Добавьте свою тему для мозгового штурма сюда... by Нурбиби Ерланкызы

Макроэкономикадағы теңсіздік
Техникалық прогрес пен адамдар мүддесінің арасындағы алшақтық экономикалық  жүйеге көптеген оқыс сілкіністер әкеледі. Ол адамзат қоғамының  ерекшелігіне қарай белгілі  ырғақ пен  тербеліске түсіп,  толқуларға ауысады. Экономикалық  теорияда экономиканың мұндай құбылыстары,  «экономикалық толқулар» немесе «экономикалық цикл» деп аталады.

Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар  арасындағы мерзім және осы кезде оның  төрт фазасы ауысады.

Дағдарыс тауарлардың артық өндірілуі, несиенің азаюы және процентінің жоғарылауы арқылы көрінеді. Бұл жағдай пайданы азайтады және өндірісті төмендетеді.  Кәсіпорындардың банкрот болуына әкеледі. Қысқаша айтқанда дағдарыстың сипаттамасы келесідей:

1. Артық өндіріс  себебінен өндірістің көлемі  қысқарады, банктер  мен  кәсіпорындар банкротқа ұшырайды.

2. Жалақы  төмендейді, жұмыссыздық өседі.

3. Бағалы  қағаздар нарығы  құлдырайды, акция курстары  төмендейді.

4. Ақшаға сұраныс өседі, пайыз  мөлшерлі жалақысы өседі.

Дағдарыс тоқыраумен алмасады. Бұл сатыда өндіріс төмендеуін қояды, бірақ өспейді де.

Тоқырау фазасының  сипаттамасы:

1. Өндірістің  құлдырауы мен  бағалардың төмендеуі тоқырау  жағдайында болады.

2. Жұмыссыздық жоғары деңгейде болады.

3. Ақшаға сұраныс  төмендейді, пайыз мөлшерлі жалақысы азаяды, сөйтіп өндірістің салаларын ұлғайтуға жағдай  жасалады.

Жандану  фазасының сипаттамасы:

1. Дағдарыстан аман қалған  кәсіпорындар негізгі капиталдарын  жаңартып, өндірісті  ұлғайтуға кіріседі. Өндірілген  тауарлар көлемі мен сапасы  жағынан өндіріс дағдарысының  алдындағы дәрежеге жетеді.

2. Инвестициялар өседі.

3. Бағалар көтеріледі, себебі сұраныс өседі.

4. Жұмыссыздықтың  деңгейі  қысқара бастайды.

5. Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.

Өрлеу фазасының сипаттамасы:

1. Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден  артады.

2. Жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады.

3. Тауарлардың бағасы өседі.

4. Қарыз  капиталының  ұсынысы өседі.

5. Несиеге сұраныс өседі. Сөйтіп шаруашылық жаңа  дағдарысқа қарай қадам басады.

Өндірістің құлдырауы мен қатар инфляция болып тұрған жағдайды стагфляция деп атайды. Қазір экономиканың монополистік секторы, мемлекеттің қолдауына сүйеніп, бағаны бұрынғы дәрежеде ұстап қалғаны мен қатар, оны өсіреді.

Циклдарға әсерін тигізетін факторларды сыртқы  және ішкі деп бөлуге болады.

Сыртқы  факторлар –  экономикалық жүйеге тәуелсіз факторлар:  халық санының өзгеруі, соғыстар,  төңкеріс, басқа да саяси  шиеленістер, жаңа  жерлерді игеру, бағалы ресурстардың жаңа  кен орнын ашу ғылыми-техникалық прогресс, күннің  көзіндегі  құрғақшылыққа әкелетін таңбалардың пайда болуы, т.б.

Ішкі факторлар – экономикалық жүйемен байланысты факторлар: капиталдың  физикалық қызмет атқару мерзімі, тұтынудағы, жұмысбастылықтағы, инвестициялық, мемлекеттің экономикалық саясатындағы өзгерістер, тауар жәнеақша қайшылықтары, сұраныс пен ұсыныс арасындағы қайшылықтар, капиталдың артық қорлануы.

Экономикалық  құбылыстарды қайталауға бейім тұратын нарықтың ерекшеліктерін өткен ғасырдың  бірінші жартысындағы өмір сүріп еңбек еткен экономистер байқаған сонымен қатар ХІХжәне ХХ ғасырларда жетекші экономистердің бірде-бірі бұл мәселеге тоқталмай өте алмады. Олардың еңбектерінен циклдық дамудың байланыстылығы, экономикалық  процестерге әсерін мойындаған, циклдық дамудың себептерін анықтауға ұмтылған әр түрлі  пайымдауларды,  түсіндірулер мен болжамдарды кездестіруге болады. Нарық  жағдайында өндіріс  қозғалысының циклдық  себептеріне экономикалық теорияда қалыптасқан бірнеше теориялық бағыттар бар.

Тест сұрақтары
1. Макроэкономикалық теңсіздік дегеніміз не?

a) ЖІӨ-нің тұрақты өсуі

b) Экономикалық ресурстардың толық қолданылуы

c) Экономикада жұмыссыздық немесе инфляция деңгейінің жоғары болуы

d) Халықаралық сауда теңгерімі

2. Экономикада жұмыссыздық деңгейінің өсуі нені білдіреді?

a) Тұрақты экономикалық даму

b) Ресурстардың толық пайдаланылауы

c) Макроэкономикалық теңсіздік

d) Экономикалық теңгерім

3. Қай көрсеткіш макроэкономикалық теңсіздікті көрсетеді?

a) Төмен инфляция деңгейі

b) Сауда балансының тапшылығы

c) Бюджет профициті

d) Жоғары еңбек өнімділігі

4. Төменде көрсетілгендердің қайсысы инфляцияға қарсы саясат шарасы болып табылады?

a) Ақша массасын азайту

b) Мемлекеттік шығындарды көбейту

c) Салықты азайту

d) Жұмыссыздықты көбейту

5. Philips қисығы нені көрсетеді?

a) ЖІӨ мен инфляция арасындағы байланысты

b) Инфляция мен жұмыссыздық арасындағы байланысты

c) Тұтыну мен жинақ арасындағы байланысты

d) Сауда балансы мен айырбас курсы арасындағы байланысты

6. Макроэкономикалық тұрақсыздықтың негізгі себептерінің бірі:

a) Салықтың тым төмен болуы

b) Экономикалық ресурстардың артық пайдаланылуы

c) Тұрақсыз монетарлық саясат

d) Барлық жауап дұрыс

7. Қандай жағдай стагфляция деп аталады?

a) Инфляцияның төмен деңгейі

b) Экономиканың өсуімен қатар инфляцияның төмендеуі

c) Экономикалық тоқырау мен инфляцияның қатар жүруі

d) Сауда балансындағы профицит