Адамның мағыналық бағдарлары туралы Абай мен Шәкәрім by АҚБОТА НУРЛЫБЕКҚЫЗЫ

Молдахметова Нұрайым
Өмірзақова Диляра
Нурлыбекқызы Ақбота

Диляра
Дана халқымыз: «Білім – инемен құдық қазғандай», – деп бекер айтпаса керек. Шәкәрім «Үш анық» атты философиялық трактатын жазуға даярлықты 1898 жылдан бастап кірісіп, отыз жылдай ізденіп, жиған тергенін өз ой елегінен өткізіп, қорытындыны 1928 жылы аяқтағаны мәлім.

Ақын кітаптың шымылдығын: «Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді... Өлімнен соң бір түрлі тіршілік бар. Екі өмірге де керекті іс – ұждан. Ұждан – дегеніміз ынсап, әділет, мейірім», – деген сөзбен ашады. Сөйтіп, құлқынның құлы болмау үшін екі өмірде де ар сақтап, адам болып қалуды һәм адами құндылықтардың уақытша дүние қызығынан қашан да биік тұруын көксейді.

«Бас көзі» – еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін барлығымызға мәлім, адам баласының қоршаған ортаны көру мүшесі. Ал, Шәкәрім «Ақыл көзі» деп нені болжап отыр? Ол – әлбетте, іліммен нұрланған көкірек көзі. «Бас көзімен» көрген дүние бір қарағанда сұлу, мінсіз һәм зұлымдықтан ада болып көрінуі мүмкін, бірақ оны «ақыл көзімен» қарағанда, мүлде басқа қырын тануға болады. Міне, осы «ақыл көзі» пендеге әр нәрсенің түбін, ақиқатын, жақсы не жамандығын боямасыз көрсетіп береді. Ол – бейне бір қараңғы үңгірде қолыңа майшам ұстатқандай. «Жүректің көзі ашылса, Хақтың түсер сәулесі» (Абай).

Ынсап – сүрген өміріңе, қылған кәсібіңе, тыныштықта тербелген туған еліңе деген ризашылығың. «Қанағат – қарын тойғызады» деп бабаларымыз бекер айтпаса керек. Араны ашылған жанның көзі тек қана топырақпен тоятынын хәкім Абай «Ескендір» поэмасында тайға таңба басқандай анық көрсетіп кетті. Ендеше, барлық тойымсыздыққа тосқауыл болатын – Шәкәрім айтып отырған ынсап қана.

Әділет – адамзаттың ең басты қажетсінетін қасиеттерінің бірі. Әділетсіз құрылған қоғам да, мемлекет те, тіпті тігілген шаңырақ та көп кешікпей құлдырайды. «Әділет, шафхат, кімде бар, сол жарасар туғанға» (Абай). Әділетті адам сенің туысыңмен тең, әділетсіз адам жақын туысың болса да, жатпен тең болады. Бір сөзбен айтқанда, әділетсіз өмір – өмір емес, тірі тамұқ.

Мейірім – адам бойындағы ұлы құндылық. Ол қараңғылықты, кекшілдікті, надандықты, қиянатты жойып, адам қалпыңа келтіретін, көкірегіңді кірден тазартатын таудың зәмзәм бұлағы секілді. Қай заманда да мейіріммен нұрланған қоғамның бақыты баянды, адамдары қайырымды болып келетініне көзіміз жетіп отыр. Ендеше, мейірімді болудың бұл өмірдегі пайдасы ұшан-теңіз.

Келесі сөзінде Шәкәрім: «Тіршілік туралы адам арасында көптен бері айтылып келе жатқан екі түрлі жол бар. Бірі, дене өлсе де жан жоғалмайды, өлгеннен соң да бұл тіршілікке, тіпті, ұқсамайтын бір түрлі өмір бар. Сондықтан жалғыз ғана дүние тіршілігінің қамын ойламай, сол соңғы өмірде жақсы болудың қамын қылу керек дейді. Енді бірі бұл әлемдегі барлық нәрсенің бәрі өздігінен жаралып жатыр, оны былай қылайын деп жаратқан иесі жоқ һәм өлген соң тірілетін жан жоқ дейді. Менің ойымша, осы екі жолдың қайсысы анық екенін табу ақылы сау адамға қатты міндет. Неге десең, адамды түпкілікті бақытқа жеткізбек болсақ, біліп жаратушы ие бар, өлген соң да бір түрлі өмір бар деген жолдың шын, өтірігін білуіміз керек. Егер шын болса, соның да қамын ойлап, адамдарды түпкілікті бақытқа жеткізу үшін, егер өтірік болса, оған әуреленбей жалғыз ғана осы дүние қамын қылу үшін, олай болса бұл екеуін қалай тексереміз? Оны тексерушінің әр түрлі діндер жайынан, әр түрлі ғылым жайынан әрбір білімділердің сол туралы айтқан сөздерінен хабары болу керек. Және қатты керек бір шарты – өзінің тұтқан діні, оқыған-ұғынғаны, қалыптанған әдеті, құмар ісі бәлендей жақсы кісі айтты екен деп нанып қалған сөзіне біржола байланып қалмай, ақылын әбден босатып, сол екі жолдағылардың жазған кітап, айтқан сөз, қылған істері һәм оларға қарсы айтқан сөздердің бәрін ноқтаусыз, науқассыз сау ақылмен сынау керек», – дейді.

Асылы, бұл сөздің шын жанашырлықпен һәм аса білгірлікпен айтылғанына дау жоқ. Неге десеңіз, жақсы мен жаманды, ақ пен қараны ажыратып алмай, кезіккен дүниеге бас ұрып, табынып кететін мінезіміз де жоқ емес. Сондықтан, Шәкәрім айтқандай «сау ақылмен» сынап, барлығын ой елегінен өткізіп барып, қабылдау керек.

Одан кейінгі сөздерде ғалым әлемге әйгілі философ, ойшылдардың жаратылыс туралы жазған еңбектерін, дәлелдерін шолып өтеді. Мысалы, Литерие, Маиен, Бюхнер, Демокрит, Дольн, Декарт, Коддрс, Спенсер, Конт, Биренжие, Руссо, Ламетри, Лемке, Мишель, Кеттле, Пифагор, Архимед, Птолемей, Гиппарх, Сократ, Месмер, Калиостро сияқты білімділер адамның ішкі ындынын тексеріп, дүниенің сырын ұғуды мақсұт қылғанын меңзейді.

Мінекей, Шәкәрімнің әлем кітапханаларын аралап, жүздеген ғалым мен жазушы, ақындардың сөздерін ақ қағазға түсіріп, соның барлығын «сау ақылға» сынатып отырғанын аңғардық. Бұл да Абай қалаған мектептің жарқын үлгісі деуге толық негіз бар. Сыншылдықтың жағымды һәм жағымсыз тұсы болса, Шәкәрім жағымды тұсын шебер пайдалана білген.

Шәкәрім қажы осы еңбегінің қорытындысында: «Ізін білдірмеудің айласын тапса болғаны, себебі өлген соңғы жан өміріне нана алмай ұждан, совесть, жан екі өмірге бірдей керек таяныш екеніне нана алмаған кісінің жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір жол, заң тазарта алмайды. Егер бір адам жанның өлген соңғы өмірі мен ұждан соның азығы екеніне әбден нанса, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды. Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірде де жақсылықпен өмір сүргізетін жол осы мұсылман жолы сияқты. Жан екі өмірде де азығы – ұждан, совесть деумен еш нәрседен кемдік көрмейді. Тіпті бұл жоғарылаудың ең зор жәрдемі үш анық дегенім осы», – дейді.

Түйін:

Шәкәрім қажы қияда тұрып, қыран көзімен алты құрлықты түгелдей барлап, атақты ғалымдардың әркімге танымал еңбектерін оқып, ой елегінен өткізіп, сау ақылмен сынатып, соңында шығарған саналы қорытындысы – «Ұждан» қасиеті, ар ілімі және қазақ ұлтының бағзыдан ұстанып келе жатқан мұсылмандық жолы. Міне, осы жолдан айнымаған адам екі дүниеде де бақытты болатынын аманат етеді дегім келеді.

1-ші нұсқа

Ақбота
Өмірлік бағдарларды қалыптастыруды - Абайдың ұстанған өмірлік ұстанымдары мен қалдырған ізгі, дана ойлары, еңбектері арқылы бір жүйеге салуға болады.
Оның ішіндегі өзектісі әрине "толық адам" концепциясы.
Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында нақты міндеттер қойып: «Біз Абайдың «толық адам» тұжырымын қайта зерделеуіміз керек. Бұл бағытта ғалымдарымыз тың зерттеулерді қолға алуы қажет. «Толық адам» концепция­­­сы, шындап келгенде, өміріміздің кез келген саласының, мемлекетті басқару мен білім жүйесінің, бизнес пен отбасы институттарының негізгі тұғырына айналуы керек деп есептеймін», деген сөзі де жеке адамға ғана емес өмірдің кез-келген саласында да бағыт болып табылмақ деген тұжырымдама айтқан.

Абайдың «толық адам» ілімі «Ғы­лым таппай мақтанба» өлеңінен бас­тау алады десек те болады. Оның дүниетанымында бұл ой тереңдетіліп, адам бойына қажетті «бес асыл қасиет» пен «бес дұшпан» нақ­ты­ланады.  Әлбетте, Абайдың бұл ғибра­ты - толық адам концепциясының өте дәйекті аргументі. Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап балғын санамызға ең алғаш құйылатын осы өлең. Бірақ әрбір жас өзінің дүниетанымының қалып­тастыруында саналы түрде бет бұрғанда ғана толық адам жолына түсе алады.

Әрине өмірлік бағыт-бағдар оң қалыптастырудың бас өзегі - ол жүректе. Абай ақыл, қайрат, жүректің бір­лі­гін­де жүректі бірінші орынға қояды. 17-қарасөзінде жүректі сөйлетіп: «қан менен тарайды, жан менде мекен қы­ла­ды... әділет, нысап, ұят, рақым, мейір­бан­шылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады» деп сөйлетеді. Жанның мекені болған бұл бір кесек етті қарайтпаудың жолын өзінің 15-ші қарасөзінде: "...өзіңнен күніне бір рет, болмағанда жұмада бір рет, немесе айына бір есеп алу арқылы тазала",-дейді.

Қазіргі қоғам шындығы керек, адамдар арасындағы мейірбан­дылық­тың азайып бара жатқан кезі болып көрінеді. Байлық, ақша билеген заманның қаншалықты қатыгезденіп бара жатқанын бүгінде көкірегінде сәулесі бар әр адам сезінеді. Міне, осы кезеңде Абай адамдар арасындағы мейірбандықты жырлайды. Ақша, байлық, мансап бағыт-бағдарға айналып, жол көрсетуге шығып кетпеуін айтады.

Абай айтқан үш сүю – иманигүлді толық адам ілімінің темірқазығы етіп ұсынады. Мейірімділікті осы формула арқылы сақтауға болады деп тұрғандай.

Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй Алланы жаннан тәтті,
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті.
Осы үш сүю болады имани гүл,
Иманның асылы үш деп сен тәхқиқ біл.
Ойлан-дағы, үшеуін таратып бақ,
Басты байла жолына, малың түгіл.–деп жаратушы түп иесін пендесінің махаббатпен сүюі қажет деуі – бірінші сүю.
Екінші сүю – «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп».
Үшінші сүю – «Және сүй хақ жолы деп әділетті».

Әділет, шапағат, мейірім – Абай жырлаған «жүрек жылуы». Өмірлік бағыт-бағдарды қалыптастырудағы жүректің өзек болуы міне осыда.

Ақынның өлеңдерінде жырланған адамдықтың күрделі мәселелерінің барлығы «толық адамға» жетудің жолы, алғышарттары болып табылады. Ал толық адамға жету ол біздің өмірлік бағдарымыз дем айтуға болады. Сол себепті Абайды оқу, оның ілімін өзіңнің ішкі жан дүниеңде қорыту, өмірде ұстанымға айналдыру –  біздердің басты парызымыз болмақ.

Диляра

Черновой нұсқа

Диляра

Диляра
Шәкәрім қажы қияда тұрып, қыран көзімен алты құрлықты түгелдей барлап, атақты ғалымдардың әркімге танымал еңбектерін оқып, ой елегінен өткізіп, сау ақылмен сынатып, соңында шығарған саналы қорытындысы – «Ұждан» қасиеті, ар ілімі және қазақ ұлтының бағзыдан ұстанып келе жатқан мұсылмандық жолы. Міне, осы жолдан айнымаған адам екі дүниеде де бақытты болатынын аманат етеді.

Диляра
Абайдың қара сөздерінің кім үшін болса да, тәрбиелік мәні зор. Әйтсе де білімге ұмтылушы жастар үшін айрықша құнды. Өйткені ғылым да, өнер де жастар үшін. Адамның қолын бақытқа жеткізетін ілім-білімді игеру де жастардың ғана қолынан келетін іс. Қартайған адам қанша ұмтылса да, өндірері аз болмақ. Сондықтан білімге ұмтылған жастар ұлы ақынның бұл айтқандарын берік есте сақтауы қажет.

Ақбота
Бұл - мен. Суретке көп түсе бермеймін. Суреттерімнің көпшілігі айнаның алдында немесе артқа қарап,(картинка) болып тұрмын-ау деген суреттер. Бұл орамалға алғаш келгендегі суретім. Ол кезде әлі орамал дұрыс тағуды білмейтінмін :)

Истиқамат – қандай бір мақсатқа жетуде тура жолмен, үздіксіз, тоқтамастан, үнемі жалғастыра отырып алға жылжу деген сөз. Ал шариғаттағы мағынасы – Аллаға иман келтіру, Мұхаммед ﷺ пайғамбардың сүннетін берік ұстану, нық тұру деген мағынаға саяды.

Хаққа жету үшін тура жолдан өзге жолдың жоқ екені ақиқат болса, үнемі истиқаматты ұстанудай қиын істің жоқтығы тағы бір ақиқат.Сондықтан да, Хақ жолында истиқамат үлкен керемет болып саналған.

Истиқаматты ұстанушылардың жолы – сиратул- мустақим яғни, тұп-тура жол.Осы тұп- тура жолда жүре алатындар жайлы Құранда:

«Кімде –кім Аллаға және Елшісіне итағат етсе, міне солар Алла мейірім еткен Пайғамбарлар, шыншылдар, шейіттер және ізгі құлдармен бірге болады. Бұлар- неткен жақсы достар!» (Ниса сүресі, 69 аят)

Сиратул-мустақим – таңдаулы пенделердің жолы. Истиқаматтың негізі иман мен тақуа. Осы екеуінің орны – жүрек. Пайғамбарымыз ﷺ :

«Тіл дұрыс болмаса –жүрек түзелмейді.Ал жүрек дұрыс болмаса – иман дұрыс болмайды»(Ахмед198)

Кейбір ғалымдардың айтуынша, тура болу 3-ке бөлінеді. Олар:

1.Тілмен тура болу;

2.Ықыласпен тура болу,яғни құлшылықта табандылық таныту;

3.Жүрекпен тура болу, яғни шаһадат сөзінде беріктік көрсету;

Хазірет Әнастің(радиаллаһу анһу) риуаяты бойынша Алла Елшісі ﷺ мына бір аятты оқыды: «Шынында да, «Раббымыз Алла» деп, кейін истиқаматта болғандарға періштелер түседі де: «Қорықпаңдар, қайғырмаңдарң сіздерге уәде етілген жәннәт үшін қуаныңдар!» деп айтады»(Фуссиләт 30аят). Кейін былай деді:

«Адамдар осы сөзді(яғни,Раббым Алла дегенді) үнемі айтты, бірақ та көбісі артынан кәпір болып кетті. Кім осы сөзді ұстана жан тапсыратын болса, сол адам истиқаматты ұстанған болады»(Тирмизи Тәпсір 41/3250)

Суфян бин Абдилла(радиаллаһу анһу) былай дейді:

Пайғамбарымызға ﷺ :

– Уа, Алланың Елшісі! Маған Исламды сондай түсіндіріңіз, нәтижесінде басқа біреулерден сұраудың қажеті қалмасын,- дедім.Сонда Пайғамбарымыз ﷺ :

«Аллаға иман келтірдім де, кейін тұп- тура бол» деп жауап қатты(Муслим, Иман,62)

Ұлы тұлғалардың бірі артына отын артып, әрең келе жатырған қарт адамды кездестіріп қалады. Оған қарап:

– Ей қария! Сіз Алланың ризық беретініне сенбейсіз бе, осы жасыңызда да қатты еңбектеніп күй кешудесіз ?! Әлде , сізге қарайтындай ешкіміңіз жоқ па?- деп сұрады.

Қария отыншы ол кісінің әлі кәміл еместігін байқап, көздерін көкке қаратты да, қолдарын ашып дұға қылды:

– Уа, Алла! Осы отындарды алтынға айналдыршы…

Әлгі кісі дұға етіп болмастан, әп- сәтте отындары алтынға айналып қалды. Бұны көріп сасып қалған кісі:

– Осыншама керемет деңгейге жеткен екенсіз ғой, неліктен қиналып, отын тасып жүрсіз?- деп сұрады.

Сонда отыншы былай жауап берген екен:

– Балам. Мен бұл тірлігімді нәпсіме беріліп , оған құл болып кетпес үшін жасап жүрмін.

Шын мәнінде де, Хақтың құзырында амалдардың қабыл болуы – құлшылықты дұрыс жасауға байланысты».

Қорыта айтатын болсақ, тура жолмен жүру әрбір мұсылман үшін қажетті. Ардақты сахабалардың бірі болған – Әбу Бәкір Сыддықтың (радиаллаһу анһу) сөзімен тәмәмтасақ.Ол (радиаллаһу анһу) сахабаларынан «Истиқамат деген не?» деп сұрайды, олар: «Күнә істемеу»- деп жауап береді. Сонда ол: «Өте қиындатып жібердіңдер ғой. Олай емес, бәлкім иман келтіргеннен кейін қайта пұттарға құлдық етіп, ширк амалға қайтпау».- деген.

Базарға, қарап тұрсам, әркім барар,

Іздегені не болса, сол табылар.

Біреу астық алады, біреу – маржан,

Әркімге бірдей нәрсе бермес базар.

Әркімнің өзі іздеген нәрсесі бар,

Сомалап ақшасына сонан алар.

Біреу ұқпас бұл сөзді, біреу ұғар.

Бағасын пайым қылмай аң-таң қалар.

Сөзді ұғар осы күнде кісі бар ма?

Демеймін жалпақ жұртқа бірдей жағар.

Жазған соң жерде қалмас тесік моншақ,

Біреуден біреу алып, елге тарар.

Бір кісі емес жазғаным, жалпақ жұрт қой,

Шамданбай-ақ, шырақтар, ұқсаң жарар.

«Ит маржанды не қылсын» деген сөз бар,

Сәулесі бар жігіттер бір ойланар.

(«Базарға, қарап тұрсам, әркім барар»,)
*Абай Құнанбаев*

Нұрайым

Жаңартылған нұсқа
(Суреттер өзгерісі)