Педагогика 9-15 апта by Zhalgas

Білім мазмұны – тұтас педагогикалық үдерістің компоненті.
Тұлғаны жан-жақты дамытудың және оның базалық мәдениетін қалыптастырудың негізгі құралдарының бірі – білім мазмұны. Білім беру - қоғамдық ұйымдастырылатын және реттелетін, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа әлеуметтік маңызды тәжірибені тұрақты түрде беру процесі.

Білім беру үш бірдей процессті қамтиды:

тәжірибені меңгерту,

жүріс-тұрыс қасиеттерін тәрбиелеу,

дене және ақыл-ойын дамыту.

Педагогикалық сөздікте "білім беру мазмұны"
"білімдердің, іскерліктердің және дағдылардың, көзқарастар мен сенімдердің жүйеленген жиынтығы, сонымен қатар оқу-тәрбие жұмыстары нәтижесінде жеткен практикалық дайындықпен танымдық күштердің дамуының белгілі бір деңгейі" деп атап көрсетіледі. Оны білім беру мазмұнының мәнін анықтауды білімдік-бағыттылық тұрғыдан қарастыру деп атауға болады.

Білім беру мазмұнын қалыптастырудың негізгі концепциялары
XVIII ғ. соңы мен XIX ғ. басында жасалды. Олар педагогика тарихында білім беру мазмұнының материалды және формальды теориялары деген аттармен белгілі.

дидактикалық материализм теориясы
Біріншісін дидактикалық материализм теориясы немесе энциклопедизм деп те атайды. Оның жақтаушылары (ағылшын тарихшысы Дж. Мильтон, неміс педагогы Н.Б.Беседов және т.б.) білім берудің негізгі мақсаты әртүрлі ғылым салаларынан неғұрлым көп білім көлемін беру деп есептейді. Осы көзқарасты Я.А.Коменский де ұстанды. Ол өзінің оқулығында оқушыға қажетті барлық білімдерді енгізбекші болды.

формальдық теориясы
Білім беру мазмұнын қалыптастырудың формальдық теориясы, немесе дидактикалық формализм оқытуды оқушылардың қабілеттерін және танымдық қызығушылықтарын дамыту құралы ретінде ғана қарастырды. Оқу пәндерін таңдаудағы негізгі критерий ретінде оның дамытушылық құндылығы алынды (мысалы, математика, тілдер). Дидактикалық формализмнің теориялық негізі - іс-әрекеттің бір саласында игерілген білімдерді және іскерліктерді басқа салаға көшіру қағидасы болды.

Білім мазмұнын іріктеуге және қалыптастыруға әсер ететін негізгі факторлар:
өзінің тарихи дамуының белгілі бір кезеңіндегі қоғамның мектептің алдына қоятын мақсаты, қоғамның білімді адамдарға деген қажеттілігі;

оқыту процесінің нақты мүмкіндіктері;

оқушылардың орта және оптимальды мүмкіндіктері;

білімге деген тұғаның өзінің қажеттіліктері.

Бүгінгі күн талабына сәйкес білім мазмұны концепциясы ретінде білім мазмұны педагогикалық өңделген әлеуметтік тәжірибе концепциясын айтуға болады.
Бұл концепция бойынша білім мазмұны әлеуметтік тәжірибенің төрт құрылымдық элементіне сәйкес құрылады:

танымдық іс-әрекет тәжірибесі, оның нәтижесі білімдер;

репродуктивтік іс-әрекет тәжірибесі, нәтижесі – іскеліктер және дағдылар;

шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі проблемалық жағдайлар формасында беріледі;

эмоционалдық-құндылық қарым-қатынас тәжірибесі.

Білім мазмұнын қалыптастырудың үш негізгі деңгейі
Білім мазмұнын жобалауда белгілі бір иерархияны құрайтын, білім мазмұнын қалыптастырудың үш негізгі деңгейін көрсетуге болады:

жалпы теориялық деңгейі,

оқу пәні деңгейі,

оқу материалы деңгейі.

Білім мазмұны оқыту пәнінде нақтыланады.
Оқыту пәні – ғылыми білімдер, практикалық іскерліктер және дағдылар жүйесі, ғылымның негізгі қағидалары немесе мәдениеттің, еңбектің, өндірістің бір жақтары.
Оқыту бағдарламасы оқыту пәні бойынша білімдердің, іскерліктердің және дағдылардың мазмұнын, негізгі дүниетанымдық идеяларды игеру логикасын тақырыптар ретін көрсете отырып ашатын, оларды оқуға бөлінетін уақыт мерзімін көрсететін нормативтік құжат. Ол пәнді оқытудың рухани және ғылыми бағыттылығын анықтайды. Бағдарламада оқу материалдарының оқу жылдары бойынша және мектептің әр сыныбы ішіндегі орналасу құрылымы көрсетіледі. Оқушылардың бағдарламалық білімдерді, іскерліктерді және дағдыларды игеру деңгейі оқытту процесінің тиімділігін анықтаудың негізгі критерийнің бірі болып табылады.
Оқыту бағдарламаларының жалпы құрылымы үш элементтен құралады:

түсініктеме хат (пәннің мақсаты, міндеттері, оқу пәнәнің негізінде жатқан жетекші ғылыми идеялар),

мазмұны (тақырыптық жоспар, тақырыптардың мазмұны, негізгі түсініктер)

негізінен білімдерді, іскерліктерді және дағдыларды бағалауға қатысты кейбір әдістемелік нұсқаулар.

Педагогикалық шығармалардың нәтижесі ретінде оқытудың инновациялық формаларын қолдану.
1960 жылдарда шет ел зерттеушілері “Педагогикалық технология” терминін енгізді. В.Беспалько “Педагогикалық технология дегеніміз – тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс, тәсілдер – оның құрамды бөлігі ғана” – деген тұжырымдама берді.Педагогикалық технология оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру және оны өткізудің формасымен анықталады. Педагогикалық технологияның өзіндік ерекшелігі: қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту үрдісін құрастыру және оны жүзеге асыру. Оқытылатын пән мазмұны оқытушы мен студенттің өзара байланыс іс- әрекеті, студенттің ішкі даму үрдісі негізінде анықталған нақты мақсат ғана педагогикалық технология құрылымын түсіну кілті бола алады.

Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
“Инновация” ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: “Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”. Майлс “Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз” дейді.
Ендеше инновация ұғымы – педагогикалық сөздік қорына ежелден енген термин. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде “жаңа”, “жаңалық енгізу”, деп көрсетілсе, кейбіреулер оны “өзгеріс” деген терминмен анықтайды.
“Инновация” деген сөз – латынның “novus” жаңалық және “in” енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы “жаңару, жаңалық, өзгеру” деген мағынаны білдіреді.

Ең алғаш “Инновация” ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов.
Қазақстан мемлекетінде “Инновация” ұғымын пайдалану соңғы бес жылдың еншісінде. Ең алғаш “Инновация” ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген анықтаманы ұсынады.

Н.Нұрахметов “Инновация” білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу- тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке – дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын) .

Ал жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөлуге болады.
Модификациялық инновация – бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі және оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.

Комбинаторлық модификация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.

Радикалдық инновация – білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.

Қорытынды
Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік-педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін оқытушылардың инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Сондықтан оқытушының біліктілігін көтеру мен шығармашылық педагогикалық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы зор.

Сабақ ұйымдастырудың дәстүрлі емес формалары
Дәстүрлі  емес сабақтар дегеніміз- сабақ құрылымын оқу –тәрбие  үрдісінің  мақсаттарына сай  өзгертіп оқушының шығармашылықпен  білім игеруінің  субьектілік үлесін жоғарлататын формасы.

Осындай сабақтар кезінде оқушы субьект ретінде  болып өз әрекетін өзі толығынан басқарып,  ұйымдастыру, іздену тұрғысында өтеді. Осы кезде  таным  қызығушылығының  механизмі  әржақты күрделі,  оқушының тұлға ретінде  қалыптасуына негіз  болады, өйткені  ойлау үрдісі күрделі  тізбектен  құралып, жорамалдау,  қажетті әдісті таңдау, білім – біліктің  түрлерінің сыналуы және әртүрлі шешімдердің  саралануынан  ең қажеттісі таңдап алынады.  Бұл жағдайда оқушының  барлық іс- әрекеті  өзі үшін аса маңызды  болып,  шығармашылығы зор  қуаныш әкеледі, «ашқан жаңалығына»  таңдау, өзбетімен  қиындықты жеңгеніне,  басқаға көмектескеніне,  тапқырлығына,  білім игеруде алға  жылжығандығына рахаттанады,  эмоциялы қуаттанады.

Мысалы:
Баяндама – сабақтың бір көрінісі.  Бұл бұрын да  қолданылып жүрген әдіс,  бірақ баяндамашының  оқытылатын  жануар кейіпінде  болуы жаңалық ,  өйткені әңгіме кейіпкерден  айтылады.  Осы кезде тыңдаушылар  көңілі бірден ауып, берілген  жануар ерекшеліктерін, мекен ету ортасын анық, тереңірек түсінуге жол ашады.  Кейде  оқушы киімі де  жануардың  түр- түсін,  ерекшеліктерін  айқындайды.  Монолог   пәнінің ғылымилылығы  тұрғысынан дұрыс  құрылуы тиіс, ол үшін баяндамашы  жан – жақты  дайындалып, ақпараттар  іздеуде белсенділік тануы керек.

Оқытудың ойын формасы
Оқытудың ойын формасы –соңғы жылдардағы педагогикалық жаңалықтың  ішіндегі бір қолайлысы. Себебі оқушы ғана емес, жалпы адам үшін  ойын –белсенділікпен ,өзін көрсетуге ,сөйте отырып үйренуге  әсер етеді.  Ойын –өз алдына оқыту үрдісі, жеткіншектерді еңбекке дайындаудың белсенді құралы. Ғалымдар тірі табиғаттағы жұмбақтың бірі –ойын екенін оның құбылыстары мен үрдістер әлі адамзатпен толық  зерттеліп ашылмаған, сөйтіп дәл анықтамасы  берілмеген қортындыға келген.

Ойын мазмұны
Ойын   өзінің тек мазмұнымен де балаларды бірден жаңа бір өлшемге шығарып жаңа психологиялық жағдайға  әкеледі. Тәжірибе көрсеткендей әдеттегі бірсарынды сынып сабақтарындағы үндемес оқушылар ойын кезінде өте белсенді  болатын кездері жиі кездеседі. Өйткені ойын кезінде ол тең құқықтыққа ғана қолы жетіп қоймай, алдыңғы қатарлы, әрекетшіл болып ,басқаларды өзіне  тартатын мүмкіндікке ие болады.

Қорытынды
Сабақтың тиімділігін арттырудың маңызды бір жолы – сабақтағы атқарылатын жұмыс түрлерінің сан алуандығы.К. Д. Ушинский бала қажымай-талмай жұмыс істеу үшін оның қызығушылығын жоймай,  шаршатпай, бір сарынды немесе бір жақты емес әртүрлі іс-әрекет қажет екендігін айтқан. Егер сабақтарда  жұмыстың алуан түрлілігін қамтамасыз етілсе балалар білім игеруде жетістікке жетеді.

Оқыту әдістері: сөздік, көрнекілік, практикалық
Әдіс –зерттеу объектісі заңдылығынан туындайтын,ақиқатты практикалық және теориялық тұрғыда меңгеру формасы (Философиялық энциклопедия);Оқыту әдістері сабақтың маңызды компонентінің бірі.
Оқыту әдістері –білім беру мақсатына жетуге бағытталған, оқытушы мен оқушының өзара байланысты іс-әрекетінің ретке келтірілген тәсілдері. Бұл іс-әрекет танымдық дерек көзіндегі логикалық тәсілдерді қолдануда, оқушылардың өзіндік танымдық іс-әрекет түрлерінде және оқытушы тарапынан танымдық процестерді басқару тәсілдерінде көрінеді.

Оқыту әдістерінің ерекшеліктері
М.М.Левина бойынша оқыту әдістерінің ерекшеліктері:

Әдіс –іс-әрекет емес, оны жүзеге асыру тәсілі, ол мұғалімнің алдын ала жүйеленген, болжанған іс-әрекет тәсілі, сондықтан ол саналы түрде меңгерілген;

Әдіс міндетті түрде сабақтың мақсатына сәйкес болуы керек. Егер сәйкес келмесе онда осы әдіс арқылы күтілген нәтижеге жетуге болмайды;

Әдістің (дұрыс емес) қате болуы емес, тек әдісті қолдану ғана қате болмақ. Егер әдіс оған қойылған талапқа жауап бере алмаса, онда ол қойылған мақсатқа жету әдісі бола алмайды;

Әрбір әдістің пәндік мазмұны болады. Әдіс пен білім қосыла келе әдісті қолдану аймағын береді.

Әдіс әрекеттегі адамға тән. Объектісіз іс-әрекет жоқ, іс-әрекетсіз әдіс жоқ.

Сөздік әдістер
Сөздік әдістер: Дәріс, әңгіме, сұхбат, түсіндіру, пікірталас, кітаппен жұмыс және т.б.
Сөздік әдістерді қолдануда оқушылардың алатын білім көзі, мұғалімнің немесе оқушылардың сөзі болып табылады. Оқушылар тек пассивті тыңдаушы ғана емес тыңдау барысында олардың ойлау әрекеті дамиды. Сөздік әдістерге сұрақ-жауап, “сұхбат”, түсіндіру немесе баяндау,мұғалімнің әңгімесі, мектеп лекциялары, пікірталас жатады. Сұрақ-жауап әдісінің басты мақсаты оқушылардың сана-сезімін ояту, алға қойған мәселені, сұрақты шешу. Алға қойған мәселені, сұрақты шешу үшін мұғаліммен оқушының белсенді түрде қатысуы шарт, мұғалімнің педагогикалық дұрыс қойған сұрағына оқушылар жауап іздейді,ойлау қабілеттері артады. Мұғалім оқушылардың бұрынғы қалыптасқан білімдеріне сүйене отырып білім алуына мүмкіндік жасайды. Мұғалімнің жетекшелігімен сабақ соңында оқушылар өз білімін жаңа материалдың мазмұнын меңгеріп белгілі бір қорытынды жасауға дағдыланады.

Көрнекілік әдісі
Көрнекілік әдістері: иллюстрация, демонстрация.
Көрнекілік әдісі — оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, обьектілермен оқушыларды таныстырғанда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, обьектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды. Қазіргі мектепте осы мақсатпен экрандық және техникалық құралдар кең қолданылады. Көрнекілік әдістерін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрация және демонстрация.

Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар-атап айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі.
Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кинофильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі.

Практикалық әдіс
Практикалық әдістер: Жаттығу, педагогикалық есептерді шешу, дидактикалық және іскерлік ойындар, тренингтер, зертханалық жұмыс.
Практикалық әдістер бұл мұғалімнің ұйымдастыруымен бағыттауының нәтижесінде оқушылардың ойлау қабілетін асыратын сөздік, көрнекілік және практикалық жұмыстардың күрделі байланысы болып табылады. Практикалық әдістерді қолдану оқушылардың рецепторлары мен анализаторларын белсендіреді, еңбекке баулиды. Оқу- тәрбиелеу жұмысын іске асыруға практикалық жұмыстарды орындау өте құнды. Оқушылар бұрынғы алған білімдерін іс-жүзінде практикалық тапсырманы орындау нәтижесінде жүзеге асырады, дағдылары қалыптасады. Осындай жағдай ғана практикалық жұмыстар білім көзі болып табылады.

Оқу іс-әрекетінің нәтижесін бақылау және бағалау қызметтері
Оқыту процесiнде оқушылардың бiлiм, бiлiк, дағдыларын есепке алу, бақылау жəне бағалау оның аса қажет құрамдас бөлiгi болып есептеледi. Мұғалiмнiң сабақтар жүйесiнде оны дұрыс ұйымдастыра бiлуi, көптеген жағдайда оқу-тəрбие процесiнiң табысты болуының оң кепiлi. Ол үшiн, мұғалiм оқушының оқу материалын меңгеру дəрежесiн, сапасы мен көлемiн үнемi анықтап отыруы тиiс. Бұл бағытта оқушылардың, сабақтар жүйесiнде бiлiм, бiлiк, дағдыларын есепке алу, бақылау жəне бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегiмен теориялық бiлiмдi меңгерудегi сапа, бiлiктiлiк пен дағдының қалыптасу дəрежесi анықталады.

Бақылау
Бақылау - кең көлемде бiр нəрсенi тексеру деген мағынаны бiлдiредi. Бақылау оқыту процесiнде оқушы-лардың оқу əрекетiне басшылық жасау қызметiн атқарады, олардың творчестволық күшi мен қабiлетiнiң дамуына ықпал етедi.
Бақылаудың негiзiнен үш жақты сипатта болып келедi: бiлiм беру, тəрбиелеу жəне дамыту.

Бақылаудың бiлiм беру қызметi негiзiнде оқушылар жаңа бiлiмдердi қабылдайды, бұрын алған бiлiмдерiн толықтырып, жетiлдiрiп, белгiлi бiр жүйеге келтiредi.

Тəрбиелiк қызметi оқушыларды жүйелi түрде жұмыс iстеуге үйретедi. Бақылаудың нəтижесiнде олар күнделiктi сабаққа үзбей дайындалады, жауапкершiлдiк сезiмдерi артады.

Дамыту қызметiнiң маңызы сол, оқушылар өз бетiнше оқу тапсырмаларын орындауда жаңа бiлiмдердi қабылдайды, қорытынды жасайды, баяндамалар əзiрлейдi, хабарламалар жасайды.

Бағалау - оқытудың құрамдас бөлiгi жəне қорытын-дылау сатысы. Бағалау, бiр нəрсенiң деңгейiн, сапасын, дəрежесiн белгiлеу. Оны оқушының оқу-таным əрекетiнде қарастырсақ оқыту процесiнiң мiндеттерiн оқушылардың қандай дəрежеде меңгеруi, дайындық деңгейi мен дамуын, бiлiмдерiнiң сапасын, бiлiк пен дағды көлемiн анықтайтын құрал.
Бағалаудың да қызметi үш топқа бөлiнедi: хабарлау-шылық (информирующие), басқарушылық (управляющие), тəрбиелеушiлiк (воспитывающие).

Бiрiншi топ өз алдына: белгiлеп қоюшылық (фик-сирующая), бағдарлаушы (ориентирующая), бақылаушы (контролующая) болып келедi. Бұл топтың қызметi бiлiм, бiлiк жəне дағдыны бағалауды, əрбiр бағаның көрсет-кiштерi мен өлшемдерiне мұғалiм мен оқушылардың арқа сүйеуi жағдайында iске асады.

Екiншi топ: ұйымдастырушылық (организующая), реттеушiлiк (регулирующая), дəлдеп түзетушiлiк (коррек-тирующая) болып келедi. Осы топты жүзеге асырудың қажеттi шарты бағадағы көрiнiс тек қана оқытудағы қол жеткiзiлген нəтиженiң мөлшерi ғана емес, сонымен бiрге сапасын белгiлейтiн көрсеткiш.

Үшiншi топ: қалыптастырушылық (формирующая), дамытушылық (развивающая), ынталандырушылық (стимулирующая) болып келедi. Бұл топтың қызметiнiң нəтижелi болуының кепiлi, баға оқытудың нəтижесiн нақты бейнелей бiлуде.

Оқыту процесiнде бақылаудың фронтальдық, топтық жəне дербес формаларықалыптасқан. Оның тиiмдiлiгi - мұғалiмнiң оларды дұрыс ұйымдастыруына байланысты.
Фронтальдық (жаппай) бақылау жағдайында барлық оқушыларға сұрақтар немесе мазмұны бiрдей тапсырмалар берiледi. Оларды орындау барысында оқушылар арасында ынтымақтастық, жолдастық сезiм пайда болады, бiр-бiрiне сұрақтар қойып, жауаптарын толықтырады, орындалған жұмыстарды өзара тексерiп, iске асырады. Демек, бiрiгу iс-əрекетiнде əлеуметтiк құнды мотивтер қалыптасады.

Топтық бақылауда белгiлi оқушылар тобы сабақ барысында мұғалiмнен тапсырмалар алып орындайды. Кейде, кейбiр оқушылар түрлi себептерге байланысты (сабақ жiберу, нашар үлгеру, ауыру т.б.), қосымша көмектi қажет етулерi мүмкiн. Сондықтан, олардың жұмысын ерекше еске алған жөн.

Бақылаудың дербес формасы əрбiр оқушының бiлiмiн, iскерлiгiн жəне дағдысын терең, жан-жақты анықтауға мүмкiндiк бередi. Дербес бақылау бағдарламалап жəне дифференциялы оқыту барысында жақсы нəтиже бередi. Дербес бақылауда оқушылар жауабының логикалық бiрiздiлiгi, олар өз пiкiрлерiн қалай байымдайды, қалай дəлелдейдi, мiне, осы мəселелерге аса көңiл аудару керек.

Бүгінгі оқушылар білімін критериалды бағалау
Оқыту үшін бағалау (формативті) және оқытуды бағалау (жиынтық) болып бөлінеді. «Оқыту үшін бағалау» – білім алушылардың өзінің оқуының қандай сатыда екендігін, қандай бағытта даму керектігін анықтау процесі. Мұнда мұғалім жалғыз ғана бағалаушы емес. Білім алушылар бір-бірін бағалауы мүмкін немесе өзін-өзі бағалауы мүмкін. Осы арқылы оқушылар бағалауды үйренеді. Егер бағалаудың мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқу қорытындысын шығару болса, онда ол жиынтық бағалау немесе оқытуды бағалау болып табылады. Бүгінгі оқушылар білімі критериалды бағалау негізіне қалыптастырушы (формативті) және жиынтық бағалау (суммативті) арқылы бағалануда.

Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендірудің дәстүрлі және қазіргі тәсілдері.
ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында оқушыны оқытудың белсенді субъектісіне айналдырудағы оқу процесін белсендіруге бағытталған және оны балаға қайта бағдарлаған дидактикалық зерттеулердің көлемі айрықша өсті. Оқыту процесіндегі радикалды өзгерістерді қоғамдық және педагогикалық сананың қалыптасуына бағыттаған Ж.Пиаже (Швейцария), Б.Блюм, Д.Ж.Бруннер, Ж.Ганье, С.Эриксонның (АҚШ) т.б. еңбектері куә. Ж.Пиаженің айтуынша, мектептер «жаңаша ойлайтын қабілетті адамдар дайындау керек; тек өткен ұрпақтың істегенін ғана қайталамай, шығармашыл және ойлап тапқыш адамды әзірлеу керек». Белсенділік – (қарқындылық, беріктік, төзімділік) білім алушының іс-әрекет пәнімен тікелей араласу дәрежесін анықтайды. Оқушылардың белсенділігін басқару дәстүрлі түрде белсендіру деп аталады. Белсендіру – бұл оқытушының белгілі мақсатқа бағытталған әрекеті, мазмұнды, көлемді оқу қолданылатын және қызығушылығын тудыратын, белсенділігін, шығармашылығын  арттыратын, білімді    меңгерудегі    оқушының    өзіндік үйренуі, дағды мен шеберліктің қалыптасуы, оларды тәжірибеде қолдану әрекеті.

Белсенділіктің негізгі мақсаты
Белсенділіктің негізгі мақсаты – оқушылардың белсенділігін қалыптастыру, оқу-тәрбиенің сапасын көтеру.

Қазіргі кезде танымдық белсенділіктің мәнін екі тұрғыда белігілі болып отыр. Кейбір зерттеушілер танымдық белсенділікті іс-әрекет ретінде қарайды, ал кейбіреулері – сапа, тұлғалық білім деп ұғады. Бұл мәселені нақтылағанда «танымдық іс-әрекет» және «танымдық белсенділік» ұғымдарын ажыратып жіктеудің теориялық қана емес, тәжірибелік те мақсаты зор. Егер белсенділік пен іс-әрекетті ұқсас құбылыс пен ұғым ретінде қарастыратын болсақ, онда бұндай жағдайда мәселе өзінен-өзі шешіледі, яғни, оқушылардың кез-келген іс-әрекеті белсенді іс-әрекет болып табылады, бірақ бұл олай емес.

Оқушылардың оқу белсенділігінің мәселесі
Оқушылардың оқу белсенділігінің мәселесі – терең педагогикалық зерттеулердің пәні. Бұны зерттеуге М.А.Данилов, Р.Г.Лемберг, И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, М.Н.Скаткин, И.Ф.Харламов, Т.И.Шамова, Г.И.Щукина, А.Х.Аренова және т.б. үлестерін қосты.
Оқу белсенділігінің әдіснамалық негізі – таным теориясы болып табылады. Танымның мақсаты – жеке тұлғаның санасындағы объективтік шындықтың бейнеленуі болып табылады. Тәжірибелік және рухани әрекетте жеке тұлға өзін қоршаған әлемге әсерін тигізе отырып, өзінің қажеттілігі мен мақсаттарына сәйкестендіріп оны өзгертеді және таниды. Бұл таным процесінің ең жалпы үлгісі.

Қазіргі кезде оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендірудің әр түрлі амал-тәсілдері өңделді. Солардың ішіндегі ең маңыздыларына тоқталамыз.
Іс-әрекеттік тәсіл — оқушыларды танымдық әрекеттің субъектісі ретінде қарастыруды көздейді.Іс-әрекеттік амал-тәсілдері негізіне әрекет теориясы жатады. Оның басты    постулаты    былай айтылады. Белсенді танымдық іс-әрекеттің нәтижесі: білімділік, танымдық іс-әрекет тәсілдерін меңгеру, танымдық іс-әрекеттің мақсатын қоя білу, мазмұн мен жұмыс істеуге қажетті тәсілдерді таңдай білу, өзін-өзі бағалай білуі.

2)Гумандық психология мен педагогиканың идеяларындағы тұлғалық-бағдарлық тәсіл төмендегі ережелерді тірек етеді.( К.Роджерс):

— Индивид үнемі өзгермелі қоғамның ортасында өмір сүреді. Ол үшін қоршаған дүниені қабылдаудың өзіндік әлемі өте маңызды; бұл өзіндік әлемді сырттан ешкім әлі танып білген емес.

— Адам өзін-өзі танып білуге және өзін-өзі  іске асыруға ұмтылады;адамның өзін-өзі жетілдіруге деген ішкі қажеттілігі болады.Жеке тұлғаның дамуы үшін  бірін-бірі түсінуі өте қажет,бұл қарым-қатынас барысында жүзеге асады.

— Өзін-өзі жетілдіру, дамыту ортамен ортадағы басқа адамдармен араласудың нәтижесінде іске асады.Адам үшін, адамның өзін-өзі тануы үшін сырттай баға беру өте маңызды, бұл тура және жасырын байланыстардың нәтижесінде іске асады.

Қорытынды
Оқушылардың танымдық белсенділігі, ең бірінші, сыныптағы мұғалімнің орнына, оның әрбір оқушының жақсы оқу қабілеттілігіне деген сеніміне, оқушылардың жетістіктерін әрдайым демеп отыруына байланысты. Нағыз мұғалімге мына қасиеттер тән: балаға деген сый мен сүйіспеншілік, оның мүмкіндігіне сенім, оқушының өрлеу, жетістік, өз күшіне сену сияқты сезімдері пайда болатын жағдайлар жасау.

Қазіргі мектептегі оқытудың ақпараттық және коммуникативтік технологиялары.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Ә.Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс- тәжірибесі зерттеліп, оқу орындарының өміріне енуде.

Дәстүрлі оқытудың репродуктивті-иллюстративті технологиясы үш маңызды құраушыдан тұратыны белгілі.
Олар:

үйретуші,

үйренуші,

оқу материалы.

Осы үш құраушының өзара іс-әрекеті педагогикалық үрдісті айқындайтын болса, оның негізіне осы жүйедегі үш құраушының арасындағы ақпаратпен алмасу алынады. Алайда мұндай оқытуда оқытушы оқу үрдісінің барысы туралы шағын ақпаратты ғана иеленеді де, оны жедел түрде басқара алмайды. Себебі: мұндай педагогикалық жүйеде құраушылар арасындағы кері байланыс өте әлсіз немесе ол мүлдем болмайды.

Ақпараттық-коммуникативтік технология жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады.
Оқытудың ақпараттық-коммуникативтік және интерактивтік технологиялары бағыттары:

а) электронды оқулықтар;
ә) телекоммуникациялық технологиялар;

б) мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар;

в) қашықтықтан оқыту (басқару) Интернет.

Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде оқытушы алдына жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады:
Өз пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды кешендер құру, әдістемелік пәндік Web –сайттар ашу;

Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану;

Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, құралдар жасау. (мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар).

Қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз ету.

Интерактивтік оқыту технологиясы - бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру.
Интерактивтік оқыту - бұл, ең алдымен оқушы мен оқытушының қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушының әрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін - ұйымдастыру және сұқбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады.

Сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
оқушының өз бетімен жұмысы;

аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;

білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;

шығармашылық есептер шығару;

қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;

қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

экономикалық тиімділігі;

іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;

қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;

оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

Қорытынды
Қорыта келгенде, ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала - ертенгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын,Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген болуы тиіс. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағат-бағдар беруші - оқытушылармыз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.