"Логопедия"пәні бойынша глоссарий by Лаура Құдайберген

Глоссарий 1-дәріс бойынша
1.Логопедия-сөйлеу тілінің бұзылыстарын,оның себептерін,болдырмау жолдарын,сонымен бірге осындай бұзылыстарды әртүрлі жолдармен түзетіп,жоюдың тәсілдерін зерттейтін арнайы педагогикалық ғылым.

2.Логопедия пәні-сөйлеу тілінің бұзылуы және сөйлеу тілі бұзылысы бар тұлғаларды оқыту және тәрбиелеу үдерісі болып табылады.

3.Логопедияның принциптері:

Жүйелілік принципі-сөйлеу тілі күрделі функционалды жүйе,оның құрылу компоненттері бір-бірімен тығыз байланысты.Сондықтан сөйлеу тілін және оның дамуын зерттеу,түзету сөйлеу тілінің барлық компоненттеріне ықпал етуді болжайды.

Жанжақтылық принципі-логопедиялық жұмыс логопаттың тұтас тұлғасына ықпал ету арқылы жүргізілуі керек.Оның қайта тәрбиеленетін жағымсыз жағы және компенсация процесінде пайдаланатын жағымды жағын ескеруі керек.

Кешенді принципі-Логопедиялық қорытынды жасау,сөйлеу тілінің бұзылуын ұқсас формаларынан ажырату үшін сөйлеу және сөзсіз симптомдарына ,медициналық,психологиялық,логопедиялық тексеру нәтижелеріне талдау жасау керек.

Дамытушылық принципі-логопедиялық жұмыс барысында баланың"жақын даму аймағына "байланысты міндеттерді,қиындықтарды,кезеңдерді ажыратуды болайды.

Онтогенетикалық принципі-логопедиялық түзету жұмысы баланың сөйлеу тілінің түрлері мен функцияларының шығу реттілігін және баланың онтогенездегі іс-әрекетінің түрлерін ескеруді талап етеді.

Динамикалық принцип-баланың даму барысында бұзылыстың байқалуы.

Глоссарий 2-дәріс бойынша
1.Брока орталығы-сөйлеу тілінің моторлы жағын ұйымдастыруын қамтамасыз ететін,бас миының  сол жақ жартысында орналасқан бөлігі.

2.Вернике орталығы-ми қыртысындағы сөзді қабылдау орталығы.

3.Ми қыртысының астыңдағы ядролары-адамның сөйлеген кезде анық,байсалды және әсерлі сөйлеуіне ықпал етеді.

4.Жырық-таңдайдағы туа біткен саңылау.

5.Тістену (ортогнатия)-астыңғы және үстіңгі тістердің бірігіп  тұрғанындағы жақ сүйектерінің қабысуы.

6.Прогения-астыңғы жақ сүйегінің шамадан тыс дамуына байланысты оның алдыға шығып кетуі.

7.Прогнатия-жоғары жақ сүйегінің шамадан тыс дамуына немесе астыңғы жақ сүйегінің жетік дамымауының салдарынан оның алдыға шығып кетуі.

8.Алдыңғы тістену-астыңғы және үстіңгі тістер бір деңгейде орналасады.

9.Алдыңғы ашық тістену-прогнатия,прогения тістердің болмауы салдарынан алдыңғы тістердің қабысуы.

10.Диастема(грекше ара қашықтық,аралық)-тістердің орналасуының бұзылысы,жоғары күрек тістердің арасы шамадан тыс ашық болуы.

11.Шынайы диастема-барлық тістердің шығып болғанынан кейін байқалады.

12.Жалған диастема-тістер шыққанға дейін байқалады.

13.Тіл-асты желбезегінің қысқа болуы-туа біткен бұзылыс,бұндай жағдайда тіл қимылдары қиындап,шектеулі болады.

14.Макроглоссия-шамадан тыс үлкен тіл.

Микроглоссия-тілдің жетік дамымауы.

15.Артикуляция-(бөлшектеу,айқындап анық айту деген мағынаны білдіреді.)Сөйлеу тілі мүшелерінің дыбыстарды айтқан кездегі қажетті орнымен іс-қимылдары,атқаратын қызметі.

16.Сөйлеу аппараты-орталық жүйке жүйесінің әр бөлігінде ,әр деңгейде орналасқан,бірақ барлығы жиылып бір іске жұмылған өз алдына дербес қабілетті жүйе.

17.Дауыс шығару-дыбыстың артикуляциялық мүшелер арқылы жасалуы.

18.Көмей қақпашығы-('эпиглоттис)-бұл көмкейдің жоғарғы бөлігінде орналасқан шеміршек.Ол жұтыну кезінде ккеңірдекті жауып,тамақ пен сұйықтықтың тыныс жолына түсуіне жол бермейді.

19.Таңдай-ауыз қуысының жоғары бөлігін құрайтын құрылым.Қаттты таңдай және жұмсақ таңдай болып бөлінеді.

20.Қатты таңдай-ауыз қуысының алдыңғы жоғары бөлігінде орналасқан.Дыбыстардың дұрыс қалыптасуына көмектеседі.Мысалы:т,д,с,з,ш,ж сияқты дыбыстардың айтылуында маңызды рөл атқарады.

21.Жұмсақ таңдай-ауыз қуысының артқы бөлігінде орналасқан,бұлшықеттерден құралған.Кейбір дыбыстардың ,әсіресе "ң",кқмей дыбыстарының дұрыс айтылуына әсер етеді.

22.Фонация-бұл дауыс шығару процессі,яғни дыбыстың көмейдегі дауыс байламдарының тербелуі арқылы пайда болады.

23.Тыныс алу-өкпеден шыққан ауа көмейге бағытталады.

24.Артикуляция және резонанс-ауыз қуысы,ерін,тіл,мұрын қуысы дыбысты қалыптастырып,оны нақты сзге айналдырады.

25.Дауыс перделері-дауыс байламдары деп те атайды,көмейде орналасқан жұпты бұлшықетті құрылымдар,олар дыбыстың пайда болуына жауап береді.

26.Парез және паралич-жүйке жүйесінің зақымдануы нәтижесінде дауыс перделерінің қозғалысы бұзылады.

Глоссарий 3-дәріс бойынша
1.Былдыр дегеніміз-дыбыстық комплекстердің,дауыссыз және дауысты дыбыстардың тіркесінің пайда болуы.

2.Интонация-сөйлеу кезінде дауыс ырғағының,әуезділігінің,қарқынының,күшінің,кідірістің өзгеруі.

3.Уілдеу-бұл дыбыстарды ерін мен дауыс байламдарын жұмсартып,жеңіл тербеліс арқылы созып айту.

4.Ысқырық дыбыстар-сөйлеу кезінде ауа ағынының тіс пен тіл арасынан өтіп,ысқырыңқы дыбыс шығаруымен ерекшеленетін фонемалар.

5.Тісаралық сигматизм-сөйлеу бұзылысы ,онда "с","з","ц",ш","ж","ч"сияқты ысқырық және ызың дыбыстарды айту кезінде тілдің  ұшы алдыңғы тістердің арасына кіріп кетеді.

6.Артикуляциялық бұзылыстар-сөйлеу мүшелерінің дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты дыбыстардың бұрмалануы,алмастырылуы немесе түсіп қалуы.

7.Дауыстың бұзылуы-дауыс байламдарының дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты дыбыстың өзгеруі,қарлығуы немесе толық жоғалуы.

8.Дауыс жоғарылығының бұзылуы-сөйлеу кезінде дауыс тембрінің,биіктігінің дұрыс реттелмеуі.

9.Дауыс қаттылығының бұзылуы-адамның сөйлеу кезінде дауыс күшін дұрыс реттей алмауы,оның тым қатты немесе бәсең шығуы.

10.Мұрындық реңкпен сөйлеу-адамның сөйлеу кезінде дыбыстардың дұрыс қалыптаспай,мұрындық дауыспен шығуы.

11.Тұтықпа-адамның сөйлеу кезінде дыбыстарды ,буындарды,сөздерді қайталап айтуы,ұзақ кідіріс жасауы немесе сөйлеу ырғағының бұзылуы.

12.Дауыстың бұзылуы:

Афония-адамның дауысының толықтай жоғалуы,яғни тек сыбырлап сөйлеу мүмкіндігі сақталады.

Дисфония-адамның дауысының толықтай жоғалмай,бірақ қырылдап,әлсіз мұрындық реңкті немесе тональділігі өзгеріп шығуы.

Фонестения-дауыс сезімталдығының бұзылуы,яғни адамның өз дауысын немесе қоршаған ортаның дыбыстарын қабылдауында ерекше сезімталдықтың артуы немесе төмендеуі.

13.Сөйлеу тілінің жылдамдығы мен ырғақтылығының бұзылуы:

Тахилалия-адамның қалыпты сөйлеу жылдамдығынан едәуір тез сөйлеуі,соның нәтижесінде дыбыстарды жұтып қою,сөздерді дұрыс айтпау немесе сөйлем құрылымын бұзу байқалады.

Брадилалия-сөйлеу жылдамдығының қалыпты деңгейден едәуір баяу болуы.

Тұтықпа-сөйлеу аппараты бұлшықеттерінің тырысуы нәижесінде сөйлеу ырғағы мен жылдамдығының бұзылуы.

14.Тіл дыбыстарының айтылуының бұзылуы:

Дислалия-бұл адамның есту қабілеті мен артикуляциялық аппаратының иннервациясы қалыпты болған жағдайда ,дыбыстарды дұрыс айта алмауымен сипатталатын сөйлеу бұзылысы.

Ринолалия-сөйлеу аппараттының анатомиялық немесе функционалдық бұзылыстарына байланысты дыбыстарды айту мен дауыс тембрінің бұзылуы,мұрынмен сөйлеу.

Дизартрия-бұл орталық немесе перифериялық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануы нәтижесінде сөйлеу аппараты бұлшықеттерінің иннервациясының бұзылуынан туындайтын сөйлеу бұзылысы.

15.Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы:

Дислексия-бұл оқу және жазу дағдыларын меңгеруде қиындықтар туғызатын нейробиологиялық ерекшелік.

Дисграфия-бұл адамның жазу процесінде тұрақты және қайталанатын қателіктер жіберуімен сипатталатын жазу дағдысының ішінара бұзылуы.

Дизорфография-бұл адамның орфографиялық дағдыларын меңгеруде қиындықтар туындауымен сипатталатын жазу бұзылысы.

16.Фонетикалық бұзылыстар-бұл адамның сөйлеу тіліндегі кейбір дыбыстарды дұрыс артикуляциялай алмауымен сипатталатын сөйлеу бұзылыстары.

17.Сөйлеу тілінің фонетика-фонематикалық  жетіспеушілігі-бұл баланың ана тіліндегі дыбыстау  жүйесінің қалыптасуындағы бұзылыстарды сипаттайтын сөйлеу бұзылысы.

18.Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы ЖСТД-сөйлеу тілінің күрделі бұзылуы.

19.Сөйлеу тілінің сыртқы (фонациялық)өңделуінің бұзылуы-бұл адамның дауыс шығаруына ,оның әуезділігіне,тембріне және артикуляциялық айқындылығына әсер ететін бұзылыстар жиынтығы.

20.Сөйлеу тілінің ішкі (cемантикалық)өңделуінің бұзылуы-адамның сөйлеуді түсінуі мен мағыналық өңдеуі қиынға соғатын тілдік бұзылыс.

Глоссарий 5-дәріс бойынша
1.Дислалия-сөйлеу тіліндегі дыбыстың айтылуының бұзылуы.

2.Сигматизм-ызың,ысқырық дыбыстардың бұзылуы.

3.Ротацизм-сөйлеу бұзылысы,онда "Р"дыбысы дұрыс айтылмайды немесе басқа дыбыспен алмастырылып айтылады.

4.Ламбдацизм-"Л"дыбысыныңдұрыс айтылмауы.

5.Каппацизм-"К"дыбысының дұрыс айтылмауы.

6.Йотоцизм-"Й"дыбысының дұрыс айтылмауы.

7.Мономорфты дислалия-бір немесе артикуляциясы біріңғай дыбыстардың айтуы бұзылады.

8.Полиморфты дислалия-әр топтағы ысқырық,сонор дыбыстардың айтылуының бұзылуы.

9.Механикалық дислалия-сөйлеу тілінің перифериялық аппараттарының анатомиялық бұзылысы салдарынан дыбыс айтуының бұзылысы.

10.Функционалды дислалия-сөйлеу мүшелерінде анатомиялық бұзылыстар болмағанымен,дыбыстардың дұрыс айтылмауымен сипатталатын сөйлеу бұзылысы.Еліктеушілікпен дамыған дыбыстардың дұрыс айтылмауы.

11.Антропофоникалық бұзылыс-адамның дауысының қалыпты тембрі,күші,әуезділігі немесе дыбысталу ерекшеліктерінің бұзылуы.

12.Фонологиялық бұзылыс-баланың белгілі бір тілдің дыбыстық жүйесін толық меңгере алмауынан туындайтын сөйлеу бұзылысы.

13.Акустикалық-фонематикалық дислалия-бұл фонематикалық естудің жетілмеуіне байланысты дыбыстарды дұрыс қабылдау мен айтудағы қиындық.Бала ұқсас дыбыстарды ажырата алмайды,сондықтан оларды шатастырады немесе алмастырады.

14.Артикуляторлы-фонематикалық дислалия-бұл дыбыстарды дұрыс айта алмау және олардың дұрыс дыбысталуын ажырата алмау.

15.Артикуляторлы-фонетикалық дислалия-бұл сөйлеу анализаторларының дұрыс жұмыс істемеуінен дыбыстардың бұрмаланып немесе дұрыс айтылмауынан туындайтын сөйлеу бұзылысы.

Глоссарий 4-дәріс бойынша
1.Фонематикалық есту-фонеманы тануды және ажыратуды қамтамасыз ететін нәзік есту жүйесі.

2.Фонематикалық қабылдау-сөздің құрымындағы дыбыстарды ажыратуға бағытталған ойлау әрекеті.

3.Дыбыстық талдау дегеніміз-сөздегі дыбыстың орнын,кезектілігін,санын анықтауға бағытталған ойлау іс-әрекеті.(Д.Б.Элькониннің анықтамасы)

4.Фонематикалық талдау-жинақтау жағдайын төрт жастан асқан балалардан бастап тексереді.

5.Аграмматизм-сөйлеу немесе жазу барысында грамматикалық құрылымдардың бұзылуы.

6.Фонология-тіл білімінің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы.Ол белгілі бір тілдегі дыбыстардың қызметі мен құрылымын,олардың сөз мағынасын ажырату рөлін зерттейді.

7.Фонема-тілдегі мағына ажыратушы ең кіші дыбыстық бірлік.Ол сөздердің мағынасын өзгертетін немесе ажырататын дыбыстар жиынтығы ретінде қарастырылады.

Глоссарий 6-дәріс бойынша
1.Сигматизм-ызың,ысқырық дыбыстардың айтылуының бұзылуы.

2.Парасигматизм-бір дыбыстың басқа дыбыспен тұрақты алмастырылатын жағдайы.

3.Еріндік-тістік сигматизм-дислалияның бір түрі,онда "С","З","Ц"дыбыстары бұрмаланып айтылады.Бұл бұзылыс кезінде бала дыбыстарды дұрыс қалыптастырмай,оларды ерін мен тіске тіреп айтуы мүмкін."С"дыбысы "Ф"реңкімен айтылады.

4.Тісаралық сигматизм-дислалияның бір түрі,онда "С","З","Ц",,кейде "Ш"","Ж","Ч"дыбыстары дұрыс айтылмайды.

5.Тіс төңіректік сигматизм-дислалияның  бір түрі,онда "С","Ц","З"дыбыстары "Т","Д"дыбыстарымен алмастырылып айтылады.

6.Ысқырық сигматизм-бұл сигматизмнің түрінде "С"дыбысы "Ш"дыбысымен,"Ц"дыбысы "Ч"дыбысымен,"З"дыбысы "Ж"дыбысымен алмасады.

7.Бүйірлік сигматизм-дислалияның ауыр түрлерінің бірі.Бұл кезде "С","Ц","З","Ш","Ж","Ч","Щ"дыбыстары дұрыс айтылмайды,ал ауа ағыны тура бағытталудың орнына тілдің екі жағына немесе бір жағына кетеді.

8.Мұрындық сигматизм-дислалияның бір түрі,онда "С","Ц","З",кейде "Ш","Ж" дыбыстарының айтылуы мұрын арқылы шығып,көмескі немесе бұрмаланған болып естіледі.

9.Ротацизм-"Р"дыбысының айтылу бұзылысы.

Глоссарий 7-дәріс бойынша
1.Ламбдацизм-"Л"дыбысын айтудағы бұзылыс.

2.Параламбдацизм-"Л"дыбысының басқа дыбыстармен алмасу бұзылысы.

3.Каппацизм-"К"дыбысын айтудағы бұзылыс.

4.Гаммацизм-"Г"дыбысын айтудағы бұзылыс.

5.Йотацизм-"Й"дыбысын айтудағы бұзылыс.

6.Хитизм-"Х"дыбысын айтудағы бұзылыс.