Копия доски "Long and Short Term Goals" by

Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте туған. Шыққан руы қожа.

Мұхтардың атасы Әуез ескіше сауаты бар, араб, парсы, ортазиялық түркі әдебиетімен таныс болған. Мұхтар бала кезінде атасының үйретуімен арабша хат таниды. Мұхтардың әкесі Омархан да, Әуез де Абай аулымен іргелес отыратын, құдалы, дос-жар адамдар еді. 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.

Шығармалары

Әдебиет тарихы, Қызылорда, 1927;

Әр жылдар ойлары, А., 1959;

Мысли разных лет, А., 1961;

Уақыт және әдебиет, А., 1962;

Абай Құнанбаев, А., 1967;

Абайтанудан жарияланбаған материалдар, А., 1988;

Абайтану дәрістері, А., 1995;

Ескермедім, қабылдамадым, А., 1998;

Абайтану оқулары, А., 1998.

Мұхтар Әуезов Шығармалары шет тілінде шыққан басылымдары

Абай жолы. Роман-эпопея, А., 1952, 1953, 1955, 1956, 1958, 1961, 1979, 1980 (орыс тілінде: Путь Абая. Роман-эпопея, М., А., 1952, 1955, 1957, 1958, 1960, 1965, 1971);

Армян тілінде: Абай. Роман, Ереван, 1952;

Әзірбайжан тілінде: Абай. Роман, Бакы, 1954;

Башқұрт тілінде: Абай юлы. Роман-эпопея, Өфә, 1961;

Қырғыз тілінде: Тарыхый роман, Фрунзе, 1—2 кітап, 1957;

Абай жолу. Роман-эпопея, 1957 — 63;

«Абай жолы» – Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі роман-эпопеясы. «Абай жолы» – қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті. Әуезовтың «Абай жолы роман-эпопеясы әлемдік деңгейде: «XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі» (Луи Арагон) деген жоғары баға алды. Сондай-ақ бұл роман-эпопея қазақ халқын, қала берді бүкіл түркі әлемін дүние жүзіне танытқан ұлы шығарма ретінде де танылды. Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын «Абай» (1942, 1947), онан кейін мұның жалғасы болып табылатын «Абай жолы» (бұл да екі кітаптан тұратын; 1952, 1956) романын жазды. Осы төрт томнан тұратын «Абай жолында» қазақ қоғамының алуан түрлі топтары кең қамтылып, сан қырлы тұтас галерея жасалды. Онда қазақ халқының этнографиялық, діни, жалпы мәдени-танымдық дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, құдалыққа бару мен той жасау, кісі өлімі мен аза тұту, ас беру, жұт, болыс сайлауы, дауға билік айту, аң аулау мен табиғат көріністері, т.б. бәрі бар. Роман-эпопеяның танымдық мәнімен бірге ұлттық әдебиет пен мәдениетті, ана тілін өркендетудегі рөлі зор болды.

Әйелдері - Райхан, Кәмила, Валентина Николаевна Кузьмина, Фатима Ғабитова

Қыздары – Мұғамиля, Лейла

Балалары – Шоқан, Ернар, Мұрат Әуезов[2]

Алайда Мұхтар Әуезовтың басқа рухани серігіне айналған бірнеше сүйікті әйелдері болған. Олардың ішінде бізге есімдері белгілілері: Аққал, Ғайни, Рәзия, Гүлбан, Күлан, Мәспен, Оразкен, Ольга, Надя.