[тема обсуждения] by Айтуган Абдижами

Сілтеме бойынша өтіп, заңды тұлғаның бір түрін талдаңыз.

Мен қандай заңды тұлға құрар едім?

Жасұланұлы Мәди ю24-1к

Менің мақсатым – эко-туризмді дамытуға арналған Консалтингтік Компаниясын құру.Егер мен заңды тұлға құратын болсам, ол міндетті түрде Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік (ЖШС) болар еді.Мен ЖШС-ті бір ғана жалғыз құрылтайшы ретінде бастаймын себебі, бұл басқаруды жеңілдетеді, шешімдерді тез қабылдауға мүмкіндік береді. Бірақ болашақта жобаның қаржылық ауқымын кеңейту және сараптамалық білімді тарту үшін екі-үш серіктеспен жұмыс істеуді жоспарлар едім.ЖШС-ті таңдау себебім бұл біріншіден, қауіпсіздік серіктестік міндеттемелер бойынша қатысушылар тек өздерінің салымдарымен ғана жауап береді. Яғни, консалтингтік жобаларда қаржылық тәуекел туындаса, менің жеке мүлкім қорғалады.Екіншіден, ЖШС икемді басқару мүмкіндігін береді. Бастапқыда жалғыз құрылтайшы болсам да, кейіннен бірнеше экология және туризм саласындағы сарапшыны серіктес ретінде тарту оңай, әрі олардың арасындағы қатынас Құрылтай шартымен айқын реттеледі. Бұл еліміздің табиғи ресурстарын тиімді пайдалануға бағытталған коммерциялық жоба үшін оңтайлы және сенімді құқықтық негіз болып табылады деп ойлаймын.

Сұрақтар:

Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің айырмашылығы қандай?

Заңды тұлғаның құрылтайшысының қатысушысынан қандай айырмашылығы бар?

Комерциалық емес ұйымның табыс табуы заңды ма?

Заңды тұлға қандай жағдайларда қайта тіркеуден өтуге тиіс?

ЖШС-тің мүліктік жауапкершілік сипаты қандай?

Серік Аделя ю-24-1к

Егер мен заңды тұлға құратын болсам, ол жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) түріндегі құқықтық көмек көрсету орталығы болар еді. Ұйымның басты мақсаты – заңды дұрыс әрі икемді пайдалану арқылы адамдарға қолайлы және әділ көмек көрсету. Әсіресе мектептерде кездесетін әлімжеттік пен балаларға жасалатын зорлық-зомбылықтың алдын алуға, олардың құқықтарын қорғауға назар аударар едім. Сонымен қатар әскердегі заңсыз іс-әрекеттер мен күш көрсетудің болмауына үлес қосар едім.

Мен бұл ұйымды ЖШС түрінде құрар едім, себебі бұл нысан тұрақты, жауапкершілігі айқын және тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Қатысушылар тек өз үлесі көлемінде жауап беретіндіктен, ұйым қызметі сенімді әрі қауіпсіз болады. Мұндай құрылым заң аясында еркін жұмыс істеуге, қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыруға және адамдардың заңға деген сенімін күшейтуге мүмкіндік береді.

Сұрақтар:

1. Толық серіктестік пен сенім серіктестігінің арақатынасы

2. Заңды тұлғаны таратуға негіз болатын себептер

3. Мемлекеттік тіркеудің заңды тұлға үшін маңызы қандай?

4. Заңды тұлғаны қайта құру қандай түрлерде жүзеге асады?

5. Заңды тұлғаның жарғысында қандай мәліметтер міндетті түрде көрсетілуі керек?

Сансызбай Мүслім Ю-24-1к

Мен қандай заңды тұлға құрар едім?

Мен құрған заңды тұлға — экологиялық бағыттағы қоғамдық қор болар еді. Қордың негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, жасыл технологияларды насихаттау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Қоғамдық қор — коммерциялық емес ұйым, сондықтан ол әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруда тиімді. Менің ұйымым экологиялық ағарту жұмыстарын жүргізіп, қалдықтарды қайта өңдеу, ағаш отырғызу және таза ауа аймақтарын көбейтуге атсалысар еді. Бұл бастама тұрақты даму мен болашақ ұрпақтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталады.

Сансызбай Мүслім Ю24-1к

Сұрақтар:

Заңды тұлға дегеніміз не және оның қандай түрлері бар?

Неліктен сіз дәл осы бағытта заңды тұлға құрғыңыз келеді?

Құратын ұйымыңыз қандай әлеуметтік немесе экономикалық мәселелерді шешуге бағытталады?

Сіздің заңды тұлғаңыздың табыс көзі немесе қаржыландыру көзі қандай болады?

Ұйымыңыздың болашақтағы дамуына қандай жоспарлар қойар едіңіз?

Мен қандай заңды тұлға құрар едім ?

Турарбекова Гаухар ю-24-1к

Егер мен заңды тұлға құратын болсам, отбасындағы зорлық-зомбылықпен күресетін «Қауіпсіз Отбасы» құқықтық орталығын  ашар едім. Бұл ұйым отбасылық қатынастар саласындағы азаматтық құқықты қорғауға бағытталады. Себебі қазіргі таңда осы мәселе қоғам үшін өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Статистикаға сүйенетін болсақ Қазақстанда 10 отбасы некеге тұрса кем дегенде оның 3 ажырасып жататы. Ажырасудың көп себептерінің бірі бұл отбасындағы зорлық-зомбылық болып табылады

Орталықтың басты мақсаты – жәбірленушілерге құқықтық көмек көрсету, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамда отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Құқықтық кеңестер беру, уақытша баспана ұсыну және қорғау ордерін рәсімдеуге көмектесу – ұйым қызметінің негізгі бағыттары болар еді.

Әрбір адамның қауіпсіз әрі құрметке негізделген отбасында өмір сүруге құқығы бар. Менің заңды тұлғам осы құқықты қорғауға үлес қосар еді.

Сұрақтар:

1   Заңды тұлғаның азаматтық құқықтары мен міндеттері қалай туындайды және ол қашан жүзеге аса бастайды?

2  Коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың арасындағы басты айырмашылық қандай?

3  Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына қандай негізгі мәліметтер енгізілуі тиіс?

4  Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мүліктік жауапкершілігі қандай ерекшеліктерге ие?

5  Мемлекеттік кәсіпорын мен мекеменің мүлікке қатысты құқықтық айырмашылықтары қандай?

Маликов Ислам

Егер мен заңды тұлға құратын болсам, еліміздің әлеуметтік және экономикалық дамуына үлес қосатын ұйым құрған болар едім. Бұл ұйымның басты мақсаты – жастарды қолдау, олардың кәсіпкерлік қабілеттерін дамыту және қоғамға пайдалы бастамаларды жүзеге асыру болар еді. Ұйым өз қызметінде заңдылықты, әділдікті және жауапкершілікті басты қағида етіп ұстанар еді. Сонымен қатар экологиялық жобалар мен қайырымдылық шараларын жүзеге асырып, қоғамның тұрақты дамуына үлес қосар еді. Менің заңды тұлғам – жаңашылдық пен игіліктің негізі болар еді.

Текебаев Бисултан Ю-24-1к

Мен қандай заңды тұлға құрар едім?

Егер мен заңды тұлға құратын болсам, ол – «Ашық заң» атты құқықтық ағарту орталығы болар еді. Бұл ұйымның басты мақсаты – қарапайым халықтың заңды құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, құқықтық сауаттылықты арттыру. Заңға сәйкес орталық коммерциялық емес ұйым ретінде тіркеліп, өз жарғысы мен атауы негізінде әрекет етеді. Мұнда тегін кеңестер беріліп, жастарға құқықтық білім курстары ұйымдастырылады. Мысалы, азаматтар еңбек шарттарын, тұрғын үй құқықтарын немесе кәсіп ашудың заңдық қырларын осы орталық арқылы біле алады. Мұндай заңды тұлға қоғамға үлкен үлес қосады: біріншіден, әділдікті насихаттайды, екіншіден, құқық бұзушылықтың алдын алады, үшіншіден, халықтың заңға деген сенімін арттырады

Сұрақтар:

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес заңды тұлғаның негізгі белгілері қандай?

Заңды тұлға қандай тәртіппен және қандай құжаттар негізінде құрылады?

Коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғалардың айырмашылығы неде?

Заңды тұлға өз мүлкімен қандай жауапкершілік атқарады?

Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі қалай жүзеге асырылады?

Галим Нуркарим, Ю-24-1к

Мен қандай заңды тұлға құрар едім?

Егер мен заңды тұлға құратын болсам, «LexConsult» атты жауапкершілігі шектеулі серіктестігін (ЖШС) құрайтын едім. Бұл заңды тұлға азаматтар мен ұйымдарға кәсіби құқықтық көмек көрсетуді мақсат етеді. Заңгер ретінде мен адамдардың құқықтарын қорғап, олардың заң алдындағы мүдделерін әділ шешуге көмектескім келеді.

Мен ЖШС нысанын таңдар едім, себебі ол коммерциялық ұйым болып табылады және табыс табуға бағытталған. Мұндай ұйым құрылтайшылары өз мүлкімен емес, тек жарғылық капиталдағы үлесі шегінде жауап береді. Бұл кәсіпкер үшін үлкен қауіпсіздік пен тұрақтылық береді.

Мысалы, менің «LexConsult» ЖШС-ім азаматтық және еңбек даулары бойынша кеңес беріп, шарттар мен құжаттарды заңды тұрғыда рәсімдеуге көмектесер еді. Оның пайдасы - қоғамдағы құқықтық сауаттылықты арттыру, заң көмегіне қолжетімділікті қамтамасыз ету және экономикалық белсенділікті дамыту. Осылайша, мен құрған заңды тұлға заңның үстемдігін нығайтып, әділдік пен сенімділікті басты қағида етер еді.

Сұрақтар:

1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес заңды тұлға дегеніміз не және ол қай сәттен бастап құрылды деп саналады?

2. Азаматтық кодекске сай, заңды тұлғалар қандай түрлерге бөлінеді және олардың айырмашылығы неде?

3. Азаматтық кодекске сәйкес заңды тұлғаның атынан кім әрекет етеді және оның өкілеттігі қалай белгіленеді?

4. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына қандай негізгі деректер мен ережелер енгізілуі тиіс?

5. Азаматтық кодекс бойынша заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы мен таратылуы қандай тәртіппен жүзеге асырылады?

Сейтқазы Ұлпан Ю-24-1К

Мен заңды тұлға құрғым келсе, оны «QazaqTalk» деп атар едім. Бұл ұйымның басты мақсаты – қазақ тілін үйренуді жеңіл әрі қызықты ету. QazaqTalk онлайн платформа арқылы тіл үйренушілерге интерактивті сабақтар, бейнематериалдар және ойын түріндегі тапсырмалар ұсынады. Ұйым коммерциялық емес бағытта жұмыс істеп, тіл мәдениетін дамытуға үлес қосады. Мұндай заңды тұлға жастарға ана тілін жақсы меңгеруге мүмкіндік беріп, қоғамдағы тіл беделін арттырар еді. Қазақ тілін сүйетін және оны жаңа деңгейге көтергісі келетін барша адамға есігі ашық болар еді.

Сұрақтар:

Заңды тұлға мен жеке кәсіпкердің айырмашылығы неде және стартап үшін қайсысы тиімді деп ойлайсыз?

Егер өз бизнесіңізді бастасаңыз, заңды тұлғаңыз қандай бағытта жұмыс істер еді және неге дәл сол бағытты таңдар едіңіз?

Заңды тұлға құру кезінде ең маңызды үш факторды атаңыз және олардың неге маңызды екенін түсіндіріңіз.

Коммерциялық емес ұйымдар қоғамға қандай пайда әкеле алады деп ойлайсыз?

Болашақта Қазақстанда заңды тұлғаларға қатысты қандай жаңашылдықтар қажет деп санайсыз?

Кинаятов Алихан Ю-24-1К

Тақырыбы: Мен қандай заңды тұлға құрар едім

Қазіргі таңда өз кәсібін ашу – жауапкершілікті әрі пайдалы іс. Егер мен заңды тұлға құратын болсам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) түрін таңдар едім. Себебі ЖШС – Қазақстандағы ең қолайлы және сенімді ұйымдық-құқықтық нысан. Оның басты артықшылығы – қатысушылар өз мүлкімен емес, тек енгізген капиталымен ғана жауап береді. Бұл кәсіпкер үшін үлкен қорғаныс.

Мен өзімнің азық-түлік дүкенімді немесе жеткізу қызметімді ресми түрде ЖШС ретінде тіркеуді жоспарлар едім. Мұндай нысан арқылы мен заңды түрде жұмыс істеп, келісімшарттар жасап, бизнесті кеңейтуге мүмкіндік аламын. Сонымен қатар, салық төлеу мен басқару жүйесі де жеңіл.

Қорытындылай келе, ЖШС – тұрақтылықтың, сенімділіктің және заң алдындағы адалдықтың белгісі. Сондықтан мен дәл осы нысанды таңдаған болар едім.

Сұрақтар:

1.Алихан қандай заңды тұлға түрін құруды таңдаған және не себепті?

2.ЖШС нысанының басты артықшылығы неде?

3.Алихан қандай қызмет түрін ЖШС ретінде тіркеуді жоспарлаған?

4.ЖШС арқылы кәсіпкер қандай мүмкіндіктерге ие бола алады?

5.Эссенің қорытындысында Алихан ЖШС-ті қандай құндылықтармен байланыстырады?

Ерғалы Мнуарддин Ю-24-1К

Өндірістік кооператив

Мен өз кәсібімді бастайтын болсам, ауылшаруашылық өндірістік кооператив заңды тұлғасын құрар едім. Бұл ұйымның басты мақсаты – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу және өткізу арқылы ауыл тұрғындарының табысын арттыру. Кооперативтің жақсы жағы – мүшелердің ортақ мүдде жолында бірлесіп еңбек етуі, шығынды және табысты әділ бөлісуі. Сондай-ақ ол ауыл аймақтарында жаңа жұмыс орындарын ашуға, жергілікті экономиканы дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Алайда жаман жағы – кейде басқару мен шешім қабылдауда келіспеушіліктер болуы, әр мүшенің жауапкершілігі бірдей болмауы. Сонымен қатар, кооператив табысы азайған жағдайда барлық мүше бірдей зиян шегеді. Заң саласында мұндай тұлға Азаматтық кодекспен және «Өндірістік кооператив туралы» заңмен реттеледі. Кооператив мүшелері еңбекке жеке қатысуға міндетті және мүліктік үлес енгізеді. Салық саласында кооператив шағын бизнес субъектісі ретінде жеңілдетілген салық режимін пайдалана алады, бірақ табыс көбейген сайын корпоративтік табыс салығын төлеу міндеті туындайды.

Осылайша, ауылшаруашылық өндірістік кооператив – ел экономикасына пайда әкелетін, бірақ тиімді басқаруды қажет ететін заңды тұлға деп санаймын.

1. Ауылшаруашылық өндірістік кооператив қандай заңнамалық актілермен реттеледі?

2. Кооператив мүшелерінің құқықтары мен міндеттері қандай болып табылады?3. Кооператив заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден қалай өтеді және оның құқықтық мәртебесі қандай?

4. Кооперативтің мүліктік жауапкершілігі қалай белгіленеді және шығындарға кім жауап береді?

5.Кооперативтің салық саласындағы міндеттемелері мен жеңілдіктері қандай заңдармен айқындалады?

Ахметов Даниял

Ю24-1к

Тақырыбы:Мен қандай заңды тұлға құрар едім?

Егер мен өз заңды тұлғамды құратын болсам, мен «ЖасҚанат» атты әлеуметтік бағыттағы жауапкершілігі шектеулі серіктестік ашар едім. Бұл ұйымның басты мақсаты – жастардың кәсіби дамуына, стартап идеяларын іске асыруына және қоғамға пайдалы жобаларды жүзеге асыруына қолдау көрсету болар еді.

Менің ойымша, қазіргі заманда жастарға бағыт-бағдар беріп, олардың әлеуетін ашуға көмектесу – маңызды әлеуметтік миссия. «ЖасҚанат» орталығы бизнес-тренингтер, құқықтық кеңестер мен инновациялық жәрмеңкелер ұйымдастырып отырар еді. Сонымен қатар, ұйым табысының бір бөлігі қайырымдылық жобаларға жұмсалып, ауыл жастарына гранттар тағайындауға бағытталар еді.

Заңды тұлға ретінде ұйым мемлекеттік тіркеуден өтіп, өз жарғысы мен мөрі болар еді. Ол Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сай әрекет етер еді. Мен осындай ұйым арқылы қоғамға нақты пайда келтіріп, еліміздің әлеуметтік дамуына өз үлесімді қосқым келеді.

Сұрақтар:

Азаматтық кодекске сәйкес, заңды тұлға дегеніміз не және ол қандай белгілерге ие болуы тиіс?

Заңды тұлға ретінде «ЖасҚанат» ЖШС-ін тіркеу үшін қандай құқықтық әрекеттер орындалуы керек?

Азаматтық кодекске сәйкес, жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) мүшелері ұйымның міндеттемелері бойынша қандай жауапкершілікке ие?

Заңды тұлғаның жарғысы нені реттейді және ол қандай жағдайда өзгертілуі мүмкін?

Азаматтық кодексте заңды тұлғаның табысын әлеуметтік мақсаттарға (мысалы, қайырымдылыққа) пайдалану қандай қағидалармен реттеледі?

Ерғалиев Аян

Ю-24-1К

Егер мен заңды тұлға құратын болсам,

мен қайырымдылық қоры ашар едім. Бұл қордың басты мақсаты – қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті азайтып, білім мен спорт мәдениетін дамыту болар еді. Қор мүмкіндігі шектеулі балаларға, талантты жастарға және көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетуге бағытталар еді. Білім саласында қор шәкіртақылар мен оқу гранттарын тағайындап, жастардың армандарын жүзеге асыруға жағдай жасар еді. Ал спорт пен мәдениет бағытында салауатты өмір салтын насихаттап, жасөспірімдердің тұлғалық дамуына жол ашар едім. Мұндай қор тек материалдық көмек емес, адамдардың бойында жауапкершілік пен мейірімділік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.

Менің ойымша, қайырымдылық қоры – қоғамды біріктіретін, рухани құндылықтарды сақтап, елдің болашағын жарқын етуге бағытталған ең маңызды бастама.

Сұрақтар:

1.	Қайырымдылық қоры қоғамдағы әлеуметтік әділдікке қалай әсер етеді?

2.	Қор арқылы жастардың құндылықтарын қалыптастыру мүмкін бе?

3.	Спорт мәдениеті мен қайырымдылықтың байланысы неде?

4.	Қордың тұрақты жұмыс істеуі үшін қандай басқару жүйесі қажет?

5.	Қайырымдылық ісінің ұлттық бірлік пен рухани дамуға ықпалы қандай?

Казахбаева Сабина Ю-24-1К

Егер маған заңды тұлға құру мүмкіндігі берілсе, мен жастарды заңдық білім мен цифрлық инновациялар арқылы қолдауға бағытталған әлеуметтік жауапкершілігі жоғары компания ашар едім. Әділдік пен теңдікті бағалайтын заң факультетінің студенті ретінде мен нағыз даму - қоғамның барлық мүшелеріне білім мен мүмкіндіктің тең бөлінуінен басталады деп сенемін.

Құрылымдық тұрғыдан алғанда, мен жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) құрар едім. Бұл нысан икемділік пен қорғаныстың мінсіз тепе-теңдігін ұсынады. Ол кәсіпті дербес басқаруға мүмкіндік береді әрі жеке мүлікті қаржылық тәуекелдерден қорғайды. Сонымен қатар, мұндай құрылым инвестиция тартуға, инновация енгізуге және тиімді шешім қабылдауға жағдай жасайды, бұл тұрақты даму үшін маңызды факторлар.Менің компаниямның басты миссиясы – білім мен жұмыспен қамту арасындағы алшақтықты азайту болар еді. Көптеген жастарда үлкен әлеует бар, бірақ тиісті дайындық пен заңдық сауаттылық жетіспейді. Осыған байланысты, менің компаниям кәсіпкерлік, технология және құқық салаларында онлайн курстар, семинарлар мен тәлімгерлік бағдарламалар ұйымдастырып, жастардың кәсіби және тұлғалық дамуына жол ашар еді.Сонымен қатар, менің кәсіпорным заңдық қағидалар мен адамгершілік құндылықтарға негізделген этикалық бизнес жүргізуге мән берер еді. Менің ойымша, табысты заңды тұлға тек пайда табу үшін емес, қоғамға игі әсер ету үшін жұмыс істеуі керек. Адалдық, ашықтық және мейірім – менің компаниямның басты құндылықтары болар еді.

Қорытындылай келе, мен жастарды білім және адамгершілік арқылы қолдауға бағытталған жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрған болар едім. Кез келген заңды тұлғаның шынайы күші оның қаржылық әлеуетінде емес, қоғамды шабыттандырып, жаңа мүмкіндіктер туғыза алуында және із қалдыру қабілетінде.

Сұрақтар:

1.Заңды тұлғаның құқықтық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі қандай шектерде жүзеге асырылады?

2.Жеке тұлға мен заңды тұлғаның құқық субъектілігі арасында қандай құқықтық айырмашылық бар?

3.Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу қандай құқықтық негізде жүзеге асады?

4.ЖШС-тің құқықтық мәртебесі мен құрылтайшы жауапкершілігі қалай айқындалады?

5.Заңды тұлға таратылған жағдайда мүліктік міндеттемелердің құқықтық тағдыры қалай реттеледі?

Бегимхан Назерке Ю-24-1К

Тақырып: Егер мен заңды тұлға құрсам

Елімізде ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін тең мүмкіндіктер жасау – тек білім беру саласы емес, әлеуметтік әділдік мәселесі. Егер мен заңды тұлға құрсам, осы бағытта жұмыс істейтін ұйым ашар едім.

Мектеп – әр балаға үміт сыйлайтын маңызды орын. Сондықтан мен инклюзивті мектеп ашуды көздеймін. Онда дефектолог, логопед, психологтар жұмыс істеп, әр балаға жеке қолдау көрсетіледі. Сыныптар арнайы жабдықталып, оқу бағдарламасы баланың қабілетіне қарай бейімделер еді. Мектеп – тек білім емес, түсіністік пен мейірім ортасы болуы керек.

Осындай мектеп арқылы мен қоғамға нақты пайда келтіріп, балалардың болашағына сенімді жол ашар едім.

Сұрақтар:(1-100 бап аралығында)

1. Азаматтық заңдардың қайнар көздері қандай және олар қалай қолданылады?

2. Азаматтық құқық қатынастары қандай негіздерде туындайды?

3. Азаматтық қабілеттілік пен әрекет қабілеттіліктің айырмашылығы неде?

4. Жеке тұлғаның атағын, ар-намысын және іскерлік беделін қорғау қалай жүзеге асырылады?

5. Заңды тұлғаның ұғымы мен оның түрлеріне қандай анықтама берілген?

Эссе: «Мен қандай заңды тұлға құрар едім?»

Қабиболла Сатыхан Ю-24-1К

Егер мен заңды тұлға құратын болсам, мен әлеуметтік және білім беру бағытындағы ұйым ашар едім. Бұл ұйымның басты мақсаты — жастар мен оқушылардың білімін арттыру, олардың кәсіби және жеке дамуына жағдай жасау болар еді. Менің ұйымым түрлі оқыту курстарын, шеберлік сабақтарын, кәсіпкерлікке баулитын жобаларды ұйымдастырар еді. Сонымен қатар, аз қамтылған және мүмкіндігі шектеулі жастарға тегін көмек көрсетуге көңіл бөлер едім.

Мұндай заңды тұлға қоғамға нақты пайда әкеліп, жаңа жұмыс орындарын ашуға, жастардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға ықпал етер еді. Ұйым қызметі әділдік, заңдылық және жауапкершілікқағидаларына негізделер еді. Мен өз ұйымымды еліміздің дамуына үлес қосатын, болашақ ұрпаққа мүмкіндік беретін беделді мекеме ретінде елестетемін.

Ю-24-1К Сейдиллаев Дидар

Тақырып: Мен қандай заңды тұлға қграр едім?

Мен қандай заңды тұлға құрар едім?

Егер мен заңды тұлға құрсам, ол тек пайда табу үшін емес, қоғамға нақты пайдасын тигізетін ұйым болар еді. Мен жастарды қолдайтын, олардың білім алуына, кәсіп бастауына, спортпен шұғылдануына мүмкіндік беретін қайырымдылық қоры немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) ашар едім. Бұл ұйым ашықтық, әділдік және сенім принциптеріне сүйеніп жұмыс істер еді. Қоғамдағы мұқтаж жандарға көмек көрсетіп, дарынды жастарға гранттар мен жобалар ұсынар едім. Сонымен қатар, экологиялық және рухани құндылықтарды насихаттап, ел болашағына оң әсер етуді мақсат етер едім. Осындай заңды тұлға арқылы мен елімнің дамуына шынайы үлес қосуды армандаймын.

Егер мен заңды тұлға құратын болсам, мен білім және әлеуметтік даму бағытындағы қайырымдылық қоры ашар едім. Бұл ұйымның басты мақсаты – жастарға сапалы білім алуға, кәсіби дағдыларын жетілдіруге және өз қабілеттерін қоғам игілігіне жұмсауға көмектесу болар еді. Қор арқылы ауыл жастарына тегін онлайн сабақтар, семинарлар және кәсіпкерлік курстар ұйымдастырар едім. Сонымен қатар, экологиялық жобалар мен волонтерлік іс-шараларға да қолдау көрсетіп, қоғамның белсенді дамуына үлес қосқым келеді.

Менің ойымша, мұндай заңды тұлға ел болашағын айқындайтын жастарға қолдау көрсетіп, олардың арманын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл ұйымның басты құндылықтары – әділдік, жауапкершілік және бірлік.

Қорытынды:

Заңды тұлға құру – тек экономикалық пайда табу емес, қоғамға нақты пайда әкелу жолы. Егер әр азамат осылай ойласа, еліміз өркендеп, болашағы жарқын болар еді.

5 сұрақ:

Заңды тұлға құру үшін қандай қадамдар жасау қажет?

Сенің ұйымың қандай салада жұмыс істейді?

Ұйымның басты құндылықтары қандай?

Заңды тұлға қоғамға қандай үлес қоса алады?

Өз ұйымыңды болашақта қалай дамытқың келеді?

Байыс Алдияр Ю24-1к

Эссе тақырыбы: «Мен қандай заңды тұлға ашар едім?»

Егер мен заңды тұлға ашсам, мен жастарды қолдауға бағытталған инновациялық орталық құрғым келер еді. Бұл орталықтың негізгі мақсаты – жастардың білімін жетілдіру, олардың идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беру және жаңа жобаларды дамыту болар еді. Менің ұйымым заманауи технологиялар мен шығармашылықты ұштастырып, болашақ мамандарды даярлауға үлес қосар еді. Сонымен қатар, әлеуметтік және экологиялық бастамаларды қолдап, қоғамда жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға атсалысар едім.

Осындай ұйым арқылы мен жастардың өзіне сенімін арттырып, олардың ел дамуына белсенді араласуына жол ашар едім. Әрбір жоба еліміздің болашағына деген үлес болар еді деп сенемін.

Қорытынды:

Заңды тұлға ашу – үлкен жауапкершілік. Менің ойымша, егер әркім өз ұйымын адалдық пен қоғамға пайда келтіру ниетімен құрса, еліміздің дамуы мен өркендеуі қамтамасыз етіледі.

5 сұрақ:

Неліктен сен дәл осындай ұйым ашқың келеді?

Ұйымның басты мақсаты мен міндеті қандай болмақ?

Қандай адамдармен бірлесіп жұмыс істер едің?

Ұйымның қоғам үшін маңызы неде деп ойлайсың?

Болашақта осы ұйымды қалай дамытуды жоспарлар едің?

Эссе: «Мен қандай заңды тұлға құрар едім?»

Қазіргі заманда өз ісін ашу – қоғам дамуының маңызды бөлігі. Әр адам өз арманы мен идеясын жүзеге асыру үшін заңды тұлға құра алады.

Егер мен заңды тұлға ашсам, ол экологиялық бағыттағы ұйым болар еді. Ұйым табиғатты қорғау, ағаш отырғызу және қоқысты сұрыптау жұмыстарымен айналысар еді. Бұл ұйымның басты мақсаты – табиғатты аялау арқылы қоғамның экологиялық мәдениетін арттыру.

Мұндай ұйым арқылы мен табиғатты қорғауға үлес қосып, жастарды жауапкершілікке шақырар едім.

Сұрақтар:

Заңды тұлға деген не?

Менің ұйымымның мақсаты қандай?

Экологиялық ұйым не үшін қажет?

Мұндай ұйымның қоғамға пайдасы неде?

Заңды тұлға құру үшін не істеу керек?

Тақырып:заңды тұлға құру

Группа Ю-24-1к

Егер мен заңды тұлға құратын болсам, ең алдымен, Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестікті (ЖШС) таңдар едім. Бұл ұйымдастырушылық-құқықтық нысан қазақстандық бизнес үшін ең танымал және тиімді болып саналады. ЖШС-нің басты артықшылығы – оның қатысушыларының мүліктік жауапкершілігі серіктестіктің Жарғылық капиталындағы өз үлестерінің шегінде ғана шектеледі. Бұл жеке мүлкімді кәсіпорынның ықтимал қарыздарынан немесе міндеттемелерінен қорғауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ЖШС-ті тіркеу және басқару процедуралары салыстырмалы түрде қарапайым, бұл шағын және орта бизнесті бастау үшін қолайлы. Менің мақсатым – инновациялық IT-шешімдерді ұсынатын компания құру болғандықтан, ЖШС – осы мақсатқа жету үшін сенімді және икемді құқықтық негіз болар еді.

Тақырыпқа сай 5 сұрақ және жауаптары

1. Сұрақ:

Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғалардың негізгі ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарын атаңыз.

2. Сұрақ:

Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестіктің (ЖШС) басты артықшылығы неде?

3. Сұрақ:

Акционерлік қоғам (АҚ) мен Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестіктің (ЖШС) арасындағы негізгі айырмашылық қандай?

4. Сұрақ:

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не үшін қажет және ол қай сәттен бастап құқықтық қабілетке ие болады?

5. Сұрақ:

Заңды тұлғаның «Жарғылық капиталы» дегеніміз не?

Джумабек Рамазан Ю24-1к

Эссе: Мен қандай заңды тұлға құрар едім

Әр адамның өмірінде өз ісін ашып, елге пайда тигізу арманы бар. Егер мен заңды тұлға құратын болсам, мен әлеуметтік бағыттағы кәсіпорын құрған болар едім. Оның басты мақсаты — қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешу, сонымен қатар адамдарға жаңа мүмкіндіктер беру болар еді.

Менің ұйымымның атауы «ЖасҚанат» деп аталар еді. Бұл ұйым жастарды қолдау орталығы ретінде жұмыс істейді. Мұнда жастар кәсіп үйреніп, өз бизнесін бастауға көмек алады, тегін курстарға қатысып, мамандардан кеңес алады. Сонымен қатар, ұйым экологиялық жобалармен айналысып, ағаш егу, қоқыс сұрыптау, экологиялық мәдениетті арттыру шараларын өткізер еді.

Заңды тұлға ретінде мен өз ұйымымды жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) түрінде тіркеп, оның қызметін заң аясында жүргізуді көздер едім. Бұл нысан бизнесті дамытуға, серіктестер тартуға және қоғам алдындағы жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік береді.

Мұндай ұйымның пайдасы — қоғамның дамуына үлес қосу, жастардың болашағына жол ашу, елдің экологиялық және әлеуметтік жағдайын жақсарту.

Мен үшін заңды тұлға құру тек табыс табу емес, елге, халыққа пайда әкелу деп санаймын.

Әшімхан Қанағат Ю-24-1к

Мен қандай заңды тұлға құрар едім?

Егер мен заңды тұлға құратын болсам, «AdalGroup» атты қоғамдық қор ашар едім. Бұл ұйымның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру және қоғамда әділдік қағидатын нығайту болар еді. Қазіргі таңда көптеген жас азаматтар өз құқықтары мен міндеттерін толық білмейді, сондықтан осындай ұйымның қызметі қоғам үшін аса маңызды деп есептеймін.

«AdalGroup» – коммерциялық емес заңды тұлға, яғни оның басты мақсаты пайда табу емес, қоғамдық игілікке қызмет ету. Қордың қызмет бағытына тегін құқықтық кеңес беру, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру, құқықтық мәдениетке арналған семинарлар мен кездесулер ұйымдастыру кіреді.

Мысалы, ұйым университеттер мен мектептерде құқықтық тренингтер өткізіп, әлеуметтік желілерде құқықтық білім беретін бейнероликтер жариялар еді. Сонымен қатар, әділдік пен адам құқықтарын қорғауға арналған волонтерлік қозғалыстарды да дамытуды көздер едім. Осындай қор құру арқылы мен еліміздің құқықтық мәдениетінің дамуына нақты үлес қосар едім.

Сұрақтар:

1. Заңды тұлға деп кім аталады және оның   негізгі белгілері қандай?                                     2. Азаматтық кодекс бойынша заңды тұлғалар қандай түрлерге бөлінеді?

3. Коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғалардың айырмашылығы неде?

4. Заңды тұлға қандай жағдайда азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие болады?

5. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына қандай мәліметтер енгізілуі тиіс?