Қазіргі кездегі университеттердегі көпсалалы білім беру by Dayana Daribekkyzy

Мақала атауы:
Қазіргі кездегі университеттердегі көпсалалы білім беру

Жоғары білім үнемі өзгеріс үстінде болады. Жаһандану және қоғамдағы білім беру рөлінің артуына байланысты қазіргі заманғы жоғары оқу орындары (ЖОО) қоғамдық пікірталас нысанына айналып отыр. Жоғары білім беру мәселесіне қызығушылық танытатын тараптар (мемлекет, студенттер, ата-аналар, жұмыс берушілер және жалпы қоғам) университеттер туралы әртүрлі сенімдер мен болжамдарға ие. Олар өз кезегінде университетті «піл сүйегінен тұрғызылған мұнара» ретінде қабылдайтын дәстүрлі стереотиптен арылтуға ұмтылады.

Аңдатпа
Мақалада соңғы он жылдықтағы университеттердегі көпсалалы білім беру жүйесінің маңыздылығ айтылады. Қазіргі технологиялардың дамыған заманында университеттер экономикаға білімділік, инновация және технология үстеу үрдісінің маңызды қатысушысы болып саналады. Олар заманауи сынақ-қауіптер мен трендтерге сапалы, тұрақты және әділ білім берудің жаңа жүйесінің негізін қалау арқылы жауап беретіндей болуы тиіс.

Кілт сөздер
Жоғары оқу орны, Қазақстан, білім, білім беру, педагогика, даму, студенттер

Кіріспе
Көпсалалы білім беру-қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Себебі, бүгінде дипломсыз-ақ жұмыс істеп жатқан студенттер саны көп. Одан бөлек, жұмыстан қолы босамай, оқу орнынан да шығып кетіп жатқандар аз емес.
Шын мәнісіне келгенде, сапалы білімді бірінші орынға қою қажет. Университет білім беруші ретінде адам капиталын қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады. Ол Г.Беккердің пікірінше, «адам мен қоғамның жалпы алғанда, алуан түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолданылатын білім, дағды, машықтардың жиынтығы»10. Зерттеушілердің көпшілігінің пайымдауынша, ақпараттық қоғамды қалыптастыру кезіндегі университет қызметінде туындайтын басты қиындықтардың бірі – университеттің де, жалпы алғанда сол саланың өзінің де ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының нашар дамуы болып есептеледі, бұл білім беруді басқарудың тиімділігін айтарлықтай төмендетеді. Заманауи университеттер дегеніміз: • жаһандық, ашық, қарқынды дамып келе жатқан платформалар; • ғылыми зерттеушілерден, менеджерлерден және инженерлерден тұратын жоба жасайтын топтар шеңберінде қызмет түрлерінің конвергенциясы арқылы ымыраға келуді қамтамасыз етуге арналған ресурстық база; • бірнеше академиялық мектеп қызметкерлерін біріктіру арқылы көп пәндік зерттеу жобаларын қалыптастыру мүмкіндігі;

Материалдар мен әдістер
«Университеттер әдетте үш санатқа бөлінеді: білім беру университеттері, зерттеу жүргізетін университеттер және техникалық немесе кәсіптік университеттер. Бұл олардың рөлдерін анықтап, өз мандаттарын орындау үшін жасалады. Университеттің үшінші мандаты, яғни экономикалық және әлеуметтік дамуы оның білім берудегі дәстүрлі рөлінің зерттеу жұмыстарымен сәтті үйлескен жағдайында университеттің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру үшін айтарлықтай әлеуетке ие болады.

Нәтижелер
ЖОО-дағы институт ретіндегі және ішкі ұйым деңгейіндегі өзгерістер. Бұл өзгерістер ресурстарды (адами, экономикалық және т.б.) басқаруды жақсартуға және оларды ішкі демократияны жақсарту үшін қайта құрылымдауға бағытталуы керек. Университеттер этикамен, дербестікпен, жауапкершілікпен және алдыңғы қатарлы озық болумен сипатталатын тәсіл арқылы оқыту, білім беру және зерттеу жүргізу бағытын жалғастыруы керек. Білімді құрастырудағы өзгерістер. Пәнаралық және трансдисциплинарлық тәсілдерді қолдану және білімнің ғылыми емес әдістерін зерттеу қажет. Білім беру моделіндегі өзгерістер. Сыни және шығармашылық ойлауды дамытуға мүмкіндік беретін оқытудың/білім берудің жаңа тәсілдері біріктірілуі қажет. Жоғары оқу орындары түлектерінің барлығына ортақ және олардың күтілетін болжалдарына сәйкес келетін құзыреттер айқындалуы тиіс. Бүгінгі білім беру қоғамында жоғары білім бізді белгілі бір бағытты өзгерте алатын, өзгермелі жағдайларға бейімделе алатын және бағытты үнемі реттеп отыра алатын тұлғаларға айналдыруы қажет.

Қорытынды
Ғылыми жұмысты қорытындылай келе, Университеттердің қызметінде орын алатын мынадай жаһандық өзгерістерді атап өтуге болады: 1) кеңейту: жоғары білікті мамандардың үлесі артып келеді. Жұмыспен қамту құрылымының өзгеруі, жалпы алғанда адамзат баласының білім алуға ниеттілігінің артуы және қоғамды академияландыру жоғары білімнің кеңеюіне ықпал ететін мамандық санының өсуіне әкеледі; 2) саралау: пән бойынша ғылыми дайындықты қамтамасыз етумен қатар, білім беру бағдарламаларының сараланған әлеуметтік талаптарға жауап беруі және жоғары білім әлі ұсына қоймаған техникалық дағдыларды көрсете алуы керек. Сонымен қатар жоғары оқу орындары негізгі бағыттың аясынан тыс курстық бағдарламаларды әзірлей отырып, саралау факторларына жауап беруі қажет; 3) барынша икемділік: дәстүрлі кәсіби үлгілердің жоғалуы мен дараланудың артуы оқыту әдістерін көбейтуді қажет етеді. Жеке оқыту бағдарламалары арқылы оқытуға рұқсат берілуі керек; студенттер өзін-өзі ұйымдастырып, өз біліктіліктерін жетілдіру дағдыларын игеруі тиіс; 4) сапаға бағдарлану: кеңейту, саралау және барынша икемділік жоғары білім сапасын қамтамасыз етудің жаңа тәсілдерін де ұсынады. Жоғары білім беру қызметтерінің саяси-әлеу- Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар 24 меттік тұрғыдан мойындалуын түрлендіру қажеттілігі, білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысып, бақылауға қызығушылық білдірген тараптардың күткен болжалдары, сондай-ақ оқу-тәрбие үрдістерінің тиімділігін бағалау сапаны қамтамасыз етудің жаңа әдістерінің, сапа құжаттамаларының және жүргізілетін бағалаудың пайда болуына әкеледі. 5) стандарттау: Болон үдерісі себепкер болған модульдік және көп деңгейлі оқу бағдарламаларын қазіргі жалпыеуропалық үлгіде енгізуде жоғарыда аталған өзгерістер орын алуда. Ағымдағы реформалар білім беру бағдарламаларының мазмұнына, сондай-ақ ұйымдастырылуына қатысы тұрғысынан осы жаһандық оқиғаларға бағытталған. Мазмұны жағынан алғанда, негізгі құзыреттерді немесе көптеген қызметте қолданылатын дағдыларды беруге және қалыптастыруға көбірек көңіл бөлінеді. Бұл дағдылар пәндік ноу-хауға қосымша ретінде игерілуі тиіс құзыреттерді қамтиды. Ол сонымен қатар студенттерге әртүрлі жұмыс жағдайлары мен мәдениеттердің, сондай-ақ жұмысқа қатысты дағдарыс жағдайларының талаптарын орындауға мүмкіндік бере алуы қажет.

Пайдаланған деректер
Тілеуова С. "Жоғары мектеп педагогикасы" 2004 ж  156 бет
Назарбаев Н.Ә "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан". Астана, Мирас 2007 ж.
Основы кредитной системы обучения в Казахстане. Алматы Қазақ Университеті, 2004.- 198с