Жоғары мектептегі оқыту әдістері by Kenzheali Abikeyev

Жоғары мектептегі оқыту әдістері
ЖОСПАР
1.     Оқыту әдістері дидактика категорияларының бірі ретінде.

2.     Оқыту әдістерінің жіктемесі.

3.     Оқытудың белсенді әдістері.

4.     Оқытудың интербелсенді әдістері.

5.     Экологиялық аудит.

Оқыту әдістері дидактика категорияларының бірі ретінде
Оқыту әдісінің мәні, әдіс және тәсілдерінің арақатынасы. «Қалай оқыту керек?» дейтін дәстүрлі дидактикалық сұрақ заңды түрде оқыту әдісінің категориясын шығарады. Әдіс – жоспарланған мақсат пен соңғы нәтиженің арасын байланыстыратын оқу процесінің өзегі болып табылады. Оның жүйедегі айқындаушы рөлін «мақсат – мазмұн – форма – оқыту әдісінің құралдары» көрсетеді.

Әдіс гректің mеtоdоs деген сөзінен алынған, табиғат құбылысын және әлеуметтік өмірдің жағдайын зерттеу немесе таным жолы, құбылыстарды оқып білу жолдарын, әдіснамалық теория танымы мен шындықты зерттейтін тәсіл. Философия әдісті белгілі түрде іс-әрекетті ретке келтіретін, мақсатқа жету тәсілі ретінде қарастырады. Тұтастай алғанда, әдіс-практикалық және теориялық әрекеттерді шындығында меңгеруге бағытталған нақты міндеттерді шешудегі операциялардың, бірдей тәсілдердің жиынтығы.

Педагогтар оқыту әдісі туралы тусінікті әр түрлі етіп дәлелдеді. Біреулері оны «танымды басқаға беру әдісі» (Д.И.Тихомиров) немесе мұғалімнің іс-әрекеті мен әдіс-тәсілі (Н.В.Ельницкий) деп қарастырса, С.А.Ананьев оқыту әдісін «білім беру тәсілдерінің үйлестіру жиынтығы» деп көрсетеді.

Оқу-танымдық іс-әрекетіне сәйкес оқыту әдісі құбылыстың мәнін танып білудегі әдіс-тәсілі ретінде қарастырады. Осы түсініктегі әр түрлі дефиницияларды негізге ала отырып, мынадай тоқтамға келеміз: оқыту әдісі – бұл оқушы мен оқытушы арасындағы жүйелі, өзара байланысқан білім мазмұнын меңгеруге арналған іс-әрекет жүйесі.

Оқыту әдістері – тарихи категория, олар білім беру мазмұны мен мақсатының ауысуына байланысты өзгереді. Америкалық педагог К.Керр оқыту әдіс сапасындағы төрт «төңкерісті» бөліп көрсетеді (1972). Біріншісі – үлгі болып табылады мұғалім – ата-аналар кәсіби мұғалімдерге орын берді, екіншісі – ауызша сөздерді жазбашаға ауыстырды, үшіншісі оқуға баспа сөздерін кіргізді, төртіншісі – осы кезде болып жатқан автоматтандыру мен компьютерлендіру оқыту процесіне енгізуді болжады.

Оқыту әдісінің маңызды белгісі – дидактикалық мүмкіндіктер. Егер осы тәсілмен жоқ дегенде бір дидактикалық мәселені шешетін болсақ, мұның өзі оқыту әдістемесі. Егер іс-әрекет әдісі қосымша болатын болса, онда біз тәсілмен жұмыс істейміз. Оқыту тәсілі -әдіс элементі, оның құрама бөлігі, әдістің көлемі бойынша кішігірім, құрылымы бойынша жай болатын болса, онда әдісті және’ әдіс модификациясын орындау жолындағы өзгеше қадам болып табылады. Әдіс пен тәсіл арасында өзара ауыспалық байқалады. Беріліп отырған пәннің мазмұнына қарай әдіс тәсілге, тәсіл әдіске айналуы мүмкін. Сөйтіп, барлық графикалық бейнелер пәндері үшін- тәсіл болып табылады (қосымша әрекеттер).

Оқыту әдістерінің жіктемесі
Қазіргі дидактиканың ең бір көкейтесті проблемасы – оқыту әдісін классификациялау болып отыр. Әдіс классификациясы -нақты бір белгілер бойынша ретке келтірілген жүйе. Көптеген авторлар оқыту әдістемесінің негізіне түрлі белгілерді келтіргендіктен, классификацияның алуан түрлері бар. Дәл қазіргі кезеңде бұл сұрақ төңірегінде нақты тоқтам жоқ. Дидактика тарихы ең алғашқы классификацияны 1920 ж. оқыту әдісінің екі категориясын бөліп көрсеткен Б.В.Всехсвятский атымен байланыстырады.Ол бірінші категория дайын білімді беру, екіншісі – зерттеу әдісі екендігін ашып көрсетті. Зерттеу әдісінің атқарар жүгі алғашқы категорияға қарағанда ауырлау болды. Оқытудың зерттеу әдісі білімді шығармашылық тұрғыдан қабылдауды және оны қолдануға педагогикалық классификацияның жоғарғы деңгейін талап етеді. Бүгінде оқыту процесі көптеген классификациялармен толықтырылды, оқыту әдісі – уақыт өткен сайын өзгеріп отыратын және негізгі үш белгісімен (оқыту мақсатын білдіреді, меңгеру тәсілі, оқыту субъектісінің өзара байланысы) сипатталатын тарихи категория екендігін дәлелдеді. Қазіргі кезде мына ғалымдардың классификациялары кеңінен қолданылуда: Бабанский Ю.К., Верзилин Н.М., Перовский Е.И., Голант Е.Я., Лордкипанидзе Д.О., Махмутов М.И., Лернер И.Я., Скаткин М.Н. т.б

Оқыту әдісінің классификациясына айтылған әр түрлі көзқарастар «әдістер теориясының дағдарысын» білдірмейді, керісінше олардың әдісті обьективті, айқын көптүрлілігін,ол туралы білімінің интеграциясы мен дифференциясын табиғи процессін білдіреді.

Сонымен қатар оқыту әдісі классификацияларының басымдылығымен қатар кемшілігі де бар және бір әдіс белсенді, бір әдіс белсенді емес деген тұжырым қате болар еді. Оқыту әдісінің өздігінен аса бейтарап екендігін түсіну қажет. Ол барлығы мұғалімнің мектептегі оқу -танымдық іс-әрекетке қаншалықты дайын екендігіне байланысты болады. Көбінесе әдістер саласында педагогтардың жеке басының шеберлігі үлкен рөл атқарады. Сондықтан да оқыту әдісі педагогикалық өнердің биік шыңы болып келді және ары қарай да солай болып қала бермек.

Оқытудың белсенді әдістері
Оқытудың белсенді әдістері:
Тек оқытушы ғана емес, сонымен қатар студенттер де белсенді болған кезде материалды меңгеру барысында белсенді      ойлау      және практикалық      қызметке итермелейтін   студенттердің оқу-танымдық   қызметін белсендіру тәсілдері.

Білім алушылардың белсенділігі:
Оқытудың қарқынды қызметі және оқыту процесінде практикалық дайындығы және білімді, қалыптасқан дағдылар мен іскерлікті қолдануы. Оқытудағы белсенділік білімді, шеберлікті және дағдыларды саналы меңгерудің шарты болып табылады.
Танымдық белсенділік:
Өз бетінше ойлауға, тапсырманы (проблеманы) шешуге өз көзқарасын табуға, өз бетімен білім алуға, басқалардың пайымдауына сыни көзқарасты қалыптастыруға және өз пікірлерінің тәуелсіздігін қалыптастыруға ұмтылу. Егер бұл үшін қажетті жағдай болмаса, студенттердің белсенділігі жоғалады.

Оқытудың интербелсенді әдістері
Интербелсенді (интерактивті) оқу/оқыту бірінші мезетте білім игеру процесіне қатысушылардың тиімді қарымқатынасына негізделеді. Ағылшын тілінен келген «интерактив» сөзі де осы ұғымды білдіреді: «inter» дегеніміз «өзара» мағынасында, ал «act» - «әрекет жасау» дегенді білдіреді.

Басқаша айтқанда, «интербелсенді» дегеніміз біреумен қоян-қолтық қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру.

«Интербелсенді» дегеніміз диалог арқылы үйрену/үйрету, яғни «үйретуші – үйренуші», «үйренуші – үйренуші», «үйренуші - өзімен өзі» форматтарында жасаған қарым-қатынас («әңгіме», «сұхбат», «бірлескен әрекеттер»).

Интербелсенді оқу/оқыту білім игеру процесін келесідей ұйымдастыруға ынталы:

барлық үйренушілерге бірлескен таным процесіне белсенді араласуға мүмкіндік жасау;

әрбір үйренушінің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы ой толғауына мүмкіндік жасау.

Сонымен интербелсенді оқу/оқыту бірлесе үйрену идеяларын ұстанады. Бірлесе үйренуде әрбір үйренуші танымның (оқу, үйренудің) ортақ мағынасына және аяққы нәтижесіне өз үлесін қосып, басқалармен өзінің білгенімен, идеяларымен, ойларымен алмасады, тиімді нәтижеге (білімге) қандай бірлескен үйрену/оқу әрекеттері арқылы жете алатындығын анықтайды.

Мұндай қарым-қатынастағы бірлескен әрекеттер бірін-бірі жақтыру, өзара силасымдық пен қолдау атмосферасында өтіп, тек қана жаңа білім игеруге жағдай жасап қана қоймай, сонымен бірге таным процесін өзара ынтымақтастық пен бірлесу деңгейлеріне көтереді, яғни қарым-қатынас пен оның негізгі нысаны диалогты танымның басты құндылығына айналдырады.

Экологиялық аудит
Экологиялық аудит — экономикалық субъектілер қызметінен келетін экологиялық тәуекелдің ауқымын айқындау жоне оларды төмендету, болдырмау мақсатымен олардың қызметінің ұлттық табиғат қорғау заңдарының талаптарына, таңдаулы экологиялық іс-тәжірибеге немесе компанияда қабылданған саясатқа сай келуін тәуелсіз бағалаудың арнаулы рәсімі.
Мiндеттi аудит және бастамашылық аудит экологиялық аудиттiң түрлерi болып табылады.

Экологиялық аудиттың мақсаттары аудит жүргізілетін субъектінің қызметінің қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы ҚР заңнамасының талаптарына сәйкестігінің әділ бағасын алу; экологиялық тәуекелдіктерді анықтау және экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша ұсыныстамалар әзірлеу болып табылады. Экологиялық аудитты (міндетті және бастамашылық аудитты) ҚҚАЭ тапсырыскермен және аудит жүргізілетін субъектімен алдын ала өзара келісілетін экологиялық аудит жүргізу жоспарына сәйкес жүргізеді.

Экологиялық аудитты ҚҚАЭ аудит жүргізілетін субъектінің қоршаған ортаға ықпал бойынша есептілігін талдау жолымен жүргізеді.Экологиялық аудитті жүргізген кезде, қажет болған жағдайда, ҚҚАЭ төмендегідей мақсаттарда арнайы зерттеулер мен өлшеулерді орындауы мүмкін:

қоршаған ортаға келтірілетін ықпал туралы есептіліктің дәйектілігін талдау;

өндірістік-технологиялық үдерістің экологиялық талаптарға сәйкестігін бағалау;

өндірістік экологиялық бақылау (соның ішінде өндірістік мониторинг) жүйесінің экологиялық талаптарға сәйкестігін бағалау;

аудит жүргізілетін субъектінің қызметкерлерінің біліктілік деңгейін бағалау.

аудит жүргізген кезде ҚҚАЭ ұстанатын негізгі қағидалар:

нысанның (кәсіпорынның) қызметінің экологиялық проблемаларын қарастырудың, кәсіпорынның табиғат қорғау заңнамасының талаптарын орындауының жан-жақтылығы;

зкологиялық тәуекелдіктерді айқындау;

экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

Келісімшартпен көзделген мерзімдерде экологиялық аудиторлық есепхатты құрастыру;

аудитті орындаушының жұмыстың орындалу сапасы үшін жауапкершілігі.