Телеконфренция және телемедицина by Эльвира Шарипбаева

Телемедицина - медицинада жаңа бағыт.
Телемедицина өзіне бірнеше саланы біріктіреді, яғни, медицина, телекоммуникация, ақпараттық технологиялардың тоғысқан жеріндегі жаңа бағыт.  Ең басты жетістіктерінің бірі – жетекші медициналық орталықтардың жоғары мамандандырылған жәрдемін жеке аудандарға беру, пациенттердің шығындарын айтарлықтай үнемдеу мүмкіндігі. Телемедициналық кеңестер байланыстың электрондық каналдары арқылы медициналық ақпараттық хабарлар беру көмегімен жүзеге асырылады. Кеңестер деректерді беру және сақтау режимінде де және сол нақты уақытта online  режимінде де жасалады. Жоспарлы және шұғыл, жоспардан тыс видеокеңестер, видеоконсилиумдар кеңесші дәрігер мен емдеуші дәрігердің, қажет болған жағдайда науқасты қатыстыра отырып, тікелей қатынасуға болады. Сонымен қатар, видеоконференциялық байланыстар сеансы екі абонент арасында да және көпнүктелі режим деп аталатын бірнеше абоненттер арасында да өткізуге болады, яғни аса күрделі жағдайларда түрлі медициналық орталықтардың дәрігерлері арасындағы  консилиумымен талқылануы мүмкін.

Телемедициналық жүйелер дәрігер сарапшымен диалогты ұйымдстыруға, кез-келген аралықта мамандандырылған қорытынды шығару үшін барлық медициналық ақпараттарды (ауру тарихынан үзінді, УДЗ суреттері) беруге мүмкіндік береді. Телемедицина жобасының түпкі мақсаты – төрт интеграциялық деңгейлермен телемедицинаның ұлттық желісін құру болып табылады.

Әлемдегі телемедицинаның дамуы.
Қазақстанның жағдайында телемедицинаны дамытудың тиімділігін нақты анықтау мақсатында талдамалық зерттеу жүргізу қажет. Оның қорытындысы оң болған жағдайда:

а) телемедицинаның қазіргі заманғы жоғарытехнологиялық жүйесін енгізудің бірыңғай мемлекеттік бағдарламасын жасау мәселесін қарастырған жөн; б) орталық және жергілікті атқарушы органдарға денсаулық сақтау ұйымдарының баланстарындағы телемедициналық жабдықтарды жаңартуүшін қаржы көздерін қарастыруды тапсыру керек. Бұл ретте ынтымақтастықтың мемлекеттік-жекешелік әріптестік, инвестициялық жобалар және мемлекеттік тапсырыс сияқты модельдерін қолдану ұсынылады; в) телемедицина жабдықтары орнатылған денсаулық сақтау ұйымдарындағы Интернет байланысы арналарының өткізу қабілетін арттыру шараларын қолдану қажет;
Денсаулық сақтауды цифрландыру процесінде, соның ішінде телемедицинаны қолдану барысында туындаған пациенттердің дербес деректерінің жабықтығын қамтамасыз ету мақсатында блокчейн-технологияларды енгізуді және тиісті нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуді жеделдеткен жөн.

Мобильді телемедициналық кешендер
Соның ішінде цифрландыру инфрақұрылымын дамытуға тоқталғаны белгілі. «Мен келесі жылдан бастап ұлттық жобаны жүзеге асыруды тапсырдым. Бұл құжат, ең алдымен, ауыл тұрғындарының сұранысын қанағаттандыруға арналған. Ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана заманға сай жаңарып, енді ауданаралық көпбейінді мекемеге айналады. Сонымен қатар, телемедицина бағытын дамытатын боламыз. Сол арқылы шалғайда тұратын халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетілетін болады» деді Президент.

Теле-білім беру
Қашықтан дәрігерге жүгіну ұтымды. Тек қана консуль­та­­­ция­ның құнын төлей отырып, пациент уақытын кезекте тұруға, жолға жұмсамайды, жол­­ға шы­ғын­­данбайды. Басқа өңір­­ден келетін болса пәтер немесе қонақүй жалдауды қажет етпейді. Оның үстіне пандемияға байланыс­ты қауіпсіз де. Тіркеу орнында, зерттеуге кезекте тұр­ған­да, дәрігердің кабинетінде бас­қа науқастармен байланыс болмайды. Коронавирусты немесе басқа инфекцияны жұқтыру қаупі төмендейді. Кез келген дәрігер үшін қабылдау уақыты қысқарады. Дәрігер үшін пациент жіберген медициналық ақ­паратқа талдау жасауға мүм­кіндік туады. Себебі кез келген талдауда медициналық құ­жат­тар шешуші орын алады. Бір­ың­ғай медициналық ақпа­рат­тық жүйе мен цифрландыру емханалардағы дәрігерге кезекке тұ­ру­дың мәселелері мен басқа да көптеген мәселені жылдам шешу­ге мүмкіндік береді.

Телеконференция өткізу және қатысу мақсаты
Телеконференция ұйымдастыру кәдімгі кітапхана немесе архив жұмысына ұқсас жүргізіледі. Мұнда да көпсатылы тақырыптық каталогтар мен олардағы мәліметтерді сақтау ісі ұйымдастырылады. Телеконференцияларда әртүрлі орындардан алынған хабар-хаттар түрінде сақталады, олардың біразы электрондық пошта арқылы жинастырылады. Сол себепті мұндай хаттар мақалалар деп аталады. Нақты тақырыпқа бағытталған конференция мәліметтері каталогтар сатылары арқылы көрсетіліп тұрады десе де болады. Мысалы, relkom.commerce.food.drinks (байланыс, коммерция, тамақ, сусын) деген телеконференция атауы қарастырылатын мәселені біртіндеп отырып айқындайды: RELCOM телеконференциясы коммерцияға арналған, тамақ өнімдері, оның ішінде сусындар туралы өткізіледі.

Телеконференция түрлері және сервер. Телеконференцияға онлайн және оффлайн қатысу
Телеконференция - бұл жай ғана іс-шара өзі, екі пайдаланушылардың көп байланыста болуға мүмкіндік беретін, сондай-ақ қашықтағы топ байланыс, мысалы, электрондық хабарландыру тақталарында, видеоконференция, сондай-ақ арнайы жүйелері, онлайн қызмет провайдерінен құралдарының тұтас жиынтығы емес. кез келген осындай онлайн кездесу үшін арнайы пайдалану қажет , бағдарламалық қамтамасыз ету және техникалық қолдау тобы талқылауға барлық қатысушылар арасындағы байланыс қолдау.