсер етеді.

4.Тістөңіректік сигматизм – тілдің ұшы жоғарғы немесе төменгі тістердің артына тиіп дыбыстардың дұрыс айтылмауы.Тіс төңіректік сигматизмде тісаралық сияқты ысқырықтың жойылуымен, сондай-ақ С, Ц, З,  дыбыстары Т Д, дыбыстармен    алмастырумен сипатталады.

5.Ысқырық сигматизм – «с», «з», «ц» дыбыстарының бұзылып айтылуы (олардың орнына басқа дыбыстардың қолданылуы немесе бұрмалануы). Бұл сигматизмде С дыбысы Ш дыбысымен Ц дыбысы Ч дыбысымен, 3 дыбысы Ж дыбысымен алмасады. Тіл ұшының күрек тістерден қашықтау салдарынан ысқырық дыбыстарға қажет қуыс мөлшерінің ердәуір үлкеюі нәтижесінде п.б.

6.Бүйірлік сигматизм – ауа ағыны ортасымен емес, тілдің бір немесе екі шетімен өтіп, бүйірлік шуылдың пайда болуы.

7.Мұрындық сигматизм – мұрындық реңк жұмсақ таңдай мен жұтқыншақтың артқы қабырғасы арасында елеулі қуыс болуы, соның салдарынан шығатын дем мұрын арқылы өтуі нәтижесінде пайда болады,нәтижесінде «с», «з» дыбыстары мұрындық үнмен шығады.

8.Параротацизм – «р» дыбысының бұрмаланып айтылуы немесе басқа дыбыспен алмастырылуы.

9.Парасигматизм – ысқырық және ызың дыбыстардың қатты бұрмалануы немесе мүлдем өзгеше дыбыспен алмастырылуы.

Лекция 7
Дислалия кезінде логопедиялық жұмыстың әдістемесі

1.Каппацизм – «к» және «к'» дыбыстарының дұрыс айтылмауы немесе бұзылуы.

2.Гаммацизм – «г» және «г'» дыбыстарының дұрыс айтылмауы немесе бұзылуы.

3.Хитизм – «х» және «х'» дыбыстарының дұрыс айтылмауы немесе бұзылуы.

4.Паракаппацизм – «к» дыбысының басқа дыбыспен алмастырылуы.

5.Парагаммацизм – «г» дыбысының басқа дыбыспен алмастырылуы.

6.Парахитизм – «х» дыбысының басқа дыбыспен алмастырылуы.

7.Йотацизм – «й» дыбысының дұрыс айтылмауы немесе бұзылуы.