Абайдың қара сөздері by Сегізінші Мектеп

Ғинаят Әділет

7 «Ә» сынып оқушысы

Мен 7 сыныпта оқимын. Биылғы оқу жылында әдебиет пәнінен Абай Құнабайұлының өлеңдерін оқып, «Жиырма тоғызыншы» қара сөзімен таныстық. Абай Құнанбайұлы қара сөздің шебері екенін білдік. Ұлы ақын өзінің өлеңдеріндегі тәрізді қара сөздерінде де, ұрлық, парақорлық, мансапқорлық сияқты елдің ел болуына бөгет болатын кеселдерді айтып сынады.

Біз оқыған «Жиырма тоғызыншы» қара сөзінде ақын кейбір мақал-мәтелдердің жас ұрпақты теріс тәрбиелейтін үлгілерін көрсетті.«Мал адамның бауыр еті», «Малдының беті жарық, малсыздың беті шарық», «Жарлы болсаң - арлы болма» дей келе, ақын былай дейді: «бұл мақалдардан не шықты? Мәлім болды: қазақ тыныштығы үшін, ғылым үшін, әділет үшін қам жемейді екен, мал үшін қам жейді екен; бірақ ол малды қалайша табуды білмейді екен, бар білгені малшыларды алдап алмақ...».

Ақын өзі де жастарға тәлім - тәрбие беретін бірнеше мақал-мәтелдерді де ойлап тапқан «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Азат басың болсын құл – қолдан келмес іске ұмтыл», «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол». Ұлы ойшыл өз заманындағы ардан безгендерді, жатып ішер жалқауларды сынай отырып, жас ұрпақты тәлім-тәрбиеге, білімге, адамгершілікке үндейді. Біз сияқты жас ұрпаққа берер тәрбиесі, айтар ойы терең.

Зубайрин Бегазы

7«Ә» сынып оқушысы

Атақты ғұлама ғалым, әлемнің екенші ұстазы Әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы»  деген атаулы сөзі бар. Осыдан-ақ тәрбиенің адам өміріндегі маңызын көруге болады. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздері жалпы қазақ баласына ерекше тәрбие береді, әсіресе білімге ұмтылушы жастар үшін айрықша құнды. Ақын қартайған шағында өзі көрген өмір сабақтары туралы ой түйіндеп, қара сөздерін жазды, бұл қара сөздердің көлемі шағын, мазмұн мағынасы мол, терең болып келеді.

Ақынның 45 қара сөзі бар. «Ақыры, ойладым, осы ойыма келген нәрселерді қағазда жаза берейін, ақ қағазбен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса жазып алсын, я оқысын, керек жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған бел байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ». Осы қара сөздер арқылы, кейінгі ұрпаққа ақыл - өнеге, өсиет, ғибрат қалдыруды көздейді.

Мен өзімнің сыныптастарымды, құрбыларымды ұлы ақынның қара сөздерін оқуға шақырамын, оның қара сөздері бізді адамгершілікке баулып, адамдық сипатта бой түзеуге, рухани кемелденуімізге әсерін тигізері анық.

Абай Құнанбайұлының қара сөздері – ғибратты сөздер.

Амангелді Аяулым

7 «А» сынып оқушысы

Абай Құнанбайұлының оқырманына ой тастар, тереңнен толғандыратын шығармаларының бірі – қара сөздері. Мен ақынның «Он тоғызыншы» қара сөзін оқып шықтым.

«Адам дейді ол, «Он тоғызыншы сөзінде», - ата анадан туғанда есті боомайды: естіп, көріп, ұстап, татып иіскесе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды – дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі, өзі де есті болады».

Бұл сөздер Абайдың адам тәрбиесіне, жас ұрпақты ойлы, білімді, есті етіп тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл қойғанын танытады. Ұлы ақын өзінің қара сөздерінде мәдениетті елдердің қатарына қосылу үшін, ғылым білімнің қажеттігін түсіне отырып, жастарды оқытуды бірінші кезекке қойды. Абай ақынның бұл ойы бүгінгі біздің тіршілігіміздің де басты бағдары. Адамның қолын бақытқа жеткізетін білім екендігін бүгінде түсініп отырмыз. Сондықтан білімге ұмтылған жастар ұлы ақынның бұл айтқандарын есте берік сақтауы қажет.

Бауыржанұлы Рүстем

6 «В» сынып оқушысы

Кімде – кім өмірден өз орнымды табамын, адал еңбек етіп жақсы азамат боламын десе, Абай Құнанбайұлының қара сөздерін оқыса артық болмас. Өмірде алдыңа жақсы мақсат қойып, соған жету үшін саған жолбасшы болар, бағыт – бағдар берер ақынның даналық ойлары дер едім.

Абай ақынның өмірінің өзі бізге үлгі – өнеге. Өз бетімен оқып, орыс тілін үйреніп, басқа елдің әдебиеті мен мәдениетін білді. Ақын болып қана қоймай, аудармашы да болды. Кемел ақынның жүріп өткен жолы бізге үлгі –өнеге.

Айдарбек Ислам

7 «Ә» сынып оқушысы

Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы.Ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасыр болды. Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өміріндегі айнымас темірқазық болып қызмет етіп келеді.

Мен ұлы ақынның бірнеше қара сөздерін оқып шықтым, соның ішінде «Отыз екінші» қара сөзі маған ұнады. Бұл қара сөздің біз сияқты шәкірттер үшін баға жетпес пайдасы бар. Ақын ата бұл сөзінде шын ықылас қойып үйренсең, ғылым ойыңа оңай қонады. Ынтаң шала болса, білімің де шала болады деген ой айтады. Абай атаның осы сөзін қойын дәптерге көшіріп алып, жаңа сыныпқа көшкен сайын бір рет оқып отырса, әрбір оқушыға зор пайда келтірері анық.

Серикова Еркеназ

6«В» сынып оқушысы

Біз мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап, данышпан ақын Абайдың өмірін оқып өлеңдерімен таныстық. Абай шығармалары бізді білімге, еңбекке, адамгершілікке шақырады. Ұлы ақын шығармаларын оқыған сайын бір тамаша қырын танып, қуанышқа кенелесің.

Сондықтан да мен өз достарымды Абай шығармаларын оқуға шақырамын.Ақынның даналыққа толы өлеңдері сенің үлкен азамат болуыңа әсері тигізері сөзсіз.

Қожанберді Аруна

6 «В» сынып оқушысы

Данышпан ақын Абай «соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп, мыңмен жалғыз алыса жүріп» болашақ ұрпақтан үміт күтті. Адам болам деген жасөспірімге  тіл қатып, білім алудың жолдарын үйретті. Ақынның өлеңдері де, қара сөздері де бүгінгі ұрпақ үшін өнегелі нақыл сөзге айналды.

1.      Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез.

2.      Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз.

3.      Адам баласына адам баласының бәрі дос.

4.      Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

5.      Досыңа достық – қарыз іс,

Дұшпаныңа әділ бол.

Менің ойымша,  әрбір жас жеткіншек осы тағылымды сөздерден өнеге алуы тиіс деп ойлаймын.